жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Саңырауқұлақ саясында!» ертегі
№2 «Бөбек» санаториялық балабақшасы кмм-сі
Тақырыбы: «Саңырауқұлақ саясында» ертегісі
«Балдырған» ортаңғы тобы
Педогог : Есекеева Камшат Жаңбырбекқызы
Қызылорда 2018 жыл
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Саңырауқұлақ саясында» Мақсаты: Балаларға саңырауқұлақтың тіршілігі жайында түсінік беру, ертегі мазмұнын бойынша диалогты сөйлеуін қалыпатастыру. Жәндіктердің, аңдардың тіршілігі туралы білім беру. Балалардың қолдарының ұсақ қимылдарын ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Табиғатты қорғауға ,сүйе білуге оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:ертегі кейіпкерлерінің суреттері, саңырауқұлақтар.
Қос тілдік: Саңырауқұлақ – грибок , жаңбыр –дождь, гүл- цветок.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс‑әрекеті |
Балалардың іс‑әрекеті |
|
Мативациялық қозғаушылық Ұйымдас- тыру кезең |
-Балалар, біздер бүгін табиғатқа серуенге шықтық.Айналамызға қарайықшы , айналамыз қандай тамаша! Кәне, бәріміз табиғатпен амандасайықшы ? Армысың, Ару күн Армысың көк аспан! Армысың,Жер Ана! Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Жаз екенін қайдан білдіңдер ? Ал, осы далада шөптердің арасында жәндіктер аңдар болады екен. Олай болса бүгін біз «Саңырауқұлақ саясында» деген ертегіні тамашалаймыз. Ертегіні мұқият оқып беру. (Осы кезде екі бала келеді, қолдарында себеттері бар ішінде саңырауқұлақтары бар. Олар бір –біріне менің саңырауқұлағым көп , жоқ сенің саңырауқұлағыңнан менің саңырауқұлағым көп» деп таласып келеді) Сәлеметсіздер ме , балалар. Неге айтысып келесіздер ? Біздер орманнан саңырауқұлақ теріп едік , Кәусар менің саңырауқұлағым көп дейді, ал мен менің саңырақұлағым көп деймін . Соны шеше алмай айтысып келеміз. Босқа таласпаңдар , қазір біздің балалар сендерге көмектеседі. Кәне, балалар саңырауқұлақтарын тең етіп бөліп беруге көмектесейік! (саңырақұлақтарын жерге төгіп жеке-жеке әр бала бір –бір саңырау-құлақтан себетке алып тең екіге бөліп берді) Міне , тең етіп екіге бөліп бердік. Қыздар: Жарайсыңдар , балалар рахмет сіздерге. сендер біздерге көмектестіңдер Біз сендерге мына саңырауқұлақты силаймыз. Бірақ бұл саңырауқұлақ сиқырлы саңырақұлақ. Сиқырын өздерің табыңдар? (Саңырақұлақ туралы айту, оның пайдасын, құрылысын айту) Мен мына саңырауқұлақ-ты мына жерге қояйын. (Күркіреген күннің дауысы, жаңбырдың дыбысы, жаңбыр жауады ) Ой, балалар жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр тамшысы қандай? (Балалардың назарын саңырау құлаққа аудару. Кішкентай саңырауқұлақ үлкен саңырауқұлаққа айналады) Балалар қараңдаршы, жаңа саңырауқұлақ қандай еді? Енді қандай болып кетті? («Саңырауқұлақ тәрбиеші) Ал, мына саңырауқұлақ қандай ? Балалар сонда саңырауқұлақ нені жақсы көреді екен? Дұрыс, жаңбыр жауған сайын үлкен болып өседі екен. Саңырауқұлақ - орысша грибок. Жаңбыр - дождь. (Тағыда жаңбыр жауады. Құмырсқа: орманда келе жатып,
жаңбыр жауып кетеді, қайда тығыларын
білмей бір саңырауқұлақты көріп
қалады да, астына қорғанып отырады.
Көбелек: Менің қанатым су болып қалды,енді не істеймін? Саңырауқұлақ мені жаңбырдан қорғашы. Саңырауқұлақ: Кел,көбелек мен сені жаңбырдан қорғаймын. Тышқан; Би-би-би үстім су болып қалды енді қайда барамын. Торғай: Менің үстім су болып қалды, Саңырауқұлақ маған көмектесші? Саңырауқұлақ; Кел,кел,біздің
қасымызға, (Бірге ән айтады; ”Саңырауқұлақ астында, су болмаймыз
малшына”) Саңырауқұлақ: Кел менің астыма мында су болмаймыз! (Барлығы ән айта бастайды,) Бақа:Мен жаңбырдан қорықпаймын, Бірақ саңырауқұлақтың астынан көңілді ән естіледі екен, мен де барайыншы! Саңырауқұлақ кел мұнда мында көңілді. (Бәрі де ән айтады ) Қоян келеді: Мені түлкі қуып келеді, құтқарыңдар. Менің үстім су болып қалды, саңырауқұлақ маған көмектесші! Жәндіктер: мұнда орын жоқ,сыймайсың. Қоян: мені жасырмасаңдар түлкі жеп қояды. Саңырауқұлақ:
Кел, мұнда, біздер де өте
көңілді ! ( бәрі ән айтады) Оларда өте көңілді болды, олар
өздерінің әнін айтты. Түлкі: қоянды көрдіңдер ме? Жоқ көрмедік, осы кезде түлкі мұрнымен саңырауқұлақтың астына тұмсығын тығып, иіскелеп, құйрығын бұлғаңдатып кетеді. Саңырауқұлақ оларды жаңбырдан қорғады. Бұлт кетіп, жаңбыр ашылды. Күн шықты. Кішкентай саңырауқұлақ үлкен болып өсті. Саңырауқұлақ астындағы өзінің достары сыртқа шыға бастады. Тыныс алу жаттығуы: «Таза ауада дем алу» Бәрі: Рахмет саған, саңырауқұлақ! Саңырауқұлақ: Мен жалғыз қалғым кел-мейді, сендермен бірге болған өте жақсы, және менің сендерге арналған тапсырмам бар. Қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер шыққан. Кәне, гүл терейікші ? (Қайталау гүл-цветок) Тыныс алу жаттығуы : «Гүлдің иісін –ай!» Ойын: «Көлеңке» Мақсаты: Аңдардың қимылдарын салу,
қалай дыбыстайтынынын салу. |
Табиғатпен амандасты . Жаз мезгілі . Ия. Балалар ертегіні тыңдады. Салқын . Кішкентай . Үлкен. Жаңбырды . Өте үлкен . Балалар қайталады. Бір –бірлеп жерде өсіп тұрған гүлді теріп, әркім өзі тер-ген гүлдерінің аттар-ын атайды
|
|
Рефлекс-тік қоры-тынды-лаушы |
Балалар біздер қандай ертегіні сомдадық ? Саңырауқұлақ нені жақсы көреді екен? Ендеше екі топқа бөлініп , мына құмға бір топ саусақпен жаңбырдың тамшысын салыңдар, екінші топ мына кесеге құмды толтырып алақандарыңмен бастырып, оны төңкеріп дөңгелек жасап, жан – жағына талдарды қойып күннің бейнесін салыңдар . |
«Саңырауқұлақ саясында» . Күн мен жаңбыр. Балалар тапсырманы орындады.. |
Білу керек : Ертегіні сахналау арқылы диалогты сөйлей білді .
Игеру керек: Санырауқұлақтың нені жақсы көретінін , күн мен жаңбырдың қасиетін игерді
Меңгерді: Берілген тапсырмаларды мұқият, тиянақты орындай білді .Ролге еніп сомдауды.
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген