жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сандық сәуле
|
Сабақ тақырыбы: |
Сандық сәуле |
Мектеп: №6 |
||||
|
Күні :08.09.2018ж |
|
Мұғалімнің есімі: Ходжаева А |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды; сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасу қалпын анықтайды. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
|
|||||
|
Тірек сөздер |
сандық сәуле; алдыңғы сан; келесі сан. |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Натурал сандар қатарындағы санның орнын табу және санап үйрету. |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Сабақта сандық сәуле ұғымын енгізу, оқушыларға сандардың сандық сәуледе рет-ретімен орна-ласатынын және арақашықтықтары бірдей болаты-нын түсіндіру көзделеді. Натурал сандар қатарындағы әр санның өзіне сәйкес орны бар. Алдыңғы сан — натурал сандар қатарындағы берілген санның алдындағы сан. Келесі сан — натурал сандар қатарындағы берілген саннан кейінгі сан. Сабақ басында оқушыларға 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санауды, мысалы, 3-тен 8-ге дейін, 9-дан 4-ке дейін санау және т.с.с.; өз қатарында отырған оқушы санын санау; кім бірінші отыр, кім үшінші, бесінші отырғанын атау және т.с.с. ұсыныңыз. Соңғы партадан бастап санағанда, кім бесінші, кім үшінші екенін анықтауды ұсыныңыз. Сабаққа қажетті жіп пен қыстырғыштарды дайындап алыңыз. Жіпті сынып бөлмесіне бір қабыр-ғадан екінші қабырғаға дейін жететіндей етіп керіңіз. Жіп байланған қабырғадан белгілі бір жерге дейінгі қашықтыққа қыстырғыштың көмегімен “1” саны жазылған парақшаны қыстырыңыз. “Әрі қарай қандай сан болуы тиіс?” — деп сұраңыз. Сәйкес сандарыбар парақшаларды біртіндеп қыстырыңыз. Бұлардан кейін тұратын сандар жазылған парақшаларды осылайша ретімен орналастыруға болатынын ай-тыңыз. Сөйтіп, сандық сәулені құрастырыңыз. Түсіп қалған сандарды тап. Оқушыларға сабақтың басында жіптен жасалған түзудің бөлігін оқулықта суреті берілген түзумен салыстыруды ұсыныңыз және “Қандай сандар түсіп қалған?” деген сұраққа жауап беруін сұраңыз |
Шығарып көр. Оқушыларға жұппен жұмыс жа-сай отырып, суретке қарауды ұсыныңыз. Оқушылар-дан “Аю бал құмыраларын дұрыс қойған ба?” деп сұраңыз. Оқушылар өз жауаптарын айтулары ке-рек. Талқылау барысында олар құмыралар дұ-рыс емес қойылған деген қорытынды жасайды және біріншіден жетінші құмыраға дейін немесе кері ретпен жетіншіден бірінші құмыраға дейін орналастырулары керек. “Барлық құмыра ретімен тұру үшін қайсыларының орындарын ауыстыру қажет?” деп сұраңыз. Жауабы: дұрыс емес. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз: — Бір нүктесі бар тасты табыңдар; — Келесі таста қанша нүкте бар? (Жауап: екі.) Яғни 1-ден кейін 2 болады, 2-ден кейін 3 болады және т.с.с. Оқушылардың назарын барлық сандардың ре-тімен орналасатынына және әр санның өз орны болатынына аударыңыз. 6, 4 және т.б. сандардан соң қандай сандар болатынын айтуды сұраңыз. Көрсетілген саннан кейін тұрған сан “келесі сан” деп аталатынын түсіндіріңіз. 8, 3, 6 сандарының ал-дында қандай сандар орналасу керектігін сұраңыз. Көрсетілген сандардың алдында тұрған сандарды “алдыңғы сан” деп түсіндіріңіз. “Көрші” ойынын ойнатыңыз: қандай да бір санның “көршілерін” атаңыз және оқушылардан оның қай сан екенін табуды сұраңыз. Мысалы, “Бұл сан 5 пен 7 арасында тұр, оның атын ата” немесе “Бұл санның көршілері 3 пен 5”. Сандық сәулеге сүйене отырып, жұмысты орындатыңыз.
|
|||||
|
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
іре сөздерді бекітуді ойын түрінде ұйым-дастырыңыз. Белгілі бір санды атаңыз, ал оқушылар алдыңғы және келесі сандарды жылдам айтуы керек. |
1-санынан баста. Екінші футболканы боя. Оқушы-ларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыны-ңыз. Тапсырманы орындау қиыншылық туғызған жағдайда сандық сәулені тірек ретінде пайдаланып орындатыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, өзінің нәтижесін басқа сыныптастарымен салысты- рып, тексеруді ұсыныңыз. Доминоның тастарын реті бойынша сызық-тармен қос. Оқушылар тапсырманы орындағанда шығармашылықтарын пайдаланып, келесі домино тасын өзі толықтырып салуына болады. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақ соңында:
Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз: — Сандық сәуледе сандар қалай орналасады? — 5, 6, 7 сандары үшін алдыңғы сандарды атаң-дар. — 3, 8, 9 сандары үшін келесі сандарды атаңдар. — Кейбір оқушылардан неше жаста екенін, келе-сі жылы қанша жасқа толатынын, алдыңғы жылы неше жаста болғанын сұраңыз. — Ұл баланың жасы алтыда емес, бірақ сегіз жасқа толған жоқ, сонда ол неше жаста? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз |
|||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген