Баланың ақыл- ойы негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Адамзаттың ойлау, қарым-қатынас, сезім, эмоция әрекетін реттеуші негізгі құрал сөйлеу тілі болып табылады. Қалыпты бала белсенді, сондай-ақ сөйлеу тілін меңгермей тұрып, оны қоршаған адамдармен, көбінесе анасымен эмоцияналды қатынасқа түседі, оған қатысты жылы айтатын сөздерге күлімдеп сипатталатын әрекеттермен жауап береді. Кейіннен бұл жауап реакциясына эмоциялық көркемделген дыбыс жүйесі қосылады.
Сөйлеу тілі зақымдалған ерекше баланың қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз.
Ерекше баланың сөйлеу тілі ерекше және үлкен қиындықпен қалыптасады. Ол анасымен қарым-қатынасқа кеш және енжар түрде түседі. Бір жасқа таман баланың дыбысты байланыстырып айтуының жүйесі жеткіліксіз болатынын зерттеулер көрсеткен. Олар ересектердің сөйлеу тіліне еліктеу ұмтылысы төмен, жай нұсқауларға жауап бермейді, тек интонацияға ғана көңіл бөледі, бірақ өзіне қатысты айтатын сөзді түсінбейді. Сөйлеу тілін жеткілікті түрде тыңдамайды, әдеттегіден өте кеш сөйлеуге тырысады. Алайда біртіндеп ерекше бала түрлі мезгілде болса да тіпті жанұясы атарлықтай көмек көрсетпесе де арнайы мектепке дейінгі мекемеге бармасада қарым-қатынасқа түсетін қарапайым сөйлеу тілін меңгереді. Бұл адамдар арасында өмір сүргендіктен , қоршаған адамдармен өзара әрекеттесуге түсу қажеттілігімен байланыстырады. Мектепке дейінгі балалар қиналса да сөздік қарым-қатынасты қолданады. Олар әңгімелескенде қиындық шегеді. Суретке қарап әңгімелесу, жай мәтіннің немесе көрген, болған жағдайды сөзбен жеткізу кезінде өте қатты қиналады. Балалар аз сөйлей отырып, оқылған ертегілерді жақсы тыңдайды, әсіресе өздері ұнататын телебағдарламаларын қуанышпен көреді. Алайда олар барлығын түсінбесе экрандағы қимылдаған бейнелерді, музыкалық сүйемелдеуді ұнатады. Олар ересектермен және де өзге балалармен өзара әрекетке түсуде қиналады. Сөздің орнына іс-шаралар қолданып, қандай да бір затты алуға ынтасын көрсетеді. Сөйтіп болып жатқан оқиғаға жағымсыз қатынасын білдіреді. Сонымен қатар бұл балалар өз ұсыныстарын немесе ынтасын айта алмайды. Диалог сөйлеу тілін қолданбайды.
Баланың сөйлеу тілі неғұрлым аз мөлшерде дамыса, соғұрлым оның таным әрекеттерінің барлық түрлері зақымдалған. Ерекше баланың сөйлеу тілінің кешеуілдеуіне олардың сөйлеу аппаратының қозғалысы да кері әсерін тигізеді.
Ерекше бала естиді және көреді. Бұл жағдай олармен жүргізілетін жұмысты жеңілдетеді. Алайда олардың сөйлеу тілі түсініксіз болғанымен, олармен қарым-қатынасқа түсу қиын, кейде адамдармен немқұрайлылық және күлкі тудыруы мүмкін. Мұндай жағдай балада сөйлеу тіліне қызығушылығын тудырады, кейде сұрақ қойғанда үндемейді. Бала тұйық, қоршаған адамдардан ренішпен үрей күтіп отырады. Осымен қатар оның қарам-қатынас ортасы тарылады, сөйлеу тілінің тәжірибесі шектеледі.
Көп уақыт жеткілікті түрде көңіл бөліп, балаға жекеше келіп жұмыс жасаса жақсы нәтижеге жетуге болады. Алайда, егер бала ұжымда болмаса және жеткілікті түрде өз құрдастарымен қарым-қатынасқа түспесе де оның жалпы дамуында мектептегі жағдайда бейімделуін қиындатып, кері әсерін береді.
Педагогтың мақсаты ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруды және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындық кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпау керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемділігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды. Баланың шаршауын алдын- алу және қызығушылығын әрі қарай бекіту мақсатында міндетті түрде жеке тіл табысуды қолдаңыз. Ұсақ моториканы дамыту жаттығуларын жинақтасақ: қолға арналған гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасын күн сайын 3-5 минутттан бірге орындауға қиналса онда ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жүйелі жүргізілген баланың саусақ қимылдары иілгіш келеді. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек. Бір өткізгенде 2-3 жаттығу түрін ғана қолданады. Саусақ жаттығуларын жазу, математика сабақтарында да орындатып отырса пайдасы көп. Алғашында үстелге немесе басқа затқа сүйеніп саусақ гимнастикасын жасау ұсынылады.
Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделіге ойысады. Ол екіге бөлінеді:
1.Отырып ойнайтын саусақ ойындары. (саусақ ұштарымен қимылдатамыз);
2. Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып орындалады.
Пассивті жаттығу-ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынандай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға жалғасады. Бұл жерде массажды әрекеттер баланың жеке бас диагнозына байланысты жүргізіледі. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадалаған жөн. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады. Саусақ қозғалыстары әртүрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады.
Барлық жаттығулар 3 топқа бөлінеді:
1-топ Қолдың білектеріне арналған жаттығулар:
- еліктеу қабілетін дамытады;
- бұлшық еттерді жиыруға бірнеше уақытқа дейін сақтау білігін дамытады.
- бір қозғалыстан екінші қолданысқа ауысуға үйретеді.
2-топ Саусақтарға арналған шартты статикалық жаттығулар:
Бұрын алынған дағдыларды жоғары деңгейде жүзеге асырады және неғұрлым нақты қозғалысты талап етеді.
3-топ Саусақтарға арналған динамикалық жаттығулар:
-
қозғалыстың нақты координациясын дамытады;
-
қол саусақтарын бүгуге және жазуға үйретеді;
-
бас бармақты басқа саусақтарға қарама-қарсы қоюға үйретеді.
Саусақ жаттығуларын орындауда:
1. Алдымен барлық жаттығулар баяу орындалады. Баланың жаттығуды дұрыс қайталауын және білектердің саусақтардың қалпын дұрыс сақтауын және бір қозғалыстан екіншісіне дұрыс ауысуын қадағалау керек. Балаға бірге жасап көмектесу керек.
2. Жаттығулар алдымен бір қолмен орындалады (егер де жаттығу екі қолдың бірге қатысуымен қарастырмаса), содан кейін екінші қолмен, сосын екі қолмен бір уақытта.
3. Кейбір жаттығулар бірнеше түрде берілген. Бірірінші ең жеңілі орындалады.
4. Әр жаттығуға көру бейнесін қалыптастыру үшін өзінің суреттері сәйкес келеді. Алдымен балаға түрлі-түсті суретті көрсетесіз және жаттығудың қалай орындалуын түсіндіріп, одан кейін бірге жасап үйретесіз. Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі.
Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазлмен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозайкамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясы мен өзін-өзі бағалауға кері әсерін тиізеді.
Әрине ақыл-ес тілінің дамуы, өзіне-өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруға ұзақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай-ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Педагог өз жұмысына төмендегідей міндеттер қойса:
- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;
- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;
- жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;
- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;
- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
- өз құрбылары және үлкендермен қарым-қатынаста эмоционалды-қолайлы жағдай жасау;
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаланса:
- мұғалімнің балалармен бірлескен қызметі;
- балалармен жекелей жұмыстар;
- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.
Ұсақ қол моторикасы дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс-тәсілдер қолданса:
- саусақ ойын тренингісі
- қол мойнына массаж
- саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
- саусақ ойындары тақпақтар мен жаңылтпаштар
- саусақ театр
- ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршақтары және т.б.)
- құрылыс жасау: қағаздан, конструктормен
- бастырмалардың түрлері
- графикалық моториканы дамыту
- трафаретпен сурет салу
- түр сызықпен түрлеу
- суреттерді аяқтау (симметрия приципі бойынша)
- лабиринттер
- дидактикалық ойындар
- М. Монтессори әдісі
- кіші заттармен ойнау
- пазл, мозайка қолдану
Саусақ ойындарының нәтижесінде:
- баланың сөйлеу тілі жетіледі;
- қимыл қозғалысы артады;
- икемділігі артады;
- логикалық ойлауы дамиды;
- танымдық деңгейі артады.
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс-әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау- балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады.Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бірдеңеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойынының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір-біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егерде баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай-ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет.
Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны-саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса , бала соншалықты ақылды келеді.»
Әр педагог жұмысының негізіне ойындар енгізсе. Қозғалысты ойын-балалар үшін танудың бір тәсілі. Балалар ойынының қозғалысы қаншалықты анық болса, бала дүниемен соншалықты терең таныса алады. Өзіне мынандай міндеттер қойса: саусақ қозғалысын жақсарту, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру бойынша жаттығулар жасату, баланың жалпы қозғалыстық белсенділігін арттыру. Қойылған міндеттерді орындау үшін жұмыстың түрлі нысандарын пайдаланса. Педагог пен балалардың бірлескен қызметіне баланың логикасын және басқа да қабілеттерін дамытатын жаттығуларды қатаң және жүйелі түрде жүзеге асыратын мақсат қойса.
Балалардың әлеуметтік дағдысын, қызметтің түрлі нысандарын меңгеруді дамыту бойынша жеке жұмысты ұйымдастыруға да міндет қойылып. Балаларды жеке тұлға ретінде құрметтейтін бала мен үлкендер қарым-қатынасын негізге алған микроклимат жасалар еді. Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізеді. Жұмысының негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолданып. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке-жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырса. Массаж – пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж-бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырып. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналанса. Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаланса. Жаттығуға ұласқан тақпақ-сезім ритмі қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызығушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және дағдысын дамытады».
Ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіру мақсатында «Құрт жасау» әдісіне кәдімгі сүзбені бала саусақтарымен мыжып, екі алақанында ысқылау арқылы құрт жасаттым. Мақсаты: сенімділік, дәм сезу және түсін, пішінің тану. Бұдан шыққан нәтиже: баланың өзіне деген сенімділігінің артуы (яғни ол өзінің жасаған құртын көріп) және қол саусақтарының икемділігі.

Жапсыру ісімен айналасу қол мойынының буыны және ұсақ әрі жалпы қол моторикасын дамытуда маңызы зор. Жапсыру ісімен айналысу баланың сенсорлы және кеңістікті сезіну, қабылдауын дамытуға қажетті. Өз жұмысымда жапсыру ісімен айналысуда ермексаз, тұздалған ұн, тұқымнан және ұлу қабыршығынан жасалған оюларды қолданамын. Бұл еңбекті көп қажет ететін, қызықты жұмыс болғандықтан баланың назарын, көзбен қолдың өзара қозғалыс үйлесімділігін, анықтылығын және келісілген сенсомоториканы дамытады. Қағаздан бұйымдар жасау-қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді. Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының дамуына, сындарлы ойлануына септігін тизеді. Қағазбен жұмыстың бірі ретінде жыртылған қағаздар қолданылды. Қағазды ұсақтап жырту саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жаттығу болып та есептеледі.
Сурет салу кезінде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары қалыптасады.
Басты назар суреттерді бояуға бөлінді. Бұған бояу мен дайындамалар қолданылды. Бояу қозғалыс үйлесімін дағдыландыруда ұсақ қол моторикасын дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін түр сызықтарының бірнеше түрлерін қамтыды. Қол қозғалысының анықтылығы мен сенімділігін дамыту бойынша нақты бағытта параллель сызықтар жүргізетін ойындарды да қолдандым.
Баланың графикалық дағдысын дамытуда неше түрлі қызықты әдіс-тәсілдер жеткілікті: нүктелер бойынша суретті бір-біріне. Элементарлы математикалық түсінікті қалыптастыру бойынша қызметте жазықтық үлгілеу әдісі (жазық геометриялық фигуралардан шекті мөлшерде жасалған суреттер), есептеуіш таяқшамен жаттығулар әдістерін қолдандым. Қызметтің осы түрлері балалардың байқағыштық, зерделілік, ойлау және қиялдау, ұғыну қабілеттері дамиды. Мұнда өзім ойлап таптым, өзім шындығын айттым деген бала шығармашылығын дамытатын мүмкіндіктер ұсынылады.
Балаларды құрастыру ойыны өте қызықтырады. Конструктордың ұсақ детальдарымен жұмыс жасау барысында қол саусағының кіші бұлшық еттері, қиялдау шығармашылық белсенділік қабілеттері дамиды. Балаларға пазл құрастыру, қармақ бауына моншақтар тізбектеу өте ұнады. Сондай-ақ, ұсақ заттарды (түймелер, бұршақтар, фасольдар, талшын және т.б) қолдануға болады. Мысалы: заттарды іріктеу, осы заттарды санау т.б. Әрине, жұмыс барысында әр баланың жеке ерекшелігі мен психофизиологиялық дамуын ерекше ескеру қажет. Ұсақ қол моторикасын дамыту бойынша жүйелі, кешенді жұмыстың нәтижесі оң әсерін көрсетеді. Ата-аналармен жұмыстың бастапқы кезеңдегі негізгі міндеті – ата-ананың балалар қызметіне белсенді араласуын қалыптастыру. «Ұсақ қол саусақ моторикасын дамыту», «Түстер мен пішіндер» тақырыптарда көрнекілік папка әзірледім. Қазіргі таңда өзім дайындаған көрнекілік папкаларымды әр сабақта қолданамын, нәтижесі өте жақсы.
Қорыта келе осылайша, жұмыс нәтижесі тиімді болуы үшін саусақтың нәзік қозғалысын қалыптастыру бойынша түрлі әдіс-тәсілдер мен қабылдаулар міндетті түрде пайдалануы қажет. Жұмыстың нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында балалар қызығушылығының артқанын байқайсыздар. Көрнекті ғалым – Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу, қайталама жаттығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын. Міне, сондықтан да шығармашылық процестен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйрету әрбір дефектолог маманның басты міндеті. Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушылықты қалыптастыратын ұсақ қол және жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздестіру жұмысын жандандырып отыру өте қажет.
Ерекше білімді қажет ететін балалараға саусақ қимылдарына арналған жаттығулардың арқасында біз қарапайым қимылдар арқылы, оқушының өмірге деген көзқарасын белсенділігін арттырып қана қоймай; сонымен қатар оның танымдық функциясын арттыруға үлкен үлесімді қосуға әрдайым дайынмын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Саусақ моторикасы.

шағым қалдыра аласыз