Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы Балтабай Адамбаев тірек орта мектебі
Мектепалды О «а» сыныбы
Балалардың жасы 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 08 - 09 қаңтар 2025-2026 оқу жылы
Адал азамат біртұтас тәрбие «Заң және тәртіп» «Апта дәйексөздері»- «Талап бар жерде тәртіп бар»
|
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі 08.01 |
Жұма 09.01 |
|
||||
|
Балаларды қабылдау |
Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату |
|
||||||||
|
Адалдық әліппесі «Шыншыл бол!» Мақсаты: – Шындық пен өтірікті ажыратуға үйрету – Адалдыққа тәрбиелеу Тапсырма: Тәрбиеші бірнеше жағдаят айтады. Бала бұл шын ба, өтірік пе – айтады. Мысал: – Мен тәттіні жеп қойдым, бірақ мойындамадым. – Мен жоғалған ойыншықты тауып алып, иесіне бердім. – Мен досымның сөмкесінен рұқсатсыз алма алдым. |
|
|||||||||
|
Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру |
Өнегелі 15 минут Тақырыбы: «Күн сайын 15 минут – баланың болашағына инвестиция» Мақсаты: Ата-аналарды бала тәрбиесінде белсенді болуға, күн сайын сапалы 15 минут бөліп, баланың даму процесіне үлес қосуға шақыру. Кеңес мазмұны: 1. 15 минут не үшін маңызды? – Бұл уақыт бала үшін – махаббат, сенім мен қауіпсіздік көзі – Балаға арнайы көңіл бөлу – оның өзін бағалауына әсер етеді – Бала сөйлейді, үйренеді, ойлайды, сенеді 2. Не істеуге болады? – Бірге кітап оқу – Сурет салу, мүсіндеу – Қимылды ойындар ойнау – Сұрақ қойып, әңгімелесу – Балаңыздың күнін тыңдау 3. Қандай сөздер айту маңызды? – «Сені жақсы көремін» – «Сені тыңдап тұрмын» – «Жарайсың!» – «Сенің ойың мен үшін маңызды» Түйін: Күн сайынғы 15 минут – баланың тілін, ойлауын, эмоциясын, сенімін, болашақ өмірге көзқарасын дамытады. |
|
||||||||
|
Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар ) |
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» Ойын: «Тығылыспақ» Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту
Қажетті заттар: Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.
|
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» Тақия тастамақ Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді. |
|
|||||||
|
Ертеңгілік жаттығу |
Таңғы жаттығу кешені № 9 |
|
||||||||
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық |
|
|
|
«Мамандықтың бәрі жақсы» Мақсаты: балалар әр түрлі мамандық иелерін біледі. |
«Бұны қай кезде киеді?» Мақсаты: әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндай алады. |
|
||||
|
Кестеге сәйкес ҰІӘ |
1 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
||||||||
|
|
|
|
Сауат ашу негіздері Біз нені үйрендік, нені білдік? Міндеті: Сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрай алу дағдыларын бекіту . Күтілетін нəтиже: Жасайды: буындардан сөз құрайды, дыбыстық талдау жасайды. Түсінеді: дыбыстан буын, буыннан сөз құралатынын. Қолданады: дыбыстарды ажыратады. Буындармен жаттығулар. Дидактикалық ойын: «Буынды қос»(доппен) – Балалар, шеңберге тұрайық. Мен буынды айтып, бір балаға допты лақтырамын, бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, айыбын өтейді. Мысалы:( ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла). Ойынды өзгертуге болады. Дидактикалық ойын: «Бір буыннан басталатын бірнеше сөз». Педагог балаларды екі топқа бөледі. Педагог бір буынды айтады, балалар жалғастырып, келесі буынды табады. Бір буыннан бірнеше сөз құрауға жарысады. Сөз айтқан балаларға жұлдызша беріліп отырады. Мысалы: (те-) те-(геш), те-(рек), те-(мір), те-(сік), те-(тік), көр-(пе), (ор-) ор-(та), ор-(ман), о-(рақ), (өр-) өр-(мек), өр-(кеш), өр, -(ле), өр -(мек-ші), өр(т), (да-) да-(мыл-да), да-(был), да-(қыл), да-(уыс), Да-(риға), Да-(рия). Ойын: «Кәне, тауып көр» – Балалар, мен сендерге сөз, буын, дыбыс айтамын, сендер алдарыңдағы сызбадан мен не айтсам, соны дыбыс па, сөз ба, буын ба анықтап, сызбасын көтересіңдер. Педагог алдын ала балаларға дыбыс, сөз, буын сызбаларының үлгілері сызылған карточкалар таратып береді. Мысалы: [р], -ба-, аққала, ар-, ос-, қа-, [е], [т], [к], та-, ен-, ар-, алма, сабақ, жаңа, дә-, мы-, мон-, [г]. |
Көркем әдебиет Қоянның үйшігі Міндеті: - Ертегінің аяғын құрастыруға үйрету. Тілдік ойлау қабілетін дамыту. Кейіпкерге жанашырлығын танытуға тәрбиелеу . Күтілетін нәтиже: Жасайды: Ертегінің аяғын құрастыруды Түсінеді: ойлау қабілетін дамыйды Қолданады:Кейіпкерге жанашырлығы артады -Балалар, мен топқа келе жатып, сиқырлы дорба тауып алдым. Ішінде бір нәрсе бар сияқты. Сипап сезу арқылы дорбада не бар екенін табайық. Педагог сиқырлы дорбаның ішінен екі түрлі үйшік және екі аңды алып, көрсетеді. – Бұларды қалай атаймыз? (Түлкі, қоян) – Түлкі мен қоян қай ертегіде кездеседі? – Түлкі – қу, айлакер аң. Қоян саққұлақ, сужүрек, қорқақ аң. – Бүгін «Қоянның үйшігі» ертегісімен танысамыз. Сөздік жұмысы: ытқып шықсам – атып шықсам шалғы – шөп шабатын құрал Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі ұнады ма? Ертегі қалай аталады? – Түлкі қоянның үйіне неге келді? Ол қоянға не істеді? – Қоянға не көмектеспек болды? Түлкі итке не айтты? – Қоянға тағы не көмектеспек болды? Түлкі қонжыққа не айтты? – Әтеш түлкіні қалай қуып шықты? – Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағала, салыстыр. Дидактикалық ойын: «Не қайда өмір сүреді?» (есте сақтау қабілетін дамыту) Шарты: әртүрлі аңдар мен үй жануарларының суреттері көрсетіледі. Балалар олардың қайда өмір сүретінін айтады. Ұйқасын тап. Кезіп жүріп өзекті, Ұстап алдым ... . (көжекті) |
|
|||||
|
«Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу
|
|
|||||||||
|
Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары. Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс.
Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі.
Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі
судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер
бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып
жатыр. |
|
|
||||||||
|
2 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
|
|
|
Математика негіздері 10 көлемінде тура және кері санау Міндеті: 10 көлемінде тура және кері санауды жаттықтыру, санды цифрмен сәйкестендіру дағдыларын жетілдіру Күтілетін нәтижелер: меңгереді: қарапайым мысалдар шығару, 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта санауды; түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы санды алу тәсілін; қолданады: 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын. Ойын жаттығуы «Сапқа тұр!». Балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандары бар карточкаларды алады (10 адамнан тұратын топтар). Педагогтің нұсқауымен балалар қатарға тұрады, реттік санауды ұйымдастырады: бірінші, екінші ... т.б. Одан кейін кері бағытта санауды ұсынуға болады. Кез келген саннан бастап санауды ұсынуға болады. Мысалы, 5-тен 10-ға дейін. Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Түлкі баспалдақпен көтеріледі. Онымен бірге сана. Түлкі төмен түседі. Кері сана. Суретті қара. Баспалдақта қанша саты бар? Әрі қарай, 1-ден 10-ға дейінгі цифр салынған карточкалар орналастырылады. Кері санауды ұсынады. 2-тапсырма. Әуе шарларын ретімен сызып қос. Кері сана. Балалар шарларды рет-ретімен өз бетімен сәйкестендіріп сызады. Кері санайды. |
Қоршаған ортамен таныстыру Тұрмыстық техника. Оның қажеттілігі Міндеті: Тұрмыстық техникалардың түрі және оның қажеттілігін түсіндіру. Күтілетін нəтиже: • тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалануға, үлкендердің көмегінсіз электр тогына қосуға болмайтындығы туралы тапсырмаларды орындай/жасайды; • тұрмыста қолданылатын заттарды қалай пайдалану керектігін; олардың атқаратын қызметін түсінеді; • өмір қауіпсіздігі ережелерін қолданады. Балалар біз қазір өз үйіміздегі заттарды атаймыз. Асүйден бастайық. Асүйлеріңде қандай заттар бар? – Газплитасы, ыдыс-аяққа арналған сөрелер, үстел, орындық, тоңазытқыш. – Қонақ бөлмеде қандай заттар бар? – Диван, кресло, теледидар. – Балалар, біз бұл заттарды қалай топтастырар едік? Балалар әр затты атап, олардың жалпы атауын табады: а) үй жиһаздары: сөрелер, үстел, орындық, диван, кресло; ә) электр бұйымдары, тұрмыстық техника: тоңазытқыш, газплитасы, теледидар. Интербелсенді тақтадан суреттер шығады. – Тұрмыстық техникаға не жатады? – Тоңазытқыш, кір жуатын мәшине, газплитасы, компьютер, үтік, теледидар, қысқа толқынды пеш. – Балалар, бұл заттарды адамдар не үшін ойлап тапты? – Қол еңбегін жеңілдету үшін. – Адамдар қол еңбегін жеңілдету үшін, тұрмыстық техниканы ойлап тапты. Ғалымдар қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды ойлап табуда. – Газплитасы не үшін қажет? – Тамақ пісіру үшін. – Газплитасы немен жанады? – Газ және электр плитасымен. –Тамақты газ және электр тогымен пісірген жеңіл ме, әлде пешке от жағып пісірген жеңіл ме? – Газ және электр плитасында. – Балалар, адамдар уақытын үнемдеу үшін, еңбекті жеңілдету үшін тұрмыстық техниканы ойлап тапты. Тұрмыстық техника электр тогымен жұмыс істейді. |
|
||||
|
Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Бозінген» күйі Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту, |
|
|||||||||
|
|
Бозінген Қаңтар |
|
|
|||||||
|
3 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
|
|
|
Көркем әдебиет Бірлік Міндеті: - Кейіпкердің әрекетіне өз пікірін білдіруге жетелеу. Сөздік қорын байыту. Достыққа, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Жасайды: Кейіпкердің әрекетіне өз пікірін білдіруге жетелейді Түсінеді:Сөздік қорын байыйды Қолданады: Достыққа, бір-бірін құрметтеуге тәрбиеленеді Педагог жұмбақ жасырады. Аппақ, аппақ, ақ мамық, Жерде жатыр тапталып. (Қар) – Қар жылдың қай мезгілінде жауады? Бүгін ауа райы қандай? – Қыста күн суық, ызғарлы болады. Қар жауғанда балабақшаның ауласын қардан тазартады. Барлық жерде көшелерді де, айналаны да тазартып жатады. – Бүгін біз еңбекқор, бірлігі жарасқан балалар туралы Ермек Өтетілеуұлының «Бірлік» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру Сөздік жұмысы: қора – мал тұратын, құрал-саймандар қоятын орын, жай күрек – жер қазатын, қар тазалайтын құрал аула – үйдің, балабақшаның алды Сұрақ-жауап: – Әңгіме не туралы? Авторы кім? – Данияр қолына не алды? Нені тазалауға кірісті? – Даниярға кім көмектесті? Екеуі кімнің үйінің алдына барды? – Олардың жанына тағы кімдер көмекке келді? Олар қалай қуанды? – Даниярдың жасаған еңбегін қалай бағалайсың? Әңгіме қалай аяқталды? – Балалар, тек ойнай бермей, бір мезгіл еңбек ету қандай тамаша! |
Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру) Мерекелік дастарқан Міндеті: - Балаларды қазақтың қонақжайлылығымен таныстыру - Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану - Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру - Пішіндердің түрлі қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру Мақсаты:- мерекелік дастархан суретінсалу, Мүсіндеу Жапсыру, Құрастыруды үйрету Топтық жұмыстар |
|
||||
|
Қауіпсіздік сабағы : «АБАЙЛАҢЫЗ,ТЕРЕЗЕ!» Мақсаты: балаларға жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін, терезелердің жанында өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін үйрету. |
|
|||||||||
|
Терезелералдындағықауіптер: Педагог қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда терезелер қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Мысалы, «Егер сіз ашық терезеге тым жақын болсаңыз, құлап кетуіңіз мүмкін», «Тереземен ойнауға немесе терезе үстінде/алдында секіруге болмайды». Терезе маңындағы тәртіп ережелері: 1-ереже. Ешқашан ашық терезеге жақындамаңыз.Түсіндіру: «Егер терезе ашық болса, одан аулақ болыңыз».2-ереже. Терезе үстінде/алдында ойнамаңыз. Түсіндіру: «Терезенің алдында ойнауға болмайды, тайғақ болып, құлапқалуыңыз мүмкін». 3-ереже. Ересектердің рұқсатынсыз терезелерді ашпаңыз. Түсіндіру: «Терезені ашпас бұрын үлкендерден рұқсат сұраңыз». 4-ереже. Егерсіз ашық терезені көрсеңіз, ересектерге айтыңыз. Түсіндіру: «Егер сіз ашық терезені байқасаңыз, бұл туралы дереу ересектерге айтыңыз». «Қауіпсіз терезелер» бейнеролигін көрсету Бейнероликті талқылау және «Терезенің жанында не істеуге болмайды» ойынын ойнау: Тәрбиеші әртүрлі әрекеттерді атайды (мысалы, «Ашық терезеге бару», «Терезеде ойнау», «Терезеден қарау»), балалар аталған әрекеттерді істеуге болатынын немесе болмайтынын айтуы керек. Болмайтын болса, «Болмайды!» деп себебін түсіндіреді. |
Пайдалы сілтемелер: https://www.youtube.com/watch?v=w4ZO1NXCl9E&list=PLA5eCSY2FeoQFtm Gao7lWQuIA-hK_6ODD&index=1 https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/cpsp-material/poleznye-materialy-cpsp
|
|
|
|||||||
|
4 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
|
|
|
Дене тәрбиесі Аңшылар Міндеті: -Қолды кеуде тұсына қою, екі жаққа созу; қолды жоғары көтеру және екі жаққа созу, қолды желкеге қою Күтілетін нәтижелер: Жасайды: суық тию ауруларының алдын алу, тік нысанаға қар кесектерін лақтыру, «Жүрек» тренингі. Түсінеді: бастапқы қалыпқа келу; жаттығуларды орындау ережелерін сақтау; қолбасының (айналмалы) қимылын, аяқтың (тігінен) қозғалуын үйлестіре білу; шайбаны аяқпен ақырын итеріп жүргізу; қозғалыс ойындарының ережесін сақтау. Қолданады: жаттығуларды орындау барысында зейінді шоғырландыру, бөлу; сап түзеу, жүру, жай жүріс пен жүгіруді кезектестіріп, жартылай тізе бүгіп отырып жүру; ұжымда қимыл мен жүру бағытын қадағалау, қозғалыс әрекеттерінде өзін-өзі ұйымдастыру. I.«Құмырсқалар соқпақпен келеді». Шеңбер бойымен тізбектеле бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. Бір тізбекпен жүру, орташа қарқынмен жүгіру. «Артқа бұрыл!» бұйрығы бойынша бағыттарын өзгертіп жүгіреді. Тізбектен шықпай қозғалыста қимылдарын үйлестіріп жүруге, жүгіруге тырысады. Заттар арасымен (томаршалар) және заттарды аттап жүру және жүгіру. |
Музыка Қыс қызығы Міндеті: --Қазақ халқының би өнерімен таныстыру Күтілетін нәтижелер: Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп ән орындайды, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл береді. Түсінеді: вальс музыкасына қандай қозғалыс жасау керек екенін. Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды. Музыка тыңдау: «Вальс» (С. Майкапар) Ән айту: «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) «Ақша қар» (К. Қуатбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Аюлар биі» (Е. Тиличеева) Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко) |
|
||||
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
||||||||
|
Серуенге дайындық |
Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету. |
|||||||||
|
Серуен |
|
|
|
Су бетіне қатқан мұзды бақылау Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне жұқа мөлдір мұз қатып қалған. Кейбір көлшіктерден күзден қалған жапырақтарды байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді. (мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді. Жеке жұмыс Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас (мұз) Болжам: егер қыста қар аз және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады. Қозғалмалы ойын: «Түлкі мен қаздар» Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу. Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Қарды бақылау Мақсаты: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге үйрету; қардың қасиетімен таныстыру. Терезеден жауып тұрған қарды бақылау. Қар ұлпаларына қараңдаршы, олар әр түрлі пішінде біреуі үлкен кесек болса, тағы бірі орташа,кішкентай яғни қаршықтар әртүрлі пішінді екен. Қар бізге терезеден жылтырап көрінеді. Олардың әдемі пішінін тамашалаңдар. Жеке жұмыс Жұмбақ: Жылт-жылт етеді, Ұстасақ еріп кетеді. (қар) Болжам: көп қар- көп нан. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы». Еңбек: тәжірибе жасаған үстел үстін жинастыру Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
|||||
|
Серуеннен оралу |
Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету |
|||||||||
|
Балалармен жеке жұмыс |
|
|
|
Алтай Айзере Қолғаптар мен шұлықтардың сыңарын табуға үйрету. Ойын: «Сыңарын тап» |
Қанат Назерке қыс мезгілінің белгілерін ажыратуға үйрету. Д/ойын:"Қыс белгілерін ажыратамыз" |
|||||
|
Балалардың іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)* |
|
|
|
Экологиялық мәдениет «Табиғатты қорғайық!» Мақсаты: – Экологиялық тәрбие беру – Табиғатты аялау сезімін қалыптастыру – Жауапкершілік пен ойлау қабілетін дамыту Тапсырма барысы: Балаларға түрлі табиғат көріністері сипатталады. Бала жақсы (қорғау) және жаман (зиян) әрекетті ажыратады. Мысал әрекеттер: – Қоқысты жәшікке тастау – Тал сындырып жатыр – Құстың ұясын бұзу – Гүлге су құю – Пластикті жерге лақтыру Ойын: – «Болады — болмайды» Мысалы: – Су ішіп, бөтелкені қоқысқа тастау — болады – Қағазды суға тастау — болмайды Қосымша: – «Мен табиғатты қорғаймын!» тақырыбында сурет салу – Қоқысты сұрыптау: қағаз, пластик, металл — сөзбен немесе суретпен ажырату – «Табиғат досы — кім?» атты шағын рөлдік ойын |
Қаржылық сауаттылық — «Ақшаны қалай жұмсаймыз?» «Ақша не үшін керек?» Мақсаты: – Ақшаның мәнін түсіндіру – Қажеттілік пен қалау ұғымын ажырату – Жинақтауға баулу Тапсырма барысы: Балаларға «ақша» туралы қарапайым түсінік беріледі. Сұрақтар қойылады: – Ақшаны қайдан аламыз? – Ақша не үшін керек? – Ақша бәріне жете ме? Мысал ойын: «Менде 5 теңге бар. Нені сатып аламын?» – Балалар суреттен таңдайды: балмұздақ, ойыншық, нан т.б. – «Саған бұл керек пе, әлде қаласаң ба?» — қажет пен қалауды ажыратады Қосымша: – Ақша жинау суреті (жинақ сандығы, т.б.) – Ойын: «Дүкенге бардық» — ақша беріп, қайтарымын табу – «Ақша не сатып ала алмайды?» — достық, денсаулық сияқты ұғымдарды айту |
|||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес: «Бала неге тыңдамайды?» Мақсаты: Ата-аналарға бала тілін табу, дұрыс қарым-қатынас орнатуға көмектесу. 1. Баланың тыңдамауы – қарсылық емес, белгі Кейде бала назар аудартқысы келеді, кейде өзін тыңдамағаныңызға жауап қайтарады. Не істеу керек? – Балаға көзге қарап, жұмсақ дауыспен сөйлеңіз – «Жоқ!» дегеннің орнына түсіндіру қолданыңыз – Балаға таңдау беріңіз: «Енді ойнайсың ба, әлде 5 минуттан кейін бе?» Қорытынды: Бала – айна. Не көрсе, соны қайталайды. Сөзден бұрын, сабыр мен мейірімділік көбірек әсер етеді. |
|||||||||
Тексерілді Алипбаева Қ.

Жоспардың құрылу кезеңі 11-апта 12 - 16 қаңтар 2025-2026 оқу жылы
Адал азамат біртұтас тәрбие «Заң және тәртіп» «Апта дәйексөздері»- «Тәртіп - тәрбие бастауы»
|
Күн тәртібі |
Дүйсенбі 12.01 |
Сейсенбі 13.01 |
Сәрсенбі 14.01 |
Бейсенбі 15.01 |
Жұма 16.01 |

Адалдық әліппесі «Адал бала қандай болады?» Мақсаты: – Жақсы, адал мінез-құлықты тану – Ой бөлісуге үйрету Тапсырма: Сурет немесе жағдай арқылы талқылау жүргізіледі. Сұрақтар: – Адал бала не істемейді? – Адал бала қалай көмектеседі? – Егер досың қателессе не істейсің? --2 -Ойын «Адалдық – таңдауың» (рөлдік) Мақсаты: – Таңдау жасауға дағдыландыру – Жауапкершілік пен адалдықты бекіту Тапсырма: 2 түрлі жағдай ұсынылады, бала дұрыс таңдау жасауы керек: – Бір досың еден жуып жатыр, ал екіншісі ойнап жатыр. Сен не істейсің? – Біреу тәтті ұсынды, бірақ анаң болмайды деді. Не істейсің? |

Өнегелі 15 минут Ата анаға кеңес: Эмоцияны атау – балаға көмек Бала ашуланса, жылай берсе – ол өзін білдіру жолын іздеп жүр. Не істеу керек? – «Сен ренжідің бе? Мен түсіндім» деп, эмоциясын мойындаңыз – «Сен ашуландың, өйткені...» деп, себеп табуға көмектесіңіз – Сөзбен жеткізуге үйретіңіз: «Маған айтуға болады» |

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» Санамақ |
«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» Шертпек. |

Менің Қазақстаным ҚР гимні |
«Төртінші артық» дидактикалық ойыны Мақсаты: артық затты (азық-түлік) табуға үйрету және себебін түсіндіру |
«Ұннан жасалған тағамды ата» дидактикалық ойыны Мақсаты: нан-тоқаш өнімдері туралы білімдерін бекіту; нанға ұқыпты қарауға тәрбиелеу |
«Табиғат және адам» дидактикалық ойыны Мақсаты: адам жасаған және табиғат адамға не беретіні туралы білімді жүйелеу: балық, ет, көкөніс, жеміс, жидек, тұқым, жаңғақ |
Жаңылтпаш «Сіз бізді іздемеңіз ана: Біз қымыздықты қырыққабат сорпасына қосамыз» Мақсаты: барлық дыбысты айту арқылы жаңылтпашты анық айтуға үйрету |
|
||||
|
Кестеге сәйкес ҰІӘ |
1 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
||||||||
|
Сөйлеуді дамыту Біз де ойнаймыз Міндеті: Балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп, келісіп ойнауға баулу Күтілетін нәтиже: Жасайды: диалогті түрде сөйлеуді, ертегінің мазмұнын айтады; Түсінеді:шырша мен қайыңның айырмашылығын; Қолданады: берілген дыбыстан басталатын сөз айтады. Дидактикалық ойын: «Берілген дыбысқа сөзді ата». Ойын шарты: Ойынды педагог бастап, бір сөзді айтады, сол сөз қандай дыбыспен аяқталса, ойынды жалғастырушы бала сол дыбыстан басталатын жаңа сөз айтуы тиіс. Ойын осылай жалғасын табады |
Сауат ашу негіздері Дыбыстық талдау Міндеті: Сөздерге дыбыстық талдау жасай білу дағдыларын бекіту Күтілетін нəтиже: Жасайды: суретке қарап сөйлем құрайды, ауызша буынға бөледі, жасырын аңдарды іздейді. Түсінеді: сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін түсінеді. Қолданады: сөйлемнін сызбаны, дыбыстарды ажыратады Дидактикалық жаттығу: «Берілген дыбысқа сөз ойла» Дұрыс жауапқа педагог жұлдызша таратады. 1-тапсырма Педагог балаларға «л» дыбысынан басталатын сөздер айтуға тапсырма береді. Мысалы: лақ, лақтыр, лағыл, лимон, лайк. 2-тапсырма Педагог балаларға «м» дыбысынан басталатын сөздер айтуға тапсырма береді. Мысалы: маймыл, манты, мақта, махаббат, мал, ми, мысық, мылтық, мықты, маржан, Меруерт, минут, мейіз. Дыбыстық талдау жаса. Педагог балаларға орындарында дәптерде таға сөзіне дыбыстық талдау жасауға, буынға бөлуге тапсырма береді. Бір баланы тақтада жұмыс жасауға шақырады. Педагог суретті сызбаны тақтаға іледі. – Балалар, алдымен таға сөзін анықтап айтайық. Сөзде неше буын бар? Неше дыбыстан тұрады? Таға сөзінде 2 буын, 4 дыбыс. Сөзді қолды шапалақтап, буынға бөледі. |
Сауат ашу негіздері Дыбыстық талдау Міндеті: Төрт дыбысты сөзге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру. Күтілетін нəтиже: Жасайды: суретке қарап сөйлем құрайды, ауызша буынға бөледі, жасырын аңдарды іздейді. Түсінеді: сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін түсінеді. Қолданады: сөйлемнін сызбаны, дыбыстарды ажыратады Дидактикалық жаттығуы: «Белгі бер» Педагог балаларға (д) дыбысын басқа дыбыстармен араластырып айтады, балалар (д) дыбысын естігенде, қол шапалақтап, дыбыс берулері керек. [А, Б, Д, Т, Р, Б, Л, Д, Ш, Г, Д, Б, К, Д У, Д, С, Д, Ч, Б, Д, Я, Ы, Ф, Д, Б, З, Д, Й, Д, Ц, Д, Б.] Сол сияқты басқа да дыбыстармен ойнатса болады. Дидактикалық жаттығу: «Кім зейінді?» –Балалар, естіген дыбыстарыңа байланысты буын немесе сөз құрастыр. Мысалы: « а-, -,-ц-,-у-,-к-,-е-,-н-,-г-,-ш-,-щ-,-з-,-х-,-ф-,-ы-,-в-,-а-,-п-,-р-,-о-,-л-,-д-,-ж т.б. Дыбыстық талдау жаса. – Балалар, біз «шашу» сөзіне дыбыстық талдау жасайық. Педагог тақтады дыбыстық талдау жасау үшін бір балаланы тақтаға шақырады. Қалғандары орындарында тапсырманы орындайды. Тақтадағы дыбыстық талдаумен дәптердегі жұмыстарын тексереді. Шашу сөзінде неше буын, неше дыбыс бар екен алдымен соны анықтап аламыз. Педагог сызбадағы әр дыбыстың орнын көрсете отырып сөзді оқиды. Шашу сөзінде екі дауысты дыбыс бар сондықтанда екі буынға бөлінеді. Шашу сөзінде 2 буын, 4 дыбыс ба |
Сауат ашу негіздері Дыбыстық талдау Міндеті: Сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрай алу дағдыларын бекіту. Күтілетін нəтиже: Жасайды: суретке қарап сөйлем құрайды, ауызша буынға бөледі, жасырын аңдарды іздейді. Түсінеді: сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін түсінеді. Қолданады: сөйлемнін сызбаны, дыбыстарды ажыратады Дидактикалық ойын-жаттығу: «Жалауша» Педагог қандай да бір дыбысты айтады, егер дыбыс дауысты болса, балалар қызыл жалаушаны, егер дыбыс дауыссыз болса, көк жалаушаны желбіретеді. Дидактикалық ойын: «Бірінші дыбысты қайтала»(доппен). Педагог бірінші дыбысын аныығырақ етіп, қандай да бір сөзді айтып, допты балаларға лақтырады, балалар бірінші дыбысты қайталап допты, педагогке кері лақтырады. (Ойынға барлық бала қатысады.) Мысалы: рррадио(р), уууылдырық(у), ааалма(а), қққасқыр(қ), мммақта(м), қққияр(қ), сссағат(с), қққыс(қ), ааалжапқыш(а), тттышқан(т) т.б Дидактикалық жаттығу: «Дауысты дыбысты тап» – Балалар, мен сендерге сөздерді айтамын, сендер дауысты дыбыстан басталған сөзді естісеңдер, бір рет шапалақ ұрыңдар. Мысалы: гүл, жүзім, алма, қатық, апорт, от, пима, Ұлбала, қайшы, ұл, ыдыс, т.б. Дыбыстық талдау жаса Торт сөзіне дыбыстық талдау жасатады. Торт –1 буын, 4 дыбыс |
Көркем әдебиет Алтын балта Міндеті: - Кейіпкердің іс-әрекетіне өз пікірін айта білуге үйрету. Сөздік қорын жетілдіру. Әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу Күтілетін нəтижелер: Жасайды: ертегіні мазмұндай алады; Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді; Қолданады: сюжет бойынша сұрақтарға жауап береді. Ғажайып жағдаят – Балалар, мен сиқырлы сандық алып келдім. Оның ішінде не бар екен, көрейік. Педагог қорапшаның ішінен балтаның суретін алып шығады. – Суреттен нені көріп тұрсыңдар? (Балта) – Ол не үшін керек? Мұндай затты көргендерің бар ма? – Балалар, бүгін «Алтын балта» орыс халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып, мазмұнын ашу Сөздік жұмысы: диірмен – дәнді дақылдарды ұнға айналдыратын орын балта – ағаш кесетін құрал Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Балта не үшін қажет? – Кедей қайда барды? Балта қайда түсіп кетті? – Судан балтаны алуға кім көмектесті? Диірменші қандай балталар ұсынды? – Диірменші неліктен кедейге алтын балтаны берді? Бай не істеді? – Ертегі қалай аяқталды? Балта сөзіне сөйлем құра. |

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз. Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық! |
|
|
|
|||||||
|
2 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
Қоршаған ортамен таныстыру Әдептілік-әдемілік Міндеті: Балаларды әдептілік ережелерімен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Жасайды:Балаларды әдептілік ережелерімен танысады Түсінеді: Күнделіктегі өмірде түрлі жағдаяттарда өздерін ұстай білу дағдылары қалыптасады. Қолданады:Сыпайы сөйлесе біледі Әдептілік деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әдепті баланың қандай қасиеттері болу керек? –Ұқыпты, тілалғыш, қайырымды, еңбекқор, адал, мейірімді, сыпайы. – Әдепті бала барлық адамдармен амандасып жүреді. Ата-анасының айтқанын орындайды. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді. «Әдепті балаарлы бала» ойыны. Екі командаға бөлініп, жарысамыз. Слайд. «Мен әдепті баламын» Суретке қарап, әңгіме құрайды. Суреттерде қарияға жол беріп, амандасып жатқан бала суреті, анасына көмектесіп, ыдыс жуып жатқан қыз суреті. 1-әңгіме: Асқар асығып келе жатқанда, алдынан көрші ата шықты. Асқар атаға «Ассаламағалейкүм», – деп амандасып, жол берді. Ата амандасып, Асқарға ризашылығын білдірді. 2-әңгіме: Көркемнің анасы ас пісірді. Бәрі тамақтанып болған соң, ол анасына ыдыстарды жууға көмектесті. (Жауаптар бағаланып, дұрыс әңгіме құраған балалар тобының қорапшасына жұлдызшалар салынады). 1-слайд. «Көріністі сахнала». 1-суретте: автобустағы апаға орын ұсынып тұрған қыз бала суреті. 2-суретте: добын алысқа домалатып алып, ала алмай жылап тұрған бала суреті. Балалар көріністі қайталап, қандай сөздер айту керектігін ұмытпау керек (сәлеметсіз бе апа, отырыңыз, жылама балақай, мен қазыр добыңды алып беремін). |
Математика негіздері Заттармен әрекет Міндеті: Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату Күтілетін нәтижелер: меңгереді: заттарды салмағы бойынша салыстыруды сипаттайтын сөздерді айтады: («ауыр – жеңіл», «ауырлау – жеңілірек»; түсінеді: заттарды қарапайым таразының көмегімен немесе екі қолға салып, салмағы бойынша қалай салыстыруға болатынын; қолданады: заттардың салмағын қолға салып, көзбен көріп, қарапайым таразының көмегімен салыстыру Педагог «Орнатайық тәртіпті!» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Жұптасқан балалар пішіні, түсі және өлшемі бойынша әртүрлі ағаш жапырақтары бар кесінді карточкалар жинағын алады. Балалардан құралған әр жұп жапырақтарды өз ерекшеліктеріне қарай орналастырады: пішіні бойынша, біреу түсі бойынша, біреу өлшемі бойынша. Соңында әр жұп өз таңдауын айтып түсіндіреді. Педагог балалардан заттардың әр тобы қандай негізде жиналғанын атауды сұрайды. Балалар жауап береді: бұл қызыл заттар жиынтық тобы (дөңгелек заттар, үлкен заттар және т.б.). Педагог заттарды қайта санауды сұрайды. Содан кейін педагог жұптардың бірінен өз тобындағы заттардың санын айтуды сұрайды (мысалы, 5). Қалған топтар санды салыстырады және заттары артық, кем немесе тең екенін айтады. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Заттарды түсі бойынша сана. Сонша таяқшалардың суретін сал. Балалар заттардың санын түсі бойынша анықтайды, сонша таяқшалардың суретін салады. Түсініктеме береді: бес көк зат және т. б. 2-тапсырма. Көк және жасыл түсті заттардың барлығы қанша? Сана. Қызғылт және сарғыш түстердің барлығы қанша? Тиісті цифрды қоршап сыз. |
Математика негіздері Заттармен әрекет Міндеті: Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату Күтілетін нәтижелер: меңгереді: заттарды салмағы бойынша салыстыруды сипаттайтын сөздерді айтады: («ауыр – жеңіл», «ауырлау – жеңілірек»; түсінеді: заттарды қарапайым таразының көмегімен немесе екі қолға салып, салмағы бойынша қалай салыстыруға болатынын; қолданады: заттардың салмағын қолға салып, көзбен көріп, қарапайым таразының көмегімен салыстыру – Біз көгөністерді сатып алуға келдік, деп ойлаңыз. Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Педагог әр топқа көгөністер жиынтығын таратады. Тапсырма орындауды ұсынады. – Алдымен себетке қызанақ жина. Біз қызынақтың 4-еуін сатып аламыз (карточканы көрсетеді). Ал енді – қияр. Біз 3 қияр сатып аламыз (карточканы көрсетеді). Енді себеттегі барлық көгөністерді сана. Қанша көгөніс сатып алдық? Қайта сана және сұраққа жауап бер (7). Содан кейін ойын мынадай әңгімемен жалғасады. Себетте қанша көгөніс бар? (7). Педагог кез келген 2 көгөністі алып, үстелге қояды. Қанша көгөніс қалды? (Қайта сана, 5 көгөніс). Себетте немесе үстелде? Қай жерде көгөніс көп? 1-тапсырма. Себетте әр түрінен қанша жидек бар? Сана. Барлығы қанша? Сонша нүктенің суретін сал. Алдыңғы тапсырмаларға ұқсас етіп орындайды. Балалар тапсырманың орындалуын түсіндіреді. Себетте әр түрінен қанша жидек бар? Сана. Барлығы қанша? Сонша нүкте салуларын ұсынады. |
Математика негіздері Артық, кем, тең Міндеті: -«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір біріне қатынасы негізінде салыстыру Күтілетін нәтижелер: меңгереді: санауды,«көбірек», «азырақ», «бірдей», «тең» сөздерін айтуды; түсінеді: белгінің мәні мен мағынасын; қолданады: сандарды санауды және салыстыруды. 1-тапсырма. Санын ата. Сонша нүктенің суретін сал. Педагог: – Гүлді сол жақ жоғарғы суретке салу үшін мозайканың қанша түрлі түсті бөлшектері қажет болды? (8). – Оң жақ төменгі суретте қанша мозайка бөлшектері бар? (8). – Осы екі суретті сызықпен қос. Олардағы мозайка бөлшектерінің саны туралы не айтасың? (Тең сан). – Сол жақтағы екінші қатардағы суреттегі пазлдарды сана. Олардың саны қанша? (7). – Пазлдардан құралған тағы сурет бар ма? Онда қанша бөлік бар? (4). Оларды тең деп айта аласың ба? (Жоқ) Лего конструкторының бөлшектерінің саны пазлдар санымен бірдей болып тұрған суреттерді тап. Балалар тапсырманы орындайды, сандарды салыстырады. |
Қоршаған ортамен таныстыру Су – тіршілік көзі Міндеті: Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерін естеріне түсіру және судың қасиеттерімен таныстыру. Күтілетін нәтиже: Жасайды:Судың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерін естеріне түсіп судың қасиеттерімен таныйды Түсінеді:Танымдық мүмкіндіктерін арттыру; тәжірибе жасай білу дағдылары артады Қолданады: Суды үнемдеуге ; топта жұмыс істей біледі. Педагог балаларды ортаға жинап, айналадағы дыбыстарды тыңдауды ұсынады, судың сылдырлап аққаны, жаңбырдың тысырлап жауғаны, толқынның жағаға ұрған дыбыстары алдын ала жазылған үнтаспадан шығады. Балалар дыбыс шығу аймақтары – өзен, жаңбыр, теңіз екенін тауып, олардың ортақ атауы «су» екенін айтады. – Табиғатта су қай жерлерде болады? (Балалардың жауаптары: өзен, көл, тоған, теңіз, бұлақ, жаңбыр түрінде, қазылған құдықта т.с.с) – Бұлтта су бола ма? (Балалардың жауаптары тыңдалады). – Ерте заманнан адамдар өмір сүруге ыңғайлы жер таңдағанда, сулы аймақтарға: өзен, көл, теңіз жағалауына жақын орналасуға тырысқан. «Су – тіршілік көзі» ойыны Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін қандай суды пайдаланамыз? – Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз. – Судың қасиеттерін еске түсірейік: Су мөлдір. Судың дәмі жоқ. Судың иісі жоқ. Судың пішіні жоқ. Су еріткіш. Суреттерді пайдалана отырып, балаларды мəселені зерттеу үдерісіне бағыттайды: суреттерді қарап шығып, сұрақтарға жауап береді. Талқылауға Көлтауысар да қатысады. Балалар судың неліктен «тіршілік көзі» деп аталатынын түсіндіреді. Сусыз адам, жануар және өсімдіктер тіршілік ете алмайтынын еске түсіреді. №1 тәжірибе. «Бу – бұл су». Педагог ыстық су құйылған шәйнекті ашып, балалардың назарын буға аударады. Оның үстіне әйнек ұстайды, әйнекте тамшылар пайда болады. Будың су екендігіне көздерін жеткізеді. |
|
||||
|
Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Шалқыма» күйі Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру, |
|
|||||||||
|
|
Шалқыма Қаңтар |
|
|
|||||||
|
3 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
Қазақ тілі Ешкі Міндеті . Тілдік дамытушы орта. Күтілетін нәтиже: Жасайды:ешкі туралы білді, әңгімеледі; Түсінді:«Түлкі мен ешкі» ертегісінің мазмұнын білді; Қолданды:үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата алады; төлін тауып, пайдасын білді; -Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер? Балалар, сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі. -Балалар, ешкі қалай дыбыстайды? Өте жақсы. Ал бүгінгі оқу қызметіміз үй жануары- ешкі туралы болады. 2. Үй жануарлары туралы түсінік беру. Сұрақ –жауап арқылы балалардың жауабын тыңдап, толықтыру. Ешкі немен қоректенеді? Ешкінің қандай пайдасы бар? Ешкінің төлі қалай аталады? Ешкінің қойдан ерекшелігі қандай? І дыбысын қайталау, осы дыбыс бар сөздерді қайталау. Ілгіш, ілгек, ірімшік, ешкі, ілім. Жаңылпашты қайталау Шұнақ құлақ лақ, Бұлаққа барды. Бұлақ жағасындағы Құраққа барды |
Қазақ тілі Төрт түлік төлі Міндеті -Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру. Күтілетін нәтиже: Жасайды:кітапшадағы суреттен төрт түлік төлдерін атауларын айтты; Түсінеді: үй жануарлары туралы жұмбақтарды шешеді; Қолданады: төлдер туралы өлеңді қайталайды; Үй жануарларының балалары қалай аталады? Дұрыс айтасыңдар, үй жануарларының төлдері. Біздің бүгінгі тақырыбымыз –төрт түлік төлдері деп аталады. 2. Сурет бойынша әңгімелесу Төрт түлік төлдерінің атауларын қайталату. Түйе-бота; Жылқы атасы — Қамбар ата, Жылқы-құлын; Сиыр атасы — Зеңгі баба, Сиыр-бұзау; Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой-қозы; Қой атасы — Шопан ата, Ешкі-лақ. Ешкінің иесі — Сексек ата. «Төлін тап» қимылды ойын Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін молайту, үй жануарларының төлдерін ажыратуға үйрету. Шарты: Үй жануарлары және оның төлдері суреттерін араластырып кілем үстіне орналастыру. Әуен ойнаған кезде балалар өздеріне түскен үй жануарының төлін тауып, ек- екіден жұп болып тұрулары керек. |
Сөйлеуді дамыту «Ақсақ құлан» аңызы Міндеті: -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу Күтілетін нәтиже: Жасайды:қойылған сұрақтарға жауап береді, төлдердің дауысын салады; Түсінеді: аңыздың мазмұнын, құланның қандай аң екенін, аңдарға жамандық жасауға болмайтынын; Қолданады: сөздерді буынға бөледі -Балалар, құлан – жылқы тектес жануар. –Сендер жылқыны білесіңдер ме? –Құланың да, жылқы сияқты, жалы бар, бірақ ол – жабайы жануар. Ертеде аң сияқты, құланды да аулап етін жеген. –Мен сендерге «Ақсақ құлан» аңызын оқып берейін. Аңыз – бұл түп нұсқасы болған оқиға. Ауыздан-ауызға ұмытылмай жеткен оқиғаны аңыз деп айтамыз. Қазір мен сендерге «Ақсақ құлан» аңызын мәнерлеп оқып беремін. |
Көркем әдебиет Бексұлтанның Айға саяхаты Міндеті: - Сурет бойынша әңгіме құрауға жетелеу. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Қоршаған ортаны тани білуге тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: Жасайды:Сурет бойынша әңгіме құрайды Түсінеді: Байланыстырып сөйлейді Қолданады:Қоршаған ортаны таниды Педагог жұмбақ жасырады. Құрама темір, Қолғабысы көп ғұлама темір. (Робот) – Робот қандай болады? Қимылын көрсетейік. – Түнгі аспанда не болады? – Бүгін біз Бағдат Мәжитовтың «Бексұлтанның Айға саяхаты» деген қызықты әңгімесімен танысамыз. Педагог әңгімені мәнерлеп оқып береді Сөздік жұмысы: ғарыш – аспан әлемі ғарышкеме – ғарыш көлігі скафандр – ғарышкердің киімі Сұрақ-жауап: – Әңгіме қалай аталады? Апасы Бексұлтанға қандай ойыншық сыйлады? – Бексұлтан досы екеуі сиқырлы роботпен қайда барды? Бастарына не киді? – Ғарышта ауа райы қандай болады? Олар Айда кімнің ізін көрді? Тіл ұстарту жаттығуы: Ға-ға-ға – біз ұштық Айға. |
Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру) Қыстағы жапырақсыз қайың ағашы Міндеті: - Балалардың қайың ағашы туралы білімдерін арттыру - - Бақылаған заттың бейнесін бере білу, затты әртүрлі қалыптарда мүсіндеу -- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің беру -- Қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, жазық материалды көлемді пішінге өзгерте білуді бекіту Топтық жұмыстар |
|
||||
|
Қауіпсіздік сабағы : «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР» Мақсаты: балаларды үйдегі қауіптізаттарды тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру. |
|
|||||||||
|
Үйдегі қауіпті заттарды білудің маңыздылығы жайлы қысқаша әңгімежүргізу. Қауіпті заттармен әрекет ету ережелеріҮйдегі қауіпті заттар: Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары. 1- ереже. Пышақтарды немесе басқа өткірзаттарды ұстамаңыз. Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз». 2- ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз. Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін». 3- ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз. Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз». 4- ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз. Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоспаңыз». |
Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij
|
«Бола ма немесе болмайма?» ойыны Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе «болмайды» депжауап беріп, себебін түсіндіреді. «Қауіпсіз затты тап» ойыны Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.
|
|
|||||||
|
4 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
Дене тәрбиесі Көшбасшы бол Міндеті: - Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеру (қолды сыртқы жағымен ішке қарай бұру). Қолды кезек жоғары-артқа көтеру Күтілетін нәтиже Жасайды: - Саусақтарды айқастырып, алға-жоғары көтеруді Түсінеді: Қолды кезек жоғары-артқа көтеруді Қолданады:жаттығуларды жасады «Тауға өрмелеп шығу». Гимнастикалық қабырғада әртүрлі тәсілмен өрмелеуге жаттықтыру. Қауіпсіздік техникасын сақтайды. Гимнастикалық қабырғаға жақындап келеді, әртүрлі тәсілмен өрмелейді. Қол мен аяқты үйлесімді түрде қозғауға тырысады. Ең жоғарғы тепкішекке дейін шығып, ең төменгі тепкішекке дейін түседі. Тепе-теңдік – жерде созылып жатқан арқан үстімен басқа зат қойып, тепе-теңдік сақтап жүруге жаттықтыру. «Құмырсқаға үй тұрғызу»: поролон кірпіштерді қалап, үй тұрғызады. |
Музыка Қыс қызығы Міндеті: Балаларға «Қаражорға» биін билету Күтілетін нәтижелер: Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп ән орындайды, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл береді. Түсінеді: вальс музыкасына қандай қозғалыс жасау керек екенін. Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды Музыка тыңдау: «Вальс» (С. Майкапар) Ән айту: «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) «Ақша қар» (К. Қуатбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Аюлар биі» (Е. Тиличеева) Билер: «Қара жорға» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко) |
Дене тәрбиесі Көшбасшы бол Міндеті: - Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу Күтілетін нәтиже Жасайды: Допты жоғарыдан (алға және артқа) бір-біріне беруді Түсінеді: Қолды алға көтеріп оңға, солға бұрылу Қолданады:көшбасшы болды «Көңілді шарлардың» тапсырмасын балаларға айтады. Бір тізбекте жүреді, жүгіреді. Көңілді шар көрсеткен тапсырманы орындайды: жүгіріп келе жатып тоқтайды, бағыттарын өзгертіп жүгіреді. II. ЖДЖ-ны текшемен орындайды (№2): Негізгі қимыл-қозғалыстарды топ болып орындайды № 2 сурет. Шұңқырға секіру: 30 см биік заттың үстінен белгіленген жерге дәл секіріп түсулерін бекіту (6 рет). Тепе-теңдіктерін сақтап, дене бітімдерін түзу ұстауларын қадағалау. Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. 30 см биік заттың үстінен белгіленген жерге дәл секіреді. Шеңбер ішіне аяқтың ұшымен түседі. Қолдарын еденге тигізбеуге тырысады |
Дене тәрбиесі Спортпен шұғылданамыз Міндеті: - Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкею Күтілетін нәтиже Жасайды: белінің тұсындағы тақтайшаны ұстап, алға еңкеюді Түсінеді: Гимнастикалық қабырғаға қарауды Қолданады: тақтайшаны ұстап, алға еңкею Гимнастикалық қабырғаның бір сатысынан екінші сатысына диагональ бойынша адымдап өтуге, өрмелеуге және түсуге үйрету, қол мен аяқты үйлестіріп қозғау шеберліктерін (машықтарын) жетілдіру (тіркемелі адыммен адымдау, саты тепкішектерін қолмен ұстап). |
Музыка Бұл қай кезде болады? Міндеті: Таныс би қимылдарын қолдана отырып, музыканың сипатына сәйкес ойдан би қимылдарын шығару |
|
||||
|
|
Күтілетін нәтижелер: Жасайды: әннің сипатын қабылдайды, дауысын дұрыс келтіріп орындайды. Түсінеді: жұмбақ өлеңнің мағынасын түсінеді. Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды. Музыка тыңдау: «Қыс» (Б. Ерзакович) Ән айту: «Зырлайды шанамыз» ( М. Маңғытаев) «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт) Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың х.ә. (өңдеген М. Раухвергер) Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко) |

Судың қатқанын бақылау Мақсаты: судың құрамымен таныстыру,табиғатта пайда болатын құбылыстар туралы түсінік беру. Тәрбиеші қатқақ суға балалардың назарын аударады. Олар қайдан пайда болды? Болжамдар: желтоқсанда қар көп болса- сол жылы егін мол болады. Жеке жұмыс Тақпақ: Қар жатыр аппақ Ойнауға жақсы-ақ Осындай шақта Кім үйде жатпақ? Жұмбақ:Қолы жоқ сурет салады, Аузы жоқ тістеп алады. (Аяз) Қозғалмалы ойын: «Кімдікі алыс». Мақсаты: Икемділігін, күшін дамыту. Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу. Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Тоғайларды бақылау Мақсаты: Қыстағы өсімдіктердің тіршілігін, келбетін бақылауға, сипаттауға үйрету. Ағаштардың айырмашылығын, ұқсастықтарын ажырата білуге, көлеңкесіне қарап тоғайларды ажыратуды үйрету; Тоғайлар мен бұтарларға қараңдаршы. Ең әдемі тоғай немесе бұтаны тауып, оны сипаттайық. Қыста тоғайлар тыныштық күйде болады, яғни ұйықтайды. Тоғайдың түбіне, бұтақтарына, құрылысына, түсіне қарап, бақылау жүргізу. Болжам: қар ағашқа жабысса – жылы болады. Жеке жұмыс Мақал- мәтел: «Бір тал кессең – он тал ек» Тақпақ: Қазақ жері –сәніміз Мәуесі мол бағымыз Саясында жетілер Балдай бала шағымыз. Қозғалмалы ойындар: «Қояндар мен аю» Еңбек: Тоғайларды қармен жабу. Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Ағаштар мен бұтақтарды бақылау Мақсаты: Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету. Жапырақсыз қалған өсімдікке назар аудару. Әсіресе қысты күні ағаштар мен бұталардың айырмашылығын жақсы көруге болатындығы туралы түсінік беру. Өсімдіктердің бір біріне ұқсастығы мен ерекшеліктерін табыңдар. Ауладан өздеріңе таныс өсімдікті тауып, атын атаңдар. Қастарына жақындап барып, қолдарыңмен ұстап сипаттап беріңдер. Болжам: қыста қар қалың болса, жазда егістік мол болады. Мақал-мәтел: Аяз мықты болса, мұрның қызарады. Жеке жұмыс Тақпақ: «Қарағай» Көкке бойын созады, Көпке қолын созады. Кең құшағын ашады, Көлеңкесін тосады Көп қарағай,қарағай Мейірбанды анадай. Қозғалмалы ойын: «Аңшы және қояндар» Еңбек әрекеті: Тал түбі мен бұталардың түбіне қарларды үйіп жинау Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Қар үстіндегі іздерді бақылау Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу. Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді? Тақпақ: Ақ киімді денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды, Үсті – басы ақ қырау түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай) Мақал: Жемберсең қыста құсқа- сауабы тиер оның жазда. Қимылды ойын: «Ақ қоян» Мақсаты: балаларды ептілікке баулу. Жеке жұмыс: бір құстың лабиринттен шығу жолы туралы ертегіні ойластыру. Еңбек: құстар үшін жемсалғыш жасап, оны ағашқа іліп қою, жем салу Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Ағаштар мен бұтақтарды бақылау Мақсаты: Өсімдіктердің ұқсастығы мен ерекшелігін ажыратуға үйрету. Жапырақсыз қалған өсімдікке назар аудару. Әсіресе қысты күні ағаштар мен бұталардың айырмашылығын жақсы көруге болатындығы туралы түсінік беру. Өсімдіктердің бір біріне ұқсастығы мен ерекшеліктерін табыңдар. Ауладан өздеріңе таныс өсімдікті тауып, атын атаңдар. Қастарына жақындап барып, қолдарыңмен ұстап сипаттап беріңдер. Болжам: қыста қар қалың болса, жазда егістік мол болады. Жеке жұмыс Мақал-мәтел: Аяз мықты болса, мұрның қызарады. Тақпақ: «Қарағай» Көкке бойын созады, Көпке қолын созады. Кең құшағын ашады, Көлеңкесін тосады Көп қарағай,қарағай Мейірбанды анадай. Қозғалмалы ойын: «Аңшы және қояндар» Еңбек әрекеті: Тал түбі мен бұталардың түбіне қарларды үйіп жинау Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |

Тыныс алу жаттығулары Ахметжан Аяулым Нұржанқызы "Түлкіні тап" ойыны. Мақсат-міндеттер: тыныс алу жолдарын ретке келтіру және қалыптастыру.
|
Әлімжан Айым Баламен еркін таңдалған, кез келген ертегінің кейіпкерлері, мазмұны жайлы әңгімелесу. |
"Шеберхана" үстел үсті ойыны. Алтай Айзере Балалар "шеберхана" сюжетті-рөлдік ойынын ұйымдастырып, етік түрлерін жасап көрсетеді. Педагог дайын етік түрлерін және ою түрлерін таратады. |
Дидактикалық ойын. «Қасқырдан құтқар». Мақсат-міндеттер: тіл байлықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. |
«Түрлі-түсті гүл шоғы». Қайрат Айгерім Жамбылқызы Мақсат-міндеттер. Балалардың эмоцианалды көңіл-күйін көтеру. Гүлдерді жұлуға болмайды. Олар біз секілді өмір сүреді. Енді, сіздерге ұнаған гүлді таңдаңыз. Оның түсін, көлемін байқаңыз, естеріңе сақтаңыздар. Енді бізге кейін оралу |

Қаржылық сауаттылық ойын: «Ақша қайда жұмсалады?» Мақсаты: – Ақша туралы бастапқы түсінік беру – Қарапайым қаржы дағдыларын қалыптастыру – Сатып алу мен үнемдеу түсінігін дамыту Ойын барысы: 1. Балаларға ойын ақша (қағаздан жасалған) таратылады 2. Үстелге түрлі суреттер қойылады: – Тамақ – Ойыншық – Киім – Кітап – Құлпынай, балмұздақ – Ақшаны үнемдеу үшін “қоржын” суреті 3. Әр бала өз ақшасымен не сатып алғысы келетінін таңдайды 4. Неге дәл сол затты таңдағанын айтып береді 5. «Барлық ақшаны жұмсамай, қоржынға салып та қоюға болады» деп түсіндіру Пайдасы: – Ақшаны тиімді жұмсауды үйренеді – Таңдау жасауды, шешім қабылдауды меңгереді – Қаржы туралы алғашқы түсініктер қалыптасады |
Экологиялық мәдениет «Күн ментін көлеңке» Мақсаты: Табиғи ресурстарды түсіну (күн, су, ауа) Барысы: – Күн шыққанда — секіреді – Бұлт келсе — тоқтайды – Жаңбыр жауса — орынға отырады |
Экологиялық мәдениет «Өсімдікті отырғыз» (қимылды ойын) Барысы: – Топпен тұқым егу, суару, күту әрекеттерін қимылмен жасайды – Әр бала өз “өсімдігін” күтіп, кейін сурет салады |
«Жануар қалай дыбыстайды?» Мақсаты: Есту және есте сақтау Барысы: – Тәрбиеші жануарды атайды – Бала сол жануардың дауысын салады (мыс: сиыр — мө-мө) |
«Не өзгерді?» Мақсаты: Зейінді дамыту Барысы: – Үстелге 4–5 ойыншық қойылады – Бала қарап болған соң, біреуі алынып тасталады – «Не жоғалды?» деп сұралады |
|||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес Күнделікті махаббат пен тұрақтылық – Қатты сөйлеу емес, тыныш, сенімді қатынас керек – Баланың мінезі – өз алдына тұлға екенін қабылдау қажет Қорытынды: Бала – айна. Не көрсе, соны қайталайды. Сөзден бұрын, сабыр мен мейірімділік көбірек әсер етеді. |

Жоспардың құрылу кезеңі 111-апта 19 - 23 қаңтар 2025-2026 оқу жылы
Адал азамат біртұтас тәрбие «Заң және тәртіп» « Апта дәйексөздері»- «Әділ заң - аспан тірегі»
|
Күн тәртібі |
Дүйсенбі 19.01 |
Сейсенбі 20.01 |
Сәрсенбі 21.01 |
Бейсенбі 22.01 |
Жұма 23.01 |

Адалдық әліппесі «Адал немесе алдамшы?» Мақсаты: Адалдық пен алдаудың айырмасын түсіндіру. Ойын барысы: Тәрбиеші әртүрлі жағдаяттарды айтып береді, балалар «адал» болса – қол шапалақтайды, «алдау» болса – қолдарын көтермейді. Мысалы: – Досыңның затын рұқсатсыз алдым. – Мен өтірік айтпаймын. – Сабақты өзі орындады. – Апайдан жасырып қойдым. |

Өнегелі 15 минут Ата -анаға кеңес Қиянат жасамауды үйретіңіз Біреудің затына қол сұқпау, кезекте тұру, бөлісе білу — бәрі де адалдық тәрбиесіне жатады. |

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Омпы Мақсаты: Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға ырысқа-тәрбиелейді. Шарты: Ойын тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді . Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек- кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. |
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Тақия тастамақ Мақсаты: Балаларды жалықтырмай ойын ережесін сақтап , жылдамдыққа , шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Сөздік қорларын молайту. Шарты: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. Ал, егер бала орнына тұрмай ұсталса немесе тақияны өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді. |
|
|||||||
|
Ертеңгілік жаттығу |
Таңғы жаттығу кешені № 10 |

Д/ойын:«Ғажайып қоржын» Мақсаты: Балаларды заттарды қолдарымен, сипаптиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету. қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар. |
Д\ойын«Бұл қай кезде болады» Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту. Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет |
Д/ойын:« Өз жұбыңды тап» Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау. Қажетті құралдар: Цифрлар бала санына |
Д/ойын:«Қателесіп қалма?». Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту. Қажетті құралдар: текше |
|
||||
|
Кестеге сәйкес ҰІӘ |
1 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
||||||||
|
Сөйлеуді дамыту «Ақсақ құлан» аңызы Міндеті: Монологты байланыстырып құра білу, әңгімені бірізді айту Күтілетін нәтиже: Жасайды:қойылған сұрақтарға жауап береді, төлдердің дауысын салады; Түсінеді: аңыздың мазмұнын, құланның қандай аң екенін, аңдарға жамандық жасауға болмайтынын; Қолданады: сөздерді буынға бөледі. –Сендерге «Ақсақ құлан» аңызы ұнады ма? –Аңызда не туралы айтылған? –Ашуына тиген құлан әңгісі балаға не істеді? –Міне, балалар, аң екеш аңға да зәбір көрсетіп, қорлауға болмайды екен. –Аңыз әңгімедегі құлан сөзі орыс тілінде «кулан» деп айтылады. Әңгі – үйірді басқаратын, бастап жүретін айғыры –«Л» – дауыссыз дыбыс. –"Л" дыбысының буын арасында кездесуі. Ла-ла-ла – лақ. Лә-лә-лә – Ләззәт. Да-да-да – дала До-до-до – долана. Құ-лан. Құ-лақ |
Сауат ашу негіздері Сөздің дыбыстық сызбасы Міндеті: Сөзді дыбыстық сызбасымен сәйкестендіруді үйретуді жалғастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту Күтілетін нəтиже: Жасайды: берілген бірінші буынға сөз айтады, сөздің дыбыстық сызбасын анықтайды. Түсінеді: сызбадағы белгілерді. Қолданады: дыбыс, буын туралы білімін. Балаларға алдарындағы дыбыстық сызбасы бар карточкаларды алуларын сұрайды. –Бүгін біз дыбыстық сызбасы салынған карточкаға сәйкес келетін сөздерді табамыз. Біз сөзге дыбыстық талдау жасауды, сөздегі дыбыстардың түрін анықтауды үйрендік. Дыбыстық талдау жасау үшін, сөздегі дыбыстарды оқып, олардың дауысты, дауыссыз екенін анықтап аламыз, буынға бөлеміз, неше дыбыс, неше әріптен тұратын анықтаймыз. Содан кейін әр дыбысты тиісті дөңгелектермен белгілейміз. Алдарыңдағы дыбыстық сызбаға назар аударыңдар, не көріп тұрсыңдар? Барлық торкөздер тиісті белгілермен белгіленіп тұр. Қасында сурет бар. Ненің суреті? –Күннің суреті. –Бұл – күн сөзінің дыбыстық сызбасы екен. Келесі дыбыстық сызбаны қарайық. Ол жерде де барлық торкөздері белгіленген екен. Енді мен сендерге екі сурет көрсетейін. Бұлар – бақ пен гүл. Дыбыстық сызба осы екі суреттің қайсысына сәйкес келеді, тауып айтыңдар. Бұл – бақ сөзінің дыбыстық сызбасы екен. Дыбыстық сызбаны сөзге дұрыс таңдау үшін сөздің неше дыбыстан тұратынын, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін біліп алу керек. Дауысты дыбыс нешеу, дауыссыз дыбыс нешеу? Сөздегі дыбыс саны, сызбадағы дыбыс санына сәйкес келе ме? Сәйкес келетін дұрыс сызбаны таңдау керек. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерді ата. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөздерді көк киіз үймен, дауысты дыбыстан басталатын сөздерді қызыл киіз үймен сәйкестендір. 2. Дыбыстық сызба дұрыс па? Тексер. |
Сауат ашу негіздері Біз нені үйрендік? Міндеті: Сызба бойынша сөйлем құрауларын жетілдіру, сөзді дыбыстық сызбасымен сәйкестендіруді үйретуді жалғастыру Күтілетін нəтиже: Жасайды: сөзді дыбыстық сызбасымен сəйкестендіреді, сызба бойынша сөйлем құрайды. Түсінеді: сөйлемнің сөздерден құралатынын. Қолданады: дыбыстықтарды ажыратады Дидактикалық ойын: « Көпше түрін айт» – Мен сендерге допты лақтырып бір сөз айтамын, сендер сол сөздің көпше (көп) түрін айтып допты кері лақтырасыңдар. Мысалы: қыз-қыздар, ұл-ұлдар, аға-ағалар, дәптер-дәптерлер, қозы-қозылар, жүзімжүзімдер, орындық-орындықтар, алма-алмалар, қоян-қояндар, түлкі- түлкілер, т.б. Дидактикалық ойын: «Тиісті белгіні көтер» Педагог дыбыстар, буындар, сөздер айтады, балалар -и- дыбысын естісе қызыл белгіні көтереді. Кім дұрыс көтереді жұлдызша беріліп отырады, ойын соңында жеңімпаз анықталады. Мысалы: а, р, о, и, м, и, а, к, е, и, т, и, б, ... Бар, ки, сық, ға, ман, ай, пи, ма, па, ға, қай, ти.... Лақ, ит, мал, ау, ми, сөз, тиін, кілем, киіз, түйе, ала, қаймақ... Дидактикалық ойын: «Соңғы дыбысты ұста!» – Балалар, бүгін біз шеңберде сөз тізбегін жасаймыз. Мен «құмыра» сөзін айтып бастаймын да, соңғы «а» дыбысын созып тұрамын, келесі бала соңғы дыбыстан басталатын сөз ойлап, қолмен ұстағандай қимыл жасайды, соңғы дыбысқа жаңа сөз айтып, соңғы дыбысты созып айтады. Балалар созып айтқан дыбысқа сөз айтып, ойынды жалғастырады (ойын осылай жалғасын табады). Мысалы: Құмырааа - алмааа - айраннн - наррр - раушаннн - найзағаййй - инеее - ешкііі - іззз - зырылдауық - қамшыыы - ыдыссс - сағаттт - тасбақааа - алтыбақаннн т.б. – Балалар, сөз тізбегінде қандай дыбыстарды созып айту қиынға соқты? Не себепті деп ойлайсыңдар? Дауыссыз дыбыстыларды созып айтуға келмейтінін ұмытпаңдар. |
Сауат ашу негіздері Дыбыстық талдау Міндеті: Төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды жетілдіру Күтілетін нəтиже: Жасайды: дыбыстық талдау жасайды. Түсінеді: сөз тіркесінің мағынасын түсініп, оны жалғастырады. Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сызбамен жұмыс істей алу дағдыларын. Дидактикалық жаттығу: «Сөз тіркесі не дейді?» Педагог: – Мен сөз тіркесін айтамын, не туралы екенін айтыңдар. 1. Онымен салат жейміз – . . .(шанышқы). 2. Нан кесеміз – . . .(пышақ). 3. Оған тамақ пісіреміз – . . .(қазан). 4. Онымен шай ішеміз – . . . (кесе). 5. Оған отырамыз – . . . (орындық). 6. Оған нан саламыз – . . . (нан салғыш). 7. Оған ыдыс саламыз – . . . (сөре). 8. Онымен сорпа құямыз – . . . (ожау). 9. Оған тамақ саламыз – . . . (табақ). Дидактикалық ойын: «Буынды жалға» Педагог: – Мен сендерге сөздің басы буынын айтамын да допты лақтырамын, сендер сөздің екінші буынын жалғап допты кері қайтарасыңдар. Мысалы: ба-нан, сүл- гі, ора-мал, кі-тап, қай-шы, жү-зім, са-рай, ар-ман, ал-мұрт, күй-ші, са-ғат, шал-бар, көй-лек, қал-пақ, қам-шы, қа- мыс, құ-лын, қи-яр, қа-ғаз, ке-се т.б. Дыбыстық талдау жаса. Педагог бала, төрт, қара сөздерінің дыбыстық сызбасын тақтаға іледі. Үш бала тақтада бала, төрт, қара сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Қалған балалар орындарында талдау жасайды, қателескендер тақтамен тексеріп қателерін түзейді |
Көркем әдебиет Жақсы мен жаман Міндеті: - Жақсы мен жаман туралы түсінігін қалыптастыру. Бір-біріне жақсы тілектер айтуға жетелеу. Жақсылық жасауға тәрбиелеу Күтілетін нəтижелер: Жасайды: өлеңнің мазмұнын эмоциямен қабылдай алады; Түсінеді: жақсылық пен жамандықты түсінеді; Қолданады: жеке шығармашылық қабілетін танытады Біз бүгін адам бойындағы жақсы, жаман әдеттер туралы әңгімелесеміз. «Мен қандаймын» ойыны Педагог допты лақтырады. Допты қағып алған балаға сұрақ қояды. – Сен қандай баласың? (Мен әдепті баламын, жақсы баламын) т.б. – Кейбір балаларда нашар әдеттер де кездеседі. Тақтадағы, слайдтағы суреттерге назар аударайық. – Суреттен кімді көріп тұрсың? Балаға ат қояйықшы. (Арман) – Ал мына суреттегі баланың аты кім? (Самат) – Олар не істеді? Салыстырайық, кімнің істегені дұрыс? – Иә, Саматқа қамқорлық жасау әдеті жетіспей тұр екен. Біз Самат сияқты балаларға көмектесіп, қамқор болып, жақсы істерді үйретіп жүрейік. – Бүгін біз автор Рахым Тышқанбаевтың «Жақсы мен жаман» өлеңімен танысамыз. Жақсы бала – тілалғыш, тәртіпті, ойыншықты сындырмай, күтіп ұстайды, ақылды, таза жүреді. Тіл алмайтын, ойыншықтарды сындыратын, өзінен кішіні, құрдастарын ренжітетін баланы жаман әдеті бар дейміз. Педагог өлеңді оқып беріп, жаттатады Сөздік жұмысы: жақсы бала – ақылды, таза, ұқыпты бала шалалық – бастаған жұмысын аяқтамау, қате іс жасау Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлең қалай аталады? Өлеңде не туралы айтылған? – Жақсы деп қандай баланы айтамыз? Жаман әдет деп нені айтамыз? Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман» (ойлау қабілетін дамыту) Шарты: үстелдің үстінде бірнеше сурет жатыр. Бала бір суретті алып, суреттегі ісәрекеттің не туралы екенін ажыратып, жақсы әрекетті жасыл жолаққа, ал жаман әрекетті қызыл жолаққа орналастырады |

Қоршаған ортамен таныстыру Өнеркәсіптегі адам еңбегі Міндеті: Өнеркәсіптегі адам еңбегімен таныстыру Күтілетін нәтиже: Түсінеді:Өнеркәсіптегі адам еңбегімен танысады Жасайды: Өнеркәсіптегі еңбек адамдарының мамандықтары жайлы Қолданады: өндіріс, өнім туралы жалпы білімдерін дамыйды. – Балалар жан-жақтарыңа қараңдаршы, бізді нелер қоршап тұр? Балалар атайды (заттар, ойыншықтар, жиһаздар). Заттардың бәрі адамның еңбегімен жасалған. – Балалар, «еңбектену» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? – Еңбектену – жұмыс істеу, қажеттілік үшін әрекеттену, нәтижеге жету дегенді білдіреді. Адамдар табыс тауып, отбасын асырау үшін, біреудің және өзінің пайдасы үшін еңбектенеді Әртүрлі салада еңбек ететін адамдарды қалай атаймыз? –Жұмысшылар, мамандық иелері, мамандар. Қандай мамандықтарды білесіңдер? Балалар білетін мамандықтары және ата-аналарының мамандықтары туралы айтады. –Балалар, біз бүгін өнеркәсіптегі адам еңбегімен танысамыз. Өнеркәсіп – өндіріс орындары, зауыт, фабрикалар. Бұл жерлерде адамға қажет заттар жасалады. Мен сендерге ең тәтті өндіріс туралы айтқым келіп тұр. «Тәтті» өндірісте не өндіріледі? –Тәтті өнімдер. Интербелсенді тақтадан «Рахат» фабрикасы туралы бейнебаян көрсетіледі. – «Рахат» фабрикасында әртүрлі кәмпит, шоколад, мармелад, вафли, печенье, тоқаш пісіріледі. –Фабрикада еңбек ететін адамдарды қалай атайды? –Кондитерлер. (Педагог «Қазақстан» шоколадын алып шығады). |
Математика негіздері Артық, кем, тең Міндеті: -«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір біріне қатынасы негізінде салыстыру Күтілетін нәтижелер: меңгереді: санауды,«көбірек», «азырақ», «бірдей», «тең» сөздерін айтуды; түсінеді: белгінің мәні мен мағынасын; қолданады: сандарды санауды және салыстыруды 1-тапсырма. Суреттерге қара. Алманы әр себетпен сызып қос. Салыстыр. Қайсысы артық? Қайсысы кем? – Суреттерді қара, біз мерекелік дастарқан жаямыз. – Себетке бір-бірден алма сал. Алманы әр себетке қос. – Салыстыр. – Қайсысы артық? Қайсысы кем? (Себеттерге қарағанда алма кем.) – Басқаша қалай айтуға болады? (Себеттер алмалардан артық.) Алмұртты әр тәрелкемен сызып қос. Қорытынды жаса. – Не артық? Не кем? Балалар алмұрт пен табақтарды бірдей – тең деп шығарады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. «Шыршаны безендір» ойын жаттығуы (№32 парақ). Педагог қиылған шырша ойыншықтары мен шырша суреттерін таратады. Әр топ өз шыршасын безендіреді. Педагог екі түсті 3 шырша шарын таңдауды ұсынады. Балалар шыршаларды безендіреді. Барлық ойыншықтарды санайды. Әрі қарай, педагог басқа түсті тағы 2 ойыншық қосуды ұсынады. Балалар ойыншықты қайтадан санайды |
Математика негіздері Артық, кем, тең Міндеті: -«Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір біріне қатынасы негізінде салыстыру Күтілетін нәтижелер: меңгереді: санауды,«көбірек», «азырақ», «бірдей», «тең» сөздерін айтуды; түсінеді: белгінің мәні мен мағынасын; қолданады: сандарды санауды және салыстыруды Алдыңғы ұйымдастырылған ісәрекетіндегі тапсырмаға ұқсас, қыздар мен ұлдардың саны салыстырылады. Содан кейін педагог қонақтарға мандариндерден (сары шеңберлер) дәм татуды ұсынады. Балалар шеңберлерді балалардың суретінің жанына орналастырады. Олардың саны салыстырылады. Қорытынды жасалады. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Суретте қанша ұл, қыз, үстел және орындық бейнеленгенін сана. Шаршыға сонша нүкте сал. Қыздар көп пе, әлде ұлдар көп пе? Үстел көп пе, әлде орындық көп пе? «Олар да сонша» ойын жаттығуы. Педагог балаларға шырша шарларының кесінді суреттерін таратады (№32 парақ). 2-ден 10-ға дейінгі цифрлары бар карточканы көрсетеді, түсін айтады және осы түстегі тағы басқа шарларды шығарып қоюды сұрайды. Содан кейін аз мөлшерде басқа түсті шарларды. Осыдан кейін ол шарларды тең қылып қоюды сұрайды. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардан шарлардың тең санын қалай алғандығын айтуды сұрайды. |
Математика негіздері Заттар тобын санау және салыстыру Міндеті: Топтарда заттардың тең және тең емес санын анықтау Күтілетін нәтижелер: меңгереді: санайды, заттар тобын салыстырады, сөздерді айтады: «азырақ, көбірек, тең»; түсінеді: өзара бірмәнді сәйкестікті анықтау арқылы заттардың топтарын салыстыру тәсілін; қолданады: санап, салыстыру білігін «Сонша жина» дидактикалық ойыны. Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен 3 топқа бөлінеді. Әр топтың үстелінде біртекті заттар жиынтығы бар (текшелер, «Лего» бөлшектері, геометриялық фигуралар, бұршақ, киімқыстырғыштар немесе басқа материалдар қойылады). Балалардың бірі – жүргізуші болады, ол 1-ден 10-ға дейінгі карточкаларды көрсетеді, балалар сонша заттарды орналастырады. Әрі қарай педагог (текшелер, ойыншықтар), көлік суреттерін немесе балалар суретін шығарып қояды. – Ойыншықтарға қара. (Мәшинелер, балалардың суреттері.) – Оң жақтағы және сол жақтағы санды салыстырыңдар. – Не артық? Не кем? Қалай тең қылуға болады? Балалар салыстыру және теңестіру әдісін ұсынады. – Оларды теңестіру үшін не істеу керек? Олар теңестіру үшін бір жағынан артық ойыншықтарды алып тастау керек немесе жетіспейтін ойыншықтарды қосу керек деген қорытынды жасайды. – Біз ойыншықтарды бір-бірінің астына қоямыз немесе артық ойыншықтың бар-жоғын білу үшін сызық сызамыз, бір-бірімен жұптастырамыз. – Сол жақта қанша ойыншық (ыдыс) бар екенін сана. Педагог балалардан ойыншықтарға (ыдыстарға) қол тигізіп, дауыстап санауды сұрайды. 4 ойыншық шықты. – 4 цифры бар карточканы сал. – Басқа ойыншықтарды (табақтарды) сана. – Олардың саны қанша? (3). – Қайсысы артық? Қайсысы кем? – Енді басқа сөредегі ойыншықтарды сана. Педагог оларға қойылған ойыншықтарды санауға көмектеседі. Мысалы, жүк көліктері (5) және жеңіл автомобильдер (6). – Қанша жүк көлігі бар? (5). – Қанша жеңіл көлік бар? (6) Әрі қарай, педагог ойыншықтардың екі түрін бірдей болған жағдайда олардың саны бойынша салыстыруды ұйымдастырады. – Қуыршақтарды сана. Олар қанша? (5). – Мәшинелерді сана (5). Не артық? Не кем? Мәшинелер мен қуыршақтар тең. |
Қоршаған ортамен таныстыру Жол белгілері Міндеті: Жол белгілері мен жаяу жүргіншілер ережесімен таныстыру Күтілетін нəтиже: • жол ережесін сақтау үшін, үнемі жол белгілері білуге арналған тапсырмаларды орындайды/жасайды; • көшеде тəртіп сақтау керектігін түсінеді; • қоршаған ортада өзін дұрыс ұстау дағдыларын қолданады Жолдан өту үшін ең алдымен адам тоқтап, сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарауы керек. Жол ортасына жеткен кезде тағы бір байқау үшін сол жақты және оң жақты бақылауы керек. Сондай-ақ көше қозғалысы өте жылдам екенін ескеріп, үнемі сақ болу керектігін естен шығармаған жөн. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіруге мүлде болмайды. Сен бір адым жасағанда мәшине 20 метр жүріп үлгіретінін біліп жүр! Балалар, біз көшеде бір жол белгілерін жиі көреміз. Ол қандай жол белгісі? (Балалардың пайымдаулары). – Дұрыс айтасыңдар, ол – «Жаяу жүргіншілер өтпесі» белгісі. Тағы қандай жол белгілерін білеміз? Белгінің пішініне, түсіне, ішіне салынған суретіне қарап, айта аламыз ба? Интербелсенді тақтадан жол белгілерінің суретін көрсету. Желаяқпен бірге тапсырмаларды орындауға шақырады: Жол белгілерін қарастырып, әрқайсысының нақты бір ережеге арналғанын талқылайды. «Жаяу жүргіншілер өтпесі», «Велосипед жолы», «Жерүсті жаяу жүргіншілер өтпесі», «Жерасты жаяу жүргіншілер өтпесі», «Назар аударыңыз! Балалар!», «Автобус аялдамасы», «Аурухана», «Асхана», «Жанармай құю бекеті» т.с.с. – Бұлардың бір- бірінен қандай айырмашылығы бар? (Айырмашылықтары түсі, пішіні және суреттерінде екенін айтады) – Жол белгілері «ескерту», «тыйым салу» , «көрсеткіш», «ақпараттық», «сақтандыру» белгілері болып бөлінеді. «Көрсеткіш» белгісі нені білдіреді? –Дұрыс айтасыңдар, көрсетеді. Интербелсенді тақтадан «көрсеткіш» белгілері шығады. – «Көрсеткіш белгілері» жаяу адамдардың өтетін жерін, көліктер тұрағы, қоғамдық көлік аялдамасын көрсетеді. Бұл жол белгілері көк түсті, пішіні төртбұрышты. Бәрімізге жақсы таныс – «жаяу жүргіншілер өтпесі» белгісі, . |
|
||||
|
Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Ақсақ құлан» күйі Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру, |
|
|||||||||
|
|
Ақсақ құлан Қаңтар |
|
|
|||||||
|
3 - ұйымдастырылған іс-әрекет |
|
|||||||||
|
|
Қазақ тілі Мысық пен тышқан Міндеті: Сөйлеудің дыбыстық
мәдениеті. Күтілетін нәтиже: Жасайды: Мысық пен тышқан дос бола алмайтынын түсінді; Түсінеді: Тышқанның зияны көп екенін түсінді; Қолданады: Тышқан неге мысықтан қашатынын сомдады; -Балалар, менің жұмбағымның жауабын кім біледі? Терезеден ашылған Күн сәулесі түсіпті. Жіппен ойнап отырған Көрдіңдер ме, (мысықты) Дұрыс айтасыңдар, бұл жұмбақтың жауабы –мысық. Бүгінгі оқу қызметіміз тақырыбы «Мысық пен тышқан» деп аталады. Өздеріңнің мысықтарың туралы айтыңдар. Сызба бойынша сөйлем құраңдар. Менің
жіппен ойнайды. Балалар өздерінің мысықтары туралы әңгімелейді. Менің мысығым сүт ішеді. Менің мысығым ұйықтап жатыр. 2.Балаларға мысық пен тышқан туралы мәлімет беру. Тәрбиеші: Мысық мысықтың түрі, денесі қандай? Ол немен қоректенеді? Қалай дыбыстайды? Мысықтың күшігі қалай аталады? Енді тышқанға туралы осы сұрақтарға жауап беріңдер? |
Қазақ тілі Тауық Міндеті Сөздік қор. Күтілетін нәтиже: Жасайды: тауық туралы білетін білімдерін, немен қоректенетінін, қандай пайдасы бар екенін Түсінеді: көріп жүрген тауыққа ұқсады ма, анықтады; Қолданады:салыстырады, бағалады Қимыл-қозғалыс жаттығуы. «Шөп-шөп шөжелерім. https://yandex.kz/video/preview/9916118167897650589 Бейнебаянға немесе педагогке қарап, балалар қимыл-қозғалысты қайталайды. Тауық туралы әңгімелейді... Екеуінің тіршілік ортасының ерекшелігі туралы әңгімелейді. Қаздар қандай жерде тіршілік етеді? Тауықтар қай жерде? Екі құстың ерекшеліктерін сипаттайды.
- Үй құстарына қандай құстар жатады? (тәрбиешінің немесе маманның көмегімен жауап береді) - Неліктен олар үй құстары деп аталады деп ойлайсыздар? (дәлелдеуге дағдыландыру) - Үй құстарының қандай пайдасы бар? (тәрбиешінің немесе маманның көмегімен үй құстарының атауларын атаймыз, суреттері көрсетіледі.) Үй құстары: үйрек, қаз, күркетауық, тауық. Үй құстарының пайдасы: жұмыртқасы, еті, жүні. |
Сөйлеуді дамыту Су торғайы Міндеті: - Өзара байланысты бірізді сюжет құрастыру, сөйлегенде бейнелі сөздерді қолдану. Күтілетін нәтиже: Жасайды: әңгіменің тақырыбын сұраққа жауап береді және авторын біледі, мазмұнын түсініп; Түсінеді: құстардың үй құстары мен жабайы құстар, жабайы құстардың жыл құстары, отырықшы құстары және жыртқыш құстары болып бөлінетінін. -Балалар, біз бүгін торғайлар туралы ойынды бекер ойнаған жоқпыз. Өйткені сендерге қазір жазушысы М.Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. Әңгімені мәнерлеп оқиды. «Су торғайы» Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз. Осындай кезде шыр-шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қара торғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап, тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған. Оны да елең қылмастан зыр-зыр жорғалап, баяғысынша әндетумен болады. Бұл қандай ғажап құс! Бұл құсты су торғайы дейді. Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады. Балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. 1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі? Әңгімеде не туралы? Су торғайын кім сипаттап береді? Су торғайы жемін қайдан табады? Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңейді? |
Көркем әдебиет Бір уыс мақта Міндеті: - Қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкеннің ақылын тыңдай білуге тәрбиелеу Күтілетін нəтижелер: Жасайды: көркем мəтінді тыңдайды, əңгімелеп айтып бере алады; Түсінеді: əр заттың пайдасы бар екенін түсінеді; Қолданады: əдеби кейіпкерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады. Қардай аппақ, Мамықтай жұмсақ. Ол не? (Мақта) – Мақта жұмсақ, аппақ болады. Мақтадан киім дайындайды, көрпе жасайды. – Бүгін біз мақта туралы Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» әңгімесімен танысамыз. Әңгіме болған оқиғаның желісі бойынша жазылады. Педагог әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді Сөздік жұмысы: күн өтпей жатып – бір күннің ішінде қиқым – бұл жерде: мақтаның қалдығы Сұрақ-жауап: – Әңгіме қалай аталады? Авторы кім? – Кішкентай қыз не істеп отырды? Анасы қызына қандай ақыл айтты? – Қыз мақтаның қиқымын қайда лақтырды? Оны не алып кетті? Анасы не деді? – Мақта сөзіне сөйлем құра |
Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру) Қар кесегі Міндеті: - Жыл мезгіліне байланысты өзгерісті сурет салуда бере білу білігін бекіту - Ойдан өзбетінше мүсіндеуге, ұжымдық жұмыстарды орындауға баулу - Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау - Ойынға қажетті құрылысты бірлесіп ойдан құрастыруға, мүмкіндік беру Топтық жұмыстар |

Дене тәрбиесі Спортпен шұғылданамыз Міндеті: - Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру Күтілетін нәтиже: Жасайды:Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрады Түсінеді:белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтереді Қолданады:жаттығулар жасайды Гимнастикалық қабырғаға арқасымен сүйеніп тұрып, белінің деңгейіндегі рейкадан ұстап, аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру Қозғалыс ойындары: «Сағат» Екі ойыншы бірдей қашықтықта шеңбер бойымен тұрып алып, белгі берілгенде бір бағытта жүгіріп, бірін-бірі қуып жетуге тырысады. Ойында жаттығуларды екі бағытта қайталау керек (сағат тілімен, сағат тіліне қарсы). . |
Музыка Бұл қай кезде болады? Міндеті: Мәтінге сәйкес әнді сахналау Күтілетін нәтижелер: Жасайды: әннің сипатын қабылдайды, дауысын дұрыс келтіріп орындайды. Түсінеді: жұмбақ өлеңнің мағынасын түсінеді. Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды Музыка тыңдау: «Қыс» (Б. Ерзакович) Ән айту: «Зырлайды шанамыз» ( М. Маңғытаев) «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт) Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың х.ә. (өңдеген М. Раухвергер) Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко |
Дене тәрбиесі Аңшы боламыз Міндеті: - Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу Күтілетін нәтиже: Жасайды: Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу Түсінеді: Қолдарын айқастырып желкеге қою Қолданады: қолды жазып, екі жаққа созу |
Дене тәрбиесі Аңшы боламыз Міндеті: - Алға қарай еңкейіп, алақанды еденге тигізу; артқы жағынан қолды айқастырып көтеру, қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу Күтілетін нәтиже: Жасайды: Алға қарай еңкейіп, алақанды еденге тигізу Түсінеді: артқы жағынан қолды айқастырып көтеру Қолданады: қолды жоғары көтеріп, жан-жаққа бұрылу Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу Қимыл-қозғалыс ойыны: «Төбешіктен-төбешікке». Ойыншылар еденге тақтайшаларды қойып, оның үстіне тұрады, сонан кейін екіншісін қояды. Осыдан кейін екінші тақтайшаға секіріп тұрады да, бірінші таяқшаны алып, оны алдыға тастайды. Осылайша залдың екінші шетіне дейін тақтайдан-тақтайға секіріп барады. |
Музыка Қыс келді Міндеті: Шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынталандыру Күтілетін нәтижелер: Жасайды: ән айтады, әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындайды. Түсінеді: айтылатын әннің мазмұнын, мәтінін түсінеді. Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады |
|
||||
|
|
Музыка тыңдау: «Қыс» (Б. Ерзакович) Ән айту: «Зырлайды шанамыз» ( М. Маңғытаев) «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт) Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың х.ә. (өңдеген М. Раухвергер) Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко
|
|
|
|||||||
|
Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу. Қолдарын айқастырып желкеге қою, қолды жазып, екі жаққа созу Қимыл-қозғалыс ойыны: «Төбешіктен-төбешікке». Ойыншылар еденге тақтайшаларды қойып, оның үстіне тұрады, сонан кейін екіншісін қояды. Осыдан кейін екінші тақтайшаға секіріп тұрады да, бірінші таяқшаны алып, оны алдыға тастайды. Осылайша залдың екінші шетіне дейін тақтайдан-тақтайға секіріп барады. |

Бақылау: Бұлтты бақылау. Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар жауады т.б. түсіндіру. Зәулімде тұрағы Тіреусіз тұрады.(Бұлт). Еңбек: Көшедегі қар жинаушы машинала- рдың жұмысын бақы лау.Мақсаты: Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының зор екендігін айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету. Жеке жұмыс: Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт Мақсаты: Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту. Қим.ойын: «Мені қуып жет». Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету. Денені ширату арқылы денсаулықты нығайту. Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Бақылау: Мұзды бақылау. Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру. Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу. Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл ген тапсырманы тия- нақты орындауларын қадағалау. Жеке жұмыс: Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату. Жаңа жыл,жаңа жыл, Жаңа жылда-жаңа нұр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету. Ойын: «Тышқан мен мысық». Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім қабылдауға үйрету. Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Бақылау:Ауа-райын бақылау. Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау. Еңбек: «Таза алаң». Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Ойын: «Қасқыр мен қаздар». Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру. Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи». Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Бақылау: Мұздақты бақылау. Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге үйрету. Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю. Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға шақыру. Жеке жұмыс: Жұмбақ жатттату“ Отқа жанбас, Суға батпас” (мұз) Мақсаты: Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ жаттату арқылы сөздік қорын молату. Есте сақтау қабілетін дамыту. Қимылдық ойын: «Қазан». Мақсаты: Бірлесіп ойнауға шақыру. Балалардың көңілдерін көтеру. Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Бақылау: Күнді бақылау. Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру. Еңбек: «Қыс қызығы». Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды. (Күн) Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта- рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Қимылды ойын: «Айгөлек». Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшан- дыққа , ептілікке баулу. Еркін ойындар Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |

«Таныс тақпақтарды айту» Болғанбек Ұлағат Мақсаты:Дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтуды,қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануды үйрету. |
«Сырғанаймыз бәріміз» қимылды ойын Қанат Назерке Мақсаты:Биік емес төбешіктен сырғанауды,салауатты өмір салты туралы ұғымдарды түсіндіруді үйрету. |
«Пішіндерді топтастыр» д\о Алтай Айзере Мақсаты: Бір затты топтан бөлуді және топтарға біріктіре алуға үйрету. |
«Мысық»мүсіндеу Әлімжан Айым Мақсаты: Мүсіндеуді әртүрлі тәсілдерін пайдалануды;ермексаздың кейбір қасиеттерін білуді үйрету. (шығармашылық дағдылар) |
«Менің мамандығым»әңгіме Қайрат Айгерім Жамбылқызы Мақсаты:Әртүрлі мамандықтардың еңбектерінің мазмұның, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалауға үйрету.. |

Дидактикалық ойын «Қандай пішін жетіспейді?» Мақсаты: Геомертиялық пішіндерді атайды.Қай пішін жетіспейтінін табады. |
Қаржылық сауаттылық Бөлу, үнемдеу ұғымын енгізу – Ақшаны үшке бөліп үйретуге болады: 1) жұмсауға 2) үнемдеуге 3) қайырымдылыққа (немесе сыйлық жасауға). |
Дидактикалық ойын: «Апта күндері» Мақсаты: Апта күндерін естерінде сақтайды. Апта күндерін рет-ретімен айта алады. |
Қаржылық сауаттылық Сабырлық пен жинақтауға үйрету – Мысалы, бала бір ойыншықты қатты қаласа, оған жинақ сандықшасы беріп: "Апта сайын 100 теңгеден сал, сонда өзіңе аласың" деп бағыттаңыз. |
Экологиялық мәдениет "Тыйым белгілері" арқылы түсіндіру Мысалы: "Құсты үркітуге болмайды", "Ағашты сындырма", "Қоқысты тастама" деген белгілерді көрсету арқылы нақты әрекетті түсіндіруге болады. |
|||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес Адал ісін мақтап отырыңыз Мысалы: "Сен шындықты айтқаның үшін саған ризамын", "Міне, нағыз адал бала!" |

Жоспардың құрылу кезеңі V1-апта 26 -30 қаңтар 2025-2026 оқу жылы
Адал азамат біртұтас тәрбие «Заң және тәртіп» « Апта дәйексөздері»- ««Тәртіпсіз ел болмайды»
|
Күн тәртібі |
Дүйсенбі 26.01 |
Сейсенбі 27.01 |
Сәрсенбі 28.01 |
Бейсенбі 29.01 |
Жұма 30.01 |

Адалдық әліппесі "Шыншыл жүрек" Мақсаты: Баланың шын айтуына жағдай жасау. Ойын барысы: Балалар қолдарына жүрек ұстап отырады. Тәрбиеші сұрақ қояды, шын жауап берсе – жүректі кеудесіне қысады. Мысалы: – Бүгін балабақшаға кешіктің бе? – Үй тапсырмасын орындадың ба? |

Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес "Күн сайын баламен өнегелі 15 минут" Мақсаты: баламен тұрақты түрде сапалы, тәрбиелік мағынасы бар уақыт өткізу. Уақыт бөліңіз – күнде 15 минут Күнделікті жұмыстан шаршасаңыз да, 15 минутты тек балаға арнаңыз. Сол сәтте телефоныңызды қойып, бар зейін балада болсын. |

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Атбақыл Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады |
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» Арқан тартыс Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады . |

Сөйлеуді дамыту Су торғайы Міндеті: Өпитеттерді, салыстыруларды қолдану Күтілетін нәтиже: Жасайды: әңгіменің тақырыбын және авторын біледі, мазмұнын түсініп сұраққа жауап береді; Түсінеді: құстардың үй құстары мен жабайы құстар, жабайы құстардың жыл құстары, отырықшы құстары және жыртқыш құстары болып бөлінетінін. Педагог балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. 1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі? 2.Әңгімеде не туралы? 3.Су торғайын кім сипаттап береді? 4.Су торғайы жемін қайдан табады? 5.Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңей Педагог әңгіме мазмұнын 5– 6 балаға қайталап айтқызады. –Балалалар, құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді. –Әңгімедегі су торғай қандай құсқа жатады деп ойлайсындар? Қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар және жыртқыш құстар болып бөлінеді. –Жыртқыш құстарға қандай құстар жатады? Педагог балаларға суретін көрсетеді «Ш» дыбысын дұрыс естіп, ажыратуға арналған жаттығулар: 1)Ша-ша-ша – шана. Шу-шу-шу – шуда. Шы-шы-шы – шыны. Ше-ше-ше – шелек. Ши-ши-ши – шие. Шө-шө-шө – шөп |
Сауат ашу негіздері Ойнай отырып оқимыз Міндеті: Сөздерді буынға бөлуге, дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгеруге жаттығулар жасату Күтілетін нəтиже: Жасайды: жасырылған сөзді, сипаты арқылы табады, сөздің неше дыбыстан тұрғанын анықтайды, берілген буынның жалғасын табады. Түсінеді: қарама-қарсы сөздерді түсінеді. Қолданады: буынға бөлуде сызбаны қолданады, дыбыстарды ажыратады Дыбыстық жаттығу: “Ұйқасын тап” Педагог буынның аяғын айтады, балалар ұйқас сөзді тауып жалғастырып айтады. Ау-ау-ау, не деген биік тау. Гер-гер-гер, науқасты емдейтін . . . (дәрігер) Тік-тік-тік, қыста кидің . . .(етік) Қан-қан-қан, жайды әжем . . . (дастарқан) Яр-яр-яр, тұздағынымыз . . . (қияр) Тап-тап-тап, оқып отырмын . . .(кітап) Қы-қы-қы, жайылып жүр . . .(жылқы) Иыр-иыр-иыр, сүті қою . . .(сиыр) Не-не-не, қолыма кірді . . . (ине) Қа-қа-қа, бақылдайды . . . (бақа) Дидактикалық жаттығу: “Қарама-қарсы сөзін айт” Ал енді мен айтқан сөздің қарама-қарсы сөзін тауып айтыңдар. жіңішке – . . . (жуан) үлкен – . . . (кіші) ұзын – . . . (қысқа) пысық – . . . (жалқау) ашты – . . . (жапты) құрғақ – . . . (ылғал) қара – . . . (ақ) биік – . . . (аласа) жұмсақ – . . . (қатты) ыстық – . . . (суық) Дидактикалық жаттығу: “Жасырылған сөз” Шарты: бала бір сөздің атын тура атамай, оны сипаттайды. Балалар сол сөзді табады. Мысалы: “Ол күз мезгілінен кейін келеді”, “Ол келмесе, Аязата мен Ақшақар келмейді”. Жауабы: қыс. |
Сауат ашу негіздері Дыбыстық талдау Міндеті: Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларын жетілдіру Күтілетін нəтиже: Жасайды: дауыссыз дыбыстан басталатын заттарды анықтайды, сөздерді буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды. Түсінеді: қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын түсінеді. Қолданады: дыбыстарды ажыратады, буынға бөледі. Дидактикалық жаттығуы: «Буынға буын қос» (педагог балаларға суреттер көрсетеді). – Мен сендерге сурет көрсетіп бірінші буынын айтамын, сендер екінші буынын айтасыңдар. Мысалы: ( ал-ма, қар-быз, қа-уын, қа-лақай, қы-занақ, қор-жын, дәп-тер, қа-лам, қай-шы, жылқы, бал-та, көр-пе, сә-біз т.б.) Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттен дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді ата. Сөйлем құра. Сызбасын сыз. – Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын естеріңе түсіріңдер. Балалар педагогтің тапсырмалары бойынша жұмыс жасайды, сұрақтарға жауап береді. Дидактикалық жаттығу: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз қос» – Балалар, мен сендерге заттың сипатын айтамын сендер сол сипатқа сай суреттен көрген дауыссыз дыбыстан басталатын затты айтыңдар. Мысалы: әдемі ...(көлік), заманауи ...(қала), биік ...(ғимарат), жасыл ... (желек), ұзын ...(көше), жедел ..(жәрдем), үш түсті ...(бағдаршам), жылдам ...(метро), аппақ ... (бұлт), үлкен ...(терезе) т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 2. Дыбыстық талдау жаса. Көше, ағаш сөздеріне дыбыстық талдау жаса. Педагог тақтаға сөздердін сызбасын іледі. Көше сөзіне дыбыстық талдау. Көше сөзінде 2 буын, 4 дыбыс бар. Ағаш сөзіне дыбыстық талдау. Ағаш – 2 буын, 4 дыбыс. 3. Суреттерді ата. Сөздерді буынға бөл |
Сауат ашу негіздері Біз нені үйрендік? Міндеті: Сөйлем құрай білулерін, сөйлем сызбасын сыза білулерін жетілдіру Күтілетін нəтиже: Жасайды: сөздердін бірінші дыбысын анықтайды жəне талдау жасайды, сөздердегі буын санын анықтайды. Түсінеді: дауысты, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын, буынның жасалу жолын. Қолданады: сөйлем сызбасын, дыбыстарды ажыратады. Дидактикалық ойын: «Тиісті белгіні көтер» – Дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді араластырып айтамын, сендер тиісті қызыл, көк түсті жалаушаларды көтеріңдер. Мысалы: маймыл, ақ аю, ат, жолбарыс, түйе, бұзау, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, керік, тышқан, ит, доңыз, мысық, тай, қой, құлын, тауық, ешкі, лақ, сиыр, бота, қозы, т.б. Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын айт» (Педагог суреттерді көрсетеді). –Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап, бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: өшіргіш(ө), әтеш(ә), апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б. –Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. Иә, дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? –Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды. Дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ), тышқан (т), шымшық (ш), сақина (с), хат (х), циркуль (ц), щетка (щ), күре к(к), трактор (т), сағыз (с), тау (т), қайшы (қ), қамшы (қ), парта (п), шар (ш), сиыр (с), су (с), қап (қ )т.б –Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар? – Иә, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер. Өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр, тек салдырдан тұрады, созып айтылмайды |
Көркем әдебиет Автобуста Міндеті: Әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу. Әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейту. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу Күтілетін нәтиже: Жасайды:Әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға Түсінеді:Әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейді Қолданды:Үлкендерді құрметтеуді Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (Автобус) – Балалар, автобусқа мінгенде өзімізді қалай ұстаймыз? – Автобусқа кірген кезде орын таңдап жүру керек пе? – Көлік қозғалған кезде есігін қолмен итеруге бола ма? – Автобустың ішінде қатты сөйлеуге, жылауға бола ма? – Ал автобусқа қарт адам кіргенде не істеу керек? Педагог балаларға автобус, көліктердің суретін слайд арқылы көрсетеді. – Бүгін ақын Әбді Шынбатыровтың «Автобуста» әңгімесімен танысамыз (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: аялдама – автобус тоқтайтын орын кішіпейіл – ізетті, әдепті, үлкенді сыйлайтын Сұрақ-жауап: – Әңгімеде не жайында айтылған? Кім орын берді? Анасы баласына не деді? – Сен автобусқа мінгенде өзіңді қалай ұстайсың? Үлкендерге орын бересің бе? – Автобусты кім жүргізеді? – Автобус сөзіне сөйлем құра. Дидактикалық ойын: «Қай көлік қайда жүреді» (баланың зейінін дамыту) Шарты: бұлт, су, жол суреттеріне сәйкес көліктің түрлерін орналастырады. |

Қоршаған ортамен таныстыру Суық өлкедегі тіршілік Міндеті: Балалардың суық аймақтағы тіршілік жайлы білімдерін қалыптастыру Күтілетін нәтиже: Жасайды:Балалардың суық аймақтағы тіршілік жайлы білімдерін қалыптасады Түсінеді: Жабайы аңдар және олардың қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктері туралы . Қолданады:Қызығушылыққа, мейірімділікке, жауапкершілікке, топпен жұмыс жасай білу Бүгін біз ең қатал табиғи аймақпен танысамыз. Бұл – Арктикалық шөлдер аймағы. Көзімізді жұмып, айналамызда мұз бен қар бар екенін елестетейік. Біз Арктика шөлінде, қар мен мұз патшалығына барамыз. Музыка ойналады. Үнтаспадан дауыс шығады: «Ерте-ерте-ертеде, мұзды-таулы өлкеде, қатігез сұлу ханшайым құрыпты сауық-сайранын! Зеріккеннен баспаққа, темір торлы аспаққа, мұз өлкенің аңдарын ұстап алып қамапты!» Интербелсенді тақтадан аппақ «Қар ханшайымы» сарайы көрінісі шығады. Қабағы қатулы «Қар ханшайымы» тақта отырады. Торда қамаулы жануарлар, құстар тұрады. – Құрметті Қар ханшайымы! Сіз мына мұз сарайыңызда қатты зеріктіңіз. Сіздің көңіліңіз мұз болғандықтан, жүрегіңіз де мұзға айналып бара жатыр. Жақсылық іс жасасаңыз, зеріккеніңіз басылады, мұз сарайыңыздың сәні кіреді! – Маған қандай ақыл айтпақсың? – Мұз өлкенің тұрғындарын тордан босатсаңыз, көңіліңіз көтеріліп, мейірімді ханшайымға айналасыз! – Жақсы, бірақ менің тапсырмаларымда орындасаңдар ғана босатамын! Қар ханшайымының 1-тапсырмасы: Жұмбақ шешу Құбылыс бар керемет, Алаулайды көкжиек, Аспан жанып, нұр төгер! Алтын арай ілінген. От жалындай жанады, Көз тартады жарқырай, Мұз үстіне тамады. Не екен ол? Кім білген? Педагог балалармен ақылдасып, «Солтүстік шұғыласы» деген шешімге келеді. – 1-слайдты тамашалайық. Тек Солтүстікте және қыста ғана ең әдемі табиғат құбылыстарының бірі – Солтүстік шұғыласын көруге болады. Оның сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Ол – аспанда пайда болатын жарқыл. Солтүстік шұғыласы полярлық түнде жақсы көрінеді. – Полярлық түн деген не? – Полярлық түн 6 айға дейін созылады, Күн көзі мүлде шықпайды |
Математика негіздері 10-ға дейін санау Міндеті: Көрнекілік арқылы 10-ға дейін сандардың пайда болуымен таныстыру Күтілетін нәтижелер: меңгереді: қарапайым мысалдар шығару, 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта санауды; түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы санды алу тәсілін; қолданады: 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын. Ойын жаттығуы. «Қай қорапта көбірек?» Балаларға әртүрлі өлшемде бірнеше қорап пен ойыншықтар беріледі. Олар заттарды қораптарға салып, қай қорапта көбірек ойыншықтар бар екенін анықтайды. Балалар санау негізінде, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасымен де заттар санын салыстыру қабілетін дамытады. «Карточкалармен ойнау» ойын жаттығуы. Балаларға мөлшерді салыстыру үшін әртүрлі заттардың суреттері бар карточкалар ұсынылады. Олар әртүрлі карточкалардағы заттардың санын салыстырып, қай карточкада көп немесе аз заттар бар екенін анықтауы керек. Бұл ойын үшін №8, №9 парақтар қолданылады. Педагог магниттік тақтаға себеттер (3) және алма (2), табақтар (3) және алмұрт (3) суреттерін іліп қояды. – Себетке бір алма сал. Алманы әр себетке қос. – Не артық? Не кем? (Себеттерге қарағанда, алма – кем.) – Басқаша қалай айтуға болады? (Себеттер – алмадан артық). – Алмұртты әр табаққа қос. – Не көп, не аз? Қорытынды жаса. Балалар алмұрт пен табақтардың саны бірдей деген қорытынды шығарады. Содан кейін ол заттардың жиынтық топтарын салыстыруды ұсынады, олар үлкен қашықтыққа жылжытылады, содан кейін – үлкен және кішкентай заттарды санау ұсынылады. Мысалы: – Алманың қай қатары көбірек? |
Математика негіздері 10-ға дейін санау Міндеті: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға, әрбір келесі сан 1-ге артық, алдыңғы сан 1-ге кем екенін, қағаз бетінде бағдарлауға жаттықтыру Күтілетін нәтижелер: меңгереді: қарапайым мысалдар шығару, 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта санауды; түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы санды алу тәсілін; қолданады: 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын. Педагог балаларға вагон болуды ұсынады. Он бала бірінің артынан бірі тұрып, пойыздың қозғалысына еліктейді. Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі цифр салынған карточкалар беріледі. Педагог қалған балаларға вагондарды тура және кері тәртіпте 1-ден 10-ға дейін санауды ұсынады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. №16 парақтағы вагондарды санауды тура және кері тәртіпте ұйымдастыру үшін қолдануға болады. Педагог паровозға 5 вагон қосып бекітеді. Паровозсыз тек вагондарды санауды сұрайды. Паровозды «қосалқы жолдарға» ысырып қояды. Тапсырма беріледі: вагон нөмірлерін тіркеу Вагондардың нөмірленуін кері тәртіпте өзгертеді және балалармен бірге оңнан солға қарай санау жүргізеді. Содан кейін вагондармен жағдаят ойнатылады. Педагог вагондардың бір-бірден туннельге кіретінін хабарлайды. Тақтаға немесе балалардың үстелдеріндегі карточкалардан жазылған сандық қатарға сәйкес педагог сандық қатарды құру ережесін көрсетеді. Әрбір келесі сан 1-ге артық, алдыңғы сан 1-ге кем. Балалар бақылайды, саусақты сандық сегменттің суреті бойынша жүргізе алады, санау мен есептеуді бір-бірлеп түсіндіреді. Сондай-ақ, үлестірмелі материалдан сандары бар карточкалар қатарын жасауға болады. Педагог 1-ден 10-ға дейінгі сандардың табиғи қатарын көрсетеді. Содан кейін педагог вагондардың туннельден бір-бірден шығатынын хабарлайды. – Біз оларды қалай есептейміз? Міне, 1-еу, ал одан кейін тағы 1-еуі шықты. Қанша вагон болды? (2) |
Математика негіздері Заттар тобын санау және салыстыру Міндеті: -Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9 сандарының пайда болуымен таныстыруды жалғастыру, топтарда заттардың тең және тең емес санын білуді бекіту Күтілетін нәтижелер: меңгереді: санайды, заттар тобын салыстырады, сөздерді айтады: «азырақ, көбірек, тең»; түсінеді: өзара бірмәнді сәйкестікті анықтау арқылы заттардың топтарын салыстыру тәсілін; қолданады: санап, салыстыру білігін «Қай қорапта көбірек?» ойын жаттығу. Балаларға әртүрлі өлшемдегі заттар салынған бірнеше қорап беріледі. Балалар қай қорапта көп зат бар екенін анықтауы керек. Заттарды қайтадан санағаннан кейін, цифрлары бар карточкаларды алады, оларды көрсетеді (жәшіктерге бекітіледі). Педагог бір қораптағы заттарды екі қорапқа (банкалар, табақтар) бөліп салуды сұрайды. Әр заттың қанша екенін есептеп, цифры бар сондай карточканы табады. – Қанша зат болды? Оны қандай бөліктерге бөлдік. Санайық: 4 – бұл 1 және 3. 4 затты тағы қалай бөлуге болады? (2 және 2). Алманың суреттерінің көмегімен – №2, №3 парақтар 3, 4, 5 сандарын құрайды. Санау материалымен жұмыс. Балалар көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9 сандардың пайда болуын көрсетеді. Педагог 4 бұршақ шығарады, содан кейін тағы 3 бұршақ қосады. – Қанша болды? Қайта санайды, 7 деп атайды. Педагог 7 санын тағы қалай шығаруға болатынын сұрайды. Балалар талдайды. 5 және 2 санының қосындысы 7, 6 және 1 санының қосындысы 7 болады деген қорытындыға келеді. Сол сияқты олар 8 және 9 сандарының пайда болуымен танысады |
Қоршаған ортамен таныстыру Біздің табиғаттағы достарымыз Міндеті: Жануарларды топтары (аңдар, құстар, жәндіктер, қосмекенділер) және әр топқа тән ерекшеліктері туралы түсіндіру Күтілетін нәтиже: Жасайды:Жануарларды топтары (аңдар, құстар, жәндіктер, қосмекенділер) және әр топқа тән ерекшеліктері туралы Түсінеді: Балалардың жануарлар туралы білімін кеңейту арқылы сөздік қорларын арттыру Қолданады: Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу Ойын сәті. – Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Міне, көлігіміз де дайын. Ал мына перронда отырғандар нелер? (Үстелде жануарлар бейнеленген суреттер). Балаларға тапсырма беріледі: Бірінші вагонға жануарларды, екінші вагонға құстарды, үшіншісіне жәндіктерді, төртіншісіне қосмекенділерді орналастыр. Балалар санамақ бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топқа жолсерік сайланады. Балалар жануарлардың суреттерін өз вагондарына дұрыс орналастырулары тиіс. Әр вагонның жолсерігі вагонындағы жануардың атын атап тұрады. – Бірінші вагонда нелер отыр? Оларды басқалардан қандай белгісіне қарап ажыратамыз? – Бірінші вагонда жануарлар отыр. Олардың 4 аяғы бар, денесін түк жапқан, балаларын сүтпен асырайды. Екінші вагонда отырғандардың басты ерекше белгілерін ата. Екі аяғы, тұмсығы, қанаты, қауырсыны бар. Олар – құстар. Үшінші вагондағы жолаушылар туралы айтыңдар. – Үшінші вагонда жәндіктер орналасқан. Олардың 6 аяғы бар, денесі 3 бөліктен тұрады. – Төртінші вагонға нелер орналасқан? – Төртінші вагонға қосмекенділер орналасқан. – Оларды неге қосмекенділер деп атайды? – Олар құрлықта да, суда да өмір сүреді. Көмектеріңе рақмет! Жолаушылардың бәрі орналасып болды. Балалар өзара пойызды жүргізу үшін машинист керек екенін айтады. Үстел бетінде жануарлардың әртүрлі дене бөліктерінен өз қалауларынша жаңа бір бейне құрастырады. Оған ат қояды. Жолға шығуға белгі беріледі. Жолда көңілді болу үшін «Пойыз» әнін орындайды. «Кәне, кімнің бойы ұзын?» «Ұйқышылдар» аялдамасы: Бұл жерден қыстай ұйықтап, көктемде оянатын жануарлар шығады. – Бірінші вагоннан нелер шығады? – Бірінші вагоннан аю, кірпі шығады. – Екінші вагоннан нелер шығады? – Ешқайсысы шықпайды. – Үшінші вагоннан ше? – Бәрі шығады. – Төртінші вагоннан ше? – Бақа, жылан шығады. – Балалар, достарымызды шығарып салайық (балалар қолдарын бұлғап шығарып салады). |

Қазақ тілі Үйрек Міндеті: Байланыстырып
сөйлеу. Күтілетін нәтиже: Жасайды:үйрек туралы білімі кеңейді Түсінеді: пайдасын біліп, әңгімеледі; Қолданады: тапсырманы орындады; салыстырды, бағалады. Үйрек туралы әңгімелеу. Үйрек, үй үйректері — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар. Үйректің түрлеріне ақ басты үйрек, өзен үйрегі, сүңгитін үйректер, мускустық үйректер, Лабрадор үйректері, жалды үйректер, қара басты үйректер, каменушка үйректері, крестті үйректер, қызғылт құлақты үйректер, тұрпандар, қызыл басты сүңгуір үйрек, доминикандық ақбас үйрек, қатты құйрықты үйректер, Хартлауб үйректері, қызғылт басты үйректер, қола қанатты үйректер, ақ арқалы ақбас үйректер, теңбіл үйректер және торыалақаз жатады. Топпен суреттегі үйректің, қаздың тауықтан ерекшелігі туралы әңгімелейді... Үйректің баласы-балапан. Үйрек суда әдемі жүзеді. Ол балапандарын жүзуге үйретеді. Ақ үйрек, қара үйрек, қоңыр үйрек, ала үйрек – су бетіне көрік береді. Үйректің мойны қысқа, аяқтары жарғақ, тұмсығы жалпақ болып келеді. Үлестірмелі материалдағы көлшікке үйректің балапандарымен ермексаздан мүсіндеп «жүздірейік». Ол үшін балапанның дене құрылысын талдап алайық: денесі – сопақша, мойны – қысқа, басы – дөңгелек, тұмсығы – жалпақ, көзі – мөлдір қара, қанаты, құйрығы, екі аяғы бар. Ермексазбен үйректің балапанын жасатуға да болады.
|
Қазақ тілі Көгершін Міндеті:- -Шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру. Күтілетін нәтиже: Жасайды Көгершінді білді; Түсінеді:Көгершінді неге достықтың,мейірімділіктің, адалдықтың, бейбітшіліктің құсы дегенді түсінді; қолданады:«Ө», «І» дыбыстардың орнын тапты; Суреттерге қарап әңгімеледі Көгершін туралы әңгімелеу. Кептерлер (лат: Columbae ) немесе көгершін — құстардың бір отряды. Қазақша дұрыс атауы - көгершін, ал кептер дегені парсы тілінен кірген атау. Көгершін ірілігіне қарай: мәстек кептер және тәжілі кептер болып екіге бөлінеді. Кептерлер отрядының 2 тұқымдасы бар, оның біріншісі — дронттар; екіншісі — кептерліктер. 6. Ән тыңдау. https://www.youtube.com/watch?v=nfWdI78RfZk АҚ КӨГЕРШІН Өлеңі: Н. Баймұхамедов Әні: А. Жұбанов Мына жоғарғы жақта ненің суреттері бейнеленген? Достық Мейірімділік Адалдық - Осы аталған сөздердің мағынасын КӨГЕРШІН құсымен байланыстырып, өмірде ондай адамдар бар ма? Сипаттау, әңгімелеу. 4.5. КӨГЕРШІН құсын көргенде жүрек махаббатты белгілейміз бе ме әлде қол ұстасып тұрған достықты белгілейміз бе? Сәйкес суретті белгілеңіздер . |
Сөйлеуді дамыту Қыс қызықтары Міндеті: --Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу Күтілетін нәтиже: Жасайды: шығармашылық әңгіме құрайды, қыс мезгілінің ойындарын бөледі; Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді, қардың қандай болатынын ; Қолданады: сөздерге дыбыстық талдау жасайды. -Балалар, осы қыс мезгілінің қызықтарын айта отырып әңгіме құрайық. Даладағы аппақ қар күмістей жарқ-жұрқ етеді. Қардың аппақ тазалығы сондай, бетіне ештең тастағың келмейді. Енді сендер осы қыс қызықтары туралы әңгіме құраңдар. Балалардың әңгімелерін тыңдайды. Өте жақсы тағы да кім құрап береді. Қыс мезгілінде сендер қармен көп ойнайтындарың ды әңгімелеріңнен байқадым. Қар туралы «Қар қандай?» ертегісін оқып берейін. «Қар қандай?» Бірде құстар дауласады. Олар қардың, кәдімгі қардың қандай болатынын анықтайды. Ұшып жүріп сұрақ қояды: Қар қандай болушы еді? Алтындай жарқырап тұрады, – дейді Таң. Көгілдір түсті, – дейді мұнтаздай көгілдір Аспан. Тастай суық, – деп жауап береді Үйрек, тұмсығын қанатының астына тыға түсіп. Жып-жылы шығар, – деп жауап қатады Тауық. Жеп-жеңіл! Сондай жеңіл! – деп шу ете қалады Жел. Сондай ауыр! Кереметтей ауыр! – деп күрсінеді ағаш Бұтақтары. Күмістей, әрине! – деп күлімсірейді аспандағы сұлу да сымбатты Ай. Жер-көкті шарлаған құстар алуан түрлі жауаптар естиді, бірақ олар әртүрлі болып шығады. Балалар қар қандай?– деген сұраққа әр қайсысы әртүрлі жауап берді, неге? |
Көркем әдебиет Мысық, түлкі және әтеш Міндеті: - Таныс кейіпкердің бейнесін сомдауға ынталандыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Бауырмалдыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу Күтілетін нəтиже: Жасайды: ұжыммен сахналық қойылымға қатысады; Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді; Қолданады: сұрақтарға жауап береді. Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай. (Әтеш) Жолбарысқа ұқсайды, Тек тышқанды ұстайды. (Мысық) Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. (Түлкі) – Мысық, әтеш, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? – Бүгін біз «Мысық, әтеш және түлкі» деген орыс халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп, дауыс интонациясымен оқиды, мазмұнын түсіндіреді Сөздік жұмысы: шап беріп ұстау – бассалып, тез ұстап алу тәкаппар – менменсу, кеудесін көтеру Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Не туралы айтылған? Саған қай кейіпкер ұнады? – Орманда мысықпен бірге не өмір сүрді? – Мысық қайда кетеді? Түлкі әтешті қалай алдады? – Мысық әтешті қалай құтқарды? Түлкінің жасағаны дұрыс па? – Мысық, әтеш, түлкі кейіпкерлерін сипатта. |
Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру) Атама арналған тымақ Міндеті: - Балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру - аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру --Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру - Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін Топтық жұмыстар |

Дене тәрбиесі Көтеріңкі көңіл күй Міндеті: - Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею Күтілетін нәтиже: Жасайды: Отырып алға қарай еңкею Түсінеді: тізерлеп тұрып алға еңкею Қолданады:жаттығу жасайды Шөл әлемі «Қи қоңыз» ойын-жаттығуы. Еркін бағытта фитболдарды (доптарды) домалатуға жаттықтыру. Фитболдарды зал бойымен домалатып жүреді. Доптарды қатты итермейді. Батпақ әлемі Қимыл-қозғалыс ойыны: «Төбешіктен-төбешікке». Ойыншылар еденге тақтайшаларды қойып, оның үстіне тұрады, сонан кейін екіншісін қояды. Осыдан кейін екінші тақтайшаға секіріп тұрады да, бірінші таяқшаны алып, оны алдыға тастайды. Осылайша залдың екінші шетіне дейін тақтайдан-тақтайға секіріп барады. «Теңіз шуы» үнтаспасын тыңдайды. |
Музыка Қыс келді Міндеті: - Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді жеке және шағын топпен орындауға үйрету Күтілетін нәтижелер: Жасайды: ән айтады, әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындайды. Түсінеді: айтылатын әннің мазмұнын, мәтінін түсінеді. Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев) Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов) «Қыс келді» (Б. Жұмабекова) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва х.ә. (өңдеген Т. Ломова) Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев) Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко) |
Дене тәрбиесі Көтеріңкі көңіл күй Міндеті: - 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды). Күтілетін нәтиже: Жасайды: 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру Түсінеді: бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды Қолданады:жасайды «Кокостармен ойнаймыз» Отырған күйде допты екі қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін, бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтыру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру. Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады.
|
Дене тәрбиесі Көтеріңкі көңіл күй Міндеті: - Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді Күтілетін нәтиже: Жасайды: - Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды Түсінеді: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді Қолданады: қолданады «Кокостармен ойнаймыз» Отырған күйде допты екі қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін, бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтыру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру. Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады |
Музыка Айнала ақша қар Міндеті: -Балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу Күтілетін нәтижелер: Жасайды: әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды. Түсінеді: бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланысу. Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев) Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов) «Қыс келді» (Б. Жұмабекова) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва х.ә. (өңдеген Т. Ломова) Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев) Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко) |

Бақылау: Мұзды бақылау. Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру. Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу. Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл ген тапсырманы тия- нақты орындауларын қадағалау. Жеке жұмыс: Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату. Жаңа жыл,жаңа жыл, Жаңа жылда-жаңа нұр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету. Ойын: «Тышқан мен мысық». Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім қабылдауға үйрету Еркін ойындар . Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |
Бақылау:Ауа-райын бақылау. Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау. Еңбек: «Таза алаң». Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу. Ойын: «Қасқыр мен қаздар». Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру. Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи» Еркін ойындар. Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды |

Қайратұлы Ермұхаммед Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін біледі. Сөздік қоры жақсы дамыған |
Берік Шахнұр Айдынұлы Ана тіліндегі барлық дауысты дыбыстарды анық айта алуына; сөздегі дыбыстардың орнын анықтай алуына; айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айта алуына жаттықтыру |
Кентай Аяжан Бауыржанқызы Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау |
Раис Дастан Талғатұлы Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдануды, мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнауды үйрету |
Ахметжан Аяулым Нұржанқызы Қайшымен түрлі геометриялық пішіндерді қия алуды; қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қия алуды үйрету |

«Гүлдерді күтеміз»ойыны Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді. Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.
|
Қаржылық сауаттылық 1. "Қалталы аю" ойыны Мақсаты: Үнемдеуді үйрету. Барысы: Аюдың қалтасына әр бала ақша (қағаздан) салады. Кім көп үнемдесе, сол жеңімпаз. Ұғым: Ақшаны бірден жұмсамай, жинау жақсы. |
Қаржылық сауаттылық 2. "Бюджет құрастыру" (қарапайым) Мақсаты: Ақша бөліп үйрену. Барысы: Балаларға 10 "теңге" беріледі. Тәрбиеші: – 3 теңгеге – тамақ – 2 теңгеге – ойыншық – 5 теңгеге – киім дегендей бюджет құрастыруды үйретеді. |
Саусақ ойыны: Жүретін саусақтар. Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту. Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар. Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады. |
Экологиялық мәдениет . "Орманды құтқар" Мақсаты: Орманды қорғау, табиғатты аялауға баулу. Барысы: Балалар «ағаш» болып тұрады. Біреуі «жел», біреуі «жаңбыр» рөлін ойнайды. Егер біреу "ағашты кесемін" десе, балалар «жоқ!» деп қарсы шығады. Қорытынды: Ағаш – табиғат байлығы |
|||||
|
Балалардың үйге қайтуы |
Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес Отбасылық дәстүр қалыптастырыңыз Кешкі шайдан кейін 15 минут балаға арналатын арнайы уақыт екенін бала білсін. Бұл — отбасы мәдениетінің бастауы. |
|||||||||
Тексерілді: Алипбаева Қ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сауат ашу

шағым қалдыра аласыз