400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шаттық нұрын сыйлаған нұр Пайғамбер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен ұстаздарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақиқатым - Мұхаммед пайғамбар

Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Пұтқа да табынбайтын жат ағымға .

Бала кезден жек көрген шатағында.

Таңға жақын Мұхаммед жарық көрген,

Меккеде Мүкәрәмма шахарында



Абдуллаһ пен Әмина жұмақтары,

Бола алмаған мәңгілік тұрақтары

Атасынан айрылып ерте татты

Жетімдіктің зардабын бірақ тағы



Ақиқатым-Мұхаммед пайғамбарым!

Үмбетіңмін өзіңмен байланды арым.

Он сегіз мың ғаламда мойындайды,

Сені ойлаған жүректе байлап барын.



Адасумен өткен ғой уақыт шіркін,

Сен жеткізген сүнеттер жақұт кіл тың

Бұл өмірдің ұқтырдың мағынасын,

Ақыреттің ұстатып бақыт кілтін!



Пенделікпен дау шықса, елде ненің

Түсіндіріп бәрін де берген едің

Жердің бетін құтқардың қараңғыдан

Жер бетіне сәуле боп келген едің.



Азғындықтың өршіген заманында

Көп адамдар жүргенде сан ағымда

Естерін кеп жинаған өзің едің

Жалған наным жайлаған санаңда



Өзің жайлы көп менің сұрағымда

Үлкендерден көп сұрап ұғамында

Пайғамбардың үстемі, күмәнсізі

Қос өмірдің болыпсың жұмағында



Нәмсіқұмар билеген тұр сағымда

Ар – намыстар тапталып тұрса ұғымда

Үмбетіңді құтқардың рахым болып

Зұлымдықтың қалғанда құрсауында



Қияметті мәңгіге құшқаныңда

Құран Кәрім айналып күшті ағынға

Біз түгілі мойындап кетіпті ғой

Ахлағыңа бас иіп дұшпаның да



Күнәдан пәк ,адасың теңеуден де

Өзің жайлы өлеңім тереңдеуде

Тек өзіңнің арқаңда білемісің

Қанша жүрек оянды, керең кеуде



Кейін бірақ болмады керең деуге

Ізінен жұрт айналды ерем деуге

Сарылтып сахабалар дейтін еді

Жүрегіңнің дерттерін кел емдеуге



Ақиқатым- Мұхаммед пайғамбарым!

Үмбетіңмін өзіңмен байланды арым

Салихалы өміріңді еске аламын

Түзу жолдан адасып, тайғанда арым



Уа, Алла!

Пайғамбарды біз үшін рахым еттің

Болатынын ұқтырып ақыреттің

Өзің қолмен жаратқан тіршілікті

Бір қадамға өзіңе жақын еттің



Түркістан облысы Ордабасы ауланы

Шұбарсу ауылы Мұхаметқұл Исламқұлов

атындағы жалпы орта мектебінің 10 « Б»

сынып оқушысы Қоқан Гүлнұр

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі