Материалдар / Шамалармен амалдар орындау

Шамалармен амалдар орындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Шамалармен амалдар орындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
741
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұғалімнің аты-жөні:

Амангелдиева Молдир

Пән/Сынып:

2 «Ә»

Қай аптаның нешінші сабағы

3апта, 4 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1С бөлім- Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы:

Шамалармен амалдар орындау

Оқу мақсаты:

2.1.3.4** ұзындық /см, дм, м/ масса/кг, ц/өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Бағалау критерийі:

  • ұзындық /см, дм, м/ масса/кг, ц/өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіреді;

  • шамалар мәндерін: ұзындық/см, дм, м/ масса/кг, ц/ көлем /сыйымдылық//л/ өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды;

  • шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

Тілдік мақсат:

түрлендіру

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Оқытушының іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Бағалау

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Сіздермен қайта кездескеніме қуаныштымын! Бүгін біз алдында өткен барлық шамалармен түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз.

Сабағымызды бастамас бұрын шамалардың өлшем бірліктерін есімізге түсірейік!






  • Ұзындық: см, дм, м.

  • Масса: кг, ц.

  • Көлем: л

Не меңгеретінін білу үшін


Презентация № 1-3 бет

8 минут

Жаңа сабақ

  • Балалар осы ыдыстардың ішіндегі сыйымдылығы артық қай ыдыс деп ойлайсыңдар? /Шелек/

  • Ал сыйымдылығы ең аз ше? /өлшеуіш тостаған/

  • Басқа ыдыстардың сыйымдылығын қалай анықтасақ болады?

  • Ол үшін сыйымдылығы 1 литрлік арнайы ыдыспен (банка т.с.с.) өлшеу қажет.

Ал енді келесі суретке назар аударайық!

1 центнерге қанша жетпейді? Салыстыр, ең ауырын және ең жеңілін анықта.

Жаңа тақырыпты меңгеру


Презентация № 4-5 бет

10 минут



Тәжірибе

Ұзындықты өткен кезде біз бір ережені жаттаған едік! Есімізге түсіріп көрелік.

Біз тек үлкен бірлікті кіші бірлікке айналдыра аламыз!

Сол ережені есімізге сақтай отырып, мына есепті шығарып көрейік.

3. Сантиметрмен өрнекте.

1 дм= _____см

2 дм 2 см= _____см

8 дм 6 см= _____см


1 дм 4 см=______см

4 дм 8 см=______см

3 дм=_______см


Жарайсыңдар құрметті оқушылар! Енді келесі есепті шығару үшін тағы бір ережені қолдану қажет!

Есіңде сақта!

Әртүрлі өлшем бірліктеріндегі шамаларды бірдей ең кіші өлшем бірліктеріне айналдырып, содан соң қосу және азайту амалдары орындалады.


4. Түсіндіре отырып есепте.

1 дм 2 см – 8 см= 1 дм + 8 см=

1 м – 7 дм= 1 м – 9 дм=

2 дм – 10 см= 1 дм 4 см – 9 см=

14 см + 6 см= 1 дм + 7 см=

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну










Тамаша!

Жарайсыздар!


















Керемет жауап!

Презентация №6-11 бет

5 минут



Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну

Дәптеріңе жазып, жылдам есепте.




Құрметті менің оқушыларым! Бүгін біз көп жұмыс жасадық. Жарайсыңдар! Егер әлі де бұл тақырыпқа қиналып жатсаңыздар мен әрдайым көмекке келуге әзірмін!


Үй тапсырмасы: 66 бет, 2 есеп. Екі амалмен орындалатын есептер құрастырып, оларды шығар


Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды! Сау болыңыздар!

Тақырыпты меңгергенін анықтау


Оқушылар әр тапсырманы (№1-6 тапсырма, №2-8 тапсырма, №3-10 тапсырма) орындағаннан кейін бағалау шкаласындағы дұрыс шыққан тапсырма санын белгілеп немесе бояп отырады.

Соңында нәтижесін салыстырады.

Бағалау критерийлерін ұсыну

ұзындық /см, дм, м/ масса/кг, ц/өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіреді;

+/-

шамалар мәндерін: ұзындық/см, дм, м/ масса/кг, ц/ көлем /сыйымдылық//л/ өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды;

+/-

шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

+/-


Презентация № 12-16 бет






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ