Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы. 6 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: 

Күні:

Мұғалімнің  аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан  оқушы  саны:

Қатыспаған  оқушы  саны:

Сабақтың  тақырыбы

Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы.

Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқыту  мақсаттары

6.2.2.7  сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану; 

6.2.2.8  сан аралықтарды кескіндеу

Сабақтың  мақсаты:

Білім  алушылар сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді  және сан аралықтардың атауларын біледі,  кескіндейді. Тапсырмалар  орындау  барысында бағытталған  сұрақтар  қою  арқылы  өмір  бойы  білім  алуға  үйренеді, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті, ойын ашық  жеткізе  мүмкіндік  беріледі, бір-бірімен ой бөлісуге,  бір-бірінің  пікіріне  құрметпен  қарауға,   ынтымақтастыққа, өзара қарым-қатынасқа тәрбиелейді.

Құндылыққа баулу:

Жауапкершілік пен адалдыққа баулу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің  әрекеті

Оқушының  әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру  сәті

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Ынтымақтастық   атмосферасын қалыптастыру

Үйге тапсырмасын тексеру: №886, №892

«Жұптас»  әдісі  бойынша  екеу ара   дәптерлерін  алмасу  арқылы, тақтадан  жауаптарын  тексереді.


Өтілген  материалдарды еске түсіру  мақсатында 

«Сұраққа жауап»  әдісі  арқылы  шолу  сұрақтары қойылады.

а) Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.

ә) Білім  алушылар  сұрақтарға  жауап береді.

Оқушылар тақтадан дұрыс жауаптарын тексереді. 



Оқушылар тез жауап беріп өткен білімді еске түсіреді.

Рахмет айту



 бағалау    (+/-)


«Жарайсың!» 

деп

ынталандыру

kundelik.kz







қима қағаздар

Негізгі бөлім

15 минут


Жаңа  білімді  қалыптастыру 

 Координаталық  түзудегі a және b сандарына  сәйкес нүктелердің  аралығы  а  және b сандарының  аралығын  кескіндейді.

Санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығымен жазамыз:

1. Интервал

Мысалы: 3<х<7  

Белгіленуі: (3; 7)

2. Кесінді

Мысалы: 2≤х≤8  

Белгіленуі: [2; 8]

3. Жартылай  интервал

Мысалы: -5≤х<4  

Белгіленуі: [–5; 4)

4. Сәуле

Мысалы: х≥ –6  

Белгіленуі: [–6; +∞)

5. Ашық  сәуле

Мысалы: х< 9  

Белгіленуі: (–∞; 9)

6. Сан  түзуі

Белгіленуі: (–∞; +∞)


Білім  алушылар ережелерді   тыңдайды.

Есептерді  шығарады.

Математикалық  тілде  сөйлейді.  











Тапсырмалар:

1. Суретте кескінделген сан аралығын белгіленуін пайдаланып жазыңдар: 


2. Сан аралығын координаттық түзуде кескіндеңдер:


Бір-бірін бағалау    (+/-)






«Жарайсың!» 

деп ынталандыру

Оқулық, 

дәптер, қима қағаздар 


Оқулықпен жұмыс

20 минут

Оқулықпен  жұмыс, деңгейлік  тапсырмаларды  қолдану

А  деңгейінің есептері   №906(ж), №907, №908(ж)

В  деңгейінің есептері   №909, №910, №912(ж).

Мұғалім  оқушылардың  жұмыстарын  тексеріп,  кейбір жаттығуларда  бір  шешімге  келе  алмаған  оқушыларға  көмектесу  арқылы  бағалайды.  Бағалау критерийлері арқылы  өзін-өзі  бағалайды.


Әрбір  жауапқа  

1 балл қойылады.

Үлестірмелі қағаздар, 

оқулық


Амалдарды орындап, олардың жауаптарын сызық арқылы қосыңдар.

Дескриптор:

-Амалдарды орындайды.

-Мәнін табады.

ДОЖ 

1. Аралық түрінде жазып көрсетіңдер. 

a) 1-ден 4-ке дейінгі интервал; 

b) 1 мен 4 сандары қоса алынған 1-ден 4-ке дейінгі интервал;

c) 4-ті қоса алғандағы 1-ден 4-ке дейінгі жартылай интервал; 

d) −∞-тен 5-ке дейінгі интервал.

2. Аралықты теңсіздік түрінде жазыңдар.

Мұғалім  оқушылардың  жұмыстарын  тексереді.  

Тапсырмалар алгоритмі көрсетіледі.

Тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар бағаланады.





Үлестірмелі қағаздар


Соңы

5 минут

Сабақты бекіту:

Сабақ қортындылау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын:


Үйге тапсырма: №906(т), №908(т), №912(т).

Кері байланыс 

Рефлексия: «Көңіл-күй» 

Мұғалім ең соңында оқушыларда ненің сәтті шыққандығы және де әлі де нені жетілдіру керектігі жөнінде сындарлы кері байланыс береді.

Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау.

Рефлексия: «Көңіл-күй»

Оқушылар үш түрлі күйдегі смайликтер арқылы сабақты  түсінгенін, түсінбегенін көрсетеді.

Белсенді оқушыларды бағалау


Kundelik.kz – ке бағаларын қою

6 сынып математика 

2бөлім

Т.А.Алдамұратова

Алматы

«Атамұра»

2018ж


Kundelik.kz


Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілетті  жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап  отырсыз?

Бағалау – оқушылардың  материалды меңгеру  деңгейін қалай тексеруді

жоспарлайсыз?

Жарайсың, керемет, жақсы деп ынталандырып отырамын.

Денсаулық  және  қауіпсіздік

техникасының  сақталуы


Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырмалар беру.

Тапсырмалар алгоритмін көрсету жеңілдетілген тапсырмалар беру,жеке  көңіл бөлу

Дарынды оқушыларға жеке тапсырмалар беру.

Логикалық, функциональдық тапсырмалармен баланың ой өрісін дамыту.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау.

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөліп, қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? 

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? 

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? 

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? 

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? 






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі