Материалдар / Санның дәрежесі

Санның дәрежесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге дайын сабақ жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп:

Мерзімі: 02.10.18

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 «ә,д»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы

Санның дәрежесі

Сабақтыңтүрі

Жаңатақырыппентанысусабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.3натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;

5.1.1.4натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;


Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды санның дәрежесі, дәреженің негізі және санның көрсеткіші түсінігімен таныстыру. Дәрежеге келтіру түсінігін есеп шығаруда бекіту

Жетістік критерийлері:

Оқушыларкөбейтіндіні дәреже түрінде елестете алады,

Натурал сандарды ондық жазба түрінде жаза алады.

Тілдік мақсаттар:


Оқушылар:

  • тең көпмүшелердің көбейтіндісін дәреже түрінде жазбаша және ауызша орындай алады.

  • пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Бөлім бойынша лексика және терминология:

  • санның дәрежесі;

  • дәреженің негізі;

  • дәреженің көрсеткіші;

  • дәреженің мәні;

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

  • Тең көпмүшелердің көбейтіндісін келтіруге ........ болады;

  • Санның екінші дәрежесін …, санның үшінші дәрежесін атайды ......;

  • Егер көпмүшелер арасында бірдей әріптік көбейткіштер бар болса, онда …

Құндылықтарды дарыту

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс


АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолдану дағдысын дамыту.

Бастапқы білім

Натурал сандарды көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың басын ұйымдастыру (3 мин)

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру, қиын тапсырмалармен жұмыс жасау.

Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын тұжырымдау және жазу.(2 мин)


Ұжымдық жұмыс. Слайдтарда көрсетілген сандардың қосындыларын оқушылар көбейтінді түріне келтіреді.


Қосындыны көбейтумен алмастырыңыз(слайд 1):

  1. 5+5+5+5+5+5+5+5+5+5

  2. 3+3+3+3+3

  3. 7+7+7

  4. 4+4+4+4+4+4

Жауабы: 5∙10; 3∙5; 7∙3; 4∙6


Көбейтіндіні тиімді тәсілмен жазудың жолы бар ма?Мысалы, 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5 көбейтіндіні қысқаша қалай жазуға болады?


Мынадай жолы бар 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5=510

510 - “бестің он дәрежесідеп оқылады.

5 – дәреженің негізі

10 – дәреженің көрсеткіші, көбейтіндіде қанша көбейткіш болғанын көрсетеді.

Математикада бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежеге келтіру деп атайды.

Дәрежеге келтірудің шешімін дәреженің мәні деп атайды.

Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын жазу(слайд 2).

Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға сауалнама жүргізіледі. Олар өздері тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды. Уақыт аяқталғаннан соң слайдтағы дайын жауаптармен жұмыстарын тексереді. Бағалау дескрипторлары да слайдта көрсетілген.

Дескрипторлар:

  • Санның дәрежесін дұрыс есептейді

  • Санның негізін дұрыс есептейді

  • Дәреженің көрсеткішін дұрыс табады

  • Санды дәреже түрінде дұрыс жазады


Білімді жетілдіру (5 мин)

Блиц-сұхбат(слайд 3)

Сұрақтарға жауап беріңіз («иә» –  плюс, «жоқ» – минус)

1. 32 9-ға тең (+)

2. 23дәрежесінің негізі 3-ке тең (–)

3. 23дәрежесінің көрсеткіші 3-ке тең (+)

4. 25 саны дәреже түрінде 62-қа тең (–)

5. 16 = 42 (+)

6. 33=27 өрнегінің мәні 3-ке тең (–)

7. 999999 тең 94-не(–)

8. 11111=1. (+)


4 слайд бойынша жауаптарын тексеру. Өзін-өзі бағалау. Бағалау шкаласы.


Дұрыс жауаптар саны

8

7-6

5 немесе аз

Қорытынды

Өте жақсы

жақсы

Жұмыс жасау керек







































Сабақтың ортасы

30 минут

Өтілген тақырыпты есеп шығаруда қолдану.


Жұппен жұмыс(5 мин)

Оқушылар жұмысты жеке орындайды. Жұмысты аяқтағаннан соң, парталас көршілерімен жауаптарын салыстырады. Қандай жауаптары бірдей немесе өзге екендіктеріне.


Дескрипторлар:

  • Санның квадратын және кубын дұрыс есептейді

  1. тапсырма №295. (слайд 5).

Кестені дәптерге салып, толтырыңыз.

п

2

3

4

5

6

7

8

9

10

п2










п3











6 слайд бойынша жұппен өзара тексеру.

п

2

3

4

5

6

7

8

9

10

п2

4

9

16

25

36

49

64

81

100

п3

8

27

64

125

216

343

512

729

1000


Физикалық жаттығу өткізіледі.


Топпен жұмыс(10 мин)

Топпен жұмыс келесі бағытта оздырылады.

Әр партада отырған оқушылар артындағы партада отырған оқушылармен бірігіп топ құрайды. Солай әр топта 3-4 оқушы болады. Есептерді талқылап, талдап бір шешімге келеді. Содан соң, топтар арасындағы жауаптар тексеріледі.

Дескрипторлар:

  • Сандарды негізі 10 болатын дәреже түрінде көрсете алады

  • Сандарды разрядтық қосылғыштар түрінде дұрыс жазады


2-тапсырма.

293. Бірлік разрядтарды негізі 10 болатын дәреже түрінде жазыңыз.

а) 100 000 б) 1000 000 в) 10 000 000 г) 100 000 000


Үлгі:

10000 = 104 (санның дәрежесі нөлдер санына байланысты)

3-тапсырма.

4836, 10344, 8505, 9657, 157, 1598 сандарын разрядтық қосылғыштар түрінде жазыңыз.

Үлгі:

3457 = 3000 + 400 + 50 + 7 = 3∙1000+4∙100+5∙10+7∙1= = 3∙103 + 4∙102 + 5∙10 +7

Берілген жазылу түрі натурал санның ондық жазбасы деп аталады.


Талқылау. Өзара бағалау(5 мин)

Бағалау шкаласы.

Топпен жұмыстың нәтижелері

2 тапсырма

Дұрыс жауап саны

3 тапсырма

Дұрыс жауап саны

қорытынды

1 топ




2 топ




3 топ




100% - 90% - өте жақсы; 80% - 70 % - жақсы

60% және төмен- жұмыс жасау керек.


Жұппен жұмыс(10 мин)


Оқушыларға кесте түрінде материал таратылады (екі нұсқада).Бірінші бағанда сандар берілген. Бірінші оқушы екінші бағанда берілген сандарды натурал санның ондық жазбасы түрінде көрсетеді.Толтырғаннан кейін, бірінші баған көрілбейтіндей етіп парақты бүктейді. Парақтарымен көршілелімен алмасады.Екінші оқушы үшінші бағанда екінші бағанда көрсетілген сандарды алғашқы түріне келтіреді (кері амал орындайды).Егер есептеулер дұрыс орындалған болса үшінші бағандағы сандар бірінші бағандағы сандармен сәйкес келуі тиіс..


4 - тапсырма.

1 нұсқа

Сандар

Натурал санның ондық жазбасы түрінде жазыңыз

Санның разрядтық қосындыларын бір сан түрінде жазыңыз

3548



7895



1569



9632



2473






2 нұсқа

Сандар

Натурал санның ондық жазбасы түрінде жазыңыз

Санның разрядтық қосындыларын бір сан түрінде жазыңыз

9876



4587



1236



6548



8523




Оқушылар өзара бағалау жүргізеді, ал мұғалім бақылап отырады жұмыстарын








«Математика» оқулығы

5 класс,

Алдамуратова Т.А.







Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысының құрылымы

Тапсырмаларды талқылау, керекті бағыт-бағдар беру. Қорытынды жасау, кері байланыс жасау. №292, №295 1-2), №296

«Математика» оқулығы

5 класс,

Алдамуратова Т.А.


Саралау – қандай жолмен көбірек көмек көрсетуді жоспарлап отырсыз? Мүмкіншілігі жоғары оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың материалды түсіну деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

ҚТ және денсаулық

1) Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар.

2) Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларға бірін-бірі үйретуге көңіл бөлу

Қабілетті оқушыларға сыныптарына қолдау көрсете алатындай және өз тұжырымдамаларын дәлелдей алатындай жағдай жасау.



Сабақта формативті бағалау

  • өзін-өзі бағалау

  • өзара бағалау

критерийлері бойынша, сонымен қатар мұғалімнің бақылауы бойынша жүргізіледі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезінде өзін-өзі бағалау жүргізіледі.

  2. Сабақ мақсатын ашу кезінде – оқушылардың жауаптарын бағалау

  3. Топтық жұмыс кезінде – оқушылардың жауаптарын қағазға түсіріп отыру

  4. Формативті бағалау: егер оқушылар қателескен жағдайда бағыттаушы сұрақтар қою

  5. Бағалау критерийлері арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы

  6. Жауаптарын салыстыру арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану 15 минуттай уақыт алады.Сабақ барысында физминутка жүргізіледі. Оқытудың белсенді тәсілдері қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





ЖИ арқылы жасау
06 Ақпан 2019
711
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі