15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Қысқа мерзімді жоспар
|
Бөлім: Мектеп: |
5.3 А Мәтінді есептер С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі |
|||||
|
Пән мұғалімі: |
Әділбекова Ақерке |
|||||
|
Пәні: |
Математика |
|||||
|
Күні: |
11.01.2023ж |
|||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқаны: |
Қатыспағаны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: |
5.1.2.24санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерменмтанысады. Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерді талдауды біледі. Кейбір оқушылар үшін: Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептердімсипаттап бере алады. |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 5 минут |
I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдa бір-бірінe болғaн доcтық ceзімдeрін оятy мaқcaтындa«Aтом жәнe молeкyлa» әдіcі aрқылы пcихологиялық жaғдaй орнaтaмын жәнe үш топқa бөлeмін. 1-топ 2-топ 3-топ
II. Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады. «Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді. |
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды. Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. |
«Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» |
Кеспе қағаздар |
||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 5минут 3минут 10минут |
II.Жаңа тақырыпты меңгерту Санның бөлігін табу үшін санды осы бөлшекке көбейтеміз. Бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
Кез
келген a
санының
1 тапсырма Тігінші 50м мата сатып алды,1көйлек тігу үшін матаның 1/10 бөлігі жұмсады..Қалған матадан қанша көйлек тігуге болады? 2 тапсырма
Берік мектеп бітіргендеріне 10 жыл толуына орай сыныптастарымен футболдан жарыс береміз деп келісті.Жарысқа жалпы 120мың тг бөлінді,оның ішінде 30мың тг кубок ,медаль алуға кетсе,қалған ақшаны 1,2,3 орын алған командаларға бөліп беруге келісті.Қалған ақшаның 1/3бөлігі екінші орынға берілетін болды. Бірінші және екінші орынға қаншадан береміз деп жатқанда Арман қалған ақшаның 2/6 бөлігін үшінші орынға берейік деді. Әр командаға қанша ақшадан үлестіріп берілді? 3 тапсырма Жеке жұмыс. Санның бөлігін табыңыз. 1. 32 санының ¼ бөлігін. 2. 15 санының 3/5 бөлігін 3. Адам массасының 13/20 і су. Массасы 75 кг адам денесінде қанша су бар? 4.Сыныпта 30 оқушы бар.Оның 3/5 і қыздар. Сыныпта неше қыз бар? Сергіту сәті. «Алма, шие, өрік, банан» Топтық жұмыс 1 топ. Астық сақтайтын қоймадан бірінші күні астықтың 4/25 сін ,екінші күні қалғанының ¼ ін сатқанда, онда 62т астық қалды.Қоймада жалпы қанша астық болған? 2топ Оқушы бірінші күні кітаптың 1/8 ін,екінші күні қалғанының 2/7 сін оқыды.Сонда оқушының оқыған беттері оқымаған беттерінен 18бет кем болды.Кітапта барлығы неше бет болған? 3топ Жасұлан көрші ауылға дейінгі қашықтықтың 2/5 сін жүріп өткенде екі ауылдың ортасына дейін жету үшін тағы 4,3км жүру керек еді.Екі ауылдың арасы қанша? |
Оқушылар жаңа тақырып бойынша тапсырманы орындайды Оқушылар топтасып отырып жұмыс жасайды
Берілген есептің мәтіні бойынша санның бөлігін табады Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!»деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды. Есептің орындалу жолын түсіндіреді Жауабын дұрыс көрсетеді |
Дескриптор Санның бөлігін табады-1 балл 1көйлекке кететін матаның шығынын анықтайды-1балл Қалған матаның ұзындығын 1 көйлекке кететін матаның шығынына бөледі-1балл 30мың теңге 120мыңның қандай бөлігі екенін табады-1балл Қалған ақшаның 1/3 бөлігін есептейді-1балл 60мың теңгенің 2/6 бөлігін есептейді-1балл Әр команданың алған үлесін табады-1балл Әр дұрыс тапсырмаға-1балл а Оқушының белсенділігіне қарай Өте жақсы,Жарайсың,Талпын деген қолдау сөздер айтылады Дескрептор Тиісті сандарды табады-1балл Санның бөлігін табады-1балл Есептің шешуін табады-1балл |
5 сынып оқулығы Слайдтар
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған 23.02.2023 547
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | ||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген