жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сауат ашу Қаңбақпен қоңыздың саяхаты. Ң дыбысы мен әріпі
ТАҚЫРЫБЫ: Қаңбақ пен қоңыздың саяхаты. Ң дыбысы мен əрпі
Мектеп/МҰ:
Саны:
Педагогтің аты-жөні:
СЫНЫП-ТОП
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары
0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз,
жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы жəне т.б.) қолдану.
0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Барлық тəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Ң дыбысы – дауыссыз дыбыс, ң дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ң дыбысының орнын ажыратады.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін
(дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.
Ң дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ң дыбысының орнын ажыратады.
Ң əрпінің баспа түрін жазады.
Барлық тəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Ң дыбысы – дауыссыз дыбыс, ң дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ң дыбысының орнын ажыратады.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.
Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.
Ң дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ң дыбысының орнын ажыратады.
Ң əрпінің баспа түрін жазады. Кейбір тəрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.
Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.
Сөз/сөйлем сызбасын оқиды
Ң дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.
Тілдік мақсат
Тəрбиеленушілер :
Сурет бойынша сөйлем құрастырады. Ң əрпін дұрыс айтады. Таныс əріптерден сөз құрайды.
Негізгі терминдермен сөз тіркестері:
Шұңқыр, қаңбақ
ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары.
Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
Суреттен Ң дыбысы естілетін сөздерді ата.
Қаңбақ қоңызға не айтуды ұмытты?
Қоңызға не көмектесті?
Өткен ҰОҚ-дан алған білім
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды дауыссыз, дауысты дыбыстарды ажыратады. Таныс əріптердің элементтерін жаза алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
Педагог балаларға көңілді атмосфера құру үшін көңілді əуен тыңдатады. Əуен желісімен балалар
қимылмен əндетеді.
Біз əдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкенге де – «сіз»,
Кішіге де – «сіз», – деп,
Бас иеміз біз!
Балалар ортаға тұрып өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
Педагог слайдтан табиғат туралы релаксациялық əуен тыңдатады. Балалар əуен тыңдап болған соң көргендерін айтады, пікірлеседі. Табиғат туралы айтады. ортасы
III. Тақырып
бойынша жұмыс
6 – 27мин.
Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар?
Суреттегі қоңыз бен қаңбақтың əрекеттерін айтады.
Қоңыз, қаңбақ, шұңқыр сөздерін қайталайды.
Балалар Ң дыбыыс естілген сөздерді буынға бөледі. Ң дыбысы естілетін буындарды айтады.
Қо-ңыз, қаң-бақ, шұң-қыр.
Дыбыстық белгілермен жазылған қаңбақ жəне қоңыз сөздерін тауып көрсетеді.
Педагог «Ң» дыбысын 2-3 қайталайды.
Үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы белгілі- бір қашықтағы жағдайда сақталады, тілдің ұшы төмен түседі де, арты таңдайдың түбіне барып жабысады жəне ауа мұрын жолы арқылы шығады.
2-тапсырма
Тыңда.
Педагог шағын əңгімені оқып береді. Балалар мұқият тыңдап педагогтің сұрағына жауап береді.
1. Қоңыз қаңбаққа не айтуды ұмытты?
2. Қоңызға не көмектесті?
3. Табиғат құбылыстарының қайсысында Ң дыбысы естіледі?
Жаңбыр сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
«Жолдасыңды жолда тастама!» нақыл сөзінің мағынасын педагог балаларға түсіндіреді.
Ң – үнді дауыссыз дыбыс.
Ң дыбысынан сөз басталмайды. Балалар сөз басталмайты Ң дыбысы туралы айтады.
Сергіту сəті
Балалар орындарынан тұрып қимылмен өлең айтады.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Сағаттың тіліндей
Соғады жүрегіміз.
3-тапсырма
Ң əрпімен танысамыз.
Қайсысы қайсысының дауысы?
Педагог балғаның, қоңыраудың, мəшиненің суретін əкеліп кітаптағыдай жасап көрсетеді.
Үнтаспадан олардың дауысын шығарып балалардың табуын өтінеді.
Балалар дыбыстарды табады. Тапқан дыбыстарын қайталайды.
Балға «Шың-шың!», қоңырау «Дың-дың!», мəшине «Ң-ң»» дейді
4-тапсырма.
Педагог тақтадағы Ң дыбысының бейнесімен таныстырады. Н əрпінің бейнесімен
салыстырып көрсетеді.
5-тапсырма
Əдемі моншақтардан шаңғының өзінен жəне таяғынан Ң əрпін жасауды көрсетеді.
Балалар Ң əрпінің бейнесіне қарап өздері жасайды. Ң əрпі кездесетін сөз ойлап айтады.
Ң əрпінің баспа түрін алдымен ауада жазады. Соңынан жазу жолдарына жазады.
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 мин.
Педагог балалардың үлгерім деңгейін талқылап, оқу қызметін қорытындылайды.
Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген