Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы: Саптан шығу және сапқа қайта тұру
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресур-р |
|
Басы 3' |
Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру. |
Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды. |
|
|
|
Ортасы 6' |
Білу Әскери қызметші саптан шығу үшін команда беріледі. Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН ШЫҚ (осынша АДЫМҒА САПТАН ШЫҚ)" немесе "Қатардағы жауынгер Әлімов. МАҒАН КЕЛ (ЖҮГІРЕ МАҒАН КЕЛ)". Әскери қызметші өзінің тегін естігеннен кейін "Мен" деп, ал саптан шығу туралы (шақыру туралы) команда бойынша "Құп болады" деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші команда бойынша саптық адыммен бірінші қатардан бастап үш адымға (көрсетілген адым санына) саптан шығады, тоқтайды және сапқа қарап бұрылады. Екінші команда бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым қалғанда тоқтап, аяқты қоюмен бір уақытта оң қолын бас киімге апарады, одан кейін келгені туралы баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын төмен түсіреді. Мысалы: "Лейтенант мырза. Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр". Әскери қызметші екінші қатардан шыққан кезде ол алдында тұрған әскери қызметшінің иығына сол қолын ақырын қояды, ол алға бір адым және оң аяғын қоймастан, оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады. Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатарда оның артында тұрған әскери қызметші тұрады. Әскери қызметші екіден, үштен (төрттен) тұратын лектен шыққан кезде ол саптан алдын ала оңға (солға) бұрыла отырып, жақын қаптал жаққа шығады. Егер жанында әскери қызметші тұрса, ол оң (сол) аяғымен жанына бір адым жасайды және сол (оң) аяғын қоймастан, артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді және одан кейін өз орнына тұрады. Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін команда беріледі, мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов. САПҚА ТҰР" немесе тек "САПҚА ТҰР". Сапқа қарап тұрған әскери қызметші "Қатардағы жауынгер Әлімов" командасы бойынша өзінің тегін естігеннен кейін бастық жаққа бұрылады және "Мен" деп жауап береді, ал "САПҚА ТҰР" командасы бойынша, қолын бас киіміне апарып "Құп болады" деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып, бірінші адым жасаумен қолын төмен түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып, қысқа жолмен саптағы өз орнына тұрады. Егер тек қана "САПҚА ТҰР" командасы берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан, сапқа қайтып оралады. |
Дескриптор - Бөлшектеп дайындық жаттығуларын дұрыс орындайды. |
Дескриптор арқылы бағаланады |
Саптық дайындық бейнефильмі. |
|
3' |
Түсіну 1. Саптан шық командасы бойынша әскери қызметші саптан неше адым шығады? 2. Әскери қызметші саптан шығу және сапқа қайта оралу үшін қандай командалар беріледі? 3. Сапқа тұр командасы бойынша әскери қызметші сапқа қалай оралуы тиіс? 4. Бастыққа келу қалай орындалады? |
- Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа түседі. |
Қ/Б |
АӘТД оқулығы |
|
18' |
Қолдану Үш бөлімшеге үш түрлі тапсырма беріп, үш оқу жаттығу орнына жіберемін. Әрбір 8 мин. сайын оқу жаттығу орындары ауыстырылып отырылады. |
І-ші оқу жаттығу орнына- 1-ші бөлімше барып, саптан шығу және сапқа қайта тұру тәсілдеріне жаттығады. ІІ-ші оқу жаттығу орнына- 2-ші бөлімше барып, бастыққа келу және одан кету тәсілдерін орындауға жаттығады. ІІІ-ші оқу жаттығу орнына- 3-ші бөлімше барып, үш лектен құралған жорықтық саптан шығу тәртібін орындауға жаттығады |
Қ/Б |
АӘТД оқулығы |
|
5' |
Талдау Оқу жаттығу орындарын взвод командирінің орынбасарымен аралап жүріп ескерту жасаймын, көрсетемін, қимыл-қозғалыс әрекеттерін бағалаймын. |
- қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс жасауға тырысады. |
Қ/Б |
АӘТД оқулығы |
|
3' |
Жинақтау Салтанатты шерумен өту |
Оқушылар салтанатты шерумен өтеді |
|
|
|
Аяқталуы 2' |
Кері байланыс Жақсы жұмыс жасаған бөлімше командирлерін атап өтемін. Үйге тапсырма беру Саптық тәсілдерді дұрыс орындауға жаттығу. |
Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді. |
|
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Далалық оқу жиыны 26-сабақ

шағым қалдыра аласыз