Сақ патшайымы Томирис қмж

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сақ патшайымы Томирис қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Сақ патшайымы Томирис тақырыбында сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айғалиев Ербол

Күні

30.01.2025 жыл

Пән/Сынып: 5 «В»

Қазақстан тарихы , 5 сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

5. 3 А Сақтар

Сабақтың тақырыбы:

Сақ патшайымы Томирис

Зерттеу сұрағы: Тарихи деректерде Томиристің бейнесі қалай сипатталған?

Оқу мақсаты:

5.3.2.1 – Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Сабақтың мақсаты

-Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын түсінеді;

-Сақ патшайымы – Томиристің парсыларға қарсы соғысын біледі

Бағалау критерийі:

  • Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтайды

Құндылықтарды дарыту

Тәуелсіздік және Отаншылдық

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы. Томиристің дүние жүзі тарихындағы ролін анықтайды

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

8 минут












15 минут

Ұйымдастыру












Жаңа тақырып

Сәлеметсіздер ме оқушылар?

Сабағымыздың тақырыбы: Сақ патшайымы – Томирис
Өткен тақырыптан сұрақтар қою
1) «Мұртта обалар» қайда орналасқан?
2) «Мұртты обалар» не үшін салынды?
3) «Мұртта обалар» неше түрі кездеседі?
4)Тасмола мәдениеті дегеніміз не?
5)Тасмола мәдениеті ескерткіштерінен қандай заттар табылда?


Видео сабақ
https://www.youtube.com/watch?v=Cn8uzX3zFNg

Мәтінмен жұмыс
1)
Сақ патшайымы – Томирис
2)
Парсы патшасы Кир

3) Томиристің парсылармен соғысы

Сабақ тақырыбын біледі


Сұрақтарға жауап береді


Дескриптор:
-Томиристің өмір сүрген уақытын, парсыларға қарсы соғысын анықтайды










Презентация № 1












Презентация № 2


5 минут



















5 минут








4 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма.Тарихи жыл санау есептері.

1)Кир өлгеннен кейін он бір жылдан соң парсылар Қазақстан аумағына қайтадан басып кірді. I Дарийдің Бехистун жазуынан «Мен ... әскермен сақтар еліне аттандым; үшкір бас киім киетін сақтарға қарсы...» дегенді оқимыз. Дарий жорыққа қай жылы шықты?___________


2)Қазіргі заманғы ғалымдар Кирдің б.з.б. 530 жылы 70 жасында қайтыс болғанын анықтады. Кирдің қай жылы туғанын анықтаңдар. ____________


3)Б.з.б. 530 жылы Сақ патшасы Томирис Кирдің әскерін тас-талқан етті. Бұл оқиға өткеніне қанша жыл болды?____________


Осы жылды уақыт сызығына белгілеңіз

Shape2


Біздің заманымыздан бұрын Біздің заманымыз


2-тапсырма.

Массагеттер-Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы

Ишпакай-Томиристің әкесі
Рустам- Томиристің жары
Аракс- Кир мен Тұмар патшайым шайқасы өткен өзен
Томирис- сақ патшайымы
Камбис-Кир патшаның әкесі
Крез-лидиялық тұтқын
Спаргапис-Тұмар патшайым ұлы, массагеттер қолбасшысы

«Элективті тест». Мұғалім «А,В,С,Д» әріптері бар карточкаларды таратады. Оқушылар дұрыс жауаптарын табу үшін тиісті карточканы көтереді.

Тест тапсырмасы.
1.Сақ-массагеттер патшайымы Томирис туралы мәліметтер кездеседі.

А) Рим тарихшыларында; В) Геродот жазбаларында;

С) Парсы деректерінде; Д) Тарих деректерінде;

2.Соғыс өнерін жетік меңгерген, садақ атудың хас шебері, ел басқару ісінің қыр-сырларын жақсы игерген сақ патшасы

А) Зарина; В) Спаргапис; С) Анахарсис; Д) Томирис;

3. «Томирис әйел болса да жауынан қорықпайтын батыл болған» деп жазған кім?

А) Помпей Трог, В) Геродот; С) Страбон; Д) Арриан;

4. «Әлемнің төрт бұрышының, билеушісі» және «патшалардың патшасы» атанған патша.

А) Томирис; В) Дарий; С ) Кир;  Д) Спитамен;

5. «Вавилонды жеңгеннен кейін парсы патшасы Кир массагеттерге соғыс ашып, оларды бағындырмақ болды» деп жазған кім?

А) Геродот;  В) Помпей Трог; С) Страбон; Д) Арриан;

6. Парсы патшасы Кир массагеттерге қарсы соғыс жорығын бастады.

А) Б.з.б.519ж;  В) Б.з.б.530ж;  С) Б.з.б.490ж; Д) Б.з.б.484ж;

7.Кир Египет пен Грекияны жаулап алмас бұрын солтүстікте кімдерді бағындыруды көздеді.

А) ғұндарды; В) сарматтарды;  С)сақтарды;  Д) үйсіндерді;
8.
Кир патшаның әкесі
А) Камбис В) Крез С) Рустам Д) Ишпакай
9. Томиристің әкесін табыңыз

А) Камбис В) Крез С) Рустам Д) Ишпакай
10. Лидиялық тұтқынның есімі
А) Камбис В) Крез С) Рустам Д) Ишпакай


Дескриптор:

Тарихи оқиғалар болған жылдарды анықтайды;
Анықталған жылдарды уақыт сызығына орналастырады.










Дескриптор:

Тірек сөздердің мағынасын ашады










3 балл

























7 балл



Презентация № 3






















Презентация № 4









Презентация № 5







3 минут


Қорытынды

Кері байланыс: «Сұрақ қорытынды» стратегиясы

1Бүгінгі сабақтағы басты оқиға?

2Не қызықты болды?

3Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіздер, қандай жаңалық алдыңыздар?

(1-сұраққа бірнеше оқушы жауап бере алады)

Оқушылар өзін-өзі бағалайды. (Блоб ағашы)

Мұғалім оқушыларды бағалайды.

«Білім ағашы» Оқушыларға «Білім ағашы» әдісі арқылы сабақта қандай жетістітерге жеткендерін сүреттеуді үсынады

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

П резентация № 6


Үй тапсырмасы

Томирис сөзінен басталатын 4 сипаттама сөйлем құрастырыңдар.



Презентация № 7














1. Парсыларды ойсырата жеңген Томирис патшайым б.з.д. VI ғасырдың басында, массагет патшасы Спаргапистің отбасында дүниеге келген. Оның анасы — аби тайпасы көсемінің қызы.

2. Томирис дүние есігін аша сала, анасынан айырылған. Алайда, кейбір деректерде патшайымның анасы бала босанғанда емес, сәл кейін қайтыс болғаны айтылады.

3. Томирис — сақ көсемі Ишпакайдың ұрпағы. Патшайымның әкесі ел жадында асқан даналығымен, соғыстарды мінсіз жүргізу тактикасымен және тайпалар арасындағы дау-дамайды керемет шеше білетін қасиетімен сақталған.

4. Томирис бар болғаны бес жасында асау атты үйретіп, бір жылдан кейін акинакты (сақтардың 40-60 сантиметрлік семсері — ред.) қолдануды үйренген.

5. Болашақ патшайым он үш жасында найза, семсермен керемет шайқасуды білді. Садақтан оқ атуға келгенде ол ешкімге дес бермейтін. Томирис мінген ат шу дегенде маңына қара ілестірмейтін хас тұлпар еді.

6. Ол әкесі ұйымдастырған мерекелік жиындардың бірінде болашақ күйеуі Рустамды кездестірген. Рустам — тиграхауда-сақтардың патшасы Каводаның ұлы. Бірде бір рет жеңіліп көрмеген, мықты сарбаз болған. Рустамның қайраттылығы мен қайсарлығына тамсанған Томирис оны өзіне тең келетін, іңкәр сезіміне лайықты жан деп шешіп, оған тұрмысқа шыққан. Алайда, Рустам шаңырақ көтергеннен кейін әйеліне жаңа қырымен танылып, көңілін қалдырған екен. Майданда батыр жауынгер қарапайым өмірде күн сайын думандатып той тойлаудан шаршамайтын қарапайым жан еді. Еңбекқор, қайсар мінезді Томирис жолдасы ұстанған өмір салтын түсінбейтін.

7. Патшайымды тақтан құлатуды көздегендер аз емес. Томирисмен тіл табыса алмаған, одан қорыққан тайпа көсемдері бар өтініштерін ақкөңіл, көңілшек Рустам арқылы жеткізетін.

8. Сақ патшайымы Томирис — жауынгер әйелдердің пірі. Ол бірінші болып мыңдаған жауынгер әйелдерден әскери жасақ құрған. Әйелдер батырлық жағынан ер адамдардан кем түспеді. Ер кісілер секілді майданда өлімнен қорықпай батыл шайқасты.

9. Геродот “ең ұлы және ең қатыгез” деп атаған шайқас сақтар мен парсылардың арасында өткен. Шамамен б.з.д 530-529 жылдары көптеген елдерді бағындырып, “Азия билеушісі” деген атпен танылған Мидия патшасы Кир Ұлы даланы бағындыру үшін жорыққа шықты. Шайқастардың бірінде ол Томирисдың күйеуі Рустамды өлтіріп, баласын тұтқынға алды. Патшайымның ұлы Спаргапис тұтқында қаза тапты. Алайда, ақтық шайқаста массагеттер парсылардың күл-талқанын шығарып, жеңіске жетеді.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі