Саясаттану және әлеуметтану негіздері пәнінен сабақ жоспары (көмекші құрал)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саясаттану және әлеуметтану негіздері пәнінен сабақ жоспары (көмекші құрал)

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Маңғыстау облысының білім басқармасыны

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің

оқу- әдістемелік кабинеті

Х.Өзбеккалиев атындағы маңғыстау политехникалық колледжі














Саясаттану және әлеуметтану негіздері пәнінен сабақ жоспары

(көмекші құрал)























Ақтау 2018 жыл




Келісілді Бекітілді

Әдістемелік кабинет Директордың ОӘЖ

отырысында орынбасары

Хаттама №_________ _____________Жұмабаева Л.Қ

«___»_______2018ж. «___»___________2018ж.










Тақырыбы: Саясаттану және әлеуметтану негіздері пәнінен сабақ жоспары (көмекші құрал)





Құрастырған:Жайлы А.Х- Х.Өзбеккалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің тарих пәнінің магистрі
















Бұл ұсынылып отырған көмекші құрал техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы барлық оқытушыларға арналған.Бұл көмекші құралдың оқытушылар мен қатар студенттерге де берер пайдасы мол.





Алғы сөз

Бұл техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы барлық мамандықтарға студенттердің азаматтық мәдениетін қалыптастыруға,саяси ғылымның зерттейтін мәселесі туралы білімдерді меңгеру негізінде саяси құбылыстар мен процестерді тталдай білуге және түсінуге қабілетінің,гуманитарлық дайындығының дәрежесін көтеру барысында қолданылатын көмекші құрал ретінде жазылды.Саяси білімнің негізгі мақсаты студенттерді қоғамдағы күрделі саяси ортада дұрыс саяси бағдар алуға,өз мүдделерін дұрыс түсінуге ,қорғай білуге бостандықтары мен құқықтарын сақтай білуге тәрбиелеу.Бұл техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы күндізгі бөлімде оқитын қазақ бөлімінің студенттеріне қазіргі саяси ғылым мен ой-сананың,мәдениеттердің негіздерімен танысуға көмек көрсету деп есептеймін.
































1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы:«Саясаттану - саясат туралы ғылым және пән».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық:Пәннің негізгі мазмұнымен таныстыру.

Білімділік:Жалпы саясаттану пәні туралы мағлұмат беру,оның қоғамдағы рөлін анықтау.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Саясат жөнінде білімдерін толықтыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Н. Қапесов «Саясаттану», Д. Жамбылов «Саясаттану».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:Студенттермен сәлемдесу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру,кезекші тағайындау,назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саясаттану пәні, міндеттері, функциялары.

  2. Әлемдік саясаттану мектептері, дәстүрлері, кезеңдері.

«Саясат» деген сөз грек тілінен шыққан (политика) мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдіреді.

«Саясаттану» ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде эмперикалық әдістердің кеңінен пайдалана бастауы өз ықпалын тигізді. 1857 ж. АҚШ- тың Колумбия колледжінде профессор Френцис Лидер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашып, соның негізінде онда 1880ж саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды.

АҚШ-тағы сияқты 1872ж Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер жұмыс жасай бастады. қызметкерлер жұмыс жасай бастады.1889ж Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903жылы Америкалық саяси ғылымдар ассосациясы өқрылды.

ХХғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретіеде бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып,толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшыларымен 1949жылы құрылған саяси ғылымның халықаралық ассосациясы зор роль атқарды. Сан ғасыр бойы Ресей империясы, одан кейін тоталитарлық жүйе саясат пен билік сырын бүгіп келді.

Қазірдің өзіндеде халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің әс-әрекеті жөнінде хабарлары аз. Көпшілігіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының,бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай жағдайда бұл туралы ғылымды тек саясаттану ғана бере алады.Саясаттану бағалау қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа әс-әрекетке және оқиғаларға саяси баға береді.

Ғылым, білім, мәдениет, саясат, әрі қарай дамуы Ертедегі Греция мен Рим дәуірінен келеді. Гректерде артына із қалдырған ойшылдар көп.Солардың ішінде Платон мен Аристотельдің есімдерін айтып кету жөн болар.

Платон (б.д.д.427-347ж.ж) Сократтың шәкірті болды. Ол Афины қаласында мектеп ашып оны «академия» деп атады. Мұнда 100О жылдан астам уақыт білім берді.

Платон 200-ге жуық оның ішінде негізгілері «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» т.б. еңбектерін жаріққа шығарды. «Мемлекет» деген еңбегінде мемлекеттік құрылымның 5 түрін суреттейді. Олар: аристократия, тимократия, олигархия, демократия, тирония.

Оның ойынша ең жақсы мемлекет аристократиялық мемлекет.

«Заңдар» деген еңбегінде мемлекеттік құрылымды басқарушы және заң деп екіге бөледі. Басқарушы заңға бағынады.

Аристотель (б.д.д 384-322жж.) саяси ғылымның негізін салды. Афиныда философиялық мектеп ашылды. Саяси тақырыпқа арналған «Саясат», «Афинылық полития», «Этика» деген шығармалары белгілі. Аристотель саясатты ғылым ретінде этикамен, әділеттілік, әдептілікпен байланыстырып, оны саясаттанудың бастамасы, кіріспесі ретінде санайды.

Ежелгі Рим ойшылы М.Туллий Цицерон (б.д.д. 106-43жж.). Оның «Мемлекеттік тур», «Міндеттер тур» деген еңбектері көпке әйгілі.

Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды. Қоғамдық саяси қатынастарға әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. «Саясат» терминінің негізгі түсінігі?

  2. Саясаттану ғылым ретінде қай кезде қалыптасты?

  3. Саяси ғылымның ең көне мектептері?

Үй тапсырмасын беру:

«Саясаттану пәнінің әдістері».

Бағалау.


2сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саясаттанудың ғылым ретінде пайда болуы».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Саясаттануды жеке ғылым ретінде қарастыру.

Білімділік: Саясаттанудың басқа ғылым салаларымен байланысы туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Патриоттық рухта тәрбиелеу. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, тарих, экономика, қоғамтану т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Жаңа сабақ барысымен таныстыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саясаттану объектісі мен пәні.

  2. Саяси билік, саяси қатынастар.

  3. Саясаттану-жүйе мен үрдістің даму заңдылықтары туралы ғылым.


Саясаттың пайда болуымен мәні жөнінде ғылымдар арасында әр түрлі пікірлер бар.

Алғашқы қоғамдық қауымда саясат болған жоқ.Саясат жеке меншік топтардың, мемлекеттердің пайда болуына байланысты дүниеге келді.

Саясаттың өзіндік құрамдас бөліктері бар.Оған жататындар саяси қатынастар, саяси сана, саяси ұйым.Сонымен саясат халықтың, топтардың өз мүдделерін, мұқтаждықтарын ұғынып, түсіну нәтижесінде пайда болды. Сондықтан саясат деп өздерінің қоғамдық мәні бар мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыратын әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы әс-әрекеттерді айтады. Саясаттың екі түрі бар: ішкі және сыртқы саясат.

Ішкі саясат-мемлекеттің, қоғамның, ұйымның, саяси басшының қоғам ішіндегі әрекетінің негізгі бағыттарын білдіреді.

Сыртқы саясатқа мемлекеттің жалпы саяси жүйелерінің халықаралық дәрежеде, ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа ел, ұлттармен қарым-қатынасы жатады.Саясатқа (экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, ауылшаруашылық, мәдени, әскери т.б). жатады. Ішкі және сыртқы саясат бір-бірімен тығыз байланысты. Бір—біріне елеулі әсер етіп отырады. Саясатты жасаушы - саясатшылар. Саясаттанушы деп саяси өмірге белсене араласып, саяси мәселелермен кәсіби айналысушыларды айтады. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәріне зерттеу объектілері ортақ қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдардыда пайдаланады. Бірақта әрбір қоғамтану ғылымының өз пәні бар. Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Сондай-ақ экономикаға жақын. Ленин саясатты экономиканың жинақталған көрінісі деп атайды. Саясат құқықпен де тығыз байланысты.

Саясат адамзатпен күрделі және жан-жақты тығыз байланысты. Жинақтап оны 3 түрге бөлуге болады.

  • Саясатты адамгершілікке толық бағындыру

  • Саясат пен адамгершіліктің арасын толық ажырату

  • Адамгершілікті саясаттандыру

Саясат идеологиямен де байланысты. Идеология саяси жұмыстың теориялық негізі болып табылады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саясат терминінің негізгі мағынасы қандай?

  2. Саясаттың түрлерін атап көрсетіңіз?

  3. Ішкі және сыртқы саясат деген не?

  4. Саясаттанушы деп кімді айтамыз?

  5. Саясатпен байланысты басқа ғылым салалары қандай?

Үй тапсырмасын беру:

Саясаттың түсінігі мен мәні.

Бағалау.



3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саясат - қоғамдық құбылыс».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Саясаттың мәнін, қоғамдық қатынастарын көрсету.

Білімділік: Саясаттанудың әдістерінің, функцияларының, категорияларының мәнін ашу.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге қызығығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Әлеуметтану, қоғамтану, философия, мәдениеттану т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар жасырылған кеспе қағаздар. Е.Қуандық «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

    • Саясат терминінің негізгі мағынасы.

    • Саясат түрлері.

    • Саясатпен байланысты қоғамдық ғылымдар.

  3. Жаңа сабақ барысымен таныстыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саясаттанудың мәні, пайда болу себептері.

  2. Саясаттың құрылымы, негізгі белгілері.


Саясат идеялогиямен де ол байланысты. Идеялогия саяси жұмыстың теориялық негізі болып табылады. Саясаттың пайда болуы мен мәні жөнінде ғылымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар;

  • Геологиялық бағыт-саясаттың пайда болуы құдайдың құдіретімен түсіндіріледі. (А.Августин, Ф. Аквинский)

  • Географиялық бағыт-географиялық себептерді, қоршаған ортаны алға тартады.(Ж. Боден, Ш. Монтеське)

  • Биологиялық бағыт- саясаттың көзі мен тетігін биологиялық алғышарттармен түсіндіріледі. (Н. Маккиавелла, Т. Гоббс)

  • Психологиялық бағыт-саясат құбылыстары адамның психикалық қасиеттеріне телиді.

  • Конфликтік теория-қоғамның тұтастығын сақтау үшін шиеленістерді реттейді.(Ж. Френд)

Саясаттану адамдарға саяси қажеттіліктерін мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікке, келісімге, серікткстікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді.

Халықтың тиісті саяси мәдениетсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды. Десе де мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделерінің ескерілуі басқарушы топтың құдіреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналылығы мен белсенділігіне байланысты.

Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өз-өзінен тумайды.

Саясаттану пәнінің мақсаты-студенттерге саяси шиеленістердің, құбылыстардың, қазіргі қоғам дамуындағы саяси мәселелердің мәнін түсінуге көмектесу.

Соның барысында олардың саяси санасын қалыптастыру, адамзат дамуының баламасы даму жолдары бар екендігін түсіндіру, демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары ережелерді бойларына сіңіру.

Саясаттану-саясаттың адам мен қоғам арасындағы қатынас туралы ғылым. Саяаттанудың зерттеу объектісі қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама жинақталған білім береді.

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын оның даму заңдылықтарын, қазіріг саяси өмірді ұйымдастыруды, басқарушы, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен оның саяси өмыірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері,саяси мәәәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси и деялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саясат терминінің негізгі мәні қандай?

  2. Ғылымдар арасындағы саяси ой-пікірлердің маңызы қандай?

  3. Саясаттың ең басты бағыттары?

  4. Саясаттанудың міндеті мен маңызы, функциясы.

Үй тапсырмасын беру:

«Қазіргі заманғы саяси ойлар».

Бағалау.


4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саяси билік ұғымы және теориясы».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Тақырып мәнін аша отырып, студенттердің ой-өрісін дамыту, пікірлесу.

Білімділік: Саяси билік мазмұнына және оның негізгі түрлеріне түсінік беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: География, қоғамтану, философия, құқық негіздері т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, карточкалар. Кенжебаев «Саясаттану».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Саяси қатынастар.

  • Әлемдік саясаттану мектептері.

  • Саясаттанудың құрылымы, белгілері.

  • Қоғамдық ғылымдармен байланысы.

3. Жаңа сабақ барысымен таныстыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Билік теориясы.

  2. Биліктің түрлері.

  3. Биліктің легитимдігі.


Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттанудың саяси институттарымен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп білуге мүмкіндік береді. Себебі саясаттың негізгі мәселесі билік, ал мазмұны билік үшін күрес және билік жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун: «адамзаттың басқа жануаддан ерекшелігі, ол билік үшін күреседі»,-деген екен.

Билік жөнінде ғылымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдар бар. Солардың негізгілері:

  1. Теориялық анықтама-билікті белгілі бір мақсатқа белгіленген нәтижеге, қорға жету мүмкіндігі днп түсіндірді.

  2. Бихиористік анықтама-билік деп басқа адамның, жүріс тұрысын, өз-өзінің ұстауының мүмкіндігінің негізделген іс-әрекетінің негізгі түрі.

  3. Инструметалистік анықтама-билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.

  4. Структуралистік анықтама-билікті басқарушы мен бағынушы арасындағы қатынасының ерекше түрі деп ұғады.

  5. Конфликтік анықтама-билікті дау-жанжал жағдайда игілікті бөлуді реттейтін мүліктік шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіріледі.

Сонымен, біз билік туралы ғылымдар арасында ортақ пікір, ортақ анықтама жоқ екенін байқадық. Билік деп біреудің екіншідерге әмір жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. «Билік» сөзі әр мағынада қолданады. Оны ықпал ету баағытына, объектісіне байланысты былай бөлуге болады:

  1. Ата-аналар билігі.

  2. Мемлекеттік билік.

  3. Экономикалық билік.

  4. Саяси билік.

  5. Әлеуметтік билік.

  6. Құқықтық билік.

  7. Әскери билік.

  8. Рухани билік, т.с.с.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құлиеленушілік құрылыста құл иеленушілер мен құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді. Адамдарды еріктен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінді.

Саяси билік таптың, топтың және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргіззумүмкіндігін білдіреді.

Ал, мемлекеттік билік барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға, жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Саяси биліктің өзіндік қызметі болады. Олар:

  1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру

  2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру

  3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттік істерді басқару

  4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау

  5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау

  6. Белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру

  7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау

  8. Қоғамдық келісімге жіне мәмілеге келу, т.с.с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы үш деңгейге ұйымдастырып, қызмет етеді:

  1. Жоғарғы орталық саяси институттар,мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.

  2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтың, облыстың шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.

  3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Ал, демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармаққа бқледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж. Лок пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье болды.

Заң шығарушы билік(парламент)-заң шығарумен оны бекіту,өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды.

Атқарушы билік-ке үкімет пен әкімшілік жатады.Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді үкімет заң қабылдайды. Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Сот билігі адамның құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды. Парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конститутциялық жарғыларының сәйкестігін анықтайды. Оны халық және қкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз.

Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы,ең дамыған,ең толық түрі,оның өзегі болып табылады.

Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді)дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті маңындағы оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда билік легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет:

  1. Ол халықтық қалауы бойынша қалыптасуы эәне көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің басшысын белгілі бір мерзімге тура немесе жанама түрде халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отырытын мүмкіндік керек.

  2. Мемлекеттік билік конститутциялық қағидаларға жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы М. Вевер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:

  1. Әдет-ғұрыптық легитимдік - халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрге сүйенеді. Мысалы: хан, сұлтан т.б.

  2. Хоризматикалық легитимдік - ерекшк батылдығымен, адалдығымен, немесе басқа үлгі қабылет-қасиетімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед Пайғамбар.

  3. Ақыл-парасаттың құқықтық легитимдігі - қазіргі саяси-құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.

Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конститутция жатады. Мысалы 1995ж.30тамызды республикалық референдумда ҚР-ң жаңа конститутциясы билікке нақтылы легитимдік берді.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Билік деп нені айтамыз?

  2. Билік жөніндегі анықтамалар, биліктің түрлері, мемлекеттік билік деген не?

  3. Саяси билік деп қандай билікті айтамыз?

  4. Биліктің легитимдігі леген не?

  5. Легитимдіктің неше үлгісі бар?

Үй тапсырмасын беру:

«Биліктің негізгі принциптері».

Бағалау.


5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саяси өмір мен саяси жүйе».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Түрлі тәсілдердерді пайдалана білуге машықтандыру.

Білімділік: Қоғамда кездесетін шиеленістер мен оларды шешу жолдарын үйрету.

Тәрбиелілік: Іскерлікке, шеберлікке үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру,кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саяси өмір.

  2. Саяси жүйе.


Алғашқы қауымдық қоғамда жалғыз адам жеке дара өмір сүре алмайтын. Сондықтан ұжымдасып, ру-ру болып, тайпа болып тұрудың арқасында ғана күн көрісін қамтамсыз ете алды. Еңбек өнімі аз болды. Өндіріс құралдары жетіле бастады. Қосымша құнға байланысты жеке меншік дүниеге келді. Адамды адам қанауына мүмкіндік туды. Сөйтіп алғашқы адамдар қоғамының орнына құл иеленушілік келді. Бтлікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институцианалдық қалыпқа түседі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы-мемлекет. Ол үстем таптың саяси өкімет ұйымы.

Қоғамның саяси жүйесі деп - билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтәк топтар,таптар, ұлттар мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтамыз. Бұл жүйе саяси деп аталады.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

  1. Белгілі бір әлеуметтік топтың н/е көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету.

  2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді. Жекеленген әлеуметтік топтар н/е көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр-түрлі салаларын басқарады.

  3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады.

  4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогрестің дамуына кқажетті жағдай жасау.

  5. Қоғамды оның мүшелерін, ішкі және сыртқы бүлдіргіш әрекеттен қорғау.

Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады:

  1. Саяси институттар;

  2. Саяси қатынастар;

  3. Саяси ережелер;

  4. Саяси мәдениет.

Енді осыларға қысқаша сипаттама берелік:

Саяси институттар-(ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар т.б. қйымдар, бірлестіктер жатады. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар кіреді.

Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін Саяси қатынастар құрайды. Оған топтардың этикалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның арасындағы қатынастар кіреді.

Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және Саяси ережелер негізін құрайды.

Саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзғарастарда, идеяларда, теорияларда, бағдарламаларда саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саяси жүйе деген не?

  2. Қоғамның саяси жүйесі деген не?

  3. Саяси жүйенің негізгі бөліктеріне нелер жатады?

Үй тапсырмасын беру:

«Саяси жүйе ұғымы».

Бағалау.



6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қоғамның саяси жүйесі».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Тақырып мазмұнын аша отырып, студенттердің ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Қоғам және ондағы негізгі жүйелерге шолу жасау. Саяси жүйенің қоғамдағы мәнін ашу.

Тәрбиелілік: Өз ойларын, пікірлерін ашық айта білуге, іскерлікке, шеберлікке дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

    • Саяси жүйе дегеніміз не?

    • Саяси жүйенің қызметтері?

    • Саяси жүйенің бөліктері?

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саяси жүйе

  2. Саяси тәртіптер


Саяси жүйенің басты қызметі-қазына, байлыққты болу саласына бақылау жасау. Сонымен қатар саяси жүйе дүниежүзілік, екі жақты болуы мүмкін.

Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды. Әр түрлі өлшемдерді пайдаланады.

Ал, У. Ростоу және т.б. экономикалық өсу сатысы деген тұжырымдаманы алға тартты. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы бес сатыдан тұрады.

  1. Дәстүрлі қоғам

  2. Алға басу қоғамы

  3. Өтпелі қоғамы

  4. Индустриалдық

  5. Индустриалдан кейінгі қоғам

Қазіргі саясатта ең көп тараған жіктеудің түрі қоғамда қалыптасқан саяси тәртіптің ерекшелігіне негізделеді.

Саяси тәртіп- саяси билік қоғамды басқару әдіс-тәсілдер жиынтығын айтады. Қазіргі саяси тіртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екі топқа бөлеміз.

Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады.

Антидемократиялық тәртіп-тоталитарлық, авторитарлық боп бөлінеді.

Тоталитарлық тәртіп деп қоғам адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады.

Авторитарлық тәртіп деп күштерге, жеке адамның билігін негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады.

Сайып келгенде, саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саяси жүйенің қызметтері қандай?

  2. Қоғамның саяси жүйесі деп нені айтамыз?

  3. Тоталитарлық тәртіп деген не?

  4. Авторитарлық тәртіп деген не?

Үй тапсырмасын беру:

«Адам және қоғам түсінігі».

Бағалау


7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саяси институттар».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Саяси институттар құрылымы мен мемлекеттің қалыптасу нормаларымен және мемлекеттің типтерімен таныстыру.

Тәрбиелілік: Ой-өрісін тереңдету мақсатында іскерлікке, шеберлікке үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Н.Қапесов «Саясаттану».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

    • Саяси жүйе дегеніміз не?

    • Қоғамның саяси жүйесі?

    • Саяси тәртіп деген не?

    • Саяси тәртіптің түрлері?

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

    1. Саяси институт ұғымы, құрылымы, жіктелуі

    2. Мемлекет қалыптасуы, құрылымы, функциялары.

    3. Мемлекеттің типтері.


Саяси институттарға - ұйымдар, мекемелер мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар т.б. ұйымдар, бірлестіктер жатады.

Солардың ішіндегі ең негізгісі - мемлекет. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымды қорғайды.

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады:

  1. Кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымдарын білдіреді де қоғам, ұйым, ел деген ұғымдарға сәйкес келеді.

  2. Тар мағынасында басқару құрылымының мемлекеттік аппаратының жиынтығын білдіріп, үкімет, әкімшілік деген ұғымдарға сай келеді.

Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы мен мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағаны:

  1. Теологиялық теория (А.Августин, Ф.Аквинский). Мемлекет алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіріледі.

  2. Патриархтық теория (Аристотель, Р.Филмер). Мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, одан үлкен қауымдастыққа, мемлекетке дейін бірігуі деп санайды.

  3. Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо). Егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды деп санайды.

  4. Зорлық жасау теориясы (К.Каутский, Е.Дюринг). ХІХ ғ. қалыптасқан пікір. Күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп бағындырп мемлекет құруы.

  5. Георграфиялық теория (В.Соловьев, Б.Чичерин). Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (жер, су, т.б.) өзгешіліктерінен деп түсіндіреді.

  6. Психологиялық теория (Ч.Тард, Л.Петражицкий). ХІХ ғ. пайда болды. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің негізі деп түсіндіреді.

  7. Маркистік теория. Мемлекеттің пайда болуы жеке меншік пен топтың шығуы мен байланыстырады.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құрылысына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік мемлекеттің бірнеше белгілері бар:

  1. Аумақтық (территориялық) бөліну;

  2. Ерекше өкімет аппараты (жария билік);

  3. Мемлекеттің егемендігі;

  4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру;

  5. Салық салу;

  6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қасиеттері (функциялары) болады. Мемлекеттің ішкі функциялары:

  1. Экономикалық функция;

  2. Әлеуметтік функция;

  3. Қаржы реттеу;

  4. Мәдениет бағытындағы функция;

  5. Құқықтық тәртіпті қорғау;

  6. Экологиялық функция;

  7. Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы.

  8. Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы.

Мемлекеттің сыртқы функциялары:

  1. Екі жақты пайдалы қарым-қатынас жасау;

  2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамыту. Барлық мәселені бейбіт жолмен шешу.

  3. Мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру.

  4. Дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру.

  5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болғаннан бері оның неше түрлі типтері болған. Мемлекеттің типтері әр түрлі көрініс беруі тиіс. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын, мемлекеттік биліктің жүзеге асыру тәсілін айтады. Оның үш жағы бар:

  1. Басқару түрі;

  2. Саяси тәртібі;

  3. Мемлекеттік құрылысы.

Басқару түрі жоғары өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғары өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Монархия абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.

Абсолюттік монархия деп жоғары өкімет билігі бүтіндей, тұтас формальды түрде де шектелместен бір адамның (монарх) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады.

Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде белгілі заң шығаратын билік парламентпен шектеледі.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органын белгілі бір уақытқа сайланатын өкілдік мекемелер арқыылы қалыптасатын мемлекеттік басқару түрін айтады. Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді

Президенттік басқаруда мемлекеттің басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлайды.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғары басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы, атқарушы билікте парламентке тәуелді.

Мемлекет басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Ол унитарлық, федеративтік, конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелділігі бар бірнеше мемлекеттік құрылыстың бірігіп, одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп оны жүзеге асыру үшін бірлескен мемлекеттер одағын айтады.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саяси институттарға нелер жатады?

  2. Мемлекеттің анықтамалары, түрлері, функциялары?

Үй тапсырмасын беру:

Саяси партиялар, оның қызметі.

Бағалау.


8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саясат субъектілері».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Саяси жетекшінің ұғымы, ерекшелігі, саяси дамуға ықпалы, қалыптастыру жолдары туралы мағұлмат беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге қызығығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Саяси институттарға нелер жатады?

  • Мемлекет құрылымы, функциясы, түрлері.

  • Партиялық жүйе.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саясат субъектілігі.

  2. Саяси жетекшілік, саяси жетекшінің ерекшелігі


Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Саясаттың бірінші субъектісі мен объектісі-адам.

Субъекті - белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топ.

Объекті - субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда объекті зерттелетін зат. Сондықтан саясаттың объектісіне саясат және саясат әлемі жатады.

Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласатын, басқалардың іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізген. Саясат субъектісінің құрамы іс-әректтің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты тарихи жағдайларымен айқындалады.

Саяси институттар - (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар т.б. қйымдар, бірлестіктер жатады. Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар кіреді.

Саяси жетекші деп партияның, қоғамдық саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысын айтамыз. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жинай білген адам жатады.

Саяси көсем қалай пайда болды? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар кездеседі. Сонда көш бастаған көсемге қажеттілік пайда болады.

Саяси жетекші (көсем) болудың екі жолы бар:

  1. Көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне кездейсоқ деп басып ойынан шығу.

  2. Ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.

Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым - cаяси бастаушы, көсемсымақ (волит, вожок). Ол ұғым XX ғ. пайда болды.

Саяси бастаушы көбіне бүлдірушіліук идеяларды пайдаланып, өзінің атын шығарып, мансап құрады.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саясаттың субъектісі мен объектісі кім?

  2. Саяси жетекші деп кімді айтамыз?

Үй тапсырмасын беру:

Дәрісті қайталау.

Бағалау.


9-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саяси партиялар».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Саяси партия, мәні, қызметтері, түрлері туралы мағұлмат беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Саясаттың субъектісі мен объектісі кім?

  • Саяси жетекші деп кімді айтамыз?

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

    1. Саяси партиянын пайда болуы, мәні және қызметтері.

    2. Саяси партиялардың жіктелуі.

    3. Партиялық жүйе.


Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. “Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Қазіргі біздің түсінігіміздей саяси партиялар Еуропада ХІХ ғ. екінші жартысында пайда бола бастады.

Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1)аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.

Поляктың белгілі саясаттанушысы А.Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:

а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;

ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;

б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;

в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін,элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;

г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу;

д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;

е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;

ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін саяси тәрбиелеу;

и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну т. т.

Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алу немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекттік органдар құруға, мемлекттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.

Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төрт түрге топтастырады:

1. Авангардтық партиялар (лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жұмысына белсенді қатысуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс партиясы, бұрынғы СОКП.

2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру, қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.т. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдық құрылым жоқ.Мысалы, АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялар. Сондықтан американдық азамат ”Мен демократиялық партияның мүшесімін демейді, ”Мен демократтар үшін дауыс беремін” дейді.

3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады. Сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап, қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер мен муниципалиттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер(фракциялар) жасайды. Премьер-министрдің кандиратурасы мен үкімет құрамы парламеттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Ұлыбританияда, Францияда солай.

4. Қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзғарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселерді талқылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға ”Жасылдар” партиясы, балалары, малдарды жануарларды қорғау партиялары, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар жатады.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.

1. Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз құруға тырысадыы. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы рөлін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.

2. Социал-демократиялық партиялар. Олар копиталистик қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертип отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, тендік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социял- демократиялдық партиялары, Ұлыбританияның лейбористик партиясы және т.б.

3. Буржуазиялық–демократиялық партиялар. Олар ХІХ ғасырда Еуропамен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүру керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға қарсы үздіксіз ашық оппазиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т. б.

4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті қорғағысы келеді, адамдық және адамзаттық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Х ристандық-әлеуметтік партиясы т.т.

5. Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандыруды, адмның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуынан сақтандырады.

Билік үшін күреске қатысып жүрген партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.

Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады.онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі.

Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқада кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасыеда жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Ол Министрлер Кавинетінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті заң бойынша кқрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік береді.

Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық қоғамдарға тән. Мұндай тәртіпте басқарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың жоқтығые пайдаланып, саяси билікті қолына алып, басқа мемлекеттік органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір Қытай, КХДР, Кубада бар.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Партия дегеніміз не?

  2. Саяси партиялардың қандай түрлері бар?.

  3. Саяси партиялардың жіктелуі.

Үй тапсырмасын беру:

Дәрісті қайталау.

Бағалау.


10-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саяси элита».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Саяси элита түсінігі, қызметі және түрлері туралы мағұлмат беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

    • Партия дегеніміз не?

    • Саяси партиялардың қандай түрлері бар?.

    • Саяси партиялардың жіктелуі.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саяси элитаның түсінігі мен қызметі.

  2. Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі.


Элита” термині француздің elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIIIғ. Бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. ХХғ. Бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі,байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Элита терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). “Жалпыға бірдей социология трактатында” (1916) ол “элитарлардың айналу” теориясын жасады.Ол бойынша билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай түседі. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар,бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.

Саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық(туа біткен) және әлеуметтік(оқу барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы(күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылган мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды. Сонымен, саяси элита деп қазына байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлік және гильдия жүйесі. Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын көрсете білуі тиіс. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген т

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болсада анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерге белгілі бір таптың, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр.

Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топталады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита боп бөлінеді.

Қазіргі элита заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі:

1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғары элита;

2) мемлекет қызметкерінің жоғары жігін құрайтын әкімшілік элита;

3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі мен білімі бар;

4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық жағдайдағы адамдар.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Элита дегеніміз не?

  2. Саяси элиталарды қызметке іріктеп алудың қандай түрлері бар?

  3. Саяси элиталардың қандай түрлері бар?

Үй тапсырмасын беру:

Дәрісті қайталау.

Бағалау.


11-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саяси сана мен саяси мәдениет».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Саяси сана және саяси мәдениет түсінігі,қызметі туралы мағұлмат беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

    • Элита дегеніміз не?

    • Саяси элиталарды қызметке іріктеп алудың қандай түрлері бар?

    • Саяси элиталардың қандай түрлері бар?

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саяси сана.

  2. Саяси мәдениет, оның мәні мен қызметтері


Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асыруымен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі-мемлекеттік билік, оның қызметі.

Саяси сана әр түрлі қызмет атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

А) Қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;

Ә) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру

Б) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте адамдарды әс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. ХХғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы- 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырылып шығарды. Олар кейін «саяси мәдениет» деген атпен таралып кетті.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М.Вевер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саятшылары мен әлеуметтанушылары да үлкен үлес қосты. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фәлсафашысы Иоган Гердерді санайды.

Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтамыз.

Саяси мәдениеттің өзіндік міндеттері мен қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелілік, біріктірушілік, қорғау сабақтастық қызметтік жатады.

  • Танымдық қызметі - қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жқмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

  • Реттеушілік қызметі - саяси жүйені қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

  • Тәрбиелілік қызметі - әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белселділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке қоғам алдында жауапкершілікке баулу.

  • Біріктірушілік қызметі - қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.

  • Қорғау қызметі-қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

  • Сабақтастық қызметі - саяси тәжірибені бір ұрпаұтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саяси сана дегеніміз не?

  2. Саяси сананың қандай қызметтері бар?

  3. Саяси мәдениет дегеніміз не?

  4. Саяси мәдениет қызметтері?

Үй тапсырмасын беру:

Дәрісті қайталау.

Бағалау.




12-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Саяси идеология».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Саяси идеология, қызметтері, қазіргі идеологияның түрлері туралы мағұлмат беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Саяси сана дегеніміз не?

  • Саяси сананың қандай қызметтері бар?

  • Саяси мәдениет дегеніміз не?

  • Саяси мәдениет қызметтері?

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Саяси идеология мәні, қызметтері.

  2. Қазіргі идеологияның негізгі түрлері.


Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі - саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А.Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.

Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келеді.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

  1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.

  2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с. негізгі түсініктер туралы мағұматтар береді, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.

  3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерін айқындап әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады.

  4. Амортизациялық қызметі. Саяси әс-әрекетті түсіндіру тәсілі боп, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңсітеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.

  5. Бағалау қызметі. идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі көзғарас тудырады.

Саясаттың қандай суъбектісіне болсын идеология қажет. Ол - адамдардың рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм ( латынның либералис – еркін деген сөзінен) жатады. Оның негізін салушылар: Дж. Локк (1632-1704), Ш. Л. Монтескье (1689-1755), А. Смит (1723-1790), И. Кант (1724-1804), Т. Джефферсон (1743-1826), А. Токвиль (1805-1859), Дж. Милль (1806-1879). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либералмзм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет арқылы) араласу керектігі негізделеді.

Жаңарған либерализмнің өкілдеріне Ф.Фон Хайек, Дж.Кейнс, Дж.Гелбрейт және т.б. жатады.

Консервативтік (латынның консервативус - қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революциясыны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсапашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публисті және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773-1859) және т.б. жатады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырлың басында консерватизм негізгі қағидалрына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік жіне саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағытты жаңарған консерватизмге айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д.Белл, З.Бженский, Н. Кристолл және т.б. жатады. Олардың қатарына бұрынғы АҚШ президенттері Р.Рейган, Д.Буш, Англияның бұрынғы премьер министрі М.Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г.Коль және т.б. кіреді.

Коммунистік (латынның коммунис-жалпы деген сөзінен)идеялар ХІХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895). Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғалы келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал - социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш - жұмысшы табы.

Фашизм (Италияның фашизмо - бірлестік деген сөзінен) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше (1844-1900), Дж.Джентиле (1875-1944), О.Шпенглер, (1889-1036).

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Саяси идеология дегеніміз не?

  2. Саяси идеологияның қандай қызметтері бар?

  3. Саяси идеологияның түрлері?

Үй тапсырмасын беру:

Дәрісті қайталау.

Бағалау.


13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат».

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту.

Білімділік: Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, ұлттық қауіпсіздік туралы мағұлмат беру.

Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.

Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану, философия т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Схема, сұрақтар, кеспе қағаздар. Д. Жамбылов «Саясаттану негіздері».

Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, кезекші тағайындау, назаларын сабаққа аудару.

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Саяси сана дегеніміз не?

  • Саяси сананың қандай қызметтері бар?

  • Саяси мәдениет дегеніміз не?

  • Саяси мәдениет қызметтері?

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

    1. Сыртқы саясат.

    2. Халықаралық қатынастар.


Әлемдік саясат деп мемлекттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежедегі әс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.

Халықаралық саясатпен тығыз байланысты тағы бір ұғым бар. Ол-ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде деп өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Оған ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы қауіп-қатерден сақтау, ұлттың жақсы тұрмыс-халін өрлетіп, дамыту, халықаралық майданда мемлекеттік экономикалық саяси бағытын қорғау, әлемдік саясатта өз ықпалые кеңейту жатады.

Ұлттық мүддемен етене байланысты ұғым - «ұлттық қауіпсіздік».

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әскери қауіпті жоюмен ғана тынбайды. Бүгінгі жағдайда адамзатқа соғыстан басқа да көптеген қауіп төніп тұр. Оларға өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерді қалдықтарымен атмосфераны, жер қыртысын, су қоймаларын ластауға әкелген экологиялық күйзелісті, жер жүзіндегі ауа райының өзгеруін,нашқорлық пен маскүнемдікті, халықаралық терроризм мен коррупцияны және т.б. көптеген кеселдерді келтіруге болады. Сондықтан жалпыға бірдей қауіпсіздік жүйесін жасағанда, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың бәріне тең қауіпсіздік болуын, екіншіден, ол жүйе саяси, экономикалық, адамгершілік сияқты қауіпсіздіктің барлық салаларын қамтуы қажет.

Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы - мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары т.б. жатады. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан қилы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның ететін әсерін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсапа-ағартушысы Ш.Монтеське. Ол халықаралық материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады.

Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай ел болмасын жақсылық пен жамандық, армдық пен адалдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым-қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой-пікірлері болады. Бұл көзқарастар сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді.


Жаңа сабақты бекіту:

  1. Сыртқы саясат дегеніміз не?

  2. Халықаралық қатынастар дегеніміз не?

  3. Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз не?

Үй тапсырмасын беру:

Дәрісті қайталау.

Бағалау.







































Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Әлемдiк әлеуметтану антологиясы : [10 томдық]. – Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра), 2007 

  2. Жамбылов Д. Саясаттану : оқулық – Өзгерiссiз 4-басылымы – Алматы : Жетi жарғы, 2008 

  3. Нұрмағамбетов Ғ. Саясаттану негіздері : оқу құралы – Қарағанды :ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, 2011 

  4. Нұрымбетова Г. Саяси iлiмдер тарихы : оқу құралы – Алматы : Бiлiм, 2008 

  5. Нұрымбетова Г.Р Салыстырмалы саясаттану : оқу құралы – Алматы : ҚазҰПУ, 2007 

  6. Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану – Павлодар : ЭКО, 2006 

  7. Әбдікерова Г. О. Тұлға әлеуметтануы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы – Алматы : Қазақ университетi, 2009 

  8. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi – Алматы, 2007 

  9. Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы : оқулық – Алматы : Заң әдебиетi, 2005 

  10. Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы – Алматы : Экономика, 2004 

  11. Нұрымбетова Г.Р. Саясаттану пәнiн оқытуда интерактивтi әдiстi қолдану : оқу құралы – Алматы : Өнер, 2008 

  12. Рахметов Қ. Ж., Болатова А. Н., Исмағамбетова З. Н. Социология – Алматы : Өлке, 2005 

  13. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология – Алматы, 2005 

  14. Шыңғысова Н. Журналистика социологиясы: оқу құралы – Алматы : Қазақ университетi, 2010 


Мазмұны

  1. Саясаттану - саясат туралы ғылым және пән....................................................................

  2. Саясаттанудың ғылым ретінде пайда болуы...........................................................................

  3. Саясат - қоғамдық құбылыс........................................................................................................

  4. Саяси билік ұғымы және теориясы.......................................................................................

  5. Саяси өмір мен саяси жүйе......................................................................................................

  6. Қоғамның саяси жүйесі.....................................................................................................

  7. Саяси институттар................................................................................................................

  8. Саясат субъектілері.......................................................................................................

  9. Саяси партиялар..................................................................................................

  10. Саяси элита..........................................................................................................................

  11. Саяси сана мен саяси мәдениет..........................................................................................

  12. Саяси идеология............................................................................................

  13. Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат.....................................................................



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
4256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі