жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН
ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН
Өмірді тану - өзінді танудан басталады.
Халық даналығы
Мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік кұндылықтарын үйренуіне ықпал ету.
Міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру;
-өзіне деген сенімділігін арттыру;
-өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, «Өзін-өзі тану елінің» суреті, сюжетті суреттер, домбыра, «алтын сака» (асық), сандықтың сұлбасы.
Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құру арқылы «Өзін-өзі тану» пәнімен танысуға шақырады.
-Қош келдіңдер, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. «Шаттық шеңбері» аясында бір-бірімізбен танысайық.
Танысу ойын түрінде ұйымдастырылуы мүмкін
Алғашқы айналымда сағат тілінің қозғалысы бойынша мұғалімнің өзінен бастап әр оқушы кезегімен өзін көрсетіп тұрып, өз есімін «Мен Мадиярмын, Мен Балғынмын» деп атап шығады. Екінші айналымда әр бала бірінші өзінің есімін қайта атап, содан кейін оң жағындағы және сол жағындағы көршілерінің аттарын атап, «Әли, Аяла, мен сендер- мен танысқаныма қуаныштымын» деп айтып шығады. Осылайша танысу аяқталады.
Мұғалім шаттық шеңберінің мәнін тірсіндіру үшін балаларға төмендегі өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетуді ұсынады және ол бойынша ой түйіндейді:
Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді.)
Ңуанасың сен де, (Жанындагы досын көрсетеді.)
Қуанайык, достарым, (Бір-бірінің қолдарынан уетайды.)
Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жогары көтереді.)
- Балалар, «Шаттық шеңберінде» бір-бірімізге өзіміздің жылы, жаксы сөздерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік. Қимылдарды көтеріңкі көңіл күймен, өз еркімізбен жасайық.
Әңгімелесу
Мұғалім балаларды «Өзін-өзі тану» пәнімен таныстыру мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні тақырыбында әңгімелесуге шақырады.
Балаларға «Өзін-өзі тану» дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қой- ылып, олардың жауаптары тыңдалған соң мұғалім қорытынды жасауына болады:
-«Өзі» деген - Мен, яғни ол - Інжу, Айзада. «Тану» дегеніміз адам туралы, оны қоршаған айнала мен адамдар, кұбылыстар туралы акпараттарды білу. «Өзін-өзі тану» - өзіңді, өзгені, айналаңды адамгершілік құндылықтар аркылы тану. Ал «Адамгершілік құндылықтар» дегеніміз не екенін «Өзін-өзі тану» пәнін оқу барысында білетін боласыңдар. Бұл пән бізге жақсылық жасауды, көмектесуді, кешірімді, мейірімді болуды, достасуды үйретеді. Өзіңді, үлкендерді, жасы кішілерді, жақын, туыс, басқа да адамдарды сүюді, сыйлауды, құрметтеуді түсіндіреді. Достық, Махаббат, Шындық, Денсаулық туралы түсінік береді. Жақсы мен жаманды айыра білуге жетелейді. Ең бастысы, өзіңді-өзің тәрбиелеуге көмектеседі.
Тапсырма
Оқушыларға оқулықта берілген суретке қарай отырып, «Сәлем саған, мектебім» тақырыбына әңгіме құрастыру тапсырылады. Мұғалім алдымен балалардың назарын суретке аударып, онда нелерді көріп тұрғанын. сұрайды. Мұғалім балалардың мектеп туралы білетіндерін білу мақсатында оларға сұрақтар қойып, әңгімеге тартады. Әңгімелесу барысында мұғалім балаларға мектепке келуді, оқуды ұмытты ма,олар мектепке келуге қалай даярланды, мектептен қандай жақсылықтар,қызықтар күтті, оларды мектепке кімдер ертіп әкелді деген тәрізді сұрақтар қояды. Осылайша балалар мұғалімнің көмегімен дайындық жасап, өз ойларынан аталған тақырыпта әңгіме құрастырады. Әрине, балалардан көлемді әңгіме құрастырып беруді талап ете алмаймыз, олар өз жас шамаларына қарай әңгімесін өз ойымен еркін айтып жеткізулері жеткілікті болады.
Назар аударыңдар
Мұғалім балаларға өзін-өзі тану сабақтарында өздерімен бірге болатын Данышпан ата, Алпамыс, Ақбота, Махаббат атты көмекшілерімен таныстырады. Олардың өздеріне арнаған түрлі сұрақтары, тапсырмалары, жұмбақтары, тіпті сыйлықтары болатынын айтады.
Өзіммен-өзім
Балаларға көмекшілерді жақынырақ таныстыру үшін «Өзіммен өзім» тәсілі ұйымдастырылуы мүмкін. Үнтаспада баяу музыка қойылады. Мұғалімнің айтқан сөздерін балалар көз алдарына елестетеді және әңгіме барысын сезінуге тырысады.
- Балалар, барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Өздерінді «Өзін-өзі тану елінде» жүрміз деп елестетіңдер. Бұл Елді үлкендерді құрметтеп, кішілерге камкор бола білетін, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді. Солардың ішіндегі ең данасы, ең жомарты, ең ақылгөйі - Данышпаната. Оны сол Елдің тұрғындарының бәрі сыйлайды. Қиналған сәттерінде ақыл-кеңес сұрайды. Данышпан ата айналасындағылардан көмегін аяған емес. Ол өзін, өзінің айналасын танып, білгісі келетін адамдардың барлығына сыйлык береді екен. Ендеше, сендердің «Өзін- өзі тану» елімен танысуға деген құштарлықтарыңды байқап, сендерге де арнайы сыйлык беріп жіберіпті, Көз алдарыңа Данышпан ата сендерге сыйлық әкеле жатыр деп елестетіңдер. Ол сыйлық- тың сендер үшін ең қымбат, ұмытылмас сыйлық екенін сезініңдер.
Енді бұрынғы қалыптарыңа түсіп, көздеріңді ашып қараңдар. Данышпан атаның сыйлығы - «Өзін-өзі тану» дәптері. Осы дәптерге сендер өздерің ұнататын суреттерді саласындар, қызықты тапсырмаларды орындайсыңдар.
Мұғалім «Өзін-өзі тану» дәптерін балаларға үлестіріп, дәптердегі өлең жолдарын оқып береді:
Дәптердің беттері ақ,
Сендердің көңілдерің пәк!
Сыйлығым бөріңе бүгінгі
Өкелсін қуаныш, бақ!
- Балалар, енді сол дәптердің алғашқы бетін ашайық. Осы беттегі суреттерге назар аударайық. Суретте берілген ақылды, әдемі ұл мен қыз - Алпамыс пен Махаббат, түйенің ботасы - сүйкімді Ақбота. Олар - сендердің көмекшілерің.
Жаңа ақпарат
Оқулықтағы жаңа ақпарат «Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты тақырыпта ұсынылған суреттер берілген.
Тақтаға «Өзін-өзі тану еліне саяхаттың» үлкейтілген суретін іліп қоюға болады.
- Балалар, бүгінгі сабақта «Өзін-өзі тану еліне» саяхат жасаймыз. Ол елде орман-тау, өзен-көл, патшалықтар, елді мекендер мен сарайлар бар. «Өзін-өзі тану елі» - «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерден тұрады.
Мұғалім суреттен көрсете отырып, балаларды осы өлкелермен таныстырады.
- Балалар, бұл «Тіл табысу» өлкесі. Бүл өлкеде сыпайы, бір- біріне қамқор, мейірімді адамдар өмір сүреді. Біз де өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді көрсете білейік. Ол үшін адамдармен қарым- қатынас жасауда айтылатын жақсы сөздерді айтайық.
Оқушылар қарым-қатынаста қолданылатын жақсы сөздерді айтады: сәлеметсіз бе, қош келдіңіз, сізге қуаныштымыз... т. с. с.
- Балалар, адам өзін тану үшін, елін таныта алу үшін бойында білім, адамгершілік, табиғат пен денсаулық туралы құндылықтар болуы кажет.Сондықтан біз « Өзін-өзі тану елінің» «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» өлкелеріне саяхатымызды жалғастырамыз.
Оқушыларға үнтаспадан Асылбек Еңсеповтің орындауында Б. Будашкиннің «Қуаныш» күйін тыңдау ұсынылады.
-Балалар, осы күйді тыңдаған сәтте қандай көңіл күйде болдыңдар, көз алдарыңа нелер елестеді?
Балалар өз ойларын айтады.
Мұғалім:
-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Күй тыңдаған сәтте коз алдымызға аққу, кол, тамылжыған табиғат, ұшқан құстар елестеді. Табиғат - біздің досымыз, денсаулык мекені. Саяхатсапарымызды өрі карай жалғастырайык. Алдымыздағы қалың ағаштар арасынан алыстан жаркырап, әдемі де биік ак күмістен, саф алтыннан, асыл тастардан соғылған күмбезді сарай көрінді. Сарай айналасы аппак нұрға бөленген. Сарайдан төгілген жылылык шуағы көңілімізді, ойымызды жарык нүрымен толтырғандай. Осы сарайға кіру - өрбір адамның арманы. Өйткені бүл «Білім сарайы». Осы жылылық шуағын сезінген адам білімді болады. Ал білімді адам өз арманына жете алады. Біз де өз білімімізді байқатайык, балалар. Ол үшін Данышпан атаның бізге жіберген тапсырмасын орындап, сыйлығын алайық.
Данышпан атаның бірінші тапсырмасы: Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Қабат-қабат қаттама,
Акылың болса аттама. (Кітап)
Данышпан атаның екінші тапсырмасы: Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтыңдар.
1. Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ).
2. Күш - білімде, білім - (кітапта).
- Балалар, жарайсындар! Білім алу үшін кітап, мектеп, оку - біз бүгін аса кажет. Данышпан ата сендердің жауаптарыңа риза болып «Үкілі домбыраны» (көрсетеді) сыйға тартады. Даньшпан ата сыйға тарткан «Үкілі домбыра» көтеріңкі көңіл күй, шаттық, қуаныш әкеледі.
- Енді бізді «Өзін-өзі тану елінің» ең төрінен орын алған «Адамгершілік» өлкесі күтіп түр. Басын кар мен мұз басқан осы шыңға кез келген бала шыға алмайды. Шыңға үлкенді құрметтейтін, кішіге қамқор болатын, шындықты айтатын, достарына көмектесетін, еңбекқор балалар ғана шыға алады. Ал шыңның басында «Алтын сандық» бар. Сандық ішінде Данышпан атаның екінші сыйлығы жатыр. Ол үшін мына жағдаяттарды дұрыс талдай алсақ, біз сол шыңға шығып, сандықты аламыз.
1-жағдаят:
Сәуле ауырып қалды. Әлия сабақтан кейін ауырған құрбысына барып,үй тапсырмасын орындауға көмектесті.
• Осы жағдаяттан Әлияның қандай қасиетін көріп отырсыңдар?
2-жағдаят:
Асан жүгіріп келе жатып, абайсызда Дамирді қағып кетті. Дамир жерге құлап, қолын ауыртып алды. Асан оған қарамастан, асығып жүгірген күйі өте шықты.
• Сендер Асанның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Әрбір жағдаятқа қойылған сұрақтан соң балалардың жауаптары тыңдалады.
-Балалар, жарайсыңдар! Тапсырманы сүрінбей орындап шықтыңдар. «Адамгершілік шыңына» шығуға бізге бойымыздағы жақсы қасиеттер көмектесті. Данышпан атаның үшінші сыйлығын алғыларың келе ме?
Мұғалім сандықтың ішінен «алтын сақаны» (асықты) алып көрсетеді.
- Балалар, біз саяхатымызда «Өзін-өзі тану елінің» «Тіл табы- су», «Білім», «Табиғат пен денсаулық», «Адамгершілік» атты өлкелерінде болдық. Осы өлкелерде біз бір-бірімізге, үлкендерге жылы сөздер, жақсы тілектер айтуды үйрендік. Достық, көмек, махаббат, сыйластық, шыншылдық, денсаулық, табиғатқа қамқорлық, Отанға сүйіспеншілік құндылықтарымен таныстық. Адам болып қалыптасуымыз үшін оқу мен білімнің кажеттілігін түсіндік.
Тыныштық сәті
Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде төмендегідей тапсырма беріледі.
• Табиғат аясын өздеріңе ұнайтын түспен бояңдар.
Қорытындылау
Сабақты қорытындылау кезінде мұғалім мынандай сұрақ қоюы мүмкін:
-Балалар, бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық?
Балалар өздері қорытындылайды. Мысалы:
Біздің көмекшілеріміз - Данышпан Ата, Алпамыс, Махаббат және Ақботамен таныстық.
Жүректен жүрекке
Мұғалім балаларды жүректен жүрекке шеңберіне жинап, бәрі қосылып, мына өлеңді айтады.
Көк аспанда Күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген