сауат ашу Ғ дыбысы конспект.docx

Тақырып бойынша 31 материал табылды

сауат ашу Ғ дыбысы конспект.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сынып.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Куаныш» тобының ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің конспектісі
Өткізілген күні: 14.10.2019ж
Тәрбиеші: Макатова К.А
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сауат ашу

Өтпелі тақырып: «Күзгі шоқтар» (ағаштар)
Тақырыбы: «Ғ» дыбысы мен әріпі
Мақсаты:

1. Тәрбиелік: Балаларға бір – біріне қамқор болуға және көмек беруге тәрбиелеу.

2. Дамытушылық: Көк текше туралы түсінік беру.Балалардың ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту. Ғ әріпінің таңбасын жаза білуге машықтандыру.

3. Оқыту: Балаларға сөз туралы түсінік беру. Т дыбысымен және Т әріпінің баспа түрімен таныстыру.
Көптілділік: Ғарыш – космос – space, аға – дядя – uncle
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі
а) Дөңгелек құрып кілемге отыру
ә) әліпби қайталау
Балаларға суреттер көрсету. Ғарыш суретінің бірінші әрпін айтқызу. Ғ әрпін қайталап айту.

2. Негізгі бөлім:
4. Ойын: Ғ дыбысын тап. — Ненің суреті? Не байқадыңдар?
— Ғарыш.
— Ғарыш сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Ғғ — дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.
а) Кеспе әріптен ғ дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -ға; -ғо;

5. Ғ әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) Ғ әрпін ayада жазу.
ә) Ғ әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) Ғ әрпін жаздыру.
6. Ғарыш сөзімен жұмыс.
а) Ға - рыш буынға бөлгізу.
ә) Дыбысын тапқызу.
б) Ғарыш және ондағы планеталар мен жұлдыздарды атау. Басқа да денелермен таныстыру.
7. Торғайдың суретін көрсету:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып-ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
а) Торғайдың суреті арқылы қасиетін түсіндіру.
ә) Торғай қалай ұшады?
б) Қанатын қалай сермейді?
в) Сергіту сәтімен жалғастыру.
Ғ
дыбысы бар сөздер ойлап келу.
Ғ
дыбысы дауыссыз, созылмай қысқа айтылатын дыбыс
3. Қорытынды:
-Сонымен Ғ дыбысы қандай дыбыс?
Ғ әріпі сөздің қай жерінде кездеседі?
Ғ әріпінен басталатын сөздер айтындар
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау
Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.

«Ертегі» тобының ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің конспектісі
Өткізілген күні: 21.10.2019ж
Тәрбиеші: Тулеужанова Ж.О
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сауат ашу

Өтпелі тақырып: «Ас атасы - нан»
Тақырыбы: «Р» дыбысы мен әріпі
Мақсаты:

1. Тәрбиелік: Балаларға бір – біріне қамқор болуға және көмек беруге тәрбиелеу.

2. Дамытушылық: Көк текше туралы түсінік беру.Балалардың ой-өрісін,сөздік қорын,тіл байлығын дамыту. Р әріпінің таңбасын жаза білуге машықтандыру.

3. Оқыту: Балаларға сөз туралы түсінік беру. Р дыбысымен және Р әріпінің баспа түрімен таныстыру.
Көптілділік: зымыран — ракета — roket, робот – робот – robot.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі
а) Дөңгелек құрып кілемге отыру
ә) әліпби қайталау
Балаларға суреттер көрсету. Робот суретінің бірінші әрпін айтқызу. Р әрпін қайталап айту.
2. Негізгі бөлім:
4. Ойын: Р дыбысын тап. — Ненің суреті? Не байқадыңдар?
— Робот.
— Робот сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
Рр — дауыссыз дыбыс. Сондықтан әліпби көк түспен белгіленеді.
а) Кеспе әріптен Р дыбысын тауып, өткен дыбыстарды қосу арқылы буын, сөз құрғызу. -ра; -ро;

5. Р әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:
а) Р әрпін ayада жазу.
ә) Р әрпін қолымен үстінен бастыру.
б) Р әрпін жаздыру.
6. Робот сөзімен жұмыс.
а) Ро-бот буынға бөлгізу.
ә) Дыбысын тапқызу.
б) Ракета және планеталар мен жұлдыздарды атау. Басқа да денелермен таныстыру.
Адам емес, тілі бар,

Әрбір үйден табылар.

Үй емес жалғыз тұрағы,

Көшеде де тұрады.
(Радио)

7. Радионын суретін көрсету:
а) Радионың суреті арқылы қасиетін түсіндіру.
ә) Кімде радио бар?
б) Онымен не тындайды?
в) Сергіту сәтімен жалғастыру.
Р
дыбысы бар сөздер ойлап келу.
Р
дыбысы дауыссыз, созылмай қысқа айтылатын дыбыс
3. Қорытынды:
-Сонымен Р дыбысы қандай дыбыс?
Р әріпі сөздің қай жерінде кездеседі?
Р әріпінен басталатын сөздер айтындар
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау
Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі