400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауатты сөйлей білейік. 5сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ана тілін толық меңгеруіне, сауатты оқып, жазуына түсінігін қалыптастыру. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру. Ана тілінде еркін сөйлеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары.

Күні: I топ- III топ-

II топ- VI топ-

Сабақтың  тақырыбы: Сауатты сөйлей білейік.



Сабақтың максаты:

Білімділік:Оқушылардың  ана  тілін  толық меңгеруіне,  

сауатты   оқып, жазуына түсінігін  қалыптастыру.

              Дамытушылық: Шешендік  сөздер, мақал-мәтелдерді 

пайдалану  арқылы  сабаққа   қызығушылығын  арттыру.

  Тәрбиелік: Ана  тілінде  еркін  сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты  сөздер, мақал- мәтелдер

Пәнаралық байланыс: тіл,тарих, сурет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру  кезеңі:  а)  Оқушылармен  сәлемдесу

                                          ә)  Сабаққа  қатысуын  тексеру

                                          б) Оқушыларды  топқа  бөлу



ІІ.Оқушының білімін тексеру.

 Сұрақтарға жауап береді. 
- Қой бізге не береді? 
- Ет, жүн, тері. 
- Сиырдан адамдар не алады? 
- Сүт, ет. 
- Сиырдың сүтінен не жасайды? 
- Сүттен айран, май, құрт жасайды. 
- Жылқының қандай пайдасы бар? 
- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар. 
- Адамдар түйені қалай пайдаланады? 
- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б.



ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.

Тіл және сөйлеу туралы білімдерін тереңдету, байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөйлеудің түрлерімен таныстыру.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

«Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» үшінші бағыты «Да­мы­ған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әле­уе­ті» деп аталады. Мемлекеттік бағдар­ла­мада тіл мәдениетіне ерекше мән бері­ліп отырғаны жайдан-жай емес. Адам мен адам, жеке адам мен қалың жұртшылық арасындағы тілдік қарым-қатынас екі түр­лі жолмен – ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Біз айтпақ болған ойымызды, біреуге немесе көпшілікке арналған ха­барымызды бір-бірімізге не сөйлеу ар­қы­лы, не жазу арқылы жеткіземіз. Ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып, жетілген тілдің жазу, айту нормалары қалыптасады. Өркениетті қоғамда сол қоғамның орта, жоғары білім алған мүшелері сауатты жазумен қатар айту нормаларын да бұзбай дұрыс сөйлей білуі тиіс. Тілдік тұлғаның тілді қаншалықты меңгергендігі оның жаз­ғанынан ғана емес, сөйлегенінен де көрі­ніп тұрады. Бізде күнделікті өмірде түрлі жиындарда шаршы топ алдында сөйлеу­ші­лерді, радио мен теледидар дикторлары мен түрлі хабарлардың жүргізушілерін, сұх­бат берушілерді, әншілер мен әртіс­терді тыңдап, көріп отырғанда орфо­эпия­лық нормалардың өте жиі бұзылатынын, тіпті мұндай нормабұзушылықтың жаппай сипат алып бара жатқаны байқалады. Оған құлағымыз үйреніп, көзіміз де көндігіп бара жатқандай. Тыңдағанда құлағыңның құрышын қандырып, шешен де жатық сөйлейтіндерден гөрі, әсіресе жас буын­ның арасында сөздердің айтылу нормаларын аяқасты етіп сөйлейтіндер көбейіп барады. Тіл туралы сөз болғанда, көбінесе сөй­леу тілінен гөрі жазба тілдің мәселе­лері­не әлдеқайда көп көңіл бөлінеді. Тілші ға­лымдар зерттеулерінің, қорғалған дис­сер­­та­цияларының үлес салмағы да солай. Өт­кізіліп жататын ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен тренингтер көбінесе әліпби, аударма, лексикография, жарнама тілі, әдістеме, ономастика, терминология, тіл саясаты, әлеуметтік линг­вистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, тіл тарихы сияқты тілдің өзге де көп­теген теориялық, практикалық мәсе­ле­­лері­не арналып жатады. Мектепте, жо­ғары оқу орындарында оқыту кезінде орфоэпия ор­фо­графияның тасасында қа­лып ке­ле­ді. Осы­ның бәрі қоғамның сөйлеу мәде­ниеті­нің деңгейіне әсер етпей қоймайды.

Әрине, бұдан тілтанушы ғалымдар ор­фоэпияға мүлде көңіл бөлмейді деген түсінік тумауға тиіс. Тіл мамандары тарапынан қазақ сөзінің үндестік заңы, дауыс­сыз­дардың үйлесімі, интонация, сөз әуезі­нің ерекшеліктері сияқты мәселелер бүгін­де едәуір жақсы зерттелген. Алайда, олар­дың практикада, іс жүзінде білім беру жү­йе­сі арқылы пайдаланылуы кемшін түсіп отыр. Радио мен теледидарда тіл маман­да­ры­­ның қатысуымен сөздерді дұрыс айту мәселесіне арналған хабарлар беріліп, бас­па­сөз беттерінде олардың мақалалары жарияланып жатады. Орфоэпиялық сөз­дік­тің бірнеше басылымы жарық көрді. Бірақ бұл атқарылып жатқан істердің бәрі қоғамның сөйлеу мәдениетін жаппай көтеруге айтар­лық­тай ықпал ете алмай отыр. Өйткені, олардың айтқандары мен жазғандары не­гі­зінен белгілі бір аудиториямен шектеледі. Мамандардың көтерген мәселелеріне көңіл бөлетіндер көбінесе тілші, әдебиетші, журналист, театр әртістері сынды мамандар десек, кәсіби қызметіне байланысты сөйлеу мәдениеті жоғары болуы тиіс олардың арасында да сол талап биігінен көріне бер­мей­тіндері жиі ұшырасып жататыны да бүгінде қалыпты құбылысқа айналып барады.

Белгілі тілші ғалым, академик Р.Сыз­дық «Тілдік норма және оның қа­лып­тануы» деген еңбегінде «Бұл күнде орфоэпия нормаларының жазудың құлдығына ұшырау қаупі бар» деп жазған еді. Шын­ды­ғында, қазір сол жазудың үстемдігі то­лық орнамаса да, барынша күшейіп, орфоэфия нормалары орфография алдында тізе бүгіп тұрғаны анық. Оны қалай тізер­лет­тік, енді аяғына қалай тұрғызамыз деген мәселеге келсек, мынаны айтуға болады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы – білім беру жүйесі арқылы қазақ тілін оқыту барысында тіліміздің жазба формасын оқы­туға баса назар аударылып, ал ауызша фор­ма­сын оқытуға жете мән берілмей келуімен тығыз байланысты. Сол себептен де жаз­ған­да өте сауатты жазатын, алайда сөй­ле­генде сөздеріміздің айтылу нормасын бұ­за­тындар, оны қатаң сақтау міндетті деп са­намайтындар немесе орфоэпия нормасын бұзып тұрғанын өзі де біле бер­мей­тін­дер көбейіп барады. Біз бұл жерде орысша оқығандар, тілді жаңа меңгеріп жүргендер туралы айтып отырған жоқпыз. Әңгіме мұндай қауымның қатарын толықтырып отырған қазақ мектебін, жоғары оқу орын­дарының қазақ бөлімін бітіргендер жа­йында болып отыр. Бұл тек тіл мамандарын ғана емес, тіл тазалығына, сөйлеу мәдениетімізге немқұрайлы қарай алмайтын баршамызды ойлантатын және оны шешу жолында нақты қадамдар жасауымызды қажет ететін мәселе деп білеміз. Ел өміріндегі тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мән берумен бірге, ауызша қалай қолданыс тауып жатқандығын да қалт жібермей қадағалап, оның дыбыстық, фоно-морфологиялық, синтаксистік ерек­ше­ліктері мен төл заңдылықтарының бұ­зылуына жол бермеу міндет. Ежелден сөз қадірін біліп, «өнер алды – қызыл тіл» (Абай) деп санаған халқымыздың сөйлеу мәдениетін төмендетіп алмай, керісінше, оны үнемі жетілдіріп, әуезді де үйлесімді сөйлеуге деген жұртшылықтың талап-тал­ғамын өсіріп отыру – ұлт мәдениеті өркен­деуінің, қоғамдық ой-сана дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сол себептен де қоғамда тіл тұтынушыларының тілді қолдану сапасына, сөйлеу мәде­ниеті­нің жоғары болуына ерекше мән беріп отыр­масқа болмайды.



V. Жаңа сабақ түсінгенің тексеру.

Дәптермен жұмыс
Әрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.


1). Жексенбіден кейін ________________________
( жыл, сағат, дүйсенбі)
2). Алманың ішінде әруақытта ________________________
( құрт, тұқымы, гүл)
3). Тау өзенінің ағысы ________________________
(ақырын, күлкілі, қатты)
4). Бүгіннен кейін ________________________
(биыл, ертең, былтыр)
5). Әкеден кейін ________________________
( немере, бала, шөбере)
6). Сағат тілі ________________________
( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).


VІ. Жаңа сабақты бекіту.

Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:

  1. Тіл және сөйлеу не үшін қажет?

  2. Ата - бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?

  3. Сөйлеу не үшін қажет?

  4. С. Торайғыровтың тіл туралы өлеңін оқып беру.

  5. Тіл туралы мақал - мәтелдер сұрау.

Пікірталас барысындағы оқушылардың жауабын тыңдау.

1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында « Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылдың 28 - қаңтар күні ҚР - ның Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі» болып бекітілді.
Тіл - ұлттың жаны, тіл - ұлттың асыл қазынасы - дей отырып бүгінгі сабағымызды анықтаймыз.


VІІ. Үйге тапсырма. Түсінік айту. Бағалау



 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі