Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
сабаққа қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.

Бәсекеге барынша қабілетті білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

        1. Карта

        2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер,оқулық, сызба, кесте.

Үй тапсырмасын сұрау:

Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.

Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?

Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?

Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?

Соңғы кезде темір дәуіріне байланысты қандай жаңалықтар болды?

Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің зерттелуі туралы не білесіңдер?

Сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың қоғамдық құрылысы

  2. Сақ тайпаларының шаруашылығы

  3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы

  4. Бейнелеу өнері

  5. Діни наным-сенімдер

  6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері

«Сақтардың шаруашылығы», «Қолөнер мен зергерліктің дамуы» тақырыпшалары негізнде мәтінмен жұмыс жасату. Оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар таратылып беріледі. Дайындалуға уақыт беріліп жауап алынады.

І

Сақ тайпаларында шаруашылықтың қандай түрлері дамыған? Көшпелі мал аруашылығының екі түрін ажыратып көрсетіңдер.

ІІ

Шаруашылықтың, өндіргіш күштердің дамуы қоғамдың әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?

Малдың қай түрлері көп өсірілдіЮ Оның тиімді жақтарын айтып беріңдер.

ІІІ

Сақтарда қолөнердің қандай түрлері дамыған?

Сақ шебері жасаған ерекше бұйым деп нені атауға болады?

IV

Сақ шеберлері металл бұйымдар жасаудың қандай тәсілдерін білген?

Сақтардың діни наным-сенімдеріне тоқтала отырып, мәтіннің негізгі мазмұнын талдап, дәптерлеріне жазғызу.

А)Жерлеу салты;

Ә)Отқа табыну;

Б)«Көсемдерге сыйыну»,

В)Аспан денелеріне сыйыну;

Д)Анимизм, тотемизм, магия-ежелгі діни ұғымдардың сақталуы.

Сақтардың антропологиялық жағындағы өзгерістеріне тоқталғанда: «Қола дәуіріндегі ру-тайпалар және сақтар алғашқыда еуропеидтік пішінде болып, кейін сақтардың ұрпақтары монғолоидтік пішінге түсе бастауына не себеп болды?»-деген ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, оқушылардың өз ой-пікірлерін де ортаға салып, талдауға мүмкіндік беру.

Сабақты бекіту:

А)Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?

Ә)Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.

Б)Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?

В)«Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Г)Сақтардың діни-нанымдары

Д)Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?

Бағалау: өзін өзі

Үйге тапсырма:§7.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12