Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ш.Амонашвили туралы аңыз әңгіме

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани тәрбие беруді дәріптеу. Баланың жүрегіне жылылық ұялату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шалва Александрович мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады.

Ш.А.Амонашвили адамдарға мейірімді, зерделі жан. Оның ашушаңдығы мен дөрекілігін ешкім көрген емес. Ол – педагогикалық философияның бір қиыршығы болып табылатын ерекше шыдамдылықтың иесі.

Қадірлі жасқа келгендігіне қарамастан, Шалва Александрович әлі де шығармашылықпен белсенді айналысып жүр.

«Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету», деген профессор Амонашвилидің ұстанымы мен үшін арналғандай.

Мұғалім адам өмірінде зор қызмет атқарады. Мұғалім мамандығы сөзсіз қиын. Дегенмен де, кез келген адам білім іздеу, әлемді тану қажеттілігін сезінеді, өмірдің қиын сұрақтарын шешуге көмектеседі, тәлімгердің, мұғалімнің, даналардың соңынан ергісі келеді.

Даналар айтқан: «Білім алуға ұмтылу әрбір адамның міндеті» Шалва Александрович Амонашвилидің еңбегін қолыма алғанымда Ш.А.Амонашвили сияқты ешкім маған әсер етпеген еді.

Ш.Амонашвилидің педагогикалық әңгімелері өмірдің өзінен алынған. Педагогикалық

Әңгімелерінде өмірдің мәні ішкі жан- дүниенің байлығында, оның рухани тазалығында. Шалва Амонашвилидің қайсы шығармасын оқысаңыз да, тек жалғыз мұғалімдерді ғана емес, кез келген адамға үлкен әсер қалдырады.

Педагогтың әңгімелерін оқи отырып, өмірлік сұрақтарға жауап аласың.

Мен оның бірнеше еңбектерін оқып шықтым. Соның ішінде Ш.А.Амонашвилидің «Созидая человека» атты шығармасында сәбидің дүниеге келген сәтінен бастап, отбасын құрғанша, тіпті өмірге енгенше қалай тәрбиелеу керек екендігін әрбір отбасындағы қарым-қатынас арқылы ашып көрсеткен.

Бұл еңбегінің сыры мынада: баланы «Жоқ!» , «Болмайды!» , «Бұзасың», «Сындырасың» деген сияқты тек тыйым немесе «Бәрі болады», «Өзің біл» деген сияқты немқұрайлылықпен өсірмей, сұрақ қойса, сабырмен жауап беруге және онымен сырлас болуға кеңес береді. Ал, тағы бір еңбегінде ұстазға баланы сүюді және сүйіспеншілікпен білім беруді дәріптейді.

Мысалы Ш.Амонашвилидің «Жайнап өскен гүлдің құпиясы»

атты аңыз әңгімесін оқыдым. Анасы ұлының бөлмесіне ыдысқа отырғызылған екі гүлді әкеліп, терезесінің алдына қойды.

- Күнде суарып тұр, олар саған қуаныш сыйлайды – дейді анасы. Ал ұлына бір гүл ұнады да, екінші гүл ұнаған жоқ. Ол ұнаған гүлін суарған кезде іштей: «Қандай керемет гүл... Мен сені жақсы көремін»,- деп ойлап суаратын.

Ал ұнамаған гүлді суарған кезде: «Бұл жаман гүл. Босқа суарып жатырмын. Анамның көңілі үшін суарып жүрмін, әйтпесе терезеден лақтырып жіберер едім!» деп іштей ұрсып тұратын.

Осылай бірнеше ай өтті.

Бір күні анасы бір гүлдің жайнап өсіп келе жатқанын, ал екінші гүлдің солып бара жатқанын байқады да, баласынан: - Неге бұлай? Әлде біреуін дұрыс суармадың ба?- деп сұрады. Екеуін де бірдей суарып жүрмін - дейді баласы.

Анасы солып бара жатқан гүлді өз бөлмесіне апарып қойды да, оны мәпелеп, күтіп: «Мен сені емдеймін. Әлі керемет болып өсесің.» - деп күлімсіреді. Суарған сайын көз алдына: осы гүлдің иісі аңқып, жайнап гүлдеп, жайқалып өсіп тұрған кезін елестетіп тұратын. Анасының жақсы ойы жүзеге асып, қуанышқа кенелді. Солып жатқан гүлдің жанданып, жайнап өсіп тұрғанын көрген баласы:

- Ана, сіз бұл гүлдерге не істедіңіз? – деп сұрады баласы

- Өзім де білмеймін! – деп жауап берді анасы.

Бұл құпияны тек ыдыстағы топырақ пен әдемі гүлдің өзі ғана білетін. Бірақ олар айта ала ма?

Мен Шалва Амонашвилидің осы аңыз әңгімесі арқылы өзіме түйгенім: Жалпы адамзатық құндылықтарда сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау құндылықтары бар екендігін байқадым.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
1081
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12