Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сапалық жəне қатыстық сын есімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сапалық жəне қатыстық сын есім тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:...............

Ф. Оңғарсынова атындағы

орта мектеп директорының

оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

11.11.17жыл

Оқытудың оқудағы тәсілі

* Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым – қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану.

* Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау.

Тақырып

Сапалық және қатыстық сын есімдер

Мақсаты

Оқушыларға сапалық жіне қатыстық сын есімдер туралы мәлімет беру

Оқытудың нақты нәтижесі

Оқушылар сапалық және қатыстық сын есімдер туралы мәлімет ала отырып, жаттығу жұмыстарын орындайды

Уақыты

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру






Үй тапсырмасын сұрау


Оқушылармен амандасу

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Сандар арқылы топқа бөлінеді.





Берілген тапсырманы тексеру.

Ереже жаттау.

1. Мұғаліммен сәлемдесу.

2. Өздері айтқан сандар бойынша топтарына барып отырады.

3. Бағалау парағымен танысады.

«Ой шақыру»

Білу

1.Сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

2.Оларға сипаттама беріңіз.

3.Қосымша дегеніміз не?

4.Қос сөз дегеніміз не?

5.Қайталама қос сөз дегеніміз не?

6.Қосарлама қос сөздер дегеніміз не?

7.Қысқарған сөздер дегеніміз не?

8. Тіркесті сөздер дегеніміз не?

9.Зат есім дегеніміз не?

10.Дара және күрделі зат есімдер дегеніміз не?

11. Жалқы және жалпы есім дегеніміз не?

12. Сын есім дегеніміз не?

13. Дара және күрделі сын есімдер дегеніміз не?

-Қойылған сұрақтарға жауап береді.

- Өз білетіндерін ортаға салады.

- Ой жинақтайды

«Талаптыға нұр жауар» кезеңі

Түсіну

Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.

Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).

Синтаксистік қызметі

Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы:Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).

Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов).

Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.

Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.

Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғабиден Мұстафин).

Семантикалық топтары

Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын жәнеқатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай?(қалай?) деген сұрауларға жауап береді.

Сапалық сын есімдер

"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]

Қатыстық сын есімдер

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.

Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).


Керекті мәліметтерді түртіп алады.

Топпен жұмыс

Қолдану

153 - жаттығу. «Зеректік» мәтінін түсініп оқу. Сын есімдердің синонимдерін тізу.
Білімді - ақылды, оқымысты, білгір
Қолайлы - ыңғайлы
Берік - мықты, күшті
Зерек - зейінді, аңғарымпаз, байқағыш

Топқа берілген жаттығуларды орындайды.

«Бірге ойлаймыз»

Талдау

Диаграммадағы «АҒАШ», «ҚҰНДЫ» сөздерімен тіркесетін сын есімдерді теріп жазу.

Үлгі:
1. Қураған ағаш, пайдалы ағаш, жапырақты ағаш
2. Құнды ой, құнды кітап, құнды мұра

Берілген тапсырмаларды орындайды.


Қорытындылау

Сын есімге мысал келтіріңдер

Бағалау.

Сапалық және қатыстық сын есімдер дегеніміз не?


Тапсырмаларды оқушылар орындайды.

Үйге тапсырма

 Ережені жаттау


Кері байланыс

Рефлексия

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады.

Кері байланысты іске асырады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
2194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12