жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері " атты сабақ жоспары
|
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А-бөлім: Тірі ағзалардың классификациясы |
Мектеп: «Жаңа Ғасыр» 175 гимназия |
||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жұмабаева Саяжан Айнидинқызы |
||||
|
Сынып: 8 сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері (жаңа тақырыпты меңгеру) |
||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
8.1.1.2 Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
|
||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін ажыратып, ауызша сипаттап түсіндіре алады. саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін ажырату үшін жазбаша тапсырмалар орындай алады. Негізгі ерекшеліктерін кестеге жазады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: спора, гиф, мицелий, микориза, микология, жемісті дене, көп жасушалы саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтары, мукор, пеницилл, біржасушалы саңырауқұлақ , ашытқы, шампиньон, қалпақшалы саңырауқұлақ шыбынжұт /мухомор. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Сыйластық: оқушылар сабақ барысында өзіне және өзгелерге кедергі келтірмейді, өзгенің ойын соңына дейін тыңдайды. Мұғалім әркімнің пікірін тыңдап, өз ойын білдіреді. Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда шыншылдық таныту. Өмір бойы оқу: оқушы деңгейіне сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындау үшін тапсырманы орындау стратегиясын жоспарлайды. Орындаған тапсырмаға өзіндік рефлексия жасайды. Ынтымақтастық: әркімнің ойы құнды қағидасын ұстану; өзара оқыту ортасын құру. Патриоттық және азаматтық позиция өз өңірінде таралған ағзалар түрлерін ажыратып, атауларын атай алады. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
География пәнімен саңырауқұлақтардың тіршілік ортасы, таралуы, химия пәнімен улы саңырауқұлақтардың құрамын қарастыру, Қазақ тілі пәнімен академиялық тілді дамыту, тарих пәнімен пенициллин дәрісінің ашылу тарихын арқылы байланысады. |
||||
|
Алдыңғы білім |
Оқушылар 7-сынып бағдарламасынан «жіктеу» ұғымын, тірі ағзалардың бес дүниесін біледі. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақ қезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Оқыту көздері мен ресурстар |
|||
|
5 минут |
Ұйымдастыру |
Сабақтың тақырыбы: «Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар» Сіздің білетініңіз: -зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл, ашытқы және қалпақшалы саңырауқұлақтардың құрылысын Сіздің меңгеретініңіз: - жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарды сипаттауды |
|
Презентация Слайд 1 Слайд 2 |
||||
|
10 минут |
Жаңа сабақ |
Саңырауқұлақтар-тірі ағзалардың жеке патшалығы Саңырауқұлақтар – өсімдіктердің де, жануарлардың да белгілері бар, бірақ олардың екеуіне де жатпайтын ағзалар. Саңырауқұлақтардың нақты шығу тегі белгісіз. Олар - жер бетінде пайда болған алғашқы ағзалардың бірі. Саңырауқұлақтардың арғы тегі мұхиттан шыққан, құрлықта тіршілік етуге бейімделген біржасушалылар болуы мүмкін.
Саңырауқұлақтардағы өсімдікке және жануарға тән белгілері
Зең саңырауқұлақтары Зең саңырауқұлақтары-қоректену үшін тірі ағзалардың ыдырап жатқан қалдықтарынан нәруыздары, майлар мен көмірсуларды пайдалануға бейімделген саңырауқұлақтардың үлкен тобы. Зең саңырауқұлақтары нанда, көк-өністерде, қида, өлі денелерде, түскен жапырақтарда дамуы мүмкін.
Мукор-нанның көгеруі, ол үлпілдек мақтаға ұқсайды. Мукор жасушасы өседі, жаңа ядро түзіледі, бірақ бұл кезде цитоплазмасы бөлінбейді
Пеницилл - көк- жасыл немесе сары-жасыл түсті көпжасушалы саңырауқұлақ. Пенициллдің екі түрінен бактерияларды жоятын бағалы антибиотик-пенициллин алынады
Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқылар Ашытқылар қантты сіңіріп, одан энергия алуға бейімделген. Сол үшін оларды сахаромицеттер деп атайды. Тіршілік әрекетін жүзеге асырып, олар қантты спирт пен көмірқышқыл газына айналдырады. Ашытқылар бүршіктену арқылы көбейеді
Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысы Қалпақты саңырауқұлақтарға ақ саңырауқұлақ, көктерек саңырауқұлағы, сұр және қызыл шыбынжұт, түлкіжем, қозықұйрық, арышқұлақ, бүріскі, т.б. жатады.Жемісті денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады. Жемісті денесі топырақ арасында жіпшумақтан өсіп дамиды. Көптеген қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесі жеуге жарамды. Түбіртегіндегі жіпшумағы біркелкі, ал қалпақшасындағы жіпшумағы екі қабат құрайды. Қалпақ Қалпақ асты Белдеуше сақина Түбіртек Жіпшумақ
Саңырауқұлақтардың жеуге жарамды және жеуге жарамсыз түрлері
Қыналар Қыналар (лат. Lichenes) — денесі екі құрамбөліктен (балдыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналар соңғы уақытқа дейін төменгі сатыдағы өсімдіктеге жатқызылып келді. Алайда олардың құрылысы және тіршілік әрекеті ерекше болғандықтан, соңғы кезде саңырауқұлақтар дүниесінің бөлімі ретінде өз алдына жеке қарастырылатын болды.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру.
|
Презентация Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7 mcc_bl_ls_03_06_04
Слайд8 mcc_bl_ls_03_06_06v Қ.саң
Слайд 9
Слайд 10 https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/osimdikter-duniesi/bakteriyalar-men-virustar/ |
||||
|
8 минут 7 минут |
Тәжірибе |
1.тапсырма. Берілген суреттен мукор мен пеницилл саңырауқұлақтарының 1-2 белгісін жазыңыз.
Мукор Пеницилл 1___________________ 1__________________ 2___________________ 2__________________ Дұрыс жауаптары: Мукор: жіпше, жіпшумақ Пеницилл: спора, жіпшумақ 2 тапсырма. Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды негізгі белгілеріне қарай сипаттаңыз.
Шыбынжұт, терекқұлақ, боз арамқұлақ, қайыңқұлақ, жалған түбіртек, арышқұлақ, түлкіжем Улы___________________________________________________________ Жеуге жарамды саңырауқұлақ____________________________________________ Дұрыс жауаптары: Улы саңырауқұлақтар: шыбынжұт, боз арамқұлақ, жалған түбіртек Жеуге жарамды: терекқұлақ, майқұлақ, қайынқұлақ, арышқұлақ, түлкіжем.
|
Дескрипторлар: Мукор мен зең саңырауқұлақтарының 1-2 белгілерін жазады.
Дескриптор: улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды негізгі белгілеріне қарап сипаттайды. |
|
Презентация Слайд 12 Слайд 13
Слайд 14 |
|
||
|
5 минут |
Бекіту |
Қайталау-оқу
анасы. Түйін сөздер арқылы есте сақтайық. |
Тақырыпты меңгергенін анықтау |
|
Слайд15 |
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: doc 13.10.2020 841
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||
















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген