Шана.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шана.

Материал туралы қысқаша түсінік
әртүрлі көлемдегі пішіндер жасау арқылы ермексазбен шананы мүсіндеу жолдарын үйрету;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: мүсіндеу.

Тақырыбы:Шана.

Мақсаты:қысқы табиғат ерекшеліктерін, әсемдігін сезіну, ойнап жүрген балалардың шанасын мүсіндей білуге үйрету.

Міндеттері:

білімдік:әртүрлі көлемдегі пішіндер жасау арқылы ермексазбен шананы мүсіндеу жолдарын үйрету;

дамытушылық: ұсақ қол қимылдарын дамыту:мүсіндеу, түстерді дұрыс таңдау, іскерлік дағдыларын жетілдіру;

тәрбиелік: қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдармен керекті құрал-жабдықтар:

1 жұмыс дәптері, DVD,теледидар, слайд (№1, 2, 3, 4 сюжетті суреттер), тақтайша, ермексаз, сулы шүберек, су.

Сөздік жұмыс:коньки, шаңғы тебу.

Көптілділік: шана – сани –sled, әдемі – красивый–beautiful, қысқы ойын зимние игры–winter games, қар снег–snow.


.


ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Шеңберге тұрып амандасу. «Жылы сөздер шеңбері» психологиялық тренингі.

    • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар, кәне, бәріміз теледидардың көмегімен қыс мезгілінің көңілді сәттерін есімізге түсіріп көрейікші. Балалар, қараңдаршы, қыс мезгілінде қысқы ойындар өте қызықты, әр мезгілдің өзіндік қызықты ойындары болады.Қысқы ойындарды атап беріңдерші? Қысқы ойындардың көбісі қармен байланысты.Біздің ең жақсы көретін ойынымыз шанамен сырғанау емес пе?!

  1. Негізгі кезең.

    • Кәне, әркім өзімізге әдемі шана мүсіндейік.

    • Мүсіндеуге дайынсыңдар ма?

    • Балалар, шананы қандай түсті ермексазбен мүсіндейміз?

    • Ал ондай болса әркім өзіне түрлі түсті ермексазды таңдап алып, шананы мүсіндейді.

Педагог жасалу жолын көрсете отырып түсіндіреді:

  1. Шананың екі табанын жасаймыз. Ермексазды есіп, жалпақтау арқылы екі шетін иеміз.

  2. Шананың табанын ұстап тұратын тіреуіштерді есу арқылы жасап, табанына бекітеміз.

  3. Шананың беткі, отыратын тақтайшасын түрлі түсті ермексазды алақан арасына салып, тіктөртбұрыш пішініне келтіріп жасаймыз.

  4. Шананың дайын бөліктерін бір-біріне шымшып жапсыру арқылы жинақтап, шана бейнесін мүсіндеуді аяқтаймыз.

Сөздік жұмыс:коньки, шаңғы тебу.

Көптілділік компонент:шана – сани –sled, әдемі – красивый – beautiful, қысқы ойын зимние игры winter games, қар снег –snow. Сергіту сәті.

Балалар көңілді музыка ырғағымен еркін билейді. Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізеді. 3.Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды.

Балалардың жасаған әдемі жұмыстарынан көрме ұйымдастыру және баланың өзін-өзі бағалауын анықтау. Балалардың қызығушылын арттыру үшін, серуен кезінде шанамен жарыс ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды:бұйымды қызығушылықпен, шығармашылықпен жасайды;

түсінеді:шананың ойын құралы екенін, бөлшектерінің ағаштан, металдан жасалатынын;

қолданады:түрлі түсті ермексаздарды пайдаланып, есу, сопақтау, біріктіру әдістерін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі