Пән
аты: Информатика
Мұғалімі:
Азыев Темірлан
Алпысбайұлы
Мектепбі:
№14 орта мектеп Жаңаөзен
қаласы
Сыныбы: 6
сынып
Сабақтың
тақырыбы: Сандарды позициялық санау жүйелеріне
көшіру.
Сабақтың
мақсаты:
Сандарды бір санау жүйесінен
басқа санау жүйесіне ауыстыру туралы түсінік
қалыптастыру;
Білімділігі: Оқушылардың сандарды бір санау
жүйесінен басқа санау жүйесіне
ауыстыру
туралы білімдерін
қалыптастыру;
Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен
жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және
зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге
деген
қызығушылығын
арттыру
Сабақтың
түрі: практикум элементтерінің
көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы
түсіндіру.
Сабақтың өту
әдісі: сөздік, көрнекі,
практикалық
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті
тақта, компьютерлер, топтамалар, тест
сұрақтары т.б.б.
Оқыту
формалары: жеке, топтық және
ұжымдық.
Сабақтың өту
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үйге берілген
тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Сандарды бір санау
жүйесінен басқа санау жүйесіне
ауыстыру.
Сандарды бір санау жүйесінен
басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік
немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды
қарастырдық.
Бүтін ондық сандарды
екілік санау жүйесіне
ауыстыру.
89110=11011110112
Ондық бөлшектерді екілік
санау жүйесіне ауыстыру.
Ауыстыру
ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік
санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек.
Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі
бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту
керек.
Ондық сандарды сегіздік
санау жүйесіне ауыстыру.
Сандарды ондық жүйеден
сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін
қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша
7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге
бөледі.
Ондық сандарды оналтылық
санау жүйесіне ауыстыру.
Ондық сандарды оналтылық
жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы –берілген сан
8-дің орнына 16-ға бөлінеді.
Үйге тапсырма
беру: Сандарды позициялық санау жүйелеріне
көшіру.
Сабақты
қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау,
оқушылардың меңгерген білімдерін
талдау,
бағалау.