Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сапбақ жоспары Адамның мүмкіндіктері 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін -өзі тану пәні мұғалімдеріне керек, оқушылар,а адам мүмкіндіктері туралы түсінік береді
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 4

Мұғалімі: _________________________

Сыныбы: 6

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адамның мүмкіндіктері

Құндылығы: Ішкі тыныштық.

Қасиеттері: Жалқаулықты қадағалай білу, байсалдылық, шыдамдылық.

Мақсаты: Оқушыларға өз мүмкіндіктерін қалай тануға болытынын, ішкі тыныштық құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды жалқулықты қадағалай білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы байсалдылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққ тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.https://angimeler.wordpress.com

2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №3 – сабақ. «Адамның мүмкіндіктері шексіз» тақырыбына эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №4, «Мәдениет пен билік салмағы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

    1. Шәкәрімнің орыс тілін үйрену, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, халықтың тарихын жазу мақсатына қандай қажеттілік болды?

    2. Абай өзбетінше білімін көтеруіне бойындағы қандай қасиеттер көмектесті деп санайсыңдар?

    3. Өзің күнделікті өмірде жоғарыда аталған қасиеттерді басшылыққа аласың ба? Қалай?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Ойға алғанның бәрін адамның ынта – жігерімен жүзеге асыуға болады.

Халық даналығы

Сұрақтар:

  1. Өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланып жүрсіздер ме?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? 


3. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Өз мүмкіндігімізді таниық» деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты өздеріңмен пікірлессем деймін.Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар.

Адам алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды? ( Адам армандауды жақсы көреді. Армандаған адам өз арманы үшін ізденіп, талаптанып, оқып, қайраттанып тек алға қалай қанат қағады. Арман адамды сенімділікке, жігерлілікке, шыдамдылыққа, шығармашылыққа үйретеді. Адам арманының орындалуы үшін тек алға қарай бағыт алып қанаты қатаяды.)

Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?(Маңдай тердің нәтижесі арманның орындалуына әкеледі. Арманның орындалуына сену керек. Арман - қажеттілік. Арманға жету жолында құлап қалса да, орнынан қайтып тұрып, оған жетпейінше тынбау арманның жүзеге асуына әкелетіні сөзсіз. Арманның орындалуының кілті осында: Оның орындалуына қалтықсыз сену. Адам жақсыны да, жаманды да армандайды.)

Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келуі қажет деп ойлайсыңдарма?

Адам мүмкіндіктерін іске асыруға қиял керек пе ?Осы сұрақ төңірегінде ойланып отырыңдар, сабақ соңынан жауаптарың тыңдалады.

Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды.

Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді. Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда, адам ағзасы ғаламаттың күшіменерекше қуатқа ие болады. Оған мысалдар жетерлік...

1. Полярлық ұшқыш өз ұшқышын жөндеп жатып, біреудің түрткенін сезеді. Жалт қараса, оны түртіп тұрған сүйкімді әрі қорқынышты ақ аю екен. Келесі секундта ұшқыш жерден екі метр биіктікте, ұшақтың қанатында тұрып есін жияды. Оған қалай шығып кеткенін ұшқыштың өзі де білмей аң-таң болады. 

2. Жеңіл машинаның астына түсіп қалған баласын құтқару үшін анасы машинаны жүк құрлы көрмей, көтеріп алады. Бұл әрекетін де жас ана түсіндіре алмады.

3. Адамның осындай сиқырлы мүмкіндігі тек өміріне қауіп төнген кезде ғана емес, ұзақ жаттығулардың әсерінен де байқалып жатады. Оған Гиннестің рекордтар кітабына енген оқиғаларды, спортшылар орнатқан түрлі рекордтарды жатқызуға болады. 

Сұрақтар:

1. Адам баласы неліктен үнемі ізденісте болады?

2. Адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін дамытуына қандай қасиеттер ықпал етеді?

3. Адам мүмкіндіктерін ашудағы ерік – күштің қандай маңызы бар?

4. Адам алдында қойған мақсатына жету үшін қандай әрекеттер жасауы керек?

5. Адамды қандай қасиеттер табысқа жеткізеді деп ойлайсыздар?


4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1 – топ: «Білуге құштарлық»
2 – топ: «Еңбекқорлық»
3 – топ: «Қабілеттілік»
4 – топ: «Дарындылық»

5 – топ: «Табандылық»

Тапсырма: Абайдың «... орыс тілін үйрену керек. Онда сені мен бізгее де керек, халыққа да керек білім бар» сөзін басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді қатыстырып, сахналау ұйымдастырыңдар.

  • Дәнекер (өмірмен байланыстырады)

  • Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады)

  • Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды)

  • Реттеуші (реттеп тұрады)


5. Топпен ән айту.

«Асыл арман»

Сөзі: Б.Тәжібаев

ӘніЕ.Хасанғалиев

Арманым ақ сәулелі күнімбісің
Әлдебір алаулаған гүлімбісің
 
Әлдебір желпіп өткен самал ма едің
 
Арманым айтарып көп саған менің

Асыл арман асыл арман 
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің
 
Асыл арман аспанымда жарқылдаған
 
Құсым ба едің
 
Мен сенің құдіретіңе
 
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

Арманым құздан құлар бұлақпысың 
Әлдебір күлімдеген шырақпысың
 
Әлдебір албыраған ай ма екенсің
 
Арманым айтшы маған қайда екенсің

Асыл арман асыл арман 
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің
 
Асыл арман аспанымда жарқылдаған
 
Құсым ба едің
 
Мен сенің құдіретіңе
 
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

Асыл арман асыл арман 
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің
 
Асыл арман аспанымда жарқылдаған
 
Құсым ба едің
 
Мен сенің құдіретіңе
 
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім
 
Мен сенің құдіретіңе
 
Мен сенің құдіретіңе түсінбедім

:


  1. Үй тапсырмасы.

1. №4 – сабақ. Тапсырма: «Қабілет» әңгімесін оқып, кестені толтыру.

Мәтін бойынша

Менің пікірім

Өмірмен байланысты мысалдар

Қабілет



Парасат



Даналық




2. Келесі сабақ. №5, «Адамның рхани кемелденуі» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12