Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санды өрнектерді салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Мектеп:С.Сейфуллин

Мұғалімнің есімі:

Кузерова М

Күні: 13.02.2018ж

Сынып: 1Ә

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Санды өрнектерді салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.5.Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру.

1.4.1.2. Сандар мен шамалар арасында қатынастарды =, ≠, >, < таңбаларын қолдану арқылы көрсету.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:Теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

Оқушылардың басым бөлігі:Бірнеше амалдан тұратын (жақшасыз) өрнектің мәнін табады.Санды, әріпті өрнектер құрастыру үшін«-», «+», «=» таңбасын қолданады.

Кейбір оқушылар:Өз  бетінше  шешім  қабылдап,  қорытынды  шығару, ой-пікірін білдіреді.теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

Жетістік критерийлері

Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету, сандар, шамалар,санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту, салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыс

Өнер, көркем еңбек, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым. Жаратылыстану. “Жануарлар” тарауы АКТ қолдану дағдылары презентация

Тілдік құзыреттілік

Мен не үйрендім?

Бастапқы білім

Теңдік, теңсіздік, санды, әріпті өрнек

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз- Саламатсыздарма? Здравствуйте! Гудмонин!

-Қазір бізде қандай сабақ?

- Біз нешеге дейінгі сандармен таныстық?

Хормен: 20-ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санаймыз

«Артық, кем, тең» туралы видиороликті көру.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз не туралы болмақ?

  • Ендеше алдымен топқа бөлініп алайық.

Топқа «Сандар», «Өрнектер», «Таңбалар» деп бөлеміз.

Шаттық шеңбері








5 мин











5 мин























5 мин





















5мин



«Жеміс жинау» ойыны

Жемістерге жазылған өрнектің мәнін тауып себетке жинау. Жиналған жемістерді санай отырып жаңа сабақты түсіндіру.

Picture 2

Кіріспе тапсырма:

Топтық жұмыс: Әр топқа ішінде цифрлары мен суреттер және таңбалар салынған конверт ұсынылады. Әр топ өз атына сәйкес есептер құрастырып, оны дәлелдеп берулері керек.

Жұптық жұмыс: Әр оқушы бір санды өрнектен құрастырып, оның мәнін табады. Шыққан санды екеуі жұпта салыстырады. Мысалы:

Бірінші ойыншы: 2+3 Екінші ойыншы: 6+4

2+3 ? 6+4

5 < 10

Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіріңіз. Мысалы:

2 + 3 ? 6 + 4;

5 < 10;

2 + 3 < 6 + 4.

Picture 3

Осы тұжырымды бекіту мақсатында ойынды тағы да екі рет ойнауды ұсыныңыз.

Оқулықпен жұмыс Топтық жұмыс

Хайуанаттар дүкенінде. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізіңіз. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраңыз. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері,торлар,

аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады. Picture 9



Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыныңыз. Құрастырған санды өрнектерді салыстыртыңыз. Тапсырманы орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастырыңыз. Тапсырманы тез орындап болған оқушыларға “Хайуанат дүкеніне саяхат” тақырыбына сурет салып, тиісті өрнектер құрастырып, салыстыруды ұсыныңыз.

Picture 7

Жауабы:

3 + 4 = 2 + 5;

6 + 6 > 8 + 3;

4 + 4 < 2 + 8.

Picture 6

Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып беріңіз. Мүмкіндік болса интерактивті тақтаны немесе ламинатталған бетті пайдаланыңыз. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде де ұйымдастыруға болады. Жарыс кезінде тапсырма жазылған қағазды шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға беріп, жауаптарын жазуға барлық оқушылар қатысатындай етіп жағалатып жіберіңіз. Сол сияқты тапсырманы тақтаға тізбектеп орындатуға да болады. Picture 5

Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалатыңыз. Оқушылар тапсырманың орындалуын өзара немесе мұғалім бағалайды.

Жауабы:

18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 50 + 40 = 40 + 50;

5 + 3 = 4 + 4; 16 + 2 < 14 + 5; 30 + 60 > 70 + 10;

2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19. 20 + 80 = 90 + 10.

Picture 10

Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылармен құпия шифрлар туралы әңгімелесіңіз. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың қалай шифрленетінін айтыңыз. Бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленгенін ескертіңіз. Оқушыларға құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыныңыз

Жауабы:

а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4;

в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2. Picture 11


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті


Балдырған

Аудиожазба

Қызықты тапсырма

10 минут


Аяқталуы

Дәптермен жұмыс Жұптық тапсырма:

Цифрды анықта. Оқушылар бірдей суреттерді бірдей цифрлармен ауыстырып, өз бетінше санды өрнектер құрастырады және салыстырады. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар тиісті сандарды таңдайды.

Жеке тапсырма: Бағытты таңда: Оқушылар тапсырмадағы санды өрнектердің мәндерін салыстырып, салыстыру белгілерін қояды және суреттегі теңдікке апаратын жолды бояиды.




Оқулық,

дәптерлер.


Сабақтың соңы

5минут


Қалыптастырушы бағалау:Жеке тапсырма

1-тапсырма

Салыстырыңыз. >, <, = таңбаларының тиістісін қойыңыз

Дескриптор: Білім алушы

- «=» таңбасын тиісті орнына қояды;

- «>», «<» таңбаларын тиісті орындарына қояды

2-тапсырма

( ) белгісіз сан символын пайдаланып, сурет бойынша теңдік құрастырып жазыңыз



Дескриптор: Білім алушы

- ( ) белгісіз сан символын пайдаланып, сурет бойынша қосу

амалына теңдік құрастырады;

-( ) белгісіз сан символын пайдаланып, сурет бойынша

Ойлан: Робис пен Бота сауда жасады. Қайсысының заты ауыр? Санды өрнек құрастырып, салыстыр.

8+7>6+5

15>11

Бүгінгі сабақта қай топ жеңіске жетті? Жинаған смайликтерімізді санап, салыстырамыз.

Рефлексия: «Аяқталмаған ой»

-Маған қызықты болды, өйткені ............

-Маған бүгін сабақта қиын болды, өйткені...

-Маған сабақта .... көмектесті. 


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспары?

Picture 14

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.













Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдалан дым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неге?

Picture 12 Сабағым өз ойымдағындай болды.Сабақта бірінші жақсы психологиялық ахуал туғыздым. Балалар үш тілді меңгеріп жатқанын көрсетті. Балалар 3 топқа бөлінді.«Жеміс жинау» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтап жаңа сабаққа ендік. Сабақта оқушылар өздерін еркін ұстады, топтық тапсырма кезінде балдар санды өрнек құрастыру керек болатын, топта бірлесе жұмыс жасап өрнек құрастырды. Жұптық жұмыс кезінде балалар бірлесе жұмыс жасады тапсырмаларды орындады. Слайдттар арқылы сабақтың кезеңдерімен танысып отырды. Сабақ соңында стикерлер арқылы бағалау болды.













Оқу ісінің меңгерушісі:

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Shape1









Тақырыбы: Санды өрнектерді салыстыру

Пәні: Математика

Бастауыш сынып мұғалімі: Кузерова М.С













2017-2018 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12