Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санның жартысы.1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру,өз ойларын толыққанды жеткізу арқылы білімді ұрпақ тәрбиелеу.Бастауыш сынып оқушысына математика пәніне деген қызығушылық және құлшынысын арттыру.Соның ішінде сандарды салыстыру, санның жартысы деген ұғымды жетік меңгеру және түсінік қалыптастыру.Өз тәжірибем бойынша басқа ұстаздармен ой бөлісіп, тәжірибемен алмасып және толықтыру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ:математика

Бекітемін:

Күні: 12.12.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Рыспаева Лязат Асеньевна

СЫНЫП: 1 сынып

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар:0

Тақырыбы :

Санның жартысы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.5.3. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2,4,6,8,10 заттың жартысын табады

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиіс:

  1. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды;

Тілдік мақсат

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

  1. 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;


Кейбір оқушылар білуге тиіс:

  1. 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңды-лықтарын анықтайды.

Ресурстар

. шаршы фигура модельдері; санау таяқшалары;

оқу құралдары (дәптер, кітап, қарындаштар); цифрлар жазылған парақшалар.

Бұған дейін меңгерілген білім:

Екі-екіден қосып және азайтып санаймыз

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған тапсырмалар

Дерек көздер

Сабақтың басы

5 минут


Білу

Солай шаршыларды бір-бірден бірінің астына бірін жұппен орналастыруын ескертіңіз. Неше жұп шаршы болғанын сұраңыз (төрт жұп шаршы). Яғни сегіз шаршының жартысы төрт шаршы болады деген қорытынды жасатыңыз. Олай болса, 8 қонжықтың

жартысы 4 қонжық болады.

Ескерту: шаршының орнына кез келген сандары тең болып бөлінетін заттарды алуға болады. Мысалы:

қарындаштар, санау таяқшалары т.б.


Шаттық шеңбері


жұптық жұмыс

Сабақтың ортасы

Түсіну










Қолдану

Құстар. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.

Жауабы:

екі бұтаққа суықторғайлар мен кептерлер тең бөлініп қона алады, себебі олардың саны 4 және 2;

екі бұтаққа қарлығаштар мен үйректер тең бөлініп қона алмайды, себебі олардың саны 1 мен 3 (сондай-ақ үйректер ағаштың бұтағына қона алмайды).

Әр топтағы заттар санының жартысын тап.

Оқушылар заттарды тең бөлуге тиісті және 10, 4, 8 сандарының жартысын табулары керек.

Жауабы:а) 5 кітап; ә) 2 фломастер; б) 4 дәптер.

Шығарып көр.
Оларға құмыралар-дағы гүлдерді санатыңыз. Тапсырманы әркімге жеке орындауды ұсыныңыз. Құмыралардағы гүлдердің саны туралы не ойлайтынын сұраңыз. Қызғалдақтың саны — 5, түймедақ — 12. 5 саны мен 12 санының айырмашылығын сұраңыз. Оқушылардың пікірін тыңдаңыз. Олар 12 түймедағын тең етіп бөлуге болатынын, ал 5 қызғалдақты тең етіп бөлуге бол-майтыны туралы қорытынды жасайды.

Жауабы:қызғалдағы бар құмырадан жарты гүлді бөліп алуға болмайды.

жұптық жұмыс











өз бетінше жұмыс

Талдау

Суреттегі үшбұрыштар мен шаршыларды сана.
Олардың жартысын боя. Тапсырма бойын-ша суреттегі фигуралардың санын анықтайды. Сол санның жартысын тауып, жартысына тең санға сәйкес фигураларды бояйды.

Жауабы: 5 үшбұрыш; 4 шаршы.

Оқулықпен жұмыс


Жинақтау

Сандардың жартысын тауып жаз. Тапсырманы орындай отырып, сандардың жартысын табу керек. Жауаптарын дөңгелектердің ішіне жазамыз.

Жауабы 6 саны — 3 және 3,12 саны — 6 және 6,4 саны — 2 және 2,

10 саны — 5 және 5,20 саны — 10 және 10,8 саны — 4 және 4.


Қорытынды бөлім

10 минут


Ашық және жабық сұрақтар қою .

10 (8, 6, 4, 2) сандарының жартысын қалай табады?

3 саны — 6 санының жартысы екенін дәлелдей аласың ба?

Мынадай тапсырма беріңіз:

20 санының жартысын айта аласың ба?


қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Еңбек, дүниетану

Рефлексия

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Иә, орындалды.

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сандардың жартысы деген ұғымды.

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде

өтті?

Орташа деңгейде өтті

Жоспарланған саралау жақсы

іске асты ма?(тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Жоспар іске асты.

Уақытты қалай пайдаландым?

Иә ,Уақытты үнемді пайдалана алдым.

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неге?

Сабақты жоспарлауды. Қысқа мерзімді жоспар құрмас бұрын орта мерзімді жоспарға сүйене отырып жаздым.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырамын.

Оқушының жеке тұлға ретінде өзіне деген сенімділігінің күшеюіне ықпал етуді жоспарладым.

Өзімнің көшбасшылық қабілетімді көп іздену арқылы дамытамын.

Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға байланысты)





1.Балалар ойынға қызыға қатысты.

2. Жазықтағы фигураларды және кеңістіктегі фигураларды ажырата білді.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
803
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12