Материалдар / Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер Бөлім: Мәтінді есептер Педагогтің аты-жөні: Күні: Сыныбы: Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептермен танысады. Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерді талдауды біледі. Кейбір оқушылар үшін: Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерді сипаттап бере алады. Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2024
133
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Бөлім:

Мәтінді есептер

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептермен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерді талдауды біледі.

Кейбір оқушылар үшін:

Білім алушылар санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерді сипаттап бере алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Үй жұмысын тексеру 541

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Аралас сандар қалай қосылады?


2. Аралас саннан бөлшек қалай азайтылады?


3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?


4.Аралас сандар қалай бөлінеді?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептерін сипаттап көрсетеді.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.


1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

1. Жаңа жыл мерекесіне арнап мектепте 48 кг.торт дайындалды.Ол торттың бөлігі бастауыш сынып оқушыларына берілді.Сонда бастауыш сынып оқушыларына неше кг. торт берілді?

Торт - 48 кг

Бастауыш сыныпқа бөлігі --? Кг торт

Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1.Есеп мазмұнын түсінеді.

2.Санның бөлігін таба алады.

3.Жауабын анықтайды.


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.


2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

1. Сәулеге көйлек тігу үшін 2 м 50 см мата , ал оның анасына көйлек тігу үшін 3 метр мата керек.Сонда анасына көйлек тігетін мата Сәуленің көйлегіне кететін матаның қандай бөлігін құрайды?


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Есептің шешуін табады.

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды бағалайды.



Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ