Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сараптама 2021

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицей кітапханасының

2020-2021 оқу жылындағы мектеп кітапханасының атқарылған

іс- шараларға сараптама

Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-мектеп кітапханасы. Осы заманға ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек. Мектеп кітапханасынан оқушылар кітап әлемімен танысып, кітапты құрметтеуді, онымен жұмыс жасауды үйренеді.

Мектеп кітапханасындажалпы кітап қоры 17593 дана

Оңың ішінде мектеп оқулықтары -14190

Көкем әдебиет -3403дана

Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету ҚР Үкіметінің 2012жылғы 30 науырыздағы № 391 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.Бірінші кезекте аз қамтылған отбасы балалары оқулықпен қамтылады. Жыл сайын мектеп кітапханасынан мектеп оқулықтары, оқушыларға қайтарымды негізінде тегін пайданалуға қамтамасыз етіледі.

Биылғы оқу жылында 1- 11сынып оқушылары 100% оқулықпен қамтамасыз етілді.

Оқу жылының басында дайындық сыныбына «Алматыкітап» баспасынан, 4-ші қазақ сыныптарға «Атамұра», «НИШ»,«Мектеп», «ЭдуСтрим» баспасынан, 9-шы сыныпқа «Мектеп», «Атамұра»,«Білім» баспасынан ,

11- сыныптарына жаңа оқулықтар түсті.

Сонымен қатар мектеп кітапханасы оқушыларға оқулықтар берумен ғана шектелмей сынып оқушыларымен ұстаздармен және кітапханадан кітап алып оқитын көпшілік оқырмандармен жұмыс жүргізілуде .

Бірінші жарты жылдықтың қортындысы бойынша қашықтықтан оқу барысында кезекші сыныптардағы оқушылардың оқулықтарын тектеру кезінде таза ұсталғандығын көрдік . Сонымен қатар мектеп кітапханасы оқушыларға оқулықтар берумен ғана шектелмей сынып оқушыларымен ұстаздармен және кітапханадан кітап алып оқитын көпшілік оқырмандармен жұмыс жүргізілуде. «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде», «Жаса, жайна Қазақстан!», «Елбасы жолдады – елі қолдады»,«Ана тілім-айбыным» «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» ,«Жетісу жерінің тарихы» , «Білгенге маржан»,«Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Пән мұғалімі ,сіз












«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында науқан жүргізілді.
28 мамыр – 05 маусым аралығында 1-7 сыныптар арасында «Мен Туымды мақтан етемін» - бейнеролик челленджі жүргізілсе, жазғы мектеп балаларына мектеп кітапханасында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған бұрышқа танымдық саяхат ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда офлайн және онлайн түрде «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында сынып сағаттары жүргізілді.























үшін», «Жақсы кітап – жан азығы», «Бір –ел ,бір кітап», «Күміс көмей Бақтыбай»,«Ертегілер әлемінде» , «Мерзімді басылымдар»атты тұрақты көрмелер жұмыс жасауда. Мектепшілік іс-шараларға, атаулы күндерге мысалы Конститутция күніне «Айбарлы асқақ –Ата Заң», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 кітап»,Призидент күніне «Елбасы кемеңгер-көшбасшы»,қарттар күніне «Аман бол асыл қарттарым»,«Жолдауға қолдау»,« Өзін - өзі тану» бағдарламасы – жастардың рухани – адамгершілік құндылығын нығайту,«ҰБТ-бұрышы» атты тақырыпты көрмелер ұйымдастырылып,шолу жасалды.

Атап айтсақ мынадай іс – шаралар өткізілді.


«Тіл-ұлттың ұлы байлығы»

Мақсаты: Қоғамды рухани жаңғыртудың идеяларын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілдер мәртебесін көтеру, білім алушылар арасында тілдік қарым-қатынас мәдениетің қалыптастыру

Айлық аясында жоспарланған іс-шаралар қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың жоғары белсенділігімен өткізілді. 7 қыркүйек күні мәнерлеп оқудан «Тілге құрмет-елге құрмет» челлендж форматындағы бірлескен іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Олар тіл, туған жер, ұлттық рух жайлы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына өз үлестерін қосу мақсатында 2 оқушы ақынның қара сөздерін оқыды.Барлық қатысушылардың 2-3 минуттық таспаға түсірілген бейнероликтерін оқыту платформасы «InShot» бағдарламасымен топтастырылды. Бейнероликтер топтастырылып, редакцияланды. Бұл түсірілімдер «Facebook» те жарияланып, көпшілікке ұсынылды 5-11 сыныптарда әр сынып жетекшісі 04.09.18.09.2020 аралығанда «Тілің-тұғырың»


тақырыбында сынып сағаттары , эссе, диктант, шығарма, бейнероликтер түсіріліп жариялады.

Рисунок 3


Ж ақсы кітап,жан азығы (библиофреш)

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні


  • Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;


«Чернобыль жаңғырығы»


«Біз болашаққа жауаптымыз» экологиялық білім беру апталығы аясында Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында 2021 жылдың 26 сәуір күні мектебімізде «Чернобыль жаңғырығы» ұранымен бірыңғай сыныптан тыс іс-шаралары жүргізілді. 8 сыныптар арасында «Чернобыль – қайғылы оқиға, ерлік, ескерту» тағзым сағаты, 9 сыныптар арасында «Жарық сөнбесін!» - «Чернобыль трагедиясы» тәрбие сағаты, Мектеп кітапханасы10 сыныптар арасында «Жер ана тынысы» - «Чернобыль – жанның жалпы ауруы» пікір-алмасу сағаты өткізілді. 11 сынып оқушыларынан «Чернобыль: қайғы мен қасірет» тақырыбында эссе алынды. Ал 7-8 сынып оқушылары арасында «Чернобыль - балалар көзімен» тақырыбында сурет салу эстафетасы жүргізілді. Аталмыш шаралар кезекші сыныптарда офлайн жүргізілсе, қашықтықтан оқып отырған сыныптармен онлайн түрде жүргізілді








«Біз болашаққа жауаптымыз» ұранымен экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы өткізілді

2021 жылдың 26-30 сәуір күндері аралығында елімізде «Біз болашаққа жауаптымыз» ұранымен экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы өткізілді. Мектеп бойынша жоспар құрылып, келесі іс-шаралар жүргізілді.
Мектеп кітапханасы тарапынан «Табиғат туралы не білеміз?», «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында библиографиялық шолу ұйымдастырылды. 1-2 сыныптар арасында «Біздің үйдің жануарлары» - сурет салу эстафетасы, 3-4 сыныптар арасында «Біздің аймақтың табиғатына қамқорлық», «Бұл әлем қандай әдемі!» фото түсіріп жіберу эстафетасы жүргізілді. 5 сыныптар арасында «Табиғат аясындағы Мен!» тақырыбындағы пікір-талас сағаты, 6 сыныптарда «Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» атты виртуалды қолөнер, 7 сыныптар арасында «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» экологиялық викторинасы жүргізілді. Ал 8-11 сыныптар арасында «Чернобыль жаңғыры» ұранымен тәлімдік шаралар өткізілді.
Экологиялық білім беру апталығының мақсаты:
- адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.


.






  • Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;

Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру




Шоқан – сұңғыла саяхатшы (Оқырман конференциясы)

Мақсаты :      

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру

ә ) дамытушылық

Шоқан еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау 

б) тәрбиелік

Оқушылардың бойында еліміздің біртуар ұлы ғалымы Шоқанның өміріне деген қызығушылық сезіміне тәрбиелеу



"Әлемді шарлаған "Абай жолы" атты брейн-ринг өткізілді

23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні аясында Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» романының 80 жылдығына орай мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мария Ботаеваның ұйымдастыруымен 10 сынып оқушылары арасында

"Әлемді шарлаған "Абай жолы" атты брейн-ринг өткізілді. Мақсаты: Жастарды қазақстандық патриотизмге, адамгершіллікке, туған тілі мен әдебиетін құрметтеуге, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.













"Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы"

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай 2021 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мария Данабатшақызы Ботаеваның ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған "Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы" атты танымдық-саяхат сабақ өткізілді. Онлайн барысында жыр сүйер оқушыларымыз ақынның өлеңін жатқа оқып берсе, кітапханшымыз библиографиялық шолу жүргізді. Ал негізгісі Ақын Сараның мемориалдық мұражай үйінің








Кемеңгер тұлға - Қонаев»

2 021 жылдың 14 қаңтар күні М.Ботаева мен Н.Дүйсембекованың ұйымдастыруымен мектебімізде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туған күніне арналған «Кемеңгер тұлға - Қонаев» тақырыбында 6-7 сыныптармен онлайн тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу болып табылады.







«Бар жақсымыз - балаларға» атты әдеби дефиле.

Облыстық семинар

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы ұлттық сананы оятып туған жердің ақын жазушыларының шығармаларына қызығушылығын арттыру. Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қолдауымен «Жетісу балалар әдебиеті» жобасы аясындағы 3 томдық кітабы, балалардың бойына адамгершілік мінез – құлықтарын, үлкенге деген сый – құрметін, қоршаған ортаға, Отанға деген сүйіспеншілігін одан әрі дамытуға зор үлес қосады деген сеніммен шығарды.

1.Жетісу ақын жазушыларының номинациялары бойынша сараптамадан өткен «Үздік әңгімелері», «Үздік ертегілері», «Үздік поэзиялары» жинаққа енгізілді.

2. Жинақтарды оқырмандарға насихаттау

3.Оқушыларға осы кітаптар насихатталды енді оқушылардан ұнаған өлеңдері мен әңгімелерін жатқа айтып онлайн айытқызу.

«Мен оқимын, сен оқисың, құрбыларымның бәрі оқиды» Бейнерол


























«Менің ертегім» челендж ұйымдастырылды.
























Табиғат туралы не білеміз ?










Мақсаты: Табиғатта болатын әр түрлі жағдайда, жалпы табиғатта өзін қалай ұстау керектігі туралы ережесімен таныстырып түсіндіру.Табиғаттың біздің өміріміздегі пайдасын түсіндіру. Балалардың табиғатқа, туған өлкеге деген аяушылық, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу.Қоршаған ортаны ластамай таза ұстауға тәрбиелеу. Айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.

15 – мамыр Халықаралық Отбасы күні

«Цифрлы Қазақстан – цифрлы кітап» танымдақ сағаты

Мақсаты:

1.Еліміздің «Цифрлы Қазақстан» жобасы іске асыруға бет


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2021
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12