Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
"Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер" тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №81


Мектеп: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Пән: Математика

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.3A Мәтінді есептер

Күні: 09.01.2020 жыл

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу

Сабақтың мақсаты

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табуға қатысты есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

  • жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады;

  • дұрыс жауабын бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім

Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатыспау себебін анықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Өтілген материалды қайталау және жүйелеу

Мен білемін...

1. Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз және бөлеміз?

2. Жай бөлшектерді натурал санға қалай көбейтеміз және бөлеміз?

3. Аралас санды жай бөлшекке қалай көбейтеміз және бөлеміз?

4. Аралас санды аралас санға қалай көбейтеміз және бөлеміз?

5. Аралас санды натурал санға қалай көбейтеміз және бөлеміз?

6. Тәуліктің бөлігі қанша сағат?

7. Сыныптағы 30 оқушының бөлігі қанша оқушы?

Сабаққа кіріспе

«Миға шабуыл»

Қараңғы түнде бір ұзын және бір қысқа екі адам келеді. Алыстан өшіп-сөніп тұрған машина жарығын бірінші ұзын адам көре ме, әлде қысқа адам көре ме?


Сабақтың ортасы

Негізгі кезең

Санның бөлігін табуға есеп беру.

Орындап көр

Ілбіс денесінің (басымен бірге қосқанда) ұзындығы 130 см, ал құйрығының ұзындығы дене ұзындығының бөлігін құрайды. Ілбіс құйрығының ұзындығы қаншаға тең?

Анықтама.

Санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейту керек.


Бөлігі бойынша санды табуға есеп беру.

Орындап көр

Пілдің баласының салмағы 120 кг, бұл ересек пілдің салмағының бөлігін құрайды. Пілдің салмағын табыңыз.

Анықтама.

Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.

Бекіту есептері

Есеп №1. Қыс мезгілінде аю өз салмағының бөлігін, яғни 80 кг дейін жоғалтады. Аюдың өз салмағы қандай?

Есеп №2. Керік баласының бойы 165 см, ересек керіктің бойы 6 метрге дейін жетеді (бойының бөлігі – мойын ұзындығы). Керік баласының бойының ұзындығы ересек керіктің бойының ұзындығының қандай бөлігін құрайды?

Есеп №3. Мыс пен күміс қорытпасының салмағы 330 грамм. Мұндағы мыстың салмағы қорытпаның салмағының  бөлігіндей болса, олардың әрқайсысы қанша грамнан?

Есеп №4. Қарлығаштың ұшу жылдамдығы минутына 1600 метр, қараторғайдың жылдамдығы оның  бөлігіндей, ал қаршығаның жылдамдығы  бөлігіндей. Қараторғай мен қаршығаның ұшу жылдамдығын табыңдар?

Оқулықпен жұмыс: №668 - №670 есептер шығару.


Википедия





































Оқулық

Сабақтың соңы

Қорытынды кезең

Кері байланыс

Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді.

Үй жұмысы

676, 677 есептер шығару.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыстар орындалады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Кабинеттің жабдықталуына назар аудару. Топпен немесе жұптық жұмыс орындау барысында топпен жұмыс орындау ережесін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
676
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12