Тақырыбы: «Гүлдер
әлемі»
Мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы
білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Гүлдің өңін, құрылымын, сабағын
натураға қарап жапсыруға, бейнені қағаз бетіне әдемі етіп
орналастыруға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың қиялын, ой-өрісін, зейінін
дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, әдемілікке
тәрбиелеу.
Сөздік
жұмысы: бәйшешек, түймедақ, күлтелері, дала гүлдері,
бөлме гүлдері, қызғалдақ
Демонстрациялық
материалдар: көктем мезгілінің суреттері, гүлдердің
суреттері, үлгі, ноутбук.
Үлестірмелі
материалдар: жасыл түсті шаршы пішінді қағаздар, сүлгі,
желім, әртүрлі түймелер, жасыл түсті қиылған жіп,
қайшы.
Қостілдік
компонент: бәйшешек-подснежник, күлтелері-лепестки,
қызғалдақ-тюльпан, бөлме гүлдері-комнатные
цветы.
Іс-әрекет
кезеңдері
Балалардың
әрекеті:
Бәрі бірге айтады.
Үстелді жағалай отырады.
Көктем мезгілінде
болады.
Көктем мезгілі үш айдан тұрады:наурыз, сәуір,
мамыр.
Қазір сәуір айы.
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін
атайды.
Орыс тілінде көктемді «весна»
дейді.
Шаттық шеңбері:
«Табиғатпен
үндестік»
Шеңбер бойлап жүремiз,
Әр гүлге көңiл бөлемiз.
Сұлулық пеп махаббатты,
Сезiнiп өмiр сүремiз.
Жұмбақ жасырады:
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға ағады.
Құстар келіп ән салады,
Бұл қай кезде болады?
-Көктем мезгілі неше айдан
тұрады?
Ұйымдастыру-іздестіру
-Дұрыс, балалар, көктемнің
ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер. Ал, енді мен сендерге
тағы бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабы бүгінгі
іс-әрекетіміздің тақырыбы болады.
Жұмбақ
жасырады:
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақаның жайып.
Ол не?
-Бәріміз гүлді жақсы көреміз
бе?
-Гүлдің қандай пайдасы
бар?
-Гүлдер адамдарға не
сыйлайды?
-Біздің топта гүлдер қайда
тұрады?
-Оларды бір сөзбен қалай
атайды?
-Қане, кім айтып береді қандай гүлдер
бар?
-Көктем мезгілінің тағы бір сиқыры қандай?
Көктемде қандай гүлдер өседі?
-Оларды бір сөзбен қалай
атайды?
-Ал, енді бейнетаспадан гүлдерді
тамашалайық.
Гүлдер таза ауа береді, әдемілік
үшін.
Гүлдер адамдарға қуаныш
сыйлайды.
Табиғат бұрышында
тұрады.
Бөлме гүлдері.
Фикус, аспидистра, хлорофитум,
герань.
-Бәйшешек, қызғалдақ,
сарғалдақ гүлдері өседі.
Дала гүлдері.
Экранға назарларын аударып, гүлдерді
тамашалайды.
Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағының шаңын
сүрту керек.
Күн, ауа, су, құнарлы
топырақ.
Қызығушылық танытады.
Сергіту сәті:
-Балалар, сендер білесіңдер ме, кейбір
гүлдер Қазақстанның Қызыл
кітабына енген.
Слайд көрсету.
Дидактикалық ойын: «Қанқызын гүлге
орналастыр»
Ханқызын гүлге орналастыру үшін, гүлдегі санмен
ханқызының нүктелерін санап, сәйкестендіруді
ұсынады.
Дидактикалық ойын: «Гүлдерді
топта»
Дала гүлдерін көк қыстырғышпен, бөлме гүлдерін
қызыл қыстырғышпен қыстырып белгілеуді
ұсынады.
Биыл көктемде гүлдер аз өсіпті, сондықтан гүл
жасауды ұсынады.
Балалардың
жауабы.
Экранға назарларын аударып, слайдты
қызығушылықпен қарайды
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалған.
Міне, гүлдің бүршіктері,
Ашылады әдемі.
Қызығушылық танытады
Жұмысымызды бастамас бұрын , қолымызды
жаттықтырып алайық.
Саусақ жаттығуы:
«Күн мен гүл»
Көтерілсе күнім,
Ашылады гүлім.
Кешкісін күн батады,
Гүл ұйқыға жатады.
Жұмыстың орындалу
реті:
1. Алдымен тіктөртбұрышты жасыл түсті қағаздан
гүлдің сабағын қиып алу.
2. Содан кейін жасыл түсті шаршы пішінді қағазды
екіге бүктеп, жапырақ қию.
3. Содан кейін сабақтың жоғарғы жағына әртүрлі
түймелер таңдап алып жапсыру.
4.Қайшымен жасыл жіпті ұсақтап қиып, гүлдің
астына жапсыру.
Жұмыс барысында балаларға көмек
көрсетеді.
Қорытынды сұрақтар
қояды:
-Бүгін не жасадық?
Балалардың
жұмысынан көрме ұйымдастырды
Рефлексия:
Егерде, көңіл-күйлері көтеріңкі болса, қызыл
гүлді алуды, көңіл-күйлері болмай тұрса, көк гүлдерді таңдауды
ұсынады.
Таңдаған гүлдердің күлтелерін қарындашпен
шиыршықтап, суға жіберуді ұсынады.
Суға түскен гүлдер
ашылады