Материалдар / «Саз әлемі»атты концерттік бағдарламасының сценариі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Саз әлемі»атты концерттік бағдарламасының сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау.Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, өнерге біртабан жақындату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2019
5788
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Теректі колледжі» МКҚК





«Келісілді»

МКҚК «Теректі колледжі»

Дир. ОТЖ орынбасары

Э.К. Бисенғалиева











«Саз әлемі»атты концерттік бағдарламасының сценариі

























Орындаушы: Теректі колледжінің музыкалық жетекшісі Жубанышева А.М

«Саз әлемі» концерттік бағдарламасының сценариі.

Мақсаты: Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін, хореографиялық талантын сынау.Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, өнерге біртабан жақындату.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!
2 - жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Саз әлемі» концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер .
1 - жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.
2 - жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.
1 - жүргізуші: Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып - тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.
2 - жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге, өнерге деген құштарлығымен өзін бас - көзге қарамай қамшылап жүргендер.
1 - жүргізуші: «Болар адам - бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. Біздің колледжімізде оқушылар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Саз әлемі» концерттік бағдарламасы оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.Олай болса концертмізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1.Хабарлаусыз флешмоб кетеді.

1 - жүргізуші: Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
2.Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе сахнаға Ән «Жангүлім» ор. Алтынзер

1 - жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып ән салады.
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Саз әлемі концертінде
Әуелеген әсем ән жолданады - сахнаға

3. Асел Сайлауованы тамаша әнімен ортаға шақырайық.

4. «Көркемсөз » оқитындар Жанаргүл Еркебай,Аяжан Беркінбаева,Мейрамгүл Маратова
1 - жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әншідей жасты, дей келе , тамаша әнімен

5. Расул Ахметжановты тамаша әнімен қарсы алайық.

6.Флешмоб. Ортаға 67 топ оқушыларын шақырайық.
2 - жүргізуші: Айтса әні алыс шыңға жететін,
7. Шақырайық Нұржігітті ән мен жырды шертетін. Сахнаға Жұмабай Нұржігітті тамаша әнімен қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен - деп ақын ағаларымыз 8.Жырлағандай келесі кезекті 58 топ оқушыларының тамаша әніне берейік.

9.Ортаға тамаша биімен колледжіміздің жігіттерін шақырайық.
2 - жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып, келесі .

10. 67 топ оқушыларын ортаға шақырамыз. Қошемет.

11.Көркемсөз оқитындар Арай Хамитова,Сұлушаш Көбейсінова, Ақерке

12.«Белая роза » әнімен Расул ахметжановты ортаға шақырайық.
1 - жүргізуші: Музыка - ырғақ, нәзік әуен, асқақ үн.
Музыка - өзен, дала, аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне, әншілер, бас әуенге, қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.- деп жеткізеді ақын апамыз 13.Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын, олай болса, кезекті тамаша биге берейік ,қарсы алыңыздар. (60 топ қыздары)

2 - жүргізуші: Біздерде ән кешіміз жалғасады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды - дей келе ортаға

шақырамыз.
14.Ән «Ауыртпа менің анамды» ор.Жұмабай Нұржігіт Қарсы алыңыздар.
1 - жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрткі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – дей келе Элонора 15.Орынбасарованы тамаша әнімен ортаға ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.

16. Хабарлаусыз. «Туған ел» әні орындалады.
2-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

1-жүргізуші:  Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

























































1.Хабарлаусыз флешмоб кетеді.

2.Ән «Жангүлім» ор. Алтынзер

3. Асел Сайлауованы тамаша әнімен ортаға шақырайық.

4. «Көркемсөз » оқитындар Жанаргүл Еркебай,Аяжан Беркінбаева,Мейрамгүл Маратова
5. Расул Ахметжановты тамаша әнімен қарсы алайық.

6.Флешмоб. Ортаға 67 топ оқушыларын шақырайық.
7. Шақырайық Нұржігітті ән мен жырды шертетін. Сахнаға Жұмабай Нұржігітті

8.Жырлағандай келесі кезекті 58 топ оқушыларының тамаша әніне берейік.

9.Ортаға тамаша биімен колледжіміздің жігіттерін шақырайық.
10. 67 топ оқушыларын ортаға шақырамыз. Қошемет.

11.Көркемсөз оқитындар Арай Хамитова,Сұлушаш Көбейсінова, Ақерке

12.«Белая роза » әнімен Расул ахметжановты ортаға шақырайық.
13.Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын, олай болса, кезекті тамаша биге берейік ,қарсы алыңыздар. (60 топ қыздары)

14.Ән «Ауыртпа менің анамды» ор.Жұмабай Нұржігіт Қарсы алыңыздар.

15.Орынбасарованы тамаша әнімен ортаға ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.

16. Хабарлаусыз. «Туған ел» әні орындалады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!