Сан сұраққа саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сан сұраққа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме мүшелеріне сан сұраққа саяхат есептерін меңгерту. Тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтетін күні:26.02.2025

Ашық сабақтың тақырыбы: Сан сұраққа саяхат
Сабақтың мақсаты:
1.Үйірме мүшелеріне сан сұраққа саяхат есептерін меңгерту.

2. Үйірме мүшелерінің оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту.
3. Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілік: суреттер, шарлар, қанатты сөздер.
 
 Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Үйірме мүшелерімен амандасу,сабаққа даярлықтарын тексеру.
2, Психологиялық дайындық

3.Тәрбие бағыты

4.Өткен сабаққа шолу

5.Жаңа сабақ

6.Псықтау

7.Қорытынды

Псиологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз
Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Құшақтасып көріседі,қол алысып амандасады.
Тәрбие бағыты
Сабыр түбі сары алтын
Шыдамды болу, ұстамды болу, ашуланбау, асығыс шешім қабылдамау. Сабырлы, ұстамды Адам; басқаныӊ сѳзін байыппен тыӊдайды, ашуланбайды, әр ісін ойлап, ақылмен шешеді.  Сондықтан Абай атамыздыӊ  «Асығыс түбі ѳкініш, ойланып алмақ – сабыр сол» деп айтқан болатын. Балалар, сабырлы боламыз ба?Сабырлылық адам бойына екі жолмен дариды. Бірі – туа біткені, екіншісі – адамныӊ ѳзін-ѳзі тәрибелеуі. Біз адам болған соӊ кейде біреудіӊ абайсызда айтқаны жүректі ауыртады. Кейде ұрыс-керіске айналып кетеді. Сондай да ѳзімізді ұстап, сабырлы болайық. Сабырлылық жақсы қасиетке жататынын түсіндіӊдер. Ал енді адамгершілікке жататын жақсы қасиеттер мен жатпайтын жаман қасиеттерді ажыратайық. Тақтада екі шар ілулі тұрады. Біреуі жақсы қасиеттер, екіншісіне адамныӊ жаман қасиеттері салынады. Кім қаншалықты жақсы түсінгенін білу үшін жауаптары тексеріледі.Ал, балалар, сабырлылық ѳте жақсы қасиет екенін ұғындық. Әрбір сѳзіӊді ойланып, сақтықпен, салмақпен айта жүр. Ойы мен пиғылы теріс адамдармен достаспа. Ѳсек сѳзді тыӊдама. Осыны ұмытпаӊдар балалар!



Өткен сабаққа шолу
«Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақты еске түсіру

Оң жақтағы -60 1 сағатта неше минут бар?

Ортадағы -50 1 ғасырда неше жыл бар?

Сол жақтағы -70 1дм неше см бар?

Оң жақтағы-30 1 аптада неше күн бар?

Сол жақтағы -10 1тәуліктенеше сағат бар?

Ортадағы -40 1жылда неше ай бар?



Жаңа сабақ

Бүгін біз ашық сабақта «Сан сұраққа саяхат»жасаймыз,сандар арқылы сұрақтарға жауап іздейміз.



1.1дм неше см бар?

2.Қабырғаларының ұзындықтары бір-біріне тең тік төртбұрыш. (шаршы)
3.4 ондықтан құралған сан. (Қырық)
4.Сұйықтықтың өлшем бірлігі. (Литр)
5. 2-ге бөлінетін натурал сандар ? (Жұп сандар)
6.1 ғасырда неше жыл бар?
(100 жыл)
7. 1м-де неше см бар? (100 см)
8.Қосу амалының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
9.Тік бұрыштан кем бұрыш қалай аталады? (сүйір)
10. Кез келген санға 1-ді қосқанда қандай сан шығады? (содан кейінгі сан)

1.Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
2.Қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне тең геометриялық фигура. (тік төртбұрыш)
3.8 ондықтан құралған сан. (80)
 4.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз? (шеңбер)
6. Бір нүктеден шыққан түзулер? (сәуле)
7. 1 жылда неше ай бар? (12)
8. Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Үйде неше адам отыр? (3) 
9. 1сағ неше минут бар? (60 минут)
10.Азайту амалының компонеттерін ата.(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)


Бонкомат әдісі бойынша «Амал таңбаларын орнына қою

1топ

45+9*5-1=89
6+7*7=55
120+8*5-60=100

2 топ

81:81+13*1=14
99*0+99=99
6*5+32:8=34



Логикалық есептер



1топ.

Адам тамақ істерде ең бірінші қазанға не салады?

2. Тауық 1 аяқпен тұрғанда 3 кг, екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?

3. 1 жұмыртқа пісу үшін 5 минут қажет. 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут уақыт кетеді?

4. Қасқыр  мен түлкі олжаларына түскен 1 себет балықты бөліп жемекші болды. Есепті нашар білетін қасқыр ол балықтарды бөле алмаған соң, түлкіге бөлуді тапсырды. Сонда түлкі былай бөлді:
        1-еуі саған, 2-еуі маған,
        3-еуі саған, 4-еуі маған,
        5-еуі саған, 6-ауы маған,
        7-еуі саған, 8-і маған,
        9-ы саған, 10-ы маған.
Қасқырда неше балық болды? Түлкіде неше балық болды?

5. «Сенбі» сөзі аптасына қанша рет кездеседі?



2топ

1. Отбасында 7 ағайынды ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Отбасында барлығы неше бала бар?

2. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын екі алма.
Біреуін бер Қанатқа,
Сонда қалмақ неше алма?

3. Бір үйде екі әке, екі бала тұрады. Сонда бір үйде қанша жан тұрады?

4. Тал басында тізіліп,
    Он жапырақ тұр еді.
    Жел соқты да үзіліп,
    Ұшып кетті біреуі.
    Ізінше оның үзіліп
    Түсті тағы бесеуі.
    Тұр әлі де ілініп
    Жапырақтың нешеуі?

5. Қырсық 10 км жол жүруі керек еді. Ол күніне 2 км алға, 1 км артқа жүріп отырды. Сонда ол жолды неше күнде жүріп бітеді?



«Кім жылдам?» Лабиринт әдісен стакандар жинау.

Пысықтау:Сұрақ жауап арқылы пысықтау
Қорытынды: 
Сабақтағы әдістерін қысқаша қайталау.Үйірме мүшелері сабақ барысында не үйрендері туралы пікір алмасады. Сау болыңыздар?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі