жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сауат ашу .Сабақ тақырыбы:Буын
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
Арканова С.А. |
||||||
|
Пән/Сынып: |
Сауат ашу 1 «Г»сынып |
||||||
|
Күні |
08.04.2021 |
||||||
|
Тарау немесе бөлім атауы: |
Тағам және сусын |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Біздің кафеде. Буын |
||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты |
1.1.9.3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту |
||||||
|
Оқу мақсаты: |
сөздегі буын санын анықтай алады. берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады. |
||||||
|
Саралап оқыту тапсырмалары |
|||||||
|
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы |
||||||
|
Уақыты |
Кезең дері |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
3минут |
Басы |
-Балалар,бір-бірімізге күлімдеп ,жақсы көңіл-күй сыйлайық. Сендер мерекелер,туған күнге арналған шаралар,тойлар қандай жерлерде атап өтілетінін айта аласыңдарма? - Сендер бұлардың қайсысына барып көрдіңдер? Олай болса, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ екен? |
Оқушылар сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады. Оқушылардың жауаптары |
Мадақтау |
Тамақтану орындары- ның суреттері |
||
|
30 минут |
Ортасы |
1 – тапсырма .Вагондарға буындар жазылған.Оқушылар буындардан сөздер құрайды 2- тапсырма.Оқулықтың 19-бетіндегі тапсырма: - Мәтінді мәнерлеп оқыңдар, сұрақтарға жауап беріңдер. -Балалар аналарымен қайда келді? -Олар тапсырыс беру үшін кімді шақырды? -Олар не туралы сөйлесті? -Балалардың аналары кім болып істейді? - Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді көшіріп жазыңдар. - Дәрігер, наубайшы сөздерін буынға бөліңдер. Осы сөздерде неше буын бар екен? Сөзде буын санын қалай анықтаймы? Саралау «Дереккөз» тәсілі арқылы жүзеге асады. Кейбір оқушыларға: -«Астарың дәмді болсын» деп қай кезде айтады? Сергіту сәті «Дастархан» әніне сай қимылдар жасайды. Оқушыларға дастархан басында өзін ұстау мәдениеті туралы ролик көрсетіледі. -Балалар,көрсетілімнен не білдіңдер? Оқулықтың 20- беттеріндегі жаңа ақпаратпен жұмыс. - Сөздерді буынға бөлдіру. - Жаңа ақпаратты меңгерту.
Сөз буынға бөлінеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: ақ, уа-қыт, жү-рек. 3 - тапсырма «Кім шапшаң» әдісі арқылы жүреді. Оқулықтың 21-бетіндегі 2-жаттығу. -Сиқырлы сандықшадан ізетті сөздерді іздеңдер. 3-жаттығу. -«Кафеде» тақырыбында сөйлесіңдер. Сөйлесу барысында өтінемін, мүмкін болса, ғафу етіңіз сөздерін пайдаланыңдар. Саралау «Қарқын» тәсілі арқылы жүргізіледі. Қарқынды оқушыға: -Тағы қандай ізетті сөздерді білесің? Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету, үйрету. |
Дескриптор -Буындардан сөздер құрайды. Дескриптор -Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап береді. -Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді көшіріп жазады. - Сөздерді буынға бөледі. Оқушылардың жауаптары Оқушылардың жауаптары Дескриптор: -Ізетті сөздерді түсініп оқиды. -«Кафеде» тақырыбында сөйлесу барысында өтінемін, мүмкін болса, ғафу етіңіз сөздерін пайдаланады. |
ҚБ: Смайликтер ҚБ: «Бауырсақ» Мадақтау |
Дәрігер ,наубайшы мамандық- тарының суреттері «Дастархан» әнінің видеоролигі ролик |
||
|
5 минут |
бекіту |
«Кім жылдам» ойыны Әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата.
|
бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді атайды |
Мадақтау сөздер |
|||
|
2минут |
Кері байланыс |
Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі арқылы өтеді. |
Бүгінгі сабақта не білгенін, үйренгенін, түсінгені туралы айтып, алманы ағашқа жабыстырады |
|
|
||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген