Сабақтың
тақырыбы:
Сәулет
өнері
технологиясы туралы түсінік.
Сабақтың
мақсаты:
а)
Білімдік: оқушыларға сәулет өнері туралы
түсінік беру.
ә)
дамытушылық: ғимарат жобасын сыза білуге
үйрету,
ойлау,елестету
қабілеттерін арттыру, оқушыларды
шығармашылыққа баулу.
б)
тәрбиелілік:
өнерді
тани білуге, құрметтей білуге, әсемдікке,
әдемілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
жаңа
сабақ.
Сабақтың
әдісі:
түсіндіру.
Көрнекілігі:
ғимараттар,сәулеттік құрылыстар
суреттері.
Пәнаралық
байланыс:
дүниетану,тарих, география.
Керекті
оқу құралдары:
сурет дәптері, қалам, өшіргіш.
Сабақ
өту мерзімі:
Сабақ
барысы:
І.Ұйымдастыру.
а)
Оқушылармен
сәлемдесу, түгелдеу.
ә)
Сабаққа
даярлықтарын тексеру.
б)
Сабақтың
мақсатымен таныстыру.
ІІ.
Жаңа сабақты түсіндіру. Ой қозғау.
Адамдардың
көңіл күйлері жақсы болуы үшін не керек
деп ойлайсыңдар? (Денсаулық,жақсы
өмір,жақсы баспана) Ендеше бүгінгі
сабағымыз осы баспанаға байланысты.
Сәулет
өнері туралы түсінік.
Ертедегі
адамдардың үңгірлерде тұрғанын білесің
бе? Содан кейін олар өздеріне баспана
тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар
баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді.
Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен
табиғат апаттарынан қорғауы керек
болды.
Баспаналар
бір-біріне өте ұқсас әрі ұсқынсыз
болды.Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан,
аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек
саз балшық кірпіштерден тұрғызды.
(сурет)
Уақыт
өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді.
Сонымен
бірге баспана құрылысы да басқаша
сипатта өрбіді.
Бай адамдар өзіне ыңғайлы да жайлы
баспанасын місе тұтпай, сәулетті ірі
сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі
құрылыстарды тұрғызу үшін жоғары
шеберлік пен терең білім қажет
болды.(сурет)
Сонымен
қатар, тұрғын үйлерден басқа да құрылыстар
– адамдар құдайларына сиынатын
ғибадатханалар, стадиондар, театрлар,
кітапханалар салына бастады.(сурет)
Сондай
кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды
сәулетші
деп,
ал олардың туындыларын сәулет
деп
атайды.
Сәулет
өнері – адамдардың әдемі және ыңғайлы
тұрмыс құруына
арналған
өнер.
Қалалар
өскен сайын сәулет өнері де өркендей
түсті. Бірте-бірте
қалалардың келбеті де өзгерді. Қарапайым
үйлер мен зәулім сарайлардың орнына
көп қабатты ғимараттар пайда болды.
Алғашқы көп қабатты үйлер Римде, Аравияда
салынған.Аспанмен таласқан алғашқы
биік үйлер 19 ғасырдың аяғында АҚШ – та
салынған.(суреттер)
1АҚШ,
Даллас
қаласы,
2.Сиднейдегі
опера театры.
3.Торонтодағы
телемұнара.
Біздің
елімізде де соңғы жылдары небір әсем
ғимараттар, сәнді сарайлар бой көтеруде.
«Қазақстан»
қонақ
үйі.
Астанадағы
«Бәйтерек»
ғимараты.
Сәулетші
де суретші сияқты шығармашылық ой иесі
болуы тиіс. Суретшінің қиялынсыз ол
әдемі ғимараттар мен құрылыстар туғыза
алмайды.
Мына
сәулет құрылыстарына мұқият қара.
Олар әр дәуірде, әр елде түрлі сәулетшілердің
қолымен тұрғызылған. Сол
сәулетшілердің көбінің есімдері біздің
заманымызға жетпеген. Ал олардың
туындыларын біз әлі күнге дейін қызықтап,
тамашалаймыз. Мысалы:
Египеттегі
пирамидалар.
(суреті)
Қожа
Ахмет кесенесі,
Аградағы
Тәж-Махал.
Бұл
құрылыстарға тән ортақ нәрсе – олардың
өзгешелігі, бір-біріне ұқсамайтындығы.
Біз
қазір әдемі үйдің суретін салып көрейік.
Алдымен орнымыздан тұрып, денемізді
сергітіп аламыз.
Орнымыздан
тұрамыз
Алақанды
ұрамыз
Әсем
сурет саламыз
Оны
сәндеп бояймыз
Алдымызда
ақ қағаз,
Қолымызда
қылқалам,
Біз
сәулетші боламыз.
Сен
талай рет үйдің суретін салған боларсың.
Қабырғалары төртбұрыш, төбесі үшбұрыш,
ішіне есік, терезелердің суретін салдық
– міне, үй дайын. Бірақ
осындай үйді өнер туындысы деп атауға
бола ма? Осындай үй сенің ауылыңа
керемет көрік бере ме? Әрине, жоқ!
Ал
осы үйді өнер туындысына айналдыруға
бола ма? Байқап көрейік. Үйдің суретіне
зер салып қараймыз да, оны әр түрлі
бөлшектермен толықтырып, әшекейлейміз.
ІҮ.
Жаңа сабақты бекіту —
әдемі үй суретін салу.
1-сұрақ.
Сәулет
деген не?
а)әдемі
заттар
ә)сәнді
үйлер, ғимараттар
б)адамның
суреттері
в)табиғат
суреттері
2-сұрақ.Адамдардың
алғашқы баспаналары неден салынды?
Кірпіш Пластик Ағаш
бұтақтары Қамыс Аң
терісі Әйнек
3-сұрақ.
Түрлі
ғимараттар не үшін қажет?
4-сұрақ.
Баспана
қандай болуы керек?
Ү.
Сабақты қорытындылау.
Біздің
өмірімізді әсем ғимараттарсыз, әдемі
үйлерсіз елестете алмаймыз. Демек, сол
ғимараттардың суретін салып беріп,
тұрмысымызға көрік беретін әсем үйлердің
суретін салушы сәулетшілер бізге ауадай
қажет.Сабақтың соңында мына сұрақтарға
жауап беріп, сөзжұмбақты шешіп көрейік.
«Сәулет»
сөзжұмбағы.
Піскен
бидай масағына ұқсайтын қонақ үй.
Кешендердің
құрылысын ойлап табатын адам.
Қылқаламмен
жұмыс істейтін адам.
Дүние
жүзіндегі ең әдемі сәулет туындысы.
Хеопс
пирамидаларының орналасқан жері.
Қожа
Ахмет кесенесі орналасқан қала.
ҮІ.Үй
тапсырмасы.
Көрікті,
әсем
үй суретін салуды аяқтап келу тапсырылады.