Сауат ашу негіздері

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу негіздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы Балтабай Адамбаев тірек орта мектебі

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 02 -06 ақпан 2025-2026 оқу жылы

Адал азамат біртұтас тәрбие Жасампаздық пен жаңашылдық айы « Апта дәйексөздері»- «Жасампаздық - бәрімізге өнеге»


Күн тәртібі

Дүйсенбі 02.02

Сейсенбі 03.02

Сәрсенбі 04.02


Бейсенбі 05.02

Жұма 06.02

Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату

Адалдық әліппесі

Ән немесе тақпақ:

*Адал бала шын айтады,

Жақсылықты жақтайды.

Өтірікке бармайды,

Әрқашанда тыңдайды!*


Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес

Тақырып: «Мен баламның айнасымын ба?»

Құрметті ата-ана, өзіңізге мына сұрақтарды қойып көріңіз:

1. Балам маған қарап жақсы сөз айту мен сыпайылықты үйрене ала ма?

Сіз айтқан әр сөз – балаңыздың сөздік қорының іргетасы.

2. Балам қателік жасағанда мен оны жазалаймын ба, түсіндіремін бе?

Қателік – өсуге мүмкіндік. Қатты сөз емес, сабыр мен түсіністік керек.

3. Мен уәдемді орындаймын ба?

Сіз уәдені орындамасаңыз, ол да орындай алмайды.

4. Күнделікті балама шын көңілмен құшақ жаямын ба?

Мейірім – тәрбие өзегі. Күнде бір жылы сөз, бір құшақ – жүрекке ем.

5. Балам мені көргенде күлімдей ме, қорқа ма?

Бала бақытты болса – тәрбие дұрыс бағытта.

Қорытынды:

Баланың жүрегіне жол – махаббатпен, сеніммен, үлгімен төселеді. Әр күніңіз балаңыз үшін жылы естелікке айналсын.

Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Қарамырза
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді


«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы»

Шертпек.
Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

Ертеңгілік жаттығу

Таңғы жаттығу кешені 11

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

«Аспан»

Асапан ашық,көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр!

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр

«Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

«Сиқырлы таяқша»

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

«Қыс»

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

«Шана»

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт, сарт, сарт

Алақанды соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз.

Топ, топ, топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу, зу, зу

Шанаменен зулаймыз

Кестеге сәйкес ҰІӘ


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Қыс қызықтары

Міндеті: Айналасындағылармен өздігінен диалогті бастауға ынталандыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: шығармашылық әңгіме құрайды, қыс мезгілінің ойындарын бөледі;

Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді, қардың қандай болатынын ;

Қолданады: сөздерге дыбыстық талдау жасайды

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар, қыс мезгілінің үш айы да қарлы, аяз, ызғарлы суықпен өтеді.

Балалар, сендер қар қайтіп жауатынын білесіңдер ме?

Дұрыс, қар жапалақтап, түйіршектеніп те жауады.

Кәне, бәріміз бірге «жапалақтап», «түйіршектеніп» деген сөздерді қайталайық.

Балалар, қардың түсі аппақ, жер бетінде күмістей, жып-жылтыр болып жалтырап жатады. Қар – жұмсақ ұлпа


Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді.

Қаңтар

Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. Қысқы түндер ұзарды, Ұзақ күндер қысқарды. Аяз сүйіп қарсы алған, Жердің аппақ тұлғасы. Басталады қаңтардан, Қыс айының ортасы


Сауат ашу негіздері

Біз нені білдік?

Міндеті: - Сызбаға сәйкес дауыссыз дыбыстардан басталатын сөйлемдер құрай білулерін жетілдіру

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерден сөйлем

құрайды, дыбыстын орнын анықтайды.

Түсінеді: дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажыратады, түсінеді.

Қолданады: сөйлем сызбасын сызады, дыбыстарды ажыратады

Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын ата» ( суреттер көрсету). – Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), әтеш(ә), өшіргіш(ө), етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б. – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. – Иә, дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? – Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды. Дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ), тышқан (т), шымшық (ш), сақина (с), хат (х), циркуль (ц), щетка (щ), күре к(к), трактор (т), сағыз (с), тау (т), қайшы (қ), қамшы (қ), парта (п), шар (ш), сиыр (с), су (с), қап (қ )т.б – Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар? – Иә, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер. Өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр, тек салдырдан тұрады, созып айтылмайды. – Балалар, өнерлі бала деп кімдерді айтамыз? – Сендердің қандай өнерлерің бар? Өнерлі болған жақсы ма әлде жаман ба? Мақал-мәтел 1. Өнерлі өрге жүзеді. – Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Балаларға өз ойларын айтқызу

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: - Сөздерге дыбыстық талдау жасау, суреттерді өз дыбыстық сызбасымен сәйкестендіру

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: дыбыстық талдау жасайды.

Түсінеді: дауысты, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын түсінеді.

Қолданады: дыбыстық талдаудың сызбасын, дыбыстарды ажырытады.

Дүкендегі ойыншықтарды ата. Сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?

Балалармен бірге тапсырманы талқылайды. Балалар ойыншықтарды атайды. (Зымыран, робот, ғарышкерлер, қоян, мысық, түйе, керік, секіртпе, мүйізтұмсық, арыстан, скейт, ұшақ, доп, қуыршақтар, мәшине). Зымыран – з –дауыссыз дыбыс. Робот – р –дауыссыз дыбыс. Ғарышкерлер - ғ –дауыссыз дыбыс. Қоян - қ –дауыссыз дыбыс. Мысық - м –дауыссыз дыбыс. Түйе - т – дауыссыз дыбыс. Керік - к –дауыссыз дыбыс. Секіртпе – с –дауыссыз дыбыс. Мүйізтұмсық - м –дауыссыз дыбыс. Арыстан - а –дауысты дыбыс. Скейт - с –дауысссыз дыбыс. Ұшақ – ұ –дауысты дыбыс. Доп - д – дауысты дыбыс. Қуыршақтар - қ– дауыссыз дыбыс. Мәшине – м – дауыссыз дыбыс. Педагог балаларға ойыншықтардың басталып тұрған дыбыстарын қайталатып, дұрыс айтуға жаттықтырады. – Суреттегі балалар қандай ойыншық таңдайды, ал сен қандай ойыншық таңдар едің? Балалардың ойларын тыңдау. 2. Суреттерді ата. Тиісті дыбыстық сызбамен қос. 3. Дыбыстық талдау жаса. Шеге сөзінің дыбыстық талдауы. Педагог тақтаға шеге сөзінің дыбыстық талдауын іледі. Балаларға дәптерде жұмыс жасауға тапсырма беріледі. Бір бала тақтада талдау жасайды. Шеге сөзінде 2 буын, 4 дыбыс бар, 2-дауысты, 2-дауыссыз дыбыс.

Сауат ашу негіздері

Сөйлем құрай білеміз

Міндеті: - Сөйлем құрау және сөйлемді толықтыру, өз ойларын толық жеткізе білу дағдыларын жетілдіру

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: суретке қарап сөйлем құрайды, сөйлемге қажетті сөзді қосады.

Түсінеді: сөздердің жалпы атауын, көп-аз ұғымын түсінеді.

Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сөйлемнін сызбасын.

Дидактикалық ойын: «Сөйлемді толықтыр» Мақсаты: Сурет бойынша сөйлемдерді құрауға, жай сөйлемдерді толықтыруға үйрету. Көрнекілігі: «Аулада» тақырыбындағы мазмұнды сурет. Мазмұны: педагог балаларға суретті көрсетіп, жай сөйлемді құрап айтады, мысалы: Әсем ойнап жүр. Балалар сөйлемді қайталап, бір-екі сөзді қосып айтады, мысалы: Әсем аулада ойнап жүр. Келесі бала тағы бір-екі сөзді қосады. Әсем аулада досымен ойнап жүр. Дидактикалық ойын: «Көп-аз» Педагог: -Мен сендерге сөзді көпше түрінде айтамын да допты лақтырамын, допты қағып алған бала сол сөздің жекеше түрін айтады да допты кері лақтырады. Мысалы: балықтар – балық, керіктер – керік, алмалар – алма, гүлдер – гүл, ағаштар – ағаш, қоңыздар – қоңыз, ұлулар – ұлу, орындықтар – орындық, тарақтар – тарақ т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттегі ойын түрлерін ата. Сөздерді буынға бөл. Ойын атауларын қатыстырып, сөйлем құра, сызбасын сыз. («Мысық-тышқан», әткеншек, асық, батпырауық, сырғанақ, доп)

Көркем әдебиет

Кітап – білім бұлағы

Міндеті: - Кітап туралы түсінігін кеңейту. Көркем сөзге қызығушылығын ояту. Кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Кітап туралы түсінігі кеңейеді

Түсінеді:Көркем сөзге қызығушылығы оянады

Қолданады:Кітапты ұқыпты ұстауға


Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін. (Кітап)

Балалар, кітап туралы не білесіңдер? – Кітап – ақылды серігің, досың. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітаптан білмегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, қуанасың. Кітап – адамзаттың ең асыл қазынасы. Кітапты көп оқыған, күтіп ұстаған баланы барлық адам жақсы көреді. – Бүгін біз ақын Жеңіс Қашқыновтың «Кітап – білім бұлағы» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді оқып береді. Кітап – білім бұлағы Жақсы әңгіме, өлеңді Әр бетінен табамын, Мол қызыққа батамын. «Кітап – білім бұлағы» Деген сөзі атамның Есімде ылғи тұрады

«Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

     

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.

Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық!


2 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Қоршаған әлеммен таныстыру

Әлем жануарлары

Міндеті: - Әлем жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Әлем жануарлары туралы балалардың білімін кеңейеді.

Түсінеді:Жануарларды табиғи-климаттық аймақтар бойынша

топтастыруды

Қолданады: Жануарлар әлеміне қызығушылық шақыру, жануарларға

қамқор болу

Балаларды ортаға жинау. – Мен әртүрлі жануарларды атаймын. Біздің елімізде жоқ жануарлардың атын естігенде орындарыңнан секірулерің керек (бизон, түйе, қой; қаз, қоян, кенгуру; жылқы, жолбарыс, аю; бұғы, тиін; керік, тауық, ешкі; үйрек, қырғауыл, тырна; әтеш, күркетауық, тауыс; түлкі, ит, маймыл; піл, сиыр, сілеусін; құлан, мысық, тышқан; ақбөкен, ақ аю, пингвин; итбалық, қасқыр, арыстан).

. «Қолтырауындар тобы!», «Пілдер тобы!», «Керіктер тобы!», «Пандалар тобы!» деген төрт топ құрылады. Гонг ұрылып, интербелсенді тақтадан үй, тәрелке, қасықтың суреті суреті шығады. Әр топ өз атындағы жануардың тіршілік ету ортасын және немен қоректенетіндерін әңгімелейді. Балалар жануарлар бейнесіндегі ата-аналармен бірігіп, планшет, ноутбуктерді қолданып, панда, керік, піл, қолтырауындардың тіршілік ету ортасы туралы мәліметтерді қарайды, ақылдасады, әр топтан бір бала шығып қорғайды. Балалар өз пікірлерін дәлелдеп жатқанда, интербелсенді тақтадан сол жануалар туралы слайдтар көрсетіледі. «Қолтырауындар тобы»: Қолтырауын кесірткеге ұқсас. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған. Балық, жануар, кейде құстармен қоректенеді.

Математика негіздері

Заттар тобын санау және салыстыру

Міндеті: -Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен таныстыруды

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: санайды, заттар тобын салыстырады, сөздерді айтады: «азырақ, көбірек, тең»;

түсінеді: өзара бірмәнді сәйкестікті анықтау арқылы заттардың топтарын салыстыру

тәсілін;

қолданады: санап, салыстыру білігін

«Лабиринт» ойын жаттығуы. Балалар «Егер 3 алма тапсаң, солға бұрыл» сияқты нұсқауларды орындап, лабиринттен өтеді. Бұл логикалық ойлауды және қарапайым тұжырымдарды құра білуді дамытуға көмектеседі. Осы ойынның соңында алманың суреттерін қолдана отырып, №2, №3 парақтардан 3, 4, 5 цифрларын құрайды. Балалар суреттерді көрсетеді, былай деп айтады: «1 және 2 алма – бірге үш алма болады. 5 алманы 2 және 3 алмаға, 1 және 4 алмаға бөлуге болады». Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. 10 саны шығу үшін тағы қанша шие қажет болса, үйшікке сонша нүкте сал. Педагог 10 саусақты көрсетуді сұрайды. Доминодағы нүктелерді сана. Қызыл және жасыл нүктелердің санын ата. Содан кейін әр карточкада қанша нүкте бар екенін айт. 2-тапсырма. Педагог балалардан оң қолын, сол қолын көрсетуді сұрайды. – Сол жаққа қарағанда, оң жақтағы заттардың суретін артық сал. – Оң жаққа қарағанда, сол жақтағы заттардың суретін кем сал. – Сол жақтағы заттар қанша болса, оң жаққа сонша сурет сал. Педагог тапсырманы орындау тәсілін бақылайды. Балалар санайды, одан кейін бірдей немесе артық/ кем заттарды суреттеп салады. 3-тапсырма. Жейдеде көрсетілген цифр шығатындай, жейде мен шалбарды сызып қос. Педагог шалбарда қандай цифр жазылғанын қарауды және оларды атауды ұсынады. Осы екі санды санау материалының көмегімен суреттейді. Содан кейін барлығын бірге қосып санайды. Жейде мен шалбарды жейдеде көрсетілген цифр болатындай етіп біріктіруді сұрайды. Егер бала қиындыққа тап болса, онда ол қайтадан санау материалын пайдаланады

Математика негіздері

Фигуралар мен денелер

Міндеті: -Фигуралар мен денелерді: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шар, текше, цилиндрді тануға және атауға, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: текше, шар, цилиндр атауларын айтуды;

түсінеді: осы пішіндердің ерекше қасиеттерін;

қолданады:. қоршаған ортадан геометриялық денелердің пішіні бар заттарды табуды.

Дидактикалық ойын, «Неге ұқсайды?». Балалар геометриялық фигуралар мен аталған фигура пішіндес заттарды атайды. – Дөңгелекке, шаршыға, үшбұрышқа, тіктөртбұрышқа ұқсас қоршаған ортадағы заттарды тап. Оларды ата. Балалар заттарды атайды, заттардың «неге ұқсайтыны»туралы қорытынды жасайды. «Геометриялық кілем құрастыр» ойыны (№38 парақтар). Геометриялық денелермен және фигуралармен практикалық жұмыс. Топтық жұмыс. Санамақтың көмегімен балалар топтарға бөлінеді. Педагог әр топқа әртүрлі мөлшердегі текшелер жиынтығын (шарлар, цилиндрлер) және геометриялық фигураларды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш) таратады және оларды өлшемнің өсуіне (кемуіне) сәйкес орналастыруды сұрайды. Балалар тапсырманы орындайды, өз әрекеттерін түсіндіреді. Балалар сопақша мен дөңгелектің геометриялық фигураларын зерттейді, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. – Қызыл сопақшаны ал. Жиегімен саусағыңды жүргіз. – Сопақшаның бұрыштары бар ма? Қабырғалары бар ма? Сопақша қандай фигураға ұқсайды? – Қызыл сопақшаның үстіне жасыл дөңгелек сал. (Фигуралар бірдей мөлшерде болуы керек.) – Не байқадың? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Фигуралардың бұрыштары мен қабырғалары жоқ, дөңгелекке қарағанда сопақша ұзындау. – Қандай заттар сопақшаға ұқсайды? (Сопақша пішінді заттарды бейнелейтін суреттерді көрсету керек.) Балалар сопақшаға ұқсайтын заттарды табады, оларды атайды. – Енді балалар, қолдарыңызға сары тіктөртбұрышты алыңдар. Саусақтарыңды жиегімен жүргізіп көріңдер. Оның бұрыштары бар ма? Қанша бұрыш? Қабырғалары бар ма? Қанша қабырға? Тіктөртбұрыш пен шаршыны салыстырып, сұрақтарға жауап береді. – Тіктөртбұрыш қандай геометриялық фигураға ұқсайды? (Шаршы) – Сары тіктөртбұрышқа бірдей өлшемдегі жасыл шаршыны тұстастырып сал. – Бұл фигуралардың айырмашылығы қандай? – Бұл фигуралар қалай ұқсас? Балалар ұқсастығы мен айырмашылығын табады, шаршының барлық жақтары тең, тіктөртбұрыштың қарама-қарсы жақтары тең. Шаршы мен тіктөртбұрыштың 4 бұрышы, 4 жағы бар.

Математика негіздері

Фигуралар мен денелер

Міндеті: - -Фигуралар мен денелерді тануға және атауға, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: текше, шар, цилиндр атауларын айтуды;

түсінеді: осы пішіндердің ерекше қасиеттерін;

қолданады:. қоршаған ортадан геометриялық денелердің пішіні бар заттарды табуды.

1-тапсырманы орындауды ұсыну. – Жануарлардың фигураларына қара. Жапсырмаға қандай фигуралардың пайдаланылғанын ата. Сопақшалар пайдаланылған фигураларды қоршап сыз. Балалар топтарға бөлінеді, олардың біреуін қайталауды ұсынуға болады. Үстел үстінде жапсырмаға арналған фигуралар салынған конверттер. 2-тапсырма. Шарды, текшені және цилиндрді тап. Шарды қызыл түспен, текшені көк түспен, цилиндрді сары түспен боя. 3-тапсырма. Әр суреттің оң жақ жоғарғы бұрышындағы фигураны көк түспен, сол жақ төменгі бұрышындағы фигураны қызыл түспен, ортасындағыны сары түспен боя. 4-тапсырма. 1-ден 9-ға дейін цифрларды ретімен сызып қос. Не пайда болды? (Жұлдызша шықты!) «Сиқырлы алаң» дидактикалық ойыны. Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Педагог топтарға үлестірмелі материал парақтарынан кесілген заттардың суреттері мен фигураларды – №34, №35, №36 парақтарды таратады. – Егер фигураның айналасына оған ұқсас заттарды жинасаң, онда шаршы бейнесі шығады!

Қоршаған әлеммен таныстыру

Табиғаттағы маусымдық құбылыстар

Міндеті: - Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының

ерекшеліктерімен танысу

түсінеді: Табиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылықтары арту

қолданады: Табиғатқа қамқор болу

Балалардың көңіл күйлерінің қандай екенін сұрайды , ауа райына назар аударуды ұсынады: Аспанда аппақ бұлттар қалқып барады, әрқайсысы бізге өзгеше бір пішінді көрсетуі мүмкін. Жеңіл самал жел ағаштардың бұтақтарын тербетеді. Жарқыраған күн – біздің серігіміз, досымыз. Бүгінгі көңіл күйіміз ештеңеге көлеңке түсірмесін. Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: бірде қар жауады, бірде жаңбыр жауады, бірде күн ашылады, бірде аспанды бұлт жабады. Бұлардың барлығын табиғат құбылыстары деп атайды. Табиғат құбылыстары – адамның еркіне қарамастан табиғатта болатын өзгерістер. Көптеген табиғат құбылыстары жыл мезгілдерінің ауысуымен байланысты, сондықтан оларды маусымдық деп атайды. –Маусымдық құбылыстар қандай табиғатқа жатады? –Жансыз табиғатқа. Жансыз табиғат құбылыстары: найзағай, кемпірқосақ, жаңбыр, тұман, дауыл т.б. Педагог балаларды Қырағымен бірге ауа райы құбылыстарын тамашалауға шақырады. 1-слайд. Интербелсенді тақтадан әртүрлі ауа райы көрсетіледі (шуақты күн, жаңбырлы, бұлыңғыр, желді, аязды, ашық, нөсер жаңбыр, найзағай жарқылдауы, қар аралас жаңбыр, көктайғақ). 2-слайд. Ауа райын болжап, бізге хабарлап отыратын мамандар метеорологтер деп аталады. Олар ауа райын болжайды. Мына құрылғылар термометр, флюгер деп аталады. Термометр ауаның температурасын өлшейді. Флюгер желдің бағытын анықтайды. –Балалар, бізге ауа райын білу не үшін қажет? –Балабақшаға барарда қандай киім кию үшін керек. 3-слайд. –Қандай мамандарға ауа райын білу өте қажет? –Автобус, мәшине жүргізушілеріне, алыс жолға шығатын жолаушылар көліктеріне, ұшқыштарға, кемелерге өте қажет. –Ерте заманда, ауа райын болжайтын мамандар болмады. Халық ауа райы белгілеріне қарап, жан-жануарлардың мінез-құлқына қарап, болжамдар арқылы ауа райының қандай болатынын біліп отырған.

Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Серпер» күйі

Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,

Ақпан

Серпер

3 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Қазақ тілі

Бөдене

Міндеті: - Тілдік дамытушы орта.

-Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:бөдене туралы білетіндері мен көргендерінен ой тұжырым жасады;

Түсінеді:таңдалған карындаштарды тік және кері санады;

Қолданады: бөдене мен оның жұмыртқасын тауық пен оның жұмыртқасының

пішінін, мөлшерін салыстырады;

Бөдене туралы жаңа ақпарат.

Бөдене жайлы мультфильм тамашалау

https://youtu.be/bwKaiTyNbiE

Бөдене — тауық тәрізділер

отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын

құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000

метрден жоғары таулардан басқа жерлердің

бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың

қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене

тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 -150г шамасында.

Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің

тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады.

Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс

аударатын жалғыз түр.

Әңгімелесу.

Топпен суреттегі бөдене мен тауықты, оның жұмыртқалары туралы әңгімелейді...

Не көріп тұрмыз? Пішіндері қандай? Салмағы қандай?

Ауыр-жеңіл, сопақша, дөңгелек сөздері арқылы бөдене мен тауықтың жұмыртқаларын

салыстырып сипаттайды.

Қазақ тілі

Жетіген

Міндеті:- -Қазақ халқының ұлттық аспабы жетіген – ішекті аспап екенін түсіндіру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:жетіген ұлттық аспап екенін білді;

түсіндіІ ұлттық атаулар басқа тілге кірме атау болып кіретінін түсінді;

Қолданды: құрылымымен танысып, үндігін ажыратты;

Тақырыпқа кірісу.

Бұл «Аспаптар ойыны»

(https://www.youtube.com/watch?v=ecnXdMTU0BM

You Tube тан музыкасын қосамыз). Жақсы,

айтыңдаршы қай аспаптар сіздерге таныс болмады?

Иә, сіздерге осы аспаптардың бірі

ЖЕТІГЕН-ді таныстырайын.

Назарларыңызды экранға аударыңыздар

https://www.youtube.com/watch?v=4rJUmTPQ5fQ&list=PLm8b4TrIR2AeufBBQO5JD2ghp59bgRMN2&index=7

Balapan TV Ұлттық аспаптар. Жетіген

Жұмбақ:

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл аспап, қай аспап? - Жетіген

3. Балалар қызық бір ойын ойнайық. Жетіген

сөзі 7 әріптен тұрады ғой, енді әр әріпке сол

әріптен басталатын 7 сөзден айтып жарысайық.

Мысалы Ж: жеті, жол, жіңішке, жеміс, жидек, жаңалық, жазу. Е тура солай жалғасады.

Сөйлеуді дамыту

Қаңтар

Міндеті: -Әңгімелесушіні мұқият тыңдап, сұрақтарды дұрыс қоюға баулу

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: педагогпен бірге қайталап өлеңді жаттайды;

Түсінеді:өлең мазмұнын ,қардың «жапалақтап», «түйіршектеніп" жауатынын; Қолданады:өлең ішіндегі сөздерден, дауыссыз дыбыстарды табуды

Мақал-мәтелдер

1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы. 3.Қыс қамыңды жаз ойла. Дидактикалық ойын:

«Дауыссыз дыбыстарды анықта».

Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды»,

«қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы:

«мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы –

дауыссыз дыбыс. Тапсырма ауызша орындалады

Көркем әдебиет

Қайтпай қалған қарлығаш

Міндеті: - - Шығармадағы әрекеттердің дамуын қадағалауға баулу. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды::Шығармадағы әрекеттердің дамуын қадағалау .

Түсінеді:Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдеді

Қолданады:Құстарға қамқорлық жасауға

Қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін ауа райы қандай? Бұлтты ма, ашық па? – Қыс мезгілінде қандай құстарды көресіңдер? (Слайдтан көрсетеді). – Ал қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді? – Егер сенде сиқырлы таяқша болса, құстарға қалай көмектесер едің? Адамдар, аңдар, құстар – барлығы да қысқа дайындалады. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Соның бірі қарлығаш. Бүгін біз қарлығаш туралы автор Тайжан Тойбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқып береді, мазмұнын түсіндіреді Сөздік жұмысы: дәрменсіз – әлсіреген, жараланған биікке самғау – биікке көтеріліп ұшу қора – мал қамайтын орын, жай Әңгіме мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Әңгіме не туралы? Әңгіме қалай аталады? – Бала қарлығашқа неге таңданды? Әңгімедегі баланың аты кім? – Қарлығашты көрген Асан атасына не деді? – Асан қарлығашқа қандай қамқорлық жасады? – Қарлығаш балаға ризашылығын қалай білдірді?

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Атама арналған тымақ

Міндеті: - Балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру

-- Аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру

--Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру

-- Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін

Топтық жұмыстар

Қауіпсіздік сабағы : «ОЙЫН АЛАҢДАРЫНДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Мақсаты: балаларға жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алу үшін ойын алаңдарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін үйрету.

Тәрбиеленушілерді қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ойын алаңдарындағы жалпы қауіпсіздік ережелері: - Құлап кетпеу және басқа балалармен соқтығыспау үшін тым жылдам жүгірмеңіз. - Құмды, тасты немесе басқа заттарды лақтырмаңыз. - Итермеңіз, күреспеңіз, төбелеспеңіз. Әткеншекте ойнау ережелері - Әткеншекте ойнау ережелері арқандардан немесе тұтқалардан ұстап тербелу керек. - Әткеншек үстінде тұруға немесе одан секіруге болмайды. - Түсер алдында әткеншек толық тоқтағанша күтіңіз. Сырғымада өзін-өзі ұстау ережелері: - Аяғыңызды алға созып, отырып сырғанаңыз. - Сырғыманың көлбеу бөлігіне көтерілмеңіз. - Төмен түспес бұрын сырғыманың төменгі жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Карусельдегі тәртіп ережелері: - Айналған кезде тұтқалардан ұстаңыз. - Айналып жатқанда, карусельден түсуге тырыспаңыз. Құм жәшігіндегімінез-құлық ережелері: - Басқа балаларға құм шашпаңыз. - Ойыншықтарды немесе басқа заттарды тым терең жерге көмбеңіз.

Пайдалы сілтемелер: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij https://youtu.be/6V3tSWZCptc?si=V-_WrYZRhRjt5-Ia

4 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Дене тәрбиесі

Қабырғаға өрмелейміз

Міндеті: . - Гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын көтеру (5-6 рет).

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: - Гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұру

Түсінеді: тұрып, аяқтарын көтеру

Қолданады:жаттығу жасайды

Гимнастикалық қабырғаның бір сатысынан екінші сатысына диагональ бойынша адымдап өтуге, өрмелеуге жаттықтыруды жалғастыру, қол мен аяқ қозғалысын үйлесімді қозғау

Музыка

Айнала ақшақар

Міндеті: - Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды.

Түсінеді: бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланысу.

Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады.


Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев) Ән айту:

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов) «Қыс келді» (Б. Жұмабекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва х.ә.

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә.

(өңдеген Т. Попатенко)


Дене тәрбиесі

Біз көңілді балалар

Міндеті: - Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею (5–6 рет), стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау, қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу (3 метр). .

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Арқаға арналған жаттығулар: отырып алға, артқа еңкею

Түсінеді: қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу

Қолданады: стретчинг элементтері бар жаттығуларды орындау


Антарктида

Антарктидада жыл бойы қыс болады. Пингвин – оның мекені. «Пингвиндер» ойын-жаттығуы

Екі тіземен допты қысып алып жүру. Екі топқа бөлінеді. Екі топ екі тізбек болып тұрады. Бастаушы балалар екі тізе ортасына допты қысып, белгіленген жерге екі аяқпен секіріп барып, кері жүгіріп келіп, тізбектің соңына тұрады. Ойын осылай жалғаса береді.


Дене тәрбиесі

Біз көңілді балалар

Міндеті: - Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, қолды алға созып, жартылай отырып-тұру (2-3 рет);

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу

Түсінеді: қолды алға созып, жартылай отырып-тұру

Қолданады:жаттығулар жасау


II.«Қатып қал!» ойын жаттығуы. Шашырап жүру, жүгіру. «Қатып қал!» бұйрығы бойынша бір орындарында қатып қалады.

Топтарға бөлініп, негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды. Нөмірлері бойынша топ болып сапқа тұрады.

30 см биік заттар арқылы кезекпен секіруге үйретуді жалғастыру. Нұсқау – екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады.

Заттардың жанында екі тізбекке тұрады. Топтарға ат қояды. Поролон текшелерден секіріп, құрсауды айналып өтіп, таяқшаны келесі балаға алып келіп, өзі тізбектің соңына тұрады. Келесі жолы топ болып секіріп барып, қайтарда жүгіріп қайтып келеді. Екі аяқпен ширақ серпіліп, қолды алға шығарады. Саптан шықпай, бір-біріне кедергі келтірмеуге тырысады

Музыка

Бесік жыры

Міндеті: - Музыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды. Түсінеді: музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау.

Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады

Музыка тыңдау:

«Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов)

Ән айту:

«Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Құлыншақ» (С. Урбах)





Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Серуен-Бақылау №1

Бақылау: Қыстап қалатын құстарды бақылау.

Мақсаты: Қыстап қалатын құстардың түрлерімен танысты

ру, қыстап қалатынқұстар туралы мағлұмат беру.қамқор

лықпен қарауға үйрету.

Еңбек: Құстарға жем шашу.

Мақсаты: Қыста құстарға аштықтың қатерлігін түсіндіре

отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Қыс келгенде торғайым

Үй алдына қон дәйім.Ойна,жүгір желкілде,

Тисем саған оңбай

мын.

Мақсаты: Тақпақ жаттата отырып, балалардың сөздік қорларының белсенді

лігін арттыру, тіл

мәдиниетін жетілдіру.

Қимылды ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Балалардың бойында

ғы зейінділік, сезім

талдық қабілеттерін дамыту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №2

Бақылау: Қарды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелік

терін айту.Қар-түсі ақ, ұстасаң қолың тоңады, жылыға ериді.Ойлау қабілетін дамыту.

Жеке жұмыс

Тақпақ:

Аппақ көше, бар дала, Аппақ ой мен қыраттар.

Ақ шатырлы қар қала,

Ақ жамылып тұр бақтар.

Еңбек: Ағаштар түбіне қар үю.

Мақсаты: Еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып,

үйілген қардың маңызы туралы түсінік беру.Сөздік

қорын дамыту, ойын

жүйелеп жеткізе білуге үйрету.

Қимылды ойын:

Ойын: «Қардан түрлі бейнелер жасау».

Мақсаты: Ойынға қызығушылығын арттыру.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №3

Бақылау:Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи».

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №4

Бақылау: Аязды бақылау.

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жібе

руі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап, мойын

орауыш тағатынымызды түсіндіру.

Еңбек: Ауладағы қарды күреу.Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс ұстауға үйрету.

Қим.ойын: «Сырғанақ тебу».

Мақсаты: Балаларды ұйымшыл тату ойнауға, шанамен ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету.

Жеке жұмыс: Жұмбақ. Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.(Аяз).

Мақсаты: Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілет

терін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №5

Бақылау: Күнді бақылау.

Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.

Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшандыққа , ептілікке баулу

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау.


Серуеннен оралу

Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс


Ахметжан Аяулым Нұржанқызы

Сөйлеуді дамытудан

Мақсаты: тілдің грамматикалық құрылымы бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету

Амангелді Балжан Айтбекқызы Дидактикалық ойын жаттығуы: «Дұрыс, бұрыс»

Мақсаты: Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар дұрыс болса

«дұрыс» деп, дұрыс емес болса «дұрыс емес» деп жауап береді.

Раис Дастан Талғатұлы Музыкалық -ырғақтық жаттығулар. Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқынды таныс дене жаттығуларын орындату

Алтай Айзере

Мақсаты: тілдің грамматикалық құрылымы бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету


Қайратұлы Ермұхаммед

Дидактикалық ойын жаттығуы: «Дұрыс, бұрыс»

Мақсаты: Тәрбиеші . сөйлемдер айтады. Балалар дұрыс болса

«дұрыс» деп, дұрыс емес болса «дұрыс емес» деп жауап береді


Балалардың іс- әрекеті ( ойын,танымдық,коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Қаржылық сауаттылық

Тақырып: Дана бала – үнемшіл бала

Мақсаты:

- Ақшаның қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру

- Үнемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

- Қарапайым қаржылық мінез-құлықты дамыту

Шағын әңгіме:

"Айдостың арманы"

Айдос тәтті жегенді жақсы көреді. Аптасына берілген ақшасын түгел жұмсай береді. Бір күні ойыншық дүкенінен қалаған машинасын көреді, бірақ ақшасы жетпейді.

Сыныптасы Алина апта сайын ақшасының жартысын жинайтынын айтты. Бір айдан соң Айдос та жинап, армандаған ойыншығын сатып алды. Енді ол ақшаны қалай жұмсауды үйренді.

Сұрақтар:

1. Айдос неге ақшасын үнемдемеді?

2. Ол қалай ойыншық сатып алды?

3. Ақшаны қалай дұрыс жұмсау керек?

4. Ақшаны не үшін жинауға болады?

Тапсырмалар:

- Сурет салу: "Мен не үшін ақша жинаймын?"

- Жағдаятпен жұмыс:

Саған анаң 500 теңге берді. Сен оны қалай жұмсайсың?

- Ойын: "Ақша неге жетеді?" – балаларға ойыншық ақшалар беріліп, заттардың бағасын салыстырады.

Экологиялық мәдениет

Тақырып: Табиғатты аялайық!

Мақсаты:

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау

Қоқысты сұрыптау, өсімдікті қорғау, суды үнемдеуді түсіндіру

1. Ойын: «Дұрыс – Бұрыс»

Шарты:

Мұғалім суреттер көрсетеді немесе әрекетті сипаттайды.

Балалар «дұрыс» болса – жасыл шеңбер көтереді,

«бұрыс» болса – қызыл шеңбер көтереді.

Мысалдар:

- Қоқысты жәшікке салу (дұрыс)

- Ағаштың бұтағын сындыру (бұрыс)

- Суды ағызып қою (бұрыс)

- Құсқа жем шашу (дұрыс)

Қаржылық сауаттылық

Тапсырма: «Ақша қайда керек?»

Мақсаты: Ақшаның қажетті жерлерін түсіну, таңдауды үйрену.

Нұсқау: Балаларға түрлі суреттер көрсетіледі (дүкен, дәріхана, саябақ, автобус, аурухана).

Сұрақ қойылады:

Ақша керек пе?

Қандай зат үшін?

Қандай жағдайда ақша жұмсамаймыз?

Тәрбиелік мәні:

- Ақшаның қадірін білу

- Қалау мен қажеттілікті ажырату

- Дұрыс таңдау жасау

«Ғажайып қобдиша» Мақсаты: Ойын барысында балалар зерек болу керектігін ұғады. Суреттерден артық суретті табады.. Бір-бірін тыңдай алады.

«Таспаны кім тез орайды?»

Мақсаты: қол қимылдарын шапшаңдықпен жасай алады.


Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

Ата-анаға кеңес

Тақырып: «Тәрбиенің негізі – тұрақтылық»

Құрметті ата-ана!

Бала 5 жасында бәрін зерделеп, санасына сіңіре бастайды. Сол себепті төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:

1. Күн тәртібі – балаға сенімділік береді.

Балада ұйқы, ойын, тамақтану, сабақ уақыттары тұрақты болсын. Бұл оның бойында жауапкершілік пен тәртіп қалыптастырады.

2. Тәрбиеңізде тұрақты болыңыз.

Бүгін рұқсат беріп, ертең тыйым салсаңыз – бала шатасады. Бір әрекетке деген көзқарасыңыз әрдайым біркелкі болсын.

3. Уәде бердіңіз бе – орындаңыз.

Ата-ананың сөзі – бала үшін заң. Уәдесін орындамаған ата-анаға бала сенуден қалады.

4. «Жоқ» деп айту – жамандық емес.

Бала бәрін алғысы келеді. Бірақ шектеу қою – оның ерік-жігерін, сабырын тәрбиелейді.

5. Тәрбие – тек сөз емес, әрекет.

Балаңызға не үйреткіңіз келсе, соны алдымен өзіңіз жасаңыз.

Есте сақтаңыз:

Бала – қағаз емес, жүрек. Оған әр сөзіңіз бен әрекетіңіз жазылып қалады.

Тексерілді: Алипбаева Қ.

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы Балтабай Адамбаев тірек орта мектебі

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 111-апта 16 -20 ақпан 2025-2026 оқу жылы

Адал азамат біртұтас тәрбие Жасампаздық пен жаңашылдық айы « Апта дәйексөздері»- «Өнерлі бала өрге жүзер»


Күн тәртібі

Дүйсенбі 16.02

Сейсенбі 17.02

Сәрсенбі 18.02


Бейсенбі 19.02

Жұма 20.02

Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату

Адалдық әліппесі

«Адал-өтірік театр»

Мақсаты: Рөл арқылы адалдықты сезіну.

Шарты:

Тәрбиеші жағдаятты береді. Балалар екі топқа бөлініп, біреуі – адал, екіншісі – өтірік нұсқасын рөлмен көрсетеді.

Мысал: «Сыныпта ойыншық жоғалды». Адал бала тауып береді, өтірік бала жасырады.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі15 минут Ата-анаға кеңес Адалдық – бала тәрбиесінің іргетасы

1. «Адал сөз – ардың ісі» екенін үйретіңіз

Күнделікті өмірде адалдықты түсіндіретін қысқа мақал-мәтелдерді қолдану баланың санасына оңай сіңеді. Мысалы: «Шындық ауыр болса да – дұрыс жол».

2. «Сенім – сыйластықтың негізі»

Балаңызбен жиі әңгімелесіңіз. Адал болуға шақырғаныңызбен қатар, өзіңіз де оның ойын тыңдап, сенім артыңыз. Ол өзін маңызды сезінеді.

Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

« Күн мен түн »

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.

Ойын мазмұны: 

Балалар бірі « Күн», екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.


«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .


Ертеңгілік жаттығу

Таңғы жаттығу кешені 11

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Шаттық шеңбері:

Асапан ашық,көгілдір,

Күн шуағын төгіп тұр!

Қол ұстасқан біздерді,

Тереземнен көріп тұр

Шаттық шеңбері:

«Ақ тілек»

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

Шаттық шеңбері:

«Сиқырлы таяқша»

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Шаттық шеңбері:

«Қыс»

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

Шаттық шеңбері:

«Шана»

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт, сарт, сарт

Алақанды соғамыз.

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз.

Топ, топ, топ

Топылдатып билейміз.

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу, зу, зу

Шанаменен зулаймыз

Кестеге сәйкес ҰІӘ


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Қаңтар

Міндеті: Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: педагогпен бірге қайталап өлеңді жаттайды;

Түсінеді:өлең мазмұнын ,қардың «жапалақтап», «түйіршектеніп" жауатынын; Қолданады:өлең ішіндегі сөздерден, дауыссыз дыбыстарды табуды

Мақал-мәтелдер

1. Қысына қарай – көктемі, Диқанына қарай – егіні. 2.Қар жауды деп қуанба, Артынан келер аязы. 3.Қыс қамыңды жаз ойла. Дидактикалық ойын:

«Дауыссыз дыбыстарды анықта».

Ойын шарты: «Қаңтар» өлеңіндегі «мұздай», «ызғарлы», «қарлы», «түндер», «ұзарды»,

«қысқарды» сөздерінің ішінен дауыссыз дыбыстарды педагогтің көмегімен табу. Мысалы:

«мұздай» сөзіндегі «д» дыбысы – дауыссыз дыбыс. «Ызғарлы» сөзіндегі «з» дыбысы –

дауыссыз дыбыс. Тапсырма ауызша орындалады

Сауат ашу негіздері

Біз нені білдік?

Міндеті: - Суреттен іс-әрекетті білдіретін сөздерді анықтап айта білуге, сөздердегі буын санын анықтауды жалғастыру.

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: сөйлем құрайды, сөйлемнің сызбасын сызады, сөздерді буынға бөледі,

сөздерді буын бойынша сəйкестендіреді, берілген дыбысқа сөз ойлайды жəне айтады,

сөздердің жалпы атауын атайды.

Түсінеді: сөйлемнің сөзден, сөздің дыбыстан тұратынын түсінеді.

Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сөздерді буынға бөледі.

Дидактикалық ойын: «Орамал тастамақ». Педагог дыбысты айтып, бір баланың үстеліне орамал тастайды. Бала сол дыбысқа сөз ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек. Мысалы: «а» алма, «о» оқ, «а» алқа «д» доп, «б» балық, «ж» жапалақ, «с»сағыз, «р» рауғаш, «у» уық, «к» кілем, «т» тарақ, «қ» қызылша, «ш» шырша, «а» асқабақ т.б. Дидактикалық ойын: «Пішініне қара»

Педагог балаларға көк түсті шаршыны көрсетіп, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді айтуларын сұрайды. Мысалы: палатка, ферма, көбелек, қала, трактор, шахмат, сағыз, хат, циркуль, чемпион, щетка, піл, фотоаппарат, киіз, қасық, тасбақа, шегіртке, сүт, халық, цирк т.б. Дидактикалық ойын: «Эстафета». Педагог сөйлемді айтады, оны қайталайды, сөйтіп бірінші баланың алдына текше немесе кішкене зат қояды, ол дереу бірінші сөзді айтады. Педагог келесі балаға текше бергенде, ол екінші сөзді айтуы керек.

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті: - Сөйлем құрау, дауысты дыбыстардың түрлерін анықтай отырып, буынға бөлу дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: сөздерді буынға бөледі, берілген дыбысқа сөз ойлап айтады, сөйлем құрайды.

Түсінеді: буыннан сөз құралатынын.

Қолданады: буын туралы білімін, дыбыстарды ажыратадыОйын: «Сөздер тізбегі» (доппен) Педагог балаға допты беріп сөз айтады. Бала айтылған сөздің соңғы дыбысына сөз айтып, допты әрі қарай береді. Сөзді айтқанда бастапқы және соңғы дыбысты анық айту қажет. Сөздер тізбегін айту барысында нені анық айтып, нені мұқият тыңдадыңдар? (Дыбысты) Мысалы: шар-радио-ожау-уылдырық-қымыз-зәкір-рауғаш-шалма-алма-алтын-нан-нұр-ризаалмұрт-тас-сағат-тарақ-қасық-қант-табақ-қалам-мама-апельсин-нағашы-ыдыс-семсер т.б.). Дидактикалық ойын «Жоғалған дыбыс» – Мен сендерге суреттерді көрсетіп, суреттің атауын бастапқы дыбысын дыбыстамай айтамын, ал сендер менің қатемді түзеп, жоғалған дыбысты қосып сөзді толық айтуларың керек. Мысалы: - ...олбарыс(ж), ...ысық(м), ...аймыл(м), ...асбақа(т), ...ышқан(т), ...рыстан(а), ...арабан(б), ...әріхана(д), ...арындаш(қ), ...аламсап(қ), ...өзілдірік(к), ...үшік(к) т.б. Дидактикалық жаттығу: «Қайсысы дұрыс?» – Балалар, мен бір дыбысын анығырақ созып, қандай да бір сөзді айтамын, ал сендер тура солай қайталаңдар. Қалай айту керек, қайсысы дұрыс екенін анықтаймыз. Мысалы: ааалжапқыш-алжапқыыыш, бааағдаршам- бағдаршааам, дәәәріхана-дәріханааа, қооойылым- қойылыыым, ААалпамыс-Алпамыыыс т.б.

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік, нені білдік?

Міндеті: - Сызбаға сәйкес сөйлем құрауға, сөздер ішінен мағынасына қарай артық сөзді таба білу дағыларын жетілдіру

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: сызбаға байланысты сөйлем құрайды, берілген тақырыпқа сөз ойлап, буынға

бөледі, дыбыстық сызбаны өз суретімен сəйкестендіреді.

Түсінеді: сөз ішінен мағынасы бөлек сөзді табады, мағынасын түсінеді.

Қолданады: дыбыстық сызбамен жұмыс жасау, дыбыстарды ажыратады.

Дидактикалық ойын: «Сөз жарыс»

-Балалар, енді «Сөз жарысын» ұйымдастырайық. Мен бір тақырып айтамын сендер сол тақырыпқа байланысты ғана сөздерді буынға бөлулерің қажет. Мысалы: киімдер, гүлдер, сандар т.б. Кім көп сөз айтып, буынға бөлсе, сол жеңімпаз болады (сөз айтып, буынға бөлген балаға жұлдызша беріліп отырады). Жұлдызшаны санау арқылы жеңімпаз анықталады. Дидактикалық ойын: «Қағып ал» – Мен сендерге сөздің бірінші дыбысын айқынырақ айтып, допты лақтырамын. Сендер мен айқынырақ айтқан дыбысты қайталап, допты өзіме лақтырасыңдар. Мысалы: қққасқыр(қ), ееетік(е), тттүлкі(т), өөөрік(ө), бббалық(б), сссағат(с), ааалқа(а), жжжаз(ж), ммоншақ(м), қққоңыз(қ), қққолшатыр(қ), бббілезік(б), жжжұлдызша(ж) т.б. – Қай дыбыстар созып айтылмайды екен. Оларды қандай дыбыстар дейміз? Дидактикалық жаттығу: «Буындардан сөз құра» – Балалар, мен буындар айтамын сендер сөз құрылатындай екінші буынды айтуларың керек. Мысалы: Мақ-та, жапа-лақ, дәп-тер, кар-топ, жыл-қы, ма-са, көбе-лек, домбы-ра т.б. – Балалар, сендер балабақшаға келе жатқанда жолда, нелерді немесе кімдерді көресіңдер? Айтып беріңдерші?

Көркем әдебиет

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

Міндеті: - Алдаркөсе туралы түсінігін кеңейту. Таныс кейіпкердің бейнесін сомдауға үйрету. Жағымды мінез-құлық қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Жасайды:: Алдаркөсе туралы түсінігін кеңейді

Түсінеді: кейіпкердің бейнесін сомдауға үйренді

Қолданды:Жағымды мінез-құлық қалыптасты

Ертегі тыңдаған ұнай ма? Алдаркөсе туралы не білесің? – Бүгін Алдаркөсе туралы қызықты ертегімен танысамыз. Алдаркөсе – қулығымен, айласымен адамдарға жақсылық жасап, көмектесіп отырған. Педагог «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісін оқып береді, мазмұнын ашады Алдаркөсенің суретін слайдтан көрсетеді. Сөздік жұмысы: сараң – ешкімге ешнәрсе бермейтін, қолы тар, қытымыр адам қулық – амал, айла Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Шықбермес Шығайбай қандай адам? – Алдаркөсе Шығайбайды алдау үшін қандай қулық ойлады? – Алдаркөсе жабықтан сығалағанда не көрді? – Алдаркөсе үйге кіргенде, үйдегілер қандай әрекет жасады? – Шығайбай Алдаркөседен не туралы сұрады? Алдаркөсе не деп жауап берді?

«Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

     

тәжірибе: Судың пішіні бола ма? Су-сұйық зат, ол ағады. Пішіні болмайды. Суды мөлдір стаканға құю. Даусын естірту.

Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Судың өзіне тән қасиеттері болады.

Дидактикалық ойын: «Егер де… не болар еді?»
Егер де су болмаса, не болар еді?(шөптер қурайды, қатты шөлдейміз)
Егер де ауа болмаса не болар еді? (тыныс ала алмаймыз)

Егер де жер бетіндегі су жоғалып кетсе не болар еді?

Егер де суды аязға шығарып қойса не болар еді?

Егер де шәйнектегі суды көп уақытқа отқа қойса,не болар еді?

«Дәмін ажырат, сипатта» ойынын ойнайық

Балалардың көзін байлап сүт, шырын, тұз, шекер дәмін татқызу. Балалардан дәмі арқылы не екенін тәтті ме, ащы ма т.б.сұрау.


2 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Қоршаған әлеммен таныстыр

Кеңістікті бағдарлау

Міндеті: Балалардың кеңістікте бағдарлау қабілетін бекіту

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Балалардың кеңістікте бағдарлау қабілетін бекіді

Түсінеді: Кеңістікті

бағдарлай отырып, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ, жоғары, төмен, ұғымдары

Қолданады: Достық қатынастарды жетілдіру, бір-бірін тыңдай білуге

Мысықай деген не? –Мысықай, марғау – мысықтың баласы. –Мысықай қайда шықты? –Жоғары, сатының басына шықты. Анасы төменде, тышқан аңдып отыр. –Кеңістікті бағдарлау дегеніміз – заттардың, адамдардың арақашықтықтарын, өлшемдерін, пішіндерін, өзара орналасуын және олардың адамға қатысты орналасуын анықтау. Педагог балалардың назарын интербелсенді тақтаға аударады. Суретте саябақ бейнеленген. Саябақта ағаштар өсіп тұр, демалатын орындықтар тұр, мысық күнге қарап, маужырап отыр, құстар ұшып барады, жолдың шетінде гүлдер өсіп тұр. – Суреттің жоғары жағындағы, ортасындағы, жолдың оң және сол жағындағы, мысықтың орналасқан жерлерін анықтаймыз. – Суреттің жоғары жағында құстар, Күн, бұлт орналасқан, суреттің ортасында жол жатыр, мысық орындықтардың ортасында отыр, жолдың оң жағында раушан гүлдері өсіп тұр, сол жағында түймедақ гүлдері өсіп тұр. – Гүлдердің өсіп тұрған жерін айтыңдар. – Балалар «Гүлдер жолдың екі жақ шетінде өсіп тұр» деген ортақ пікірге келеді. Педагог балаларды санамақ бойынша екі топқа бөліп, бір топ жолдың оң жағына орналасқан нәрселерді ғана, ал екінші топ сол жағына орналасқан нәрселерді атауды ұсынады. Тақтадан Қырағы бейнесі пайда болады, ол суреттер арқылы «таудың етегінде» деген сөздің анықтамасын табуды ұсынады, балалар таудың етегі – таудың төмен жағы екенін дәлелдейді

Математика негіздері

Бүтін және бөлік

Міндеті: Бөліктерден бүтін құру және оларды қайта бөліктерге бөлу

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: «бүтін», «бөлік» сөздерін айтуды;

түсінеді: затты (фигураны) өзінің бөліктерінен қалай құрастыруға болатынын;

қолданады: сандарды санауды және салыстыра білуді.

Сарғыш түсті дөңгелекті алып, оны екіге бөледі. – Әлия апельсинді екіге бөледі. Апельсиннің әр бөлігін қалай атаймыз? (Жарты. – Ал егер екі жартысын біріктірсек, не аламыз? (Тұтас немесе бүтін апельсин шығады. Барлығы біріктіріледі.) – Әлия апельсинді қанша бөлікке бөлді? – Қайсысы бүтін немесе бір бөлігі? – Бөлшектерді қалай алуға болады? (Бүтіннің бөліктерін қосыңыз.) – Сырым апельсинді 4 тең бөлікке бөлді. Бұл бөліктер ширек деп аталады. – Егер біз ширек бөліктерді біріктірсек, не аламыз? (Тұтас, бүтін.)

Сырым апельсинді қанша бөлікке бөлді? – Қайсысы артық жартысы немесе төрттен бір бөлігі? – 2 немесе 4 саны? Практикалық жұмыс. Педагог пиццаны немесе бәлішті алдымен екіге, содан кейін 4 бөлікке кесуді ұсынады. – Бөлшектерден тұтасты қалай шығаруға болады? Қорытынды: бөлшектерден бүтін алу үшін бөліктерді біріктіру немесе қосу керек. Балаларды топтарға бөледі. Әр топқа 1 геометриялық конструктор: №33 парақ беріледі. Үлгі бойынша балалар суреттер немесе ою-өрнектер салады. Фигуралардың бөліктерін атап, басқаларға көрсетеді

Математика негіздері

Заттың бірнеше тең бөліктері

Міндеті: -Заттарды бірнеше тең бөліктерге бөлуге; «жарты, ширек, үштен бір бөлігі», деп атауға, бүтін мен бөлікті салыстыруға үйрету

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: заттарды бірнеше тең бөлікке бөледі, «бүтін», «бөлік» сөздерін айтуды;

түсінеді: затты (пішінді) оны бөліктерінен қалай құрастыруға болатынын;

қолданады: бөліктерден пішін құрастыруды;

Жапсыруға талдау жаса. – Жапсыруда не көрдің? – Саңырауқұлақтың қалпағы жасалған фигураны қалай атаймыз? – Дөңгелек бөліктерге бөлінді. Бұл бөлік – дөңгелектің жартысы. Біз фигураларды екіге бөлуді үйренейік, ол үшін дөңгелектің шеттерін тұстастырып мұқият бүгу керек. Педагог балаларға түрлі түсті қағаздан төртбұрыштар, дөңгелектер, сопақшалар таратады. Педагог үлкен нұсқаулықтағы көрнекіліктерді көрсетеді. Практикалық жұмыс. Педагог балаларға қызыл және жасыл дөңгелектерді көрсетеді. – Фигуралар қалай аталады? (Дөңгелектер.) Қызыл дөңгелекті алып, оны екіге бүктеп, кесектерін қиып, бір-бірінің үстіне қойып, бөліктердің сәйкес келетіндігін көрсетеді. – Мен дөңгелекті қандай бөліктерге бөлдім? (Тең.) – Дөңгелектің неше бөлігі шықты? (Екі.) – Бұл бөліктер «жарты» деп аталады. Уақыт береді және жарты дөңгелек жасауға көмектеседі. Балалар қияды. Қайталаймыз: жарты. Педагог жасыл дөңгелекті алады. Оны екі рет екіге бүгіп, оны 4 тең бөлікке бөледі, бір-біріне қабаттастырып, бөліктердің сәйкес келетіндігін көрсетеді. – Мен дөңгелекті қандай бөліктерге бөлдім? (Тең.) – Дөңгелектің неше бөлігі шықты? (Төрт.) – Бұл бөліктер «ширек» деп аталады. Балаларға уақыт береді және ширек бөлігін қиып жасауға көмектеседі. Балалар қияды. Қайталаңыз: төрттен бір. Педагог қоңыр кесіндіні алады. Оны 3 тең бөлікке бүктейді, кеседі және бөліктердің сәйкес келетіндігін көрсете отырып, бірінің үстіне бірін қояды. – Мен кесіндіні қандай бөліктерге бөлдім? (Тең.) – Қанша бөлік шықты? (Үш.) – Бұл бөліктер «үштен бір» деп аталады. Уақыт береді және кесінділерді 3 тең бөлікке қиюға көмектеседі. Балалар қиып тастайды. Қайталаймыз: үштен бір. Балалар хормен бөліктердің атауын қайталайды (жарты, төрттен бір, үштен бір). «Дөңгелекті бүкте» дидактикалық ойыны. Кесілген бөліктерден дөңгелекті жинауды сұрайды. Оның бөліктерінен тұтас фигураны жаса. Балалар фигураны бөліктерге бөліп, оны бөліктерден құрастыруға болады деген қорытынды жасайды

Математика негіздері

Заттың бірнеше тең бөліктері

Міндеті: - -Заттарды бірнеше тең бөліктерге бөлуге; «жарты, ширек, үштен бір бөлігі», деп атауға, бүтін мен бөлікті салыстыруға үйрету

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: заттарды бірнеше тең бөлікке бөледі, «бүтін», «бөлік» сөздерін айтуды;

түсінеді: затты (пішінді) оны бөліктерінен қалай құрастыруға болатынын;

қолданады: бөліктерден пішін құрастыруды;

«Бәлішті бөлу» ойын жаттығуы. Педагог балаларға бәліштің суретін таратады, оны тең бөліктерге бөлетін сызықтар салуды сұрайды. Содан кейін балалар әр бөлікті атайды: жартысы, төрттен бірі, үштен бірі және т.б. «Түстер бойынша» ойын жаттығуы. Балалар тең бөліктерге бөлінген суреттерді немесе фигураларды алады. №33 парақты пайдаланып немесе түрлі түсті қағаздан кесуге болады. Суреттің/фигураның әр бөлігі бірдей түске боялған. Балалар бір түсті бөліктерді тауып, затта қанша бөлік бар екенін салыстырып қарауы керек.

«Суретті жинау» ойыны. Балаларға суреттің кесілген бөліктері таратылады. Балалар суретті жинап, бүкіл суреттің қанша бөліктен тұратынын атауы керек.

Қоршаған әлеммен таныстыру

Қоректену тізбегі

Міндеті: - Сызба арқылы табиғаттағы өсімдіктермен жануарлардың, адамның өзара байланысын көрсету

Күтілетін нәтиже

Жасайды: Сызба арқылы табиғаттағы өсімдіктермен жануарлардың,

адамның өзара байланысын көрсету. Қорек тізбегін құра білуге

түсінеді: Адам үшін барлық тіршіліктің маңызды екенін ұғындыру; табиғаттағы тепе-теңдіктің қажеттілігі туралы түсініктері

қолданады: Табиғат байлығын сақтауға өз үлесін қосуға


«Жапалақ» әңгімесін оқиды: «Бір күні ата жапалақты ренжітіп қояды. Жапалақ ашуланып, оған енді қайтып тышқандарды ауламайтынын айтады. Ата бұған мән бермейді. Жапалақ тышқан аулағанын қояды, тышқандар көбейіп, барлық табиғатқа зиянын тигізе бастайды. Олар тіпті араның ұясына дейін кеміріп тастайды. Аралар жойыла бастайды. Атаның сиыры жайылатын алқапта жоңышқа шөбі өспей қалды. Неліктен? Балалардың пайымдауларын тыңдап, педагог түсіндіреді: – Өйткені аралар жоңышқаға ұшып, қонып, оларды тозаңдандырады, тозаңданбаған жоңышқа гүлдемейді, көбеймейді. Педагог әңгімені жалғастырып оқиды: «Сөйтіп атаның алқабында жоңышқа өспегендіктен , сиыр жайыла алмай қалды, сүті тартылып қалды. Ата сонда түсініп, жапалақтан кешірім сұрады». Педагог балалардан бұл әңгіменің мағынасы неде екенін сұрайды, балалардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасайды. – Бұл ертегінің мағынасы – тек достарды ренжітпеу ғана емес, табиғатта барлығы бірбірімен тығыз байланыста екендігінде. Сиырдың жапалаққа қандай қатысы бар деп ойлауға болады. Ол – тышқандар – аралар – жоңышқа – сиырдың сүті арқылы қатысы бар екен. Қоректену тізбегін сызба арқылы құрастыруға болады.

Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Ақсақ құлан» күйі

Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,

Ақпан

Ақсақ құлан

3 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Қазақ тілі

Қыс

Міндеті: -Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Қыста табиғатта қандай құбылыстар болатыны жайында әңгімелейді

Түсінеді:Өздерінің киімдерімен қысты байланыстырып сөйлейді

Қолданады: Қыста қандай қауіпсіздікті сақтау керектігін айтады

Балақайлар сіздерге пазл құрастырған ұнайды ғой иә?

Ендеше мен берген пазлды құрастырып не бейнеленгенін айтып беріңдерші.

«Қыс»! Дұрыс айтасыңдар балалар, бүгін қыс мезгіліне байланысты сабақ өтеміз.

3.Балақайлар сәйкестендіру арқылы Қыс мезгілі туралы ақпарат жинайық.

Мына жоғарғы жақта желтоқсан, қаңтар, ақпан сөздері жазылған екен. Айтыңдаршы

олар ненің атаулары? Иә, олар қыс мезгілінің 3 айы.

4.4. Төмендегі суретке назар аударыңдаршы. Екі суреттің қайсысы қыс мезгіліне қатысты,

сол суреттің тұсына дұрыс белгісін қойыңыздар.

4.5. Кітапшадағы суретке қарап әңгіме құрастырыңыздар



Қазақ тілі

Асық

Міндеті:- Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

-Қазақ тіліне тән қ, ұ, і, ң дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Асықтың қандай болатынын білді;

Түсінді: Асық ойнауды (ханталапай, асық ату) үйренді;

Қолданды: Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы пайда болды

Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?

Балалардың жауабы:

Педагог: Бұл «Алтын сақа» ертегісі.

Мен сендерге ертегінің қысқаша мазмұнын айтып берейін.

Педагог:

Ертегі не себепті «Алтын сақа» деп аталады?

Ертегі кейіпкерлері туралы ойларыңды айтыңдар?

Байланыс

уақыт

Оқу қызметіміздің тақырыбы Асық деп аталады.

Сақа деген асықтың ірісі, ішіндегі көлемдісі.

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.

Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек — асықтай ойналады.

Иіргенде түскен қалпына қарай асық — алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы

қорғасын құйылып жасалғаны — сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы — оңқы асық аталады.

Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан

Педагог балаларға

«Ханталапай»

ойынының ойналу

жолын түсіндіреді.

Ойын шарты: «Талапай-

ау, талапай, табылды

ойын алақай»

-деп, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына

шашады. Балалар

жарыса «Ханталапай»

деп дауыстап,

асықтарды таласып,

бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді. Хан асығы

қолына түскен бала алғашқы болып ойынды бастайды. Сонымен бірге балалар бүк асықпен

бүк асықты, шік асық пен шік асықты ату арқылы мергендік танытып, асық жинайды.

Асықтарды

бір-біріне тигізе алмаған жағдайда

ойын жүргізушінің сұрақтарына жауап береді. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда ойын

кезегі келесі балаға беріледі. Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын соңында хан асығын

ұтып алған бала жеңімпаз атанады.

Педагог балаларға ханталапай, асық ату ойындарын ойнатады. Асықтарды санатады.

Сөйлеуді дамыту

Кеме (өлең)

Міндеті: -Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Жұмбақ шешті, өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап берді, суретке қарап өлеңді жаттап алады;

Түсінеді:өлең мазмұнын, көліктердің әр салада пайдалануын;

Қолданады: әртүрлі көліктерді жолдарымен қосады

Суда жүзетін қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Кемеде матростар жұмыс істейді, оларды капитан басқарады.

Кемелер жүзу үшін не керек?

Педагог ыдысқа су құйып, қағаз кемені суға жібереді.

Кеме не үшін керек?

Кеме тез жүзу үшін үрлеп толқын жасайық. Енді кемеге ат қояйық. Өзімізді кемеде отырмыз деп елестетейік те, Ермек Өтетілеуұлы ағамыздың «Кеме» өлеңінмен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып береді.


Міне, Кеме, Мінем, Мен де.

Сапарға алыс шығамын, Теңіз сырын ұғамын.

Жолсеріктей, жан достардай бізден қалмай, Шағалалар шаршамастан шарқ ұрады: Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай.

Кемемізді жағалаулар шақырады

Көркем әдебиет

Бір атаның ұрпағы

Міндеті: - - Әңгіме мазмұнын дұрыс қабылдауға үйрету. Әңгімені мазмұндап айтуға дағдыландыру. Табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Әңгіме мазмұнын дұрыс қабылдауға үйренді

Түсінеді:Әңгімені мазмұндап айтуға дағдыланды

Қолданды:Табиғат сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.

Тақтадан қыс мезгілі, қар, мұз, су суреттері көрсетіледі. – Суреттен не көріп тұрсыңдар? Қар, мұз қай кезде болады? – Қар аппақ, жұмсақ, суық болады. Үлпілдек қар тез ериді, жеңіл, пішіні әртүрлі болады.

Ал мұз қатты, жылтыр, тайғанақ, мөлдір әйнек сияқты. – Қар ұлпалары неге ұқсайды? (жұлдыз, гүлге) – Қардың, мұздың түсі қандай? (қар ақ, мұз түссіз) – Бүгін біз жазушы Нәсіреддин Сералиевтің «Бір атаның ұрпағы» әңгімесімен танысамыз. Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып береді (соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: үлпілдек – жеңіл жұмсақ – нәзік, мамық Сұрақ-жауап: – Әңгіменің авторы кім? Әңгіме қалай аталады? Әңгіме не туралы? – Қар қандай? Қар мен мұздың айырмашылығы қандай? – Қар не деп мақтанды? Мұз қалай мақтанды? Оларға су не айтты? – «Бір атаның ұрпағымыз» деген сөзге қар мен мұз неге таңғалды? Дидактикалық ойын: «Қайсысы ұнайды?» (баланың ойлау қабілетін дамыту) Шарты: суреттен көрген заттың атын атап, қайсысы ұнайтынын айту.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Қаршақыздың сүйіктідостары.мысық,күшік

Міндеті: - Қаршақыздың достарымен танысып, олардың суретін сала білуге үйрету

-- Кейіпкерлердің өзіне тән бөлшектерін мүсіндеу, композицияларды қосымша заттар мен элементтердің көмегімен көркемдеп жеткізу

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару

Топтық жұмыстар

Қауіпсіздік сабағы : «ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы даму ортасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар кезінде тәртіптің (қауіпсіздік) негізгі ережелеріне үйрету.

Педагогті тыңдау және тапсырмаларды орындау: педагог сөйлеген кезде, оны тыңдау және оның нұсқауларын орындаудың маңыздылығы. Топта/сыныпта жүгірмеу: тек сыртта немесе спорт алаңында жүгіруге болады. Басқалардың заттарын рұқсатсыз алмау: достарыңның жеке заттарына құрметпен қарау. Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде айқайламау: басқа балаларға кедергі келтірмеу үшін жай және сабырлы сөйлеу. Мейірімді және құрметті болу. Үстел үстіндегі тәртіпті сақтау: заттарды/құралдарды өз орнына қою және тазалықты сақтау. Ұйымдастырылған іс-әрекет қорытындыларын шығару. Тәртіп (қауіпсіздік) ережелерін қайталау

Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/UMVKB4sqULE?si=eXG4pVrj6lVX9uBh https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Дене тәрбиесі

Өз денемізді өзіміз басқарамыз

Міндеті: - Қолды тізеге қойып отырып-тұру; аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту .

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Қолды тізеге қойып отырып-тұру

Түсінеді: аяқтың ұшымен ұсақ заттарды жылжыту

Қолданады:жаттығулар жасайды

«Ержүректілікке жаттықтыру»

«Бұлтқа қол жеткізу»

Гимнастикалық қабырғада қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп өрмелеуге жаттықтыруды жалғастыру. Тапсырмаларды бұлжытпай орындап, өздерін ержүрек екендіктерін көрсетуге тырысады

Музыка

Бесік жыры

Міндеті: - Бесік жыры арқылы балаларды имандылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды. Түсінеді: музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау.

Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады

Музыка тыңдау:

«Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов)

Ән айту:

«Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Құлыншақ» (С. Урбах)

Дене тәрбиесі

Көңілді сырғанақ

Міндеті: - Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату .

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Шанамен сырғанау

Түсінеді: Бір-бірін шанамен сырғанату

Қолданады сырғанайды

Таза ауада Балалар шанамен сырғанап ойнайды




Дене тәрбиесі

Көңілді сырғанақ

Міндеті: - Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Сырғанау

Түсінеді: Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау,

Қолданады жүгіріп келіп сырғанау


Балалар шанамен сырғанап ойнайды


Музыка

Менің туыстарым»

Міндеті: - Әуенге ілесе отырып, ырғақты сақтап аспапта ойнауға дағдыландыру

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ән орындайды, музыканың сипатына сәйкес қимылдар жасайды.

Түсінеді: ән мазмұнын түсінеді.

Қолданады: үйренген дағдыларын іс жүзінде қолданады, аспаптарда ойнайды

Музыка тыңдау:

«Жан анам» (Е. Өміров)

Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев) «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Тырналар биі» (Д. Абиров)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Атқа мініп шабамыз»

(В. Агафонников)





Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Серуен-Бақылау №5

Бақылау: Торғайларды бақылау

Мақсаты:

Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру;

Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру;

құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз

Торғайларды қорға.

Ө. Ақыпбекұлы

Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.

Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар)

Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты борлады.)

Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, тоқылдақ, сауысқан,кептер)

Торғайлар қыста немен қоректенеді? (дәндермен, қалдықтармен.)

Қыстап қалған құстарды неге тамақтандыру керек? (қыста құстарға азық жетіспейді, ал, егер олар тоқ болса аязға тоңбайды.)

Құстарды бақылаған кезде олардың мінез-құлықтарынан нені байқадыңдар?. (өздерінің азықтарын нан ұсақтары мен қалдықтарды, дәндерді тез табады. Тұмсықтарын қанаттарының астына тығып суықтан қорғанады)

Торғайлар неге адамдарға жақын маңға қоныстанады? (себебі адамдар жанында азық көп болады)

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тере ғойғ

Сонда суыққа тоңбайсың.

Еңбек қызметі

Құстар қонақтайтын, жем шашатын жерді қардан тазалау.

Мақсаты: еңбекке деген ықыластарын арттыру.

Қимылды ойын «Нысанаға тигіз».

Мақсаты: қшып бара жатқан заттың бағытын бақылау, қозғалыстың дұрыс орындалуын есептей білу.

Жаттығу ойындары Қимылдарын дамыту

Қарды алыс нысанаға лақтыру

Мақсаты:қозғалыс координациясын дамыту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №6

Бақылау: Қардың түсуін бақылау

Мақсаты:

- Қардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;

Қардың түсуі туралы білімдерін молайту;

әдемілікке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев

Жауа-жауа, қар жауып көп,

Шұқырларға толады.

Иығыңа қонады кеп,

Мойныңа да қонады.

Жауып бітер қарды тосып,

Үйіңе де сыймайсың,

Табиғаттың ақ көрпесін.

Басуға да қимайсың.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

Ауа-райы қандай болғанда қар жабысқақ болады?

Аяқ астында қар неге сықырлайды?

Қар неге ұлпа болады?

Айналаға қараңдаршы, қандай әсем көрністерді көріп тұрсыңдар? (айнала аппақ, қар беті тап-таза т.б.)

Зерттеу жұмысы

Ұшып келе жатқан қарды парақ бетіне қондыру, қардың қасиеттерін анықтау (ұлпа, мамық).

Еңбек: өз алаңындағы ағаш түптерін қармен көму.

Мақсаты: бір мақсатта, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын дамыту

Қимылды ойын

«Ыстық-суық».

Мақсаты: тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет етуге үйрету

Жаттығу ойындары

Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: Қарды алысқа лақтыруға үйрету.

Халық болжамы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.


Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №7

 Бақылау: Ауладағы ағаштарды бақылау

Мақсаты :

ағаштар туралы білімдерін молайту;

ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы

Қар жамылды бақтарым

Қыратым да, сайым да.

Тағыпты қыс ақ қарын,

Үкі етіп қайыңға.

Бүркеніп ақ желекті,

Жарқырайды маңайым.

Ойға шомып теректің,

Ақ шалыпты самайын.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.

Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??

Күзде қандай болды?

Қазіргі бейнесі қандай?

Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?

Зерттеу жұмысы

Алма ағашы мен қайың ағашының қысқы тұрқын салыстыру

Еңбек

Жолды қардан тазалау.

Мақсаты: аула қараушыға көмектесу.

Қимылды ойын: «Кім аққалаға бұрын жетеді?»

Мақсаты: доға астынан еңбектеп өту дағдыларын жетілдіру.

Жаттығу ойындары Секіру

Мақсаты:орнында тұрып секіру техникасын меңгерулерін жетілдіру

Халық болжамы. Ағашты қырау басса аяз болады, тұман түссе күн жылынады.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау


Серуен-Бақылау №8

Бақылау:

Аула тазалаушы еңбегін бақылау

Мақсаты:

Аула тазалаушының еңбегін бақылауды жалғастыру;

Сөздік қорларын байыту;

Үлкендер еңбегіне деген сүйіспеншілік және құмет сезіміне тәрбиелеу;

Табиғатқа және айнала қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Бақылау барысы

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:.

Аула тазалаушы қыста балабақша ауласында не істейді?

Жұмыс үшін ол қандай құралдарды пайдаланады?

Ағаштарды аяздан қорғау үшін ол не істейді?

Аула тазалаушы жұмысы адамдар және табиғат үшін керек пе?

Еңбек

Қуыршақ үшін қардан құрлыс тұрғызу.

Мақсаты:

бірлесе жұмыс істеуге үйрету;

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қимылды ойын

«Екі аяз»

Мақсаты: жүкіруге жаттықтыру;

Ойын ережесін сақтай білулерін тиянақтау

Жаттығу ойындары

Шаңғымен жүру.

Мақсаты : шаңғымен жүруге жаттықтыру, ептіліктерін, шыдамдылықтарын дамыту.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуен-Бақылау №9

Бақылау: Ауладағы ағаштарды бақылау

Мақсаты:

Ағаштар туралы білімдерін бекіту;

Салыстыру, сараптау, қортынды жасай білулерін дамыту.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Ағаштар» М.Әлімбаев

Қысында да шырайлы,

Жасыл шырша ұнайды.

Түні бойы жауды қар,

Салбырады сәнді тал.

Тау баурайы төменде,

Өседі жас емендер.

Ауыл сәні терек,

Терек егу керек.

Сырғалы қайың, ақ қайың,

Баптайын, күтіп, сақтайын.

Басқа ағашпен аралас,

Жайқалады қарағаш

Көк қарағай, қарағай,

Мейірбанды анадай,

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Балаларға сұрақтар:

Сендер тыңдаған өлең жолдарында қандай ағаштар туралы айтылған

Ағаштар не үшін керек?

Ол адамға не береді?

Қыста ағаштар бейнесі қандай болады?

Қысқы, жазғы түстері бойынша басқа ағаштардан айырмашылығы бар қандай ағаштарды білесіңдер?

Шырша мен қарағай туралы неге қысы-жазы бір түсте деп айтады?

Ағаштардың бір- бірінен қандай айырмашылықтары болады?

Зерттеу жұмысы:

Балалар алаңдағы әр ағаштың бұтақтары, діңдері және көрністері бойынша салыстырып, айырмашылықтарын анықтап қортынды жасайды.

Еңбек

Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: ағаштарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу..

Қимылды ойын

«Аулада қандай ағаштар өседі?».

Мақсаты:

Ағаштардың аттарын есте сақтауларын тиянақтау;

Сөздік қорларын байыту;

Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Жаттығу ойындары

Қозғалыстарын дамыту: Аңдар биі

Мақсаты: әртүрлі аңдар қозғалыстары арқылы ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу.

Еркін ойындар

Мақсаты:балалар өз еріктерімен ойнау

Серуеннен оралу

Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс


Мақсаты:Болғанбек Ұлағат сурет іс-әрекеті бойынша түрлі түсті шардың суретін үлгі бойынша салдыру, қарандашты дұрыс ұстауға үйрету.

Мақсаты: Қайрат Ермұханбет сөйлеуді дамытудан «Менің балабақшам» өлеңінде «ң» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру.

Мақсаты:Райс Дастан құрастырудан балабақша ғимаратын берілген үлгі бойынша дұрыс құрастыруды үйрету.

Мақсаты: Қанат Назерке сурет іс- әрекетіі бойынша түрлі түсті шардың суретін үлгі бойынша салдыру.

Психологтың жұмысы:Алтай Айзере өзін ортада қалай ұстау жөнінде жұмыс жүргізу.


Балалардың іс- әрекеті ( ойын,танымдық,коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Қаржылық сауаттылық

Ақшаның құнын түсіндіру

Балаға «ақша – еңбекпен келетін құндылық» екенін жасына сай мысалмен түсіндіріңіз. Мысалы: «Әкең жұмыс істейді, сол үшін жалақы алады. Сол ақшаға біз тамақ, киім аламыз».

2. Сатып алуларда баланы қатыстыру

Дүкенге барғанда бірге есептеңіз: «Бізде 1000 теңге бар. Мына сүт 500 теңге, нан 300 теңге. Енді қанша қалды?» – деп қызықты сұрақтар қойыңыз.

«Тәртіп сақтаймыз»

Балаларға күнделікті тәртіп туралы әңгімелеп, оларды ойын арқылы орындайды (таңертең тұру, тіс жуу, тамақтану).

Қаржылық сауаттылық

Қалауы мен қажеттілігін ажыратуды үйрету

«Саған жаңа аяқ киім керек пе, әлде тағы бір ойыншық па?» деген сұрақ арқылы баланың таңдауын дамытуға болады.

Мадақтау – ақша емес, көңіл

Балаға әр жақсы ісі үшін ақша беріп үйретуге болмайды. Ол «ақша үшін ғана көмектесу» түсінігін қалыптастырады. Жақсы сөз, мақтау – басты марапат.

Экологиялық мәдениет

«Тыйым белгісін тап»

Мақсаты: Табиғатты қорғауға қатысты тыйымдарды түсіндіру.

Ойын шарты: Балаларға әртүрлі әрекет көрсетіледі: гүлді жұлу, ұяны бұзу, ағаш отырғызу, қоқыс тастау. Балалар тыйым белгісі бар суреттерді тауып, неге болмайтынын айтады.

«Жануарлар дыбысы»

Әр балаға жануар суреті көрсетіліп, ол жануардың дыбысын қайталайды немесе сипаттайды.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес Адалдық – бала тәрбиесінің іргетасы

1. «Өтірік айтқаны үшін емес, сенбегеніңіз үшін қиналады»

Егер бала өтірік айтса, бірден жазаламай, алдымен себебін сұраңыз. Көбінесе қорыққаннан немесе сенімсіздіктен өтірікке барады.

2. «Таза жүрек – таза ниет»

Жақсы істер жасауға, адал еңбек етуге, өз ісіне жауап беруге дағдыландырыңыз. Үйде шағын тапсырма беріп, сеніп тапсырыңыз.

3. «Адалдық ойын арқылы дарытылады»

Баламен бірге «Шын – Өтірік» ойынын ойнаңыз. Мысалы: «Мен банан жедім» – шын, «Мен ұшақпен ұштым» – өтірік. Осылай ажыратуды ойын түрінде үйренеді.

Тексерілді Алипбаева Қ.

























Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы Балтабай Адамбаев тірек орта мектебі

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 1V-апта 23 - 27 ақпан 2025-2026 оқу жылы

Адал азамат біртұтас тәрбие Жасампаздық пен жаңашылдық айы «Апта дәйексөздері»- «Жаңашылдық - заман талабы»


Күн тәртібі

Дүйсенбі 23.02

Сейсенбі 24.02

Сәрсенбі 25.02


Бейсенбі 26.02

Жұма 27.02

Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату

Адалдық әліппесі

«Адал болайық» (Қуыршақ театры)

Мақсаты: Балаларды адал болуға баулу.

Шарты: Қуыршақтармен қысқа сахна:

Бір қуыршақ өтірік айтады, екіншісі оны түзетеді.

Балалар соңында не дұрыс, не бұрыс екенін айтады.

Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес «Адалдық — күнделікті дағдыдан басталады»

1. Күнделікті тұрмыста адалдықты көрсетіңіз

Мысалы, дүкеннен артық ақша қайтса – қайтарып беріңіз, соны бала көрсін.

2. Қарапайым ережелерді үйретіңіз

Өзінің затын ғана алу

Біреудің рұқсатынсыз ештеңеге тиіспеу

Ойыншықты бөлісу

Өзіне тиесілі жауапкершілікті орындау

3. Қиял мен шындықты ажыратуға көмектесіңіз

Бала кейде ойдан шығарып сөйлейді. Бұл өтірік емес – қиял. Бірақ оны шындықтан ажыратуға үйретіңіз.

Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Торғайлар мен тор» қимылды ойыны

Мақсаты: Топпен қарым-қатынасты нығайту, тез қимылдау.

Ойынның шарты:Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топ алаңның ортасында қол ұстасып шеңбер құрып айналып жүреді. Сол топ тор болып саналады. Екінші топ- торғайлар. Тәрбиеші торды ашыңдар дегенде 1-ші топтың ойыншылары қолдарын көтереді.( Қол ұстасып айналып жүреді) Торғайлар шеңбердің ішіне кіреді, тез қайта шығуға тырысады. Тәрбиеші «торды жабыңдар» дегенде 1-ші топтың ойыншылары қолдарын түсіреді. Тордың ішінде қалып қойған балалар шеңберге қосылады. Сөйтіп 1-3 торғай қалғанша ойнайды.


«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»

Ойын: «Тығылыспақ»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Қажетті заттар: 

Ойын барысы: барлық балалар екі топқа бөлініп, топ басшылары тағайындалады. Санамақ арқылы қай топтың жасырынып, қай топтың іздейтіні анықталады. Ойынға «қала», яғни барлық ойыншылар жиналатын жер (ағаш, жар, есік, т.с.с.) таңдалынады. Жасырынатын топты топ басшылары жасырып, өзі қайтадан бұрынғы орнына оралады да, қарсылас топтың қай бағытта қозғалғанын «біз қазір ........(қай жер екенін)» айтып отырады. Ал жасырынған топ болса осы көмекті пайдалана отырып, жасырынған жерде отырады, ыңғайлы сәт туғанда «қаланы» жаулап алады. Егер іздеушілер жасырынушы топтың бір қатысушысын байқап қалса, онда оның аты мен жасырынған жерін дауыстап айтады да, барлығы «қалаға» қарай жүгіреді. «Қалаға» бірінші жеткен топқа ұпай беріледі. Жасырынған топ мүшелері іздеуші топ өздерін таппастан бұрын «қалаға» бірінші жетіп, ұпай ала алады.

Ертеңгілік жаттығу

Таңғы жаттығу кешені 12

Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

«Менің Қазақстаным»

ҚР гимні

Табиғат қандай тамаша,

Тоймаймыз біз де тамсана.

Балықтар шіркін жүзеді,

Табиғаттың жыры көп,

Табиғаттың сыры көп.


Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған.
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың.
Сен - бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған!


Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті да, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Кестеге сәйкес ҰІӘ


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет

Сөйлеуді дамыту

Кеме (өлең)

Міндеті: -Зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Жұмбақ шешті, өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап берді, суретке қарап өлеңді жаттап алады;

Түсінеді:өлең мазмұнын, көліктердің әр салада пайдалануын;

Қолданады: әртүрлі көліктерді жолдарымен қосады..

Өлең мазмұнын сұрақ қою арқылы сұрау

Өлең не туралы?

Кемеге жол серік – деп нелерді айтып отыр?

Алыс шалғайда не көрінеді?

Енді осы өлеңді суретке қарап отырып, қайталап жаттап алыңдар.

Балалар, бүгінгі оқу қызметінде нелер жайлы айтылды? Педагог екі тілде аудармаларды айтып өтеді.

Сөздік жұмыс.

Бұл жердегі «Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай» деген өлең жолдары «өте алыста, көз ұшында» деген мағынада

Ойын шарты: Суреттегі көлік түрлерінің жолдарын салу. Құрлықта жолмен жүретін болса астына жол, аспанда ұшатын болса бұлттар, суда жүзетіндерге көл салып беру керек

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау Міндеті - Сөздердің жалпы атауын атауға, дыбыстық талдау жасауды үйретуді меңгерту

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: сызба бойынша сөйлем құрайды, сөздерді буынға бөледі, сызбадан белгісіз

дыбыстың орнын анықтайды, дыбыстық талдауды өз суретімен сəйкестендіреді.

Түсінеді: жіңішке, жуан дауысты дыбыстардың жасалу жолын.

Қолданады: дыбыстарды ажыратады, сөйлем сызба бойынша сөйлем құрайды.

Дидактикалық ойын: Жоғалған дыбыс» – Мен сендерге суреттер көрсетіп бірінші дыбысты айтпай сөз айтамын, сендер жоғалған дыбысты жалғап толық сөзді айтасыңдар да допты кері бересіңдер. Мысалы:... ерезе (т), ...ілем (к), ...алық (б), ...үрек (ж), ...ақыт (б), уыршақ...(қ), ...омбыра (д), ...екемет (т), ...ышақ (п),... аймақ (қ), ...анан (б), ...ектеп (м), ...рік (ө), ...ияз (п) т.б. Ғажайып сәт. Балалар, қуыршақ Айсұлу бізге тапсырмалары бар хатқалта алып келіпті. Қуыршақты үстел үсіне жайғастырады. Педагог хатқалтаны ашып, тапсырмаларын оқиды. «Сөз ойла» дидактикалық жаттығуы (Әр дұрыс жауапқа педагог балаларға жұлдызша беріп отырады). -ал буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: алма, алтын, алжапқыш, алға, аласа, ала, алқа, Алжан, алмас, алау, т.б . -оқ буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: оқу, оқы, оқымысты, оқулық, оқ, оқыс, оқшаулау, оқтар т.б. -жа буынынан басталатын сөздер ойлап айтуымызды сұрапты. Мысалы: жас, жалын, жалғыз, жат, Жайық, жарқыра, жалқау, жаура, жалау т.б. Ойын соңында жұлдызшасы ең көп бала жеңімпаз болады. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттерді ата. Сызба бойынша сөйлем құра. 2. Дыбыстық талдау жаса Таң, бұлт сөздеріне дыбыстық талдау жаса. Педагог балаларға орындарында өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады. Дыбыстық сызбаны тақтаға іліп, бір-бір баладан тақтада жасатады. Балалар жұмыстарын тақтадағы талдаумен салыстырады, қателерін түзейді. 1.Таң сөзінің дыбыстық талдауы. Таң- 1буын, 3дыбыс бар,1-дауысты, 2-дауыссыз дыбыс. 2.Бұлт сөзіне дыбыстық талдау. Бұлт – 1 буын, 4 дыбыс, 1-дауысты, 3-дауыссыз дыбыс.

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік?

Міндеті - Сөйлем құрауға, сөйлем сызбасын сызуға, берілген буыннан басталатын сөз ойлап айту

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: дыбыстық талдау жасайды, сөздердің жалпы атауын атайды, сөйлем құрайды,

сөйлем сызбасын сызады, сөздерді буынға бөледі, дауысты, дауыссыз дыбыстарды

ажыратады, буынға -буын жалғап сөз құрайды.

Түсінеді: қарама қарсы сөздердің мағынасын.

Қолданады: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, буынға -буын жалғап сөз

құрайды.

Дидактикалық ойын: «Буынды айтып сөз құра» Ойын шарты: педагог айтқан буынға балалар сөз құрап айтады.

Мысалы: Ал.. . . .ма, ба. . . қа.., са...ғыз, ал...мұрт, ма..., ке...ме, де..., шал...қар, қа...зы, пи..яз, бә...теңке т.б. Педагог өз ойынан басқа да буындарды айтса болады. – Балалар, сендердің дендерің сау, мықты болып өсу үшін дәрумендері мол, балғын тағамдармен қоректенулерің керек

Дидактикалық жатттығу: «Қарама-қарсы сөзді айт» Майлы – ... (майсыз). Сұйық – ... (қою). Ащы – ... ( тұщы). Дәмді – ... (дәмсіз). Қатты – ... (жұмсақ). Ұнайды – ... (ұнамайды). Балалар қарама-қарсы сөздерді айтады. Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суретте қара. Тағам атауларын ата. Сөйлем құрап, сызбасын сыз. 2. Суреттерді ата. Дыбыстық талдау жаса. Ыдыс, ешкі, құрт сөздеріне дыбыстық талдау жасау

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік?

Міндеті: Сөйлем құрауға, сөйлем сызбасын сызуға, сөйлемді мағынасына байланысты толықтыруға үйретуді жалғастыру

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: дыбыстық талдау жасайды, сөздердің жалпы атауын атайды, сөйлем құрайды,

сөйлем сызбасын сызады, сөздерді буынға бөледі, дауысты, дауыссыз дыбыстарды

ажыратады, буынға -буын жалғап сөз құрайды.

Түсінеді: қарама қарсы сөздердің мағынасын.

Қолданады: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, буынға -буын жалғап сөз

құрайды.

Дидактикалық ойын: «Қайтала»(доппен) – Балалар, мен сендерге допты лақтырып бірінші дыбысты айқынырақ айтып сөздер айтамын, ал сендер сол айқынырақ айтқан дыбысты дәл мен сияқты бәрімізге естілетіндей етіп қайталап, допты кері лақтырасыңдар. Мысалы: қққасқыр(қ), ккккітап(к), бббаққа(б), вввагон(в), ғғарыш(ғ), т.б. – Балалар, осы дыбыстарды айтқанда не байқадыңдар, дыбыстарды айту оңай болды ма? – Ауыздан шығатын ауаға кедергілер жасалады екен. – Ал ол кедергілер нелер? (ерін, тіл, тіс, т.б.). – Бұлар қандай дыбыстар? Дидактикалық жаттығу: «Сөйлемге қажетті сөзді қос» – Мен сендерге бір сөзі жетіспейтін сөйлем айтамын, сендер мазмұны байланысатындай етіп сөз жалғауларың керек. 1.Көктемде жылы жақтан құстар ... 2. Дәрия ыдысты ... 3. Анам жұмыртқа ... 4. Аю балды ... 5. Орманда қасқырлар ... 6. Әкем қармақпен балық ... 7. Ернар қараторғайға ұя ..

Көркем әдебиет

Үш қыз

Міндеті: - Ертегіні интонациямен мазмұндауға үйрету. Сөздік қорын байыту. Ата-анасына қамқор болуға тәрбиелеу

Күтілетін нəтижелер:

Жасайды: сахналық қойылымға қатысады;

Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді;

Қолданады: сұрақтарға жауап береді.

Өмірдегі ең жақын, аяулы жан кім? Ана сөзін естігенде, ойыңа не келеді? – Анаң сені қандай сөздермен еркелетеді? – Ана – бала үшін ең аяулы жан. Анамызды сыйлап, ренжітпей жүруіміз керек. Анамыз ауырып қалса, дәрі-дәрмек беріп, күтіп, көмектескеніміз жөн. – Бүгін біз ана туралы «Үш қыз» атты татар халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні оқып, мазмұнын ашу Оқыған кезде ертегі бойынша суреттерді көрсетіп отыру керек. Сөздік жұмысы: аяулы жан – өмірдегі ең жақын, ең қымбат адамың қайырымдылық – қиын кезде көмек көрсету Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі не туралы? Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды? – Тиін үлкен қызды неге айналдырды? Не үшін? – Тиін ортаншы қызды неге айналдырды? Не үшін? – Тиін кіші қызды неге айналдырды? Не үшін? Саған қай қыздың әрекеті ұнады? Дидактикалық ойын: «Не жоқ» (баланың зейінін дамыту) Шарты: балалар көздерін жұмады, педагог бір ертегі кейіпкерінің суретін алып қояды. Көздерін ашқанда ертегідегі қай кейіпкердің жоқ екенін табады

«Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

     

Табиғат. Су. Суды үнемдеу жолдары.

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.
.Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- ыдысты жабық раквинада жуу; 
-кір жуған кезде кір жуғыш машинаны толық толтыру;
- ыдысты қолмен жуған кезде ыдыс жууға арналған құралды аз қолданғанымыз жөн. Осылайша таза суға салғанда су аз кетеді. Жуылған табақтарды шүмектің астында жинағаннан кейін таза сумен шайған суды үнемдейді.
Тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз. Суды үнемдеуді өзімізден бастайық!

2 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Қоршаған әлеммен таныстыру

Жыл мезгілдері: қыс, көктем. Белгілер

Міндеті: - Қыс және көктем мезгілінің белгілері туралы білімдерін тереңдету

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Қыс және көктем мезгілінің белгілері туралы білімдерін тереңдету;

Түсінді: осы мезгілдерге тән маусымдық құбылыстармен

танысты

қолданады: Байланыстырып сөйлеу, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін

теңеу сөздерді қолданды

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? (Балалардың жауаптары) –Қыста ең қысқа түн, ең ұзақ күн болады. Күн өте жоғары көтерілмейді, сондықтан жер бетін аз қыздырады. Аспанды үнемі сұр бұлт басып, күннің көзі көрінбейді. Ағаштарды, жер бетін аппақ қар басып қалады. Кейде қатты боран соғады. 1-слайд. Табиғаттағы қыс мезгілі. Балалар қысқы орманның, саябақтың, қысқы таулар бейнесі қыста қалай өзгеретіні туралы әңгімелейді. 2-слайд. «Қысқы табиғат қандай?» деген сұраққа жауап береді. – Қысқы табиғат өте тамаша, айнала аппақ қар, адамдар қысқы саябақта серуендеп жүр, тауда адамдар шаңғымен сырғанап жүр. Үнтаспадан қардың сықырын, боранның соққанын, тоқылдақтың тоқылын тыңдайды. 3-слайд. «Қыс мезгіліндегі құстардың тіршілігі қандай?» деген сұрақ қойылады. – Қыста суық торғайла топ болып өмір сүреді, олардың қорегі – қыста пісетін шетен, шырғанақ жемістері, қурап қалған, бірақ қауызында дәндері қалған алқаптағы дақылдар. Педагог табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау керектігін айтады.

Қандай гүл ең бірінші гүлдейді? – Бәйшешек. – Балалар, бұл гүл қар ерімей жатып, қардың астында өне бастайды, қар еріген кезде, қылтиып бой көтереді, айналаға жұпар иіс шашады, бұл гүлдерді жұлуға болмайды, өйткені бұлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген гүлдер. Көктем ханшайымымен қосылып ойын ойнайды. Көктем ханшайымы балаларға шыны бөтелке, қарындаштар, қаламдар, шыны тостағандар, металлофондар, асбұршақ салынған ыдыстар, кітаптар, қағаз парақтарын таратып береді, ойын шартын түсіндіреді, «дыбыс!» деген кезде, қолдарындағы сол заттар бар балалар ойынға қосылады.

Математика негіздері

Заттармен әрекет

Міндеті: Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру,

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта

біріктіру,

түсінді: бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс

орнату, санды цифрмен сәйкестендіру,

қолданды:1-ден 10-ға дейін санау, қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын бекіту.

Топтық жұмыс. Балалар санамақтың көмегімен топтарға бөлінеді. Педагог әр топқа екі түсті балықтардың (немесе дөңгелектердің, сопақшалардың немесе басқа қиылған материалдар) жиынтығын таратады: қызыл және көк. Тапсырма орындалады: – Алдымен қызыл балық сатып аламыз. Біз олардың 4-еуін сатып аламыз (карточканы көрсетеді). – 4 қызыл балықты орналастыр. Енді көк 2 саны бар картаны көрсетеді. – Көк түсті 2 балықты орналастыр. – Біздің аквариумда қанша балық бар? Балықтарды санап, жауап бер. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Әр аквариумда балықтың неше түрі бар? Сана және ата. Барлығы қанша? Сонша нүкте сал. Педагог әңгіме құрастырудың үлгісін көрсетеді: аквариумда сарғыш түсті 3 балық және күлгін түсті екі балық жүзіп жүр. 3 және 2 деп басқаша айтуға болады. Аквариумда қанша балық жүзіп жүр? Аквариумда барлығы 5 балық бар

Балалар үлгіге қарап қалған суреттер бойынша әңгімелер құрайды, олардың санын атайды. – Екінші аквариумда қанша балық бар? Олардың саны бірдей ме? – Үшінші аквариумда қанша балық бар?

Математика негіздері

Заттармен әрекет

Міндеті: -Жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта

біріктіру,

түсінді: бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс

орнату, санды цифрмен сәйкестендіру,

қолданды:1-ден 10-ға дейін санау, қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын бекіту.


«Артық, кем, тең» ойын жаттығуы ұсынылады. Ол үшін ойыншықтар немесе санау материалдарының топтарын орналастырады және балалардан қай жерде артық, кем немесе тең екенін салыстыруды сұрайды. Балалар мұны санау негізінде де, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы арқылы да жасайды. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. «Дүкен» жағдайын жалғастырады. Киім қандай екі топқа бөлінген? Қанша шалбар, қанша күртеше бар? Сана. Барлығы қанша киім? Қажетті цифрды қоршап сыз. 2-тапсырма. Қанша цифр көрсетілсе, әр сөреге сонша доптың суретін сал. 3-тапсырма. Себетте қанша жидек бар? Қаншасы себеттің сыртында жатыр? Суретте барлығы қанша жидек болса, сонша нүкте сал. 4-тапсырма. Себетте қанша саңырауқұлақ бар? Қаншасы себеттің сыртында жатыр? Суретте барлығы қанша саңырауқұлақ болса, сонша нүкте сал. Педагог суреттерді қарап, оларға не салынғанын айтуды ұсынады.

Математика негіздері

Заттармен әрекет

Міндеті: Жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру,

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта

біріктіру,

түсінді: бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс

орнату, санды цифрмен сәйкестендіру,

қолданды:1-ден 10-ға дейін санау, қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын бекіту.


Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Алаңқайда неше алма бар? Цифрды қоршап сыз. Кірпі 1 алманы алып кетті. Неше алма қалды? Цифрды қоршап сыз. Кірпі 2 алманы алып кетті. Неше алма қалды? Цифрды қоршап сыз. 2-тапсырма. Әр отырғышта неше қыз отыр? Цифрды қоршап сыз. Екі отырғышта неш қыз отыр? Цифрды қоршап сыз. 3-тапсырма. Штрихта. Педагог балалардан дәптермен жұмыс жасаудың қандай ережелерін білетіндерін сұрайды. Штрихтауды дәл және ұқыпты орындауды сұрайды. «Артық, кем, тең» ойын жаттығуы. Ол үшін ойыншықтар немесе санау материалдарының жиынтықтарын орналастырады және қай жерде артық, кем немесе тең екенін салыстыруды сұрайды. Балалар мұны санау негізінде де, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы арқылы да жасайды. «Шапалақта, тап та, есінеме!» ойыны. Педагог 7 цифры бар карточка қояды. Содан кейін ол қолын шапалақтайды немесе 2 (3, 4) рет ақырын адымдар басады және жетіспейтін мөлшерді шапалақтап немесе аяқпен қадамдар жасап толықтыруды сұрайды.

Қоршаған әлеммен таныстыру

Қазақстанның өзен көлдеріндегі жануарлар

Міндеті: - Қазақстан өзен-көлдерін мекендейтін жануарлармен және балықтың құрылысы, оның тіршілігі туралы түсіндіру

Күтілетін нәтиже

Жасайды: Қазақстан өзен-көлдерін мекендейтін жануарлармен және

балықтың құрылысы, оның тіршілігі туралы түсінді

Түсінді: Балаларды туған жерінің құндылығымен таныстыруды

жалғастыру; балықтар туралы білімдерін әрі қарай дамыды

Қолданады:Табиғатты сүюге, қорғауға, судың адам өміріндегі

маңыздылығын түсіну

Бекіре – бағалы балықтардың бірі. Ол Каспий теңізінде, Еділ, Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Балықтардың ішіндегі ең семізі және еті жұмсағы, сүйегі болмайды. Бекірені аулауға тыйым салынған. Егер қорғамасақ, 4–5 жылда жойылып кетеді. Бекіре теңіз түбіндегі балдырлармен, шөптермен қоректенеді

Табан балық ағысы жай барлық су алаптарында тараған. Қолдан өсіруге де болады. Балықтардың дене бітіміне көз салыңдар, балықтардың денесі неше бөліктен тұрады? – Балықтардың денесі үш бөліктен тұрады: басы, денесі, құйрығы. Дене бөліктері немен жабылған? – Олардың денесі қабыршақтармен жабылған. Қабыршақтар балықтардың денесін жарақаттанудан сақтайды. – Суда қалай қозғалады, қозғалуға нелер себеп болады? – Суда жүзбеқанаттардың көмегімен жүзеді. – Балықтар қалай көбейеді? – Олар уылдырық шашады, олардан ұсақ шабақтар өсіп шығады. Уылдырық деген – балықтардың ұрығы. – Олар қалай тыныс алады? – Олар желбезегі арқылы судағы еріген ауамен тыныс алады. – Шортан балықтың дене пішіні қандай? – Ұзынша келген, қабыршықтары майда, көзге байқалмайды. – – Балалар, балықтар да аңдар сияқты жыртқыш болады. Шортан – жыртқыш балық, оның тістері үшкір, ұсақ шабақтармен қоректенеді.

Ойын: «Қармаққа не түсті?»

Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Алатау» күйі

Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын дамыту,

Ақпан

« Алатау» күйі

3 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Қазақ тілі

Бестемше

Міндеті: Тілдің грамматикалық құрылымы

-Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Бестемшенің не екенін білді;

Түсінді: Бестемше ойнауды үйренді;

Қолданады:Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы артты

Педагог: Балалар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар: Ханталапай, асық ату, арқан тартыс, көкпар, қыз қуу, тақия тастамақ,

тоғызқұмалақ.

Педагог: Бүгін ұлттық ойын Бестемше туралы түсінік берем.

Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам

арасында ойналады. Ойын тақтасы — 2 орда, 10

отау, 50 шардан тұрады.

Ойын басында әр ойыншыға бір орда, бес отау

және 25 шардан тиесілі. Шарлар әр отауға бес-

бестен салынады.

*Жүріс* ойыншылар тарапынан кезектесіп

жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны

келісімімен анықталады.

Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың

бірінен бар шарды қолға алып, біреуін орнына

қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп

таратамыз.

Егер соңғы шар қарсыластың тақ санды шары

бар отауына түсіп, ондағы шарды жұп қылса (2,

4, 6, 10, 12), сол отаудағы шарлар ұтып алынып,

өз ордамызға салынады.

Егер соңғы шар қарсыластың отауына түсіп,

ондағы шардың саны тақ болса немесе өз

отауымызға түссе, шар ұтып алынбайды.

Қазақ тілі

Құстар қайда ұшады?

Міндеті Байланыстырып сөйлеу.

-Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды.Не ұшады, қалай ұшады, неге ұшады, сауалдарына жауап берді;

Түсінді: Құстардың өзі білетін бірнеше түрін айтып, көрсетті;

Қолданады: Күн салқындағанда көптеген құстар жылы жаққа ұшып

кететінін айтты;

.

Жалпы құстың қандай болатынына талдау жасайықшы.

Құсқа тұмсығы шұқып жеуі үшін, ал қанаты ұшу үшін керек т.с.с.

Балалар «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайықшы, мен ұшатын зат айтсам қолдарыңды көтересіңдер,

ұшпайтын зат айтсам қол көтермейсіздер.

Ұшақ ұшады, қоян ұшпайды сол сияқты.

Ұшты ұшты (ҚАРЛЫҒАШ, АҚҚУ, ПИНГВИН, ТОРҒАЙ, ШАҒАЛА, БҮРКІТ, ЛАҚ, КҮШІК,

ҚЫРАН, ТҮЙЕҚҰС) ұшты.

Балалар керемет! Кейбіреуің аздап шатасып қалдыңдар иә? Себебі мынады пингвин мен түйеқұс

құсқа жатқанымен ұша алмайды, яғни барлық құс қанаты болса ұша береді дегеніміз дұрыс емес

екен.

Сөйлеуді дамыту

Кім ақылды?

Міндеті: -Шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:сөздерді буынға бөледі, сұрақтарға тиянақты жауап береді;

Түсінеді:әңгіме мазмұнын түсінеді, достарымен бірігіп ойнаған кезде оларды ренжітіп алмауды;

Қолданады: буынға буын жалғап сөз құрайды.

Сендер М.Төрежановтың өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер. Ол кісінің әңгімесімен, өлеңдерімен танысқанбыз. Ал қазір мен сендерге осы кісінің «Кім ақылды?» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіремін.


Кім ақылды?

Ерден мен Еркебұлан жұптарын жазбай, жап-жақсы ойнап жүр еді. Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп, түйісіп қалды. Ерден:

Мен саған жол бермеймін! – деп, қасқайып, безеріп тұрып алды. Ал Еркебұлан:

Мен саған бола ерегескім де, ойынды да бұзғым келмейді, сен өте бер, – деді де, оған жол берді.

Педагог әңгіме мазмұнын балалардан сұрақ қою арқылы сұрайды.

Балалар, сендерге әңгіме ұнадыма?

Әңгіме кімдер туралы?

Екі бала не істеп жүр еді?

Олар неге таласты?

Екі балаланың қайсысы ақылды екен?

Неге ақылды, қай іс әрекетіне қарап ақылды екенін білдің дер?

әңгімедегі «ойнап», «көпір», «балалар» деген әр сөздерді буынға бөліңдерші

Көркем әдебиет

Өс, ұлан!

Міндеті: - Қысқа өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға баулу. Денсаулық туралы ұғымын кеңейту. Денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Қысқа өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға

Түсінеді:Денсаулық туралы ұғымын кеңейту.

Қолданады:Денсаулығын сақтауға

Балалар, деніміз сау болу үшін не істеу керек? – Спортпен айналысатын адамды қалай атайды? – Спортшының табысқа жетуіне кімдер көмектеседі? (Слайд көрсету) – Таңертең жаттығу жасап, шынығу керек. Үнемі спортпен шұғылданған адам ауырмайды. – Бүгін біз ақын Өтебай Тұрманжановтың «Өс, ұлан!» өлеңімен танысамыз. Педагог өлеңді мәнерлеп оқиды (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: ұлан – жеткіншек, өрен, бала қыран – бүркіт сияқты алғыр, епті болу Өлең мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Өлеңнің авторы кім? Өлең не туралы? – Адам денсаулығына не пайдалы? (Спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, серуендеу) – Таза ауада серуендеген ұнай ма? Жаттығу жасау не үшін қажет? – Спорт несімен пайдалы? Қай спортпен айналысуды ұнатасың? Мақалдың мазмұнын түсініп, есіңде сақта: Дені саудың жаны сау.


Шығармашылық бейнелеу әрекеті

Қысқы табиғат

Міндеті: -- балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білуге үйрету

-- Біртекті заттардан сюжеттер құру, бірнеше пішінді бір тұғырға орналастыру

- Қайшы мен желімді дұрыс қолдану, еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақта

- Дайын үлгілермен және қарапайым сызба бойынша жұмыс істеу, бейнені кескіні бойынша қию үшін қайшыны қолдану

Топтық жұмыстар

Қауіпсіздік сабағы : ««ҮЙДІҢ МЕКЕНЖАЙЫН, АТА-АНАЛАРДЫҢ НӨМІРЛЕРІН ЖАТҚА БІЛЕМІЗ»

Мақсаты: төтенше жағдайда ақпаратты бере алуы үшін балаларды үй мекенжайы мен ата-анасының телефон нөмірлерін есте сақтауды және дұрыс айтуды үйрету.

Дидактикалық ойындар Үйдің мекенжайын есте сақтауға үйрету: Тәрбиеші үй мекенжайының не екенін түсіндіреді (көше, үй нөмірі, пәтер). Мысалы: «Менің мекенжайым: «Қонаев көшесі, 10-үй, 5-пәтер». Тәрбиеші балалардан мекенжайын қайталауды сұрайды. Мекенжайын білмейтін балаларға есте сақтауға көмектеседі. Тәрбиеші түсінікті болу үшін мекенжайлары бар карталарды пайдаланады. Ата-аналарының (заңды өкілдердің) телефон нөмірлерін есте сақтауды үйрету: Тәрбиеші әр телефонда ата-анамызға қоңырау шалуға болатын нөмір бар екенін түсіндіреді. Мысалы: «Менің анамның телефон нөмірі: 8701 980 5665» Тәрбиеші балалардан ата-аналарының телефон нөмірлерін қайталауды сұрайды. Ата-анасының телефон нөмірін білмейтін балаларға есте сақтауға көмектесу. Педагог түсінікті болу үшін сандар берілген карточкаларды пайдаланады. «Хат жолда» ойыны Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог балалардың біріне «хат» (ойыншық немесе қағаз) береді. Балалар хатты ата-аналарының мекенжайын немесе телефон нөмірін айта отырып, шеңбер бойымен бір-біріне жібереді. «Телефон» ойыны Балалар сапқа тұрады. Тәрбиеші балалардың бірінің құлағына мекенжай немесе телефон нөмірін айтады. Балалар бұл ақпаратты соңғы балаға жеткенше тізбек бойынша сыбырлапайтады, ол естігенін дауыстап айтуы керек



Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

4 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Дене тәрбиесі

Біз баскетболшымыз

Міндеті: - Баскетбол элементтері. Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Баскетбол элементтері.

Түсінеді: Кеуде тұсынан екі қолымен допты бір-біріне лақтыру

Қолданады: жасайды

Сапты бұзбай бірінші-екінші деп саналуға үйрету. Бір қолмен допты еденге соғуды үйретуді жалғастыру, допты алақанды ашып қағып алу,

кеудеден саусақтардың басымен итеріп лақтыру және аяқтың қасында еденге қырындап бір қолмен соғуға дағдыландыру


«Сиқырлы ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары алыптардан қортықтарға айнала алады. «Алыптар мен қортықтар» қимыл-қозғалыс ойыны.

Залға шашырап бытырыңқы жүрісті орындайды. Әртүрлі музыка әуенімен сәйкес қимылдар жасайды: шапшаң әуенге үлкен адымдап, қолын жоғары көтеріп жүреді. Баяу әуенге кішкентай қадамдар жасап, қолдарын беліне қойып жүреді.


Музыка

Менің туыстарым

Міндеті Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ән орындайды, музыканың сипатына сәйкес қимылдар жасайды.

Түсінеді: ән мазмұнын түсінеді.

Қолданады: үйренген дағдыларын іс жүзінде қолданады, аспаптарда ойнайды.


Музыка тыңдау:

«Жан анам» (Е. Өміров)

Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев) «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Шеңберге тұр» (Л. Бетховен)

Билер:

«Тырналар биі» (Д. Абиров)

Ойындар, хороводтар:

«Төлдер» (Д. Ботбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Атқа мініп шабамыз

Дене тәрбиесі

Жұптағы спорттық ойындар

Міндеті: Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру

Түсінеді: жүгіруді түсінеді

Қолданады:жаттығу жасайды


«Түрлі түсті ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары түрлі түсті доптарды жақсы көреді. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып қайта саусақтың басымен қарсы алып, қайтарып, аяқтың жанына қарай еденге соғу.

Себеттен түрлі доптарды алып, қалауынша тұра қалады. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып, саусақтың басымен қарсы алып, қайта қайтарып аяқтың жанына қарай

еденге соғуға тырысады.

Допты соққанда күш мөлшерін есептеп, дұрыс пайдалануға тырысады.

Педагогтің белгісімен келесі ғаламшарға ұшады – (көзді жұмып) қараңғыда залмен қозғалысын жалғастырады


Дене тәрбиесі

Жұптағы спорттық ойындар

Міндеті: Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Допты оң және сол қолмен алып жүруге жаттықтыру

Түсінеді: жүгіруді түсінеді

Қолданады:жаттығу жасайды


«Түрлі түсті ғаламшар» – бұл ғаламшардың тұрғындары түрлі түсті доптарды жақсы көреді. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып қайта саусақтың басымен қарсы алып, қайтарып, аяқтың жанына қарай еденге соғу.

Себеттен түрлі доптарды алып, қалауынша тұра қалады. Допты еденге бір қолмен соғып, алақан жайып, саусақтың басымен қарсы алып, қайта қайтарып аяқтың жанына қарай

еденге соғуға тырысады.

Допты соққанда күш мөлшерін есептеп, дұрыс пайдалануға тырысады.

Педагогтің белгісімен келесі ғаламшарға ұшады – (көзді жұмып) қараңғыда залмен қозғалысын жалғастырады


Музыка

Ақ әжем

Міндеті: - Музыкалық-ырғақты қимылдарды бірге жасау дағдыларын қалыптастыру


Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ән орындайды, сөздерді анық және таза тыныс алып, бастап айтады, музыканың сипатына сәйкес қозғалады.

Түсінеді: сезіммен, ырғақтық бейнесін сақтау отырып айтуды.

Қолданады: аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын

Музыка тыңдау:

«Ақ әжем» (К. Қуатбаев)

Ән айту:

«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай)

«Екеуміз әйбат баламыз»

(И. Нүсіпбаев)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Сағат» (Е. Андосов)

Билер:

«Полька» эстон халық биі

Ойындар, хороводтар:

«Қоянды ұстаңдар» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Янка» беларусь халық биі

Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Аспанды бақылау

Мақсаты:табиғаттың әдемілігін сезініп, «аспан» сөзімен таныстыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тiлдерін дамыту.

Тәрбиеші балалардың назарын аспанға аударады. Аспанның түсi ашық, көгілдір екендігін, онда ақ бұлттар, қалқиды. Олардың пішіндері әр түрлі болады, бұлттарды жел қозғайды.

Жұмбақ: Бір түкті кілем Бір түксіз кілем (жер, аспан)

Жеке жұмыс

Мақал – мәтелдер: Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.

Тақпақ «Аспанда»

Аспан бұлтқа толып кетті.

Бұлттар түлік болып кетті.

Бір бұлт шықты бие болып

Бір бұлт шықты түйе болып

Қозғалмалы ойын. «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: заттарды ажыратуға, аттарын есте ұстауға шапшаңдыққа зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Еңбек әрекет: Жолдарды қардан тазарту.

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша ойнау

Желді бақылау

Мақсаты:балаларды табиғат құбылыстары, желдің соғуын, желдің бағытын, жылдамдығын бақылауға ажырата білуге үйрету.

Тәрбиеші балалармен қай жақтан жел соғып тұрғаның бақылайды. Күндіз аспанда қалықтап бара жатқан бұлттарды бақылау, ағаш бұтақтарының қозғалысын бақылау.

Жұмбақ: Қанаты жоқ-ұшады

Аяғы жоқ-қашады. (Жел)

Жеке жұмыс

Тақпақ:

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек,

Жапырағын жұлғызып.

Қозғалмалы ойын: «Жел мен бұлттар»

Еңбек: өсімдіктерді,көшеттерді қармен жабу.

Мақсаты: өсімдікке деген қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша ойнау

Күнді бақылау

Мақсаты: балаларға адамдар, жануарлар мен өсімдіктер әлемі үшін күннің маңызы зор екендігін ұғындыру. Байқампаздық, бақылай білу қабілеттерін дамыту. Қыста күн қысқарады, жылуы аз болады, сондықтан қыста күн суық болатындығы туралы түсінік беру.

Жеке жұмыс

Жұмбақ:

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ оған қарағысы келмейді. (Күн)

Болжамдар: Түнде ай жарқырап тұрса немесе аспанда жұлдыздар көп болса, ертең күн ашық,жылы болады.

Тақпақ:

Шұғылалы күніміз

Бақшамызға барамыз

Күнге қарап жайқалып

Біз өсіп бармыз.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Түрлі-түсті автомобильдер»

Еңбек: бұтақтардың түбін тазарту

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша ойнау

Су бетіне қатқан мұзды бақылау

Мақсаты: Судың әр түрлі қасиетімен таныстыру, табиғатта болатын өзгешеліктерді бақылай білуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиеші балалрдың назарын жердегі кішкентай көлшіктерге аударады, бетіне жұқа мөлдір мұз қатып қалған. Кейбір көлшіктерден күзден қалған жапырақтарды байқауға болады. Мұзды аяқ киімдеріңмен жарып көріңдер. (ол жұқа, тез сынады) Егер мұзды лақтырса, олар ұсақ бөліктерге бөлінеді. (мұз қатты). Егер мұзды қолға ұстасақ, ол еріп кетеді.

Жеке жұмыс

Жұмбақ: Отқа жанбас-суға батпас (мұз)

Болжам: егер қыста қар аз және күн суық болса, жаз құрғақ және ыстық болады.

Қозғалмалы ойын: «Түлкі мен қаздар»

Мақсаты: ептілікке, шапшаңдыққа үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы».

Еңбек: есік алдын сыпырушы ағайға көмек көрсету мұз жолдың үстіне құм себу.

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша ойнау


Қарды бақылау

Мақсаты: Қоршаған ортаның әсемдігін сезіне білуге үйрету; қардың қасиетімен таныстыру. Терезеден жауып тұрған қарды бақылау. Қар ұлпаларына қараңдаршы, олар әр түрлі пішінде біреуі үлкен кесек болса, тағы бірі орташа,кішкентай яғни қаршықтар әртүрлі пішінді екен. Қар бізге терезеден жылтырап көрінеді. Олардың әдемі пішінін тамашалаңдар.

Жеке жұмыс

Жұмбақ: Жылт-жылт етеді,

Ұстасақ еріп кетеді. (қар)

Болжам: көп қар- көп нан.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоян мен аңшы».

Еңбек: тәжірибе жасаған үстел үстін жинастыру.

Еркін ойындар

Мақсаты:-балалардың өз қалауы бойынша ойнау

Серуеннен оралу

Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс


«Сиқырлы суреттер» 
Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Алтай Айзере

«Қандай пішін жетіспейді?» 
Мақсаты
: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.  Райс Дастан


«Сиқырлы қап»

Мақсаты: Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу Амангелді Ұлжан Айтбекқызы

«Кім шапшаң?»

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.

Ахметжан Аяулым Нұржанқызы

«Құстар фабрикасы»

Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу. Берік Шахнұр Айдынұлы

Балалардың іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

Д/ойын: «Қарап ал

да есіңе сақта»

Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есі

не сақтап,көз алдына елестете отырып ,әр қайсысын ретімен атап шығуға ,үй жану-

арларының,аңдардын және құстардың жал-

пы аттарын айтқызу.

Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.


Қаржылық сауаттылық

Ақшаны бөліп қарауды үйрету

3 бөлікке бөлуді түсіндіріңіз:

- Жұмсайтын ақша

- Жинайтын ақша

- Басқаларға көмектесетін (қайырымдылық) ақша

Экологиялық мәдениет

Д/ойын:«Экологиялық пирамида».

Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.



Экологиялық мәдениет

Д/ойын: «Зоологиялық домино».

Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.

Ойын ережелері:

 Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.


Қаржылық сауаттылық

Өз еңбегі арқылы табыс табуға баулу

Мысалы: ойыншықтарын жинаса — «сен жақсы еңбек еттің», ынталандыру ретінде белгі беріңіз.


Ақша — мақсат емес екенін ұмытпау

Балаға: «Ақша – құрал, ең бастысы — адал еңбек пен мейірімділік» екенін үнемі айтып отырыңыз.

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут Ата-анаға кеңес «Адалдық — күнделікті дағдыдан басталады»


1. «Неге адал болу керек?» деген сұраққа бірге жауап табыңыз

Жақсылық жасау – өзіңді де, айналаңды да қуантады. Осыны мысалмен түсіндіріңіз.

2. Қиындық туғанда баланы қорғамаңыз, қолдаңыз

Өтірік айту — қорғану. Егер бала сізге сенсе, шындықты жасырмай айтады.

3. Бірге ереже құрастырыңыз

Отбасыда ортақ ереже: "Шындықты айту — ең басты қағида" деген сияқты.

Тексерілді: Алипбаева Қ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі