Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сарқылмас ұлылықтың бастауының, саған мәңгі қарыздармын бастауышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Баска мұгалимге пайдасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Н.Жораев


Тақырыбы: Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі

қарыздармын бастауышым!

Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: жазылған сөздер: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі қарыздармын бастауышым!» - тақырып

Нақыл сөздер

«Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.»

«Оқусыз – білім жоқ, Білімсіз – күнің жоқ»

«Оқу- білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер «: Сарқылмас ұлылықтың

бастауысың, саған мәңгі қарыздармын бастауышым!» атты бастауышпен

қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 «Б»- сынып оқушыларын ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап,жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.

Сахнада: Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» ән күй табақта ойналып «Бастаушылар» тақпағы кезінде ақырын естіліп барып тоқтатылады.

1-жүргзуші:Фарух

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.




2- жүргізуші: Қаламқас

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

Жүргізушілер қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Хормен: Мектеп – кеме,Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

1- жүргізуші: Фарух

«Мектеп – білім» кемесін

Басқарып бүгін келесіз.

Ата-ана, ұстаз, балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз.

Шақырып едік, келдіңіз,

Сөз кезегін береміз.

ортаға мектеп директоры: Жораев Нарынбай ағайымызды шақырамыз.

2- жүргізуші: Қаламқас

Ән. Серік Айғанымның орындауында «Ұстаз ана»- әнін қабыл алыңыздар
1-оқушы:  Акбар
Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда, 
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы: Сабина
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын
Осы сырды үйреткен 4 сыныбым
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың

3-оқушы:  Шадияр
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, 
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің ,біліммен күш толады.
Алғыр болып , әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең- тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап, 
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

4-оқушы: Ақмаржан
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздардыжаны ізгі.
Пана болған, дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

5-оқушы: Дәурен

Білімнің байыбына барып терең,
Арна апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, 
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Көрмеген артық күліп, артық жүріп, 
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін, өзіңізбен
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

6-оқушы:Мөлдір
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз ,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да ,еңбекте,
Күліп- ойнап бірімізбен- біріміз.
7-оқушы: Жәмшит
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын,
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
Мектеп, мектеп- ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп- шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп жан анам боп көріндің 
8-оқушы:  Айжан
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың ,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Өзіңсің балауса көктемім
Мен сенен нәр алдым, көктедім
Өмірде алғашқы өткенім
Рахмет саған,бастауыш мектебім.

9-оқушы: Расул
Арымсың алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын , 
Мектебіме арналады бұл әнім.

10- оқушы: Ақниет
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.
Арманым болып аңсаған
Мәңгілік қалдың мекендеп
Өзіңе арнап ән салам
Ардақтап сізді өтем мен.
11- оқкшы: Досмаханбет
Атағым Алатаудай биік болса
Тұрса төбем өсі, көкке тиіп.
Алдында әрқашан да тағзым етіп 
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.
12- оқушы : Айғаным
Ұстазым- ұлағатты саябағым
Шәкіртті өз балаңдай аяладым
Қолыма әліппенің кілтін берген
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып. 
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
13- оқушы:  Толғанай
Жүзің жылы құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің ,
Ерінбей үйреттің де дер әріпті.
14- оқушы:  Махаббат
О, ұстаз неткен мықты төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.
Үйретіп алғаш бізге әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой- арманы , мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.

Хор: Тәуелсіздіктің ұраны

Ағылшынша тақпақтар

  1. Сейтбек Т

Ай кән рид

Ай кән райд

Ай кән спик инглиш ту

Ай лав инглиш ту

Энд уат ебаут ю

  1. Алаухан Д

Ай лайк ту рид

Ай лайк ту плей

Ай лайк ту стади, еври дей

Ай лайк ту жәмп

Ай лайк плей ит из фан.

  1. Ергешбай А

Тугезе, тугезе

Тугезе еври дей

Тугезе, тугезе

Ул уок энд плей

  1. Рамазан А

Ай уонт ту лив

Ай уонт ту дай

Ай уонт ту лауф

Энд нот ту край

  1. Созақбай Ш

Ай син пинк

Ай си браун

Ай стәнд ап энд сит даун

Ай си ред, ай си блу

Ай си ю энд ю

  1. Шамат А

Гуд дей, гуд дей

Гуд дей ту ю

Гуд дей, гуд дей

Ул ар гләд ту си ю.

  1. Сәбина

Гуд мониң, гуд мониң

Гуд мониң ту ю

Гуд мониң ди тиче

Уи ар гләд ту си ю

  1. Расул

Май диа диа мамми

Ай лав ю вери мач

Май диа диа мамми

Ай лав ю вери мач

Хор: ағылшынша -------------------------------------------



Орысша тақпақтар:

  1. Рамазан М

  2. ҚонарФ

  3. Толғанай

  4. Дәурен

  5. Ақниет


Хор: орысша


Қаламқас:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Фарух : Дұрыс айтасың Қаламқас! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Қаламқас: Олай болса Фарух алтын ұя мектебімізге,Отанымызға арнап ән шырқайық!

Ән: Алаухан Д, Рамазан А, Созақбай Ш орындауында «Ана ұстаз» әнін қабыл алыңыздар.

1- Жүргізуші: Фарух

Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік, балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты


Би: «Шуақ тобы»


2-жүргізуші: Қаламқас

Бастауышым-бастамам

Білім жолын бастаған.

Білім шыңы биікте,

Беліңді бу жас данам.

Ән: Шамат Ақниеттің орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар

1- Жүргізуші: Фарух

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! Балалар, Бізді болашаққа не бастайды?

Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы,

Ата-ананың ақылы,

Болашаққа деген сенім.


Қаламқас: Көрініс: «Байлық, бақыт, ақыл»





2-жүргізуші: Қаламқас

Біздің халық ұл тілеген:

Шаңырағын ұстайды деп атаның,

Шығарар деп ер бабаның атағын.

Толықтырып әскерінің қатарын

Қорғайды деп Отанын.

деп ортаға "Қазақ биін" билейтін ұлдарыңызды шақырайық


1-Жүргізуші:Фарух

Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан- мұғалім,- дей келе.

Мектепалды даярлық тобында сабақ берген ұстазымыз Даулеткелдиева Райхан апайымызға сөз кезегін береміз.


Ән: Алаухан Дәурен ---------------------------------------------


2-жүргізуші: Қаламқас

Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап, мерекеде ән салып.


Ән: Серік Айғаным-----------------------------------------------


2-жүргізуші:Қаламқас

Қонақ деген ырысың мен мерейің

Енді аяңдап қонақтарға келейін

Сол кісілерге сөз кезегін берейін.

ата-аналар балаларыңызды құттықтап жіберсеңіздер


Би:


Хор:----------------------------------------------------------

Ұстаз сөзі:Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар.

.

Хормен:

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!


Ән (хормен) «Алғашқы ұстазым».

2- бастаушы: Біз 4 «Б» сынып ұлдары мен қыздары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге айтады)

Хор: ағылшынша

Мұғалім:

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі бірдей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсыратын уақыт келді білім кілтін. Олай болса 4 сынып оқушылары (Алаухан Дәурен) 1 сынып оқушыларына білім кілтін табыс етеді.


Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.


Ал ата-аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.

Хор: «Бастауыш мектеппен қоштасу»

  1. Жүргізуші: Фарух

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

Аяқтай отырып қорытынды сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тастанов Орынбасар ағайға сөз кезегін береміз.







Тексерілді:------------------------------------



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12