Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу бөлімі бойынша ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған Триз технологиясы арқылы сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы





























13 «Балдаурен» ересек тобы

Сауат ашу бөлімі бойынша ашық сабақ





Тақырыбы: «Дыбыстар әлем

Тәрбиеші: Сактапова Э.М















2019 оқу жылы

Білім беру саласы:Коммуникация

Оқу іс-әрекет түрі:Сауат ашу
Тақырыбы: «Дыбыстар әлемінде»

Мақсаты: Балалардың дыбыстар,сөз , сөйлем туралы жыл бойы алған білімдерін қорыту.Сөз құрамына дыбыстық талдау жасау,буыннан сөз құрау,буынға бөлу,сөздегі дыбыстардың айтылу ерекшелігін, (дауысты,дауыссыз белгілі бір дыбысқа сәйкес ойлап айту),фонематикалық есту қабілетін жетілдіру.

Міндеттері:

Білімділігі:Схема бойынша 2-3 сөйлем құрай білуді қалыптастыру,балалардың сыйластық сезімдерін,бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

Дамытушылығы: дыбыстар туралы мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайты. Дидактикалық ойындарды ойнатып, баланың ойлау қабілетін, қиялдарын, зейіндерін дамыту.

Тәрбиелігі: Әдемі - көркем жазуға қолдарын жаттықтыру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Үш – тілділік:Дыбыстар

Көрнекілігі: Кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, дыбыстық талдауға арналған дөңгелектер, сандықшалар, тастар, схема, жіп т.б.

Әдіс - тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын ойнату,мадақтау.

Сабақ жоспары

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Кіріспе

Шаттық шеңбер

Кім кезіксе біздерге

Таныс емес демейміз .

Аға, әпке тәтеге,

Сәлеметсизбе!!! дейміз.

Шаттық шеңбер құрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Күн жылуын саламыз,

Таза ауаны саламыз.

Жүрек жылуын саламыз,

Қонақтарға сыйлаймыз.

Балалар менің қолымда сары түсті жіп бар осы жіп әдісімен «Өрмекші торын» құрамыз, торды жедел сұрақ –жауаптар арқылы құрастыратын боламыз.

Балалар мен қазір жедел сұрақтар беремін сендер жылдам жауап беруге тырысыңдар.

-Сауат ашу оқу іс әрекетінде біз нені үйренеміз?

-Дыбыстарды біз не істейміз?

-Әріптерді біз не істейміз?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Кандай қандай болып?

-Дауысты қандай түспен?

-Дауыссыз қандай түспен?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Әріптерден не шығады?

Сөзден не құралады?

Сөйлемнің неше түрі бар?

Балалар сендер ойын ойнағыларың келеме?

«Киіз үй» ойыны арқылы дыбыс айтамыз және сол дыбыстардан сөз тауып айтамыз, бірінші керегелерді құрамыз және уықтарды көтереміз.

Шаттық шеңберді қимыл қозғалыспен орындайды.









Сұрақтарға жауап беру арқылы «Өрмекші торын» құрады.




-Дыбыстарды және әріптерді үйренеміз.

- естиміз,айтамыз

көреміз,жазамыз

Екіге

- Дауысты дауыссыз

қызыл

көк

-кедергісіз созып айтамыз.

-кедергімен қысқа айтылады.

-Сөз шығады.-Сөйлем құралады.


«Киіз үй» ойынын ойнау.

Негізгі бөлім

Тосын сәт: Есік қағылып почташы сәлемдеме алып келеді.Балалар бұл сәлемдемеде не бар екенін білу үшін алфавиттың сырын білу керек екенбіз.

Тәрбиеші:Біздің қазақ тілінде42-әріп бар. Осы әріптердің жиынтығын алфавит деп атаймыз осы алфавиттің сыры неде екен балалар!

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрдаы қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде ұғыншы?

 

А деген ол –аналар ғой ардақты,

Ә деген ол –әкелер ғой салмақты,

Б деген ол-балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.


Жұмбақ:

Естілгенмен құлаққа,

Көрінбейді бірақ та? (дыбыс)Демек балалар бұл сәлемдеме дыбыстар елінен келген екен.Бұл сәлемдемеде қазақтың ұлттық ойыны «Бес тас» бар екен оныңәр тасында тапсырмалары бар екен балаларосы тастарды қағып әр айналымынан өтіп тапсырмаларды орындап отырамыз.

1-айналым тапсырма:«Дыбысты таны» Тақтаға (А), (У),(М),(О),дыбыстары жазылған суреттер ілінеді. Балалар қалай ойлайсыңдар

2- айналым тапсырма:Үстел – үсті жұмыс: «Жоғалған буынды тап» ойынын ойнау.

Сергіту сәті

Әріптер болып жиылып.

Орнымыздан тұрайық.

Көкке қолды созайық.

Денемізді оңға, солға бұрайық.

Көрсетеміз шаршамай,

Әріптерді кезекпен

Мынау «Т», мынау «Г»,мынау «Ф», мынау «К», мынау «Б»әріпі. Мынау «Х»Әріптерді біз білеміз көптеген

Біз білмейтін әріптер бос кетпеген.

Үшінші айналым үш тасты қағып алып үшінші айналымға өтеді.

3 - тапсырма:Дыбыстық талдау жасау.

4-тапсырма:Балалар, «дыбыстар әлемінде» суретші өмір сүреді екен,ол ұл бала мен қыз баланың суретін салып,олардың аттарын жазуды ұмытып кетіпті,қыз баланың аты мына суреттердің бірінші дыбыстарына тығылып қалыпты,ал ұл баланікі суреттің соңғы дыбыстарына тығылып қалыпты. (балалар алма,йогурт,шар, алмұрт,тарақ,нан, заттық суреттерден дыбыстарды қояды- Айша,Қанат). Аттарды әріптермен тақтаға жазады.

«Схемамен жұмыс» әріптерді беріп сөз құрастыру, әріптер жайлы сұрау,сөздермен ауысып ,сөйлем құрастыру,тақтаға шығып сөзге схема арқылы сөйлем құрау.

5-тапсырма:

«Белсенді әріптер»

Мәтін оқу,

«Кел жазайық»

Дәптерде берілген жазуды жаздыру.

Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Схемаға сәйкес келеді .?!

- Балалар ойланып жұмбақтың шешуін табады.



Жұмбақтың жаубы

  • Асық

Бестастың ережесімен танысады.






Балалар өткен дыбыстарды кезек – кезек айтып көк және қызыл себеттерге іледі.




ойланып жұмбақтың шешуін табады.

-Мысық


созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады




Таяқшалармен « М» дыбысын салу.


Дидактикалық ойын ойнау.

Сергіту сәтін қимылмен жасау.




Схемемен жұмыс жасау. Кеспе әріптерден сөз тауып схема арқылы сөйлем құрау.

Қорытынды

Қорытынды: Сұрақтар қою арқыл сабақты қорытындылау.

-Қандай қазақтың ұлттық ойынымен ойнадық?

- Қандай дыбыспен таныстық?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

- Қай сөзге дыбыстық талдау жасадық?

Балаларды мадақтау, сыйлықтар беру.




Сұрақтарға -жауап беру.























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2020
349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12