Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу Мен не үйрендім? «Менің отбасым және достарым»тақырыбы бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 1 сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары бойынша тыңдаған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіруге (ұнайды,ұнамайды), түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білуге, мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беруге(мұғалім көмегімен), сөйлемді бас әріппен бастап жазып сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қоюды меңгереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу


Сабақтың тақырыбы

Мен не үйрендім? «Менің отбасым және достарым»тақырыбы бойынша


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.7.1. Тыңдаған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды,ұнамайды)

1.1.5.1.Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу

1.2.5.1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру(мұғалім көмегімен)

1.3.11.1. Сөйлемді бас әріппен бастап жазып сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою


Күтілетін нәтиже

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Музыка,дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Шаттық шеңбері :

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Түсті ленталар арқылы 4 топқа бөліну





Шаттық шебері


Сабақтың ортасы

3 мин






6 мин











5мин


Менің отбасым және достарым»тақырыбы бойынша тыңдалым. Сен не істей аласың?


1 Ұжымдық тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Атам менің әрқашан,

Кішіпейіл бол деген.

Ақыл сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

  • Рақмет,ризамын,мархабат деген сөздер неге әдепті сөздер деп аталады?

  • Бұларды қай кезде қолданамыз?

  • Тағы қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

  • Сыныптасыңнан кітабын, қаламын беруін сыпайы сөздердің көмегімен сұра.

2 Топтық тапсырма

Берілген сөздерді керекті сызбаға орналастыр

Өтінемін ,ғафу етіңіз,құстың ұясын бұзба,ақты баспа,үйге қарай жүгірме,рахмет,рұқсат па,табалдырықты баспа.

Тыйым сөздер

Әдепті сөздер











Таныстырылым

Электронд.

оқулық






оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

3 минут

«Досыңды тап» ойыны

7мин













8 мин

3 жұптық тапсырма Сәйкестендір

Үлкен атаны қалай атаймыз?

іні

Әкеңнің әкесі кім?

баба

Әкеңнің шешесін кім дейміз?

ата

Өзіңнен үлкен қыз баланы кім дейміз?

әже

Өзіңнен кіші қызбала кім?

әпке

Өзіңнен кіші ер бала кім?

сіңлі


4 Топтық тапсырма 1. Адасқан әріптер

2. Адасқан сөздер 3. Артығын тап 4. Пазл құрастыру





сызбалар.


Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия

  • Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын түсінген болсаң оюды жасыл түске боя.

  • Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң оюды сары түске боя.

  • Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болса оюды қызыл түске боя.



Оюдың суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
781
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12