Материалдар / «Сары күз» ертеңгілік сценариі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сары күз» ертеңгілік сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ән салу үйірмесінің қосымша білім педагогтарына, музыка пән мұғалімдеріне және балабақша ұстаздарына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Тамыз 2018
368
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚК «Оқушы» орталығы











Естияр тобына арналған ертеңгілік кеш









«Ән салу» үйірмесінің қосымша білім педагогы: О. Х. Нурлыбаева

















Ақтау – 2015жыл


Олболсун Нурлыбаева

МҚКК «Оқушы» орталығы «Ән салу»

үйірмесінің қосымша білім педагогы

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы

2015 жыл



«Сары күз» ертеңгілік сценариі

(Музыкалық әуенге балалар бидаймен бойжазулар жасайды, кейін жарты шеңбер болып тұрады да қимылдары аяқталған соң музыкамен 2ге бөлініп қолындағы жапырақтарын вазаға салып 2 жаққа орындарына отырады.)

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер! Баршаңызға

бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер дейміз! Күз мерекесі сіздерге, зор денсаулық, мол бақыт ала келсін.

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуаныш күні біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой.

(Балалар күз туралы 2-3 тақпақ айтады)

Жүргізуші: Енді, балалардың «Алтын күз» мерекесіне дайындаған

« Қоңыр күз» көрінісін тамашалаңыздар!

Көрініс: « Қоңыр күз»

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық

Қол соғайық тұрмайық.

Күзгі бақта бүгінгі,

Шырқап әнге салайық.

ӘН: «Күз келгенде»

(Балалардың әні аяқталған соң музыка әуенімен жерді тыңдап жүрген Ұзынқұлақ келеді)

Ұзынқұлақ: Е, мен қайда келдім? Ә, Мен білсем осы жерден мереке,той-

думанның дыбысы шығады. Сонда бұл не той?

Жүргізуші: Ия, мұнда Алтын күз мерекесі өтіп жатыр, ал, Сіз кім боласыз?

Ұзынқұлақ: Мен бе, тоқтай тұр (1-2 рет жерді тыңдап) менің атым

Ұзынқұлақ, тың-тыңдап жер бетінде не болып жатқанын біле аламын. Тоқтай тұрың мерекеде неге отырмыз ойнамаймыз ба?

Жүргізуші: Әрине, Ұзын құлақ ендеше бізбен бірге «Күзгі жапырақтар»

ойынын ойнаңыз. Ойын: Жерге 3 түсті жапырақтарды шашамыз және отырған балалардың да қолына 1-1ден жапырақ ұстатамыз. Ортадағы 3 ойыншы музыкамен билейді де музыка тоқтағанда жерден 1 жапырақ алып отырған балалардың ішінен өзінің жапырағы түстес баланы қасына жинайды.

Ойын: «Күзгі жапырақтар»

Жүргізуші: Өте керемет, балалар Ұзын құлақпен ойнаған ойын ұнадыма?

Ұзынқұлақ: (жүгіріп барып тағы жер тыңдап) Осы жерге тағы біреу келе

жатқан сияқты тыңдашы деп (балалармен бірге музыка әуенімен қимыл жасайды. Қозғалыс аяқталған соң музыка әуенімен би-билеген сары жапырақты биші қыздарымен Күз ханшайымы келеді, қолында базарлығы бар)

БИ: «Жапырақтар»

Күз ханшайымы: Армысыздар, балалар,

Күзгі бақтағы қонақтар

Өздеріңе әкелдім

Күздің сыйын көз тартар.

Жүргізуші: Бармысыз, Күз ханшайымы. Сыйыңызға үлкен рахмет! Күз ханшайымы, сыйлықтарыңызды балаларға берсек бола ма?

Күз ханшайымы: Бұл сыйды балалар еңбек етіп, жеңіп алулары керек. Өйткені, күздің сыйлары жемістер мен көкөністер, тек адамның еңбегінің арқасында келеді. Сондықтан мен сіздерге жұмбақ жасырамын, шешуін тапқандарыңа кеш соңында сыйлықтан беремін.

(Жұмбақ ойыны жүреді)

  1. Дәмі ауызыңнан кетпейді Қызыл алша шырын бал

  2. Көктей тісің өтпейді

  3. Піскен кезде үзіп ал. (Алма)

  4. Ағайынды бәрі Шықса жасыл Түссе сары. (Жапырақ)

  5. Көк лағым көгенде жатып семірді (Қауын)

Күз ханшайымы: Балалар, менің сіздерге алып келген ойындарым бар.

Біріншіден, менің мына сұрағыма жауап беріңдерші. Жемістер қайда өседі?

Балалар: Бақта

Күз ханшайымы: Көкөністер қайда өседі?

Балалар: Бақшада

Күз ханшайымы: Олай болса мына менің себетімде көкөністер мен

жемістер араласып тұр, кезекпен келіп алып, кім не алғанын және түсі қандай екенін айтады. (Балалардың жауабы аяқталған соң)

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Дұрыс жауап бердіңдер.

Жүргізуші: Балалар, Күз ханшайымының жеміс-көкөністері араласып

кетіпті. Келіңдер көмектесіп осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Жүргізуші: Рахмет, Алтын күз. Біздің балалардың сізге қояр сұрақтары

бар.Жауап бересіз бе?

1бала: Күз ханшайымы, айтыңызшы ерте күз деп қай кезеңді айтамыз?

Күз ханшайымы: Ерте күз деп күз мезгілінің басталғанын айтамыз, яғни

күздің басталуы.

2 бала: Алтын күз деп қай кезеңді айтамыз?

Күз ханшайымы: Сары күз деп айнала сары жапыраққа көміледі, міне осы

кезеңді айтамыз.

3 бала: Қара күз деп қай кезеңді айтамыз?

Күз ханшайымы: Сары күз деп айтатын себебіміз ағаштардың жапырақтары

түсіп, шөптер қурап, жер қараяды. Соны қара күз дейміз.

Жүргізуші: Рахмет, Алтын күз, төрге шығып балалардың өнерін

тамашалаңыз!

(Басын шалқайтып, қолымен көзін қалқалап) Балалар күн бұлттанып, жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты, жаңбыр мен бірге нұр келер. Кәнеки Күз ханшайымына «Жаңбыр» әнін айтып берейікші.

ӘН: «Жаңбыр»

Күз ханшайымы: Сіздерге де, үлкен рахмет, балалар!

Айналайын балалар,

Мерекеміз бүгінгі

Естен кетпес күн болды,

Бәріңізге бақыт тілеймін. Сау болыңыздар.

(Музыкамен Күз ханшайымы шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен «Сары күз» мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!