Материалдар / Самаурын және қазақтың шәй ішу дәстүрі тақырыбында мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Самаурын және қазақтың шәй ішу дәстүрі тақырыбында мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, ұстаздарға қазақ халқының самаурынмен шәй ішу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
739
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СPicture 7 амаурын және қазақтың шай ішу дәстүрі.


Қазақтар үшін шай ерекше сусын деуге болады. Алғаш қазақ даласына шай келе бастағанда, онымен қатар жез самаурыны келгенде оны аса жақтыра қоймаған. Самаурын орыстың "самовар" деген сөзінен шыққан. Қалпы: шар тәрізді, оттықты, қос құлақты, шүмекті, төрт аяқты, қақпағында бу шығаратын саңылауы бар. Алғашқы самаурынды жасаушы Тула қаласының қару — жарақ зауытының шеберлері Иван мен Назар Лисициндер. Олар 1778 жылы үкімет орындарының рұқсатымен жеке меншіктегі зауыт ашып, одан самаурын жасап шығара бастаған. Самаурын қазақ жерінде XІX ғасырдан бастап қолданысқа еніп, күнделікті тұтынатын тұрмыстық бұйымға айналды.

Жанұяда дастархан басында шай ішуге, жолға шыққанда алып жүруге, ресторандарда қойылатын, сыйға тартуға арналған самурындар да болған.

Тарихи деректер бойынша Тула шеберлерінің 100 литрлік самаурынды жасап, оны бүкілресейлік староста М.И.Калининге сыйлыққа тартқаны белгілі. Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен. Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зер теу- ші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігер- лердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс.

Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді

Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл сусынның емдік пайдасы бар. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық сусыны – шай адам денсаулығына қажетті сусын болса, самаурын – тұрмыстық салтымыздың бір бөлшегіне айналған бұйым болып қалды.


 

Picture 1















Мақала тақырыбы: Самаурын және қазақтың шай ішу дәстүрі.


Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №11 жалпы білім беру орта мектебінің 5 сынып оқушысы Амангелдиева Перизат Абатқызы





































































Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен. Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зер теу- ші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігер- лердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.

  1. Аш қарынға суық шай ішпейді. Себебі ол өт пен асқазанға зиян.

  2. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді.

  3. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.

Шайды ыстықтай ішуге болмайды. Өйткені ыстық шай кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға кері әсер етуі мүмкін. Ұзақ уақыт ыстық шай ішу ішкі органдарды ауруға ұшыратады. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады. Шайдың температурасы 56 градустан аспауға тиіс.

Тағамның алдында шай ішпейді. Өйткені шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі уақытша азайып кетеді

Шай – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл сусынның емдік пайдасы бар. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық сусыны – шай адам денсаулығына қажетті сусын болса, самаурын – тұрмыстық салтымыздың бір бөлшегіне айналған бұйым болып қалды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!