Материалдар / С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар», Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармалары бойынша тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар», Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармалары бойынша тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар», Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармалары бойынша тест тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2024
1266
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар», Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» шығармалары бойынша тест тапсырмалары

1. «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасында қай кейіпкер жоқ?

А. әкімшілік қызметкері

Ә. тарихшы ғалым

Б. Филолог ғалым

2. Шығармадағы жағымпаз, тайыз ойлы кейіпкер

А. Саудагер әйел

Ә. Пойыз бастығы

Б. Қошқарбай

3. Билетсіз жолаушынң жасы нешеде?

А. алпыстар шамасында

Ә. жетпістер шамасында

Б. алпыс алтыда

4. Өздерінің руының адамдарын  «… батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған көсем  болды…» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы

А. Мэлис Әлібаевич

Ә. Асай Мүсеевич

Б. Қошқарбай

5. Өз қызметін асыра   пайдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқор шенеуніктердің жинақталған бейнесі.  

А. Мэлис Әлібаевич

Ә. Асай Мүсеевич

Б. Қошқарбай

6. Көліктердің билет сату  қызметін электронды жүйеге көшіргенімен, пойыз билеттері әлі де болса, алыпсатарлардың қолында кететіні – қоғамдағы шынайы, өзекті мәселе. «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы алыпсатарлықтың құрбаны

А. Жолсерік әйел

Ә. Қошқарбай

Б. Билетсіз жолаушы

7. Кімнің сөзі: Міне, қазіргі жұрттың бәрі осындай! Біресе күнә жасап пара беремін дейді, біресе мұсылман болып, құран оқимын дейді.

А. Жолсерік әйел

Ә. Қошқарбай

Б. Билетсіз жолаушы

8. Қай тірек сөздер «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасының мазмұнына сай келеді

А. Билет, бастық жемқорлық

Ә. билет, ұлттық намыс, той

Б. билет, жанашырлық, ата-баба

9. Жағымпаздар Мэлис Әлібаевичке қандай қызметте отыру керек дейді?

А. Премьер-министр

Ә. Академия басшысы

Б. БҰҰ басшысы

10. «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасындағы кейіпкерлер әрекетіне қандай мақал сәйкес келеді?

А. Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ә. Заманың түлкі болса - тазы боп шал.

Б. Заманына қарай киімі,
Зердесіне қарай түйіні.

11. Шығарма мазмұнын ретімен қойыңыз.

Тойдан қайтқан масаң адамдар

Тойдан қайтқан қазақтардың басқа поездға мініп кетуін түсінуі

Поездағы жағдайлар

Поездан кешігуі

12. «Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасы бойынша қай тұжырым дұрыс

А. «Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы арқылы Сүлтанәлі Балғабаев қазіргі қоғамда, үкімет органдарында екіжүзді, жағымпаз адамдардың пайда бола бастағанын, қоғамдық халыққа қызмет көрсету орындарында парақорлықтың көбейіп келе жатқандығын, халық арасында әлі күнге дейін рушылдықтың қалдықтары бар екенін қозғаған.

Ә. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясында барлық қатысушылар ерте кездегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез-кұлық дағдылары жинақталған жиынтық образбен көрсете білген.

Б. Барлық тұжырым дұрыс

13. Сырттай мінсіз, халыққа адал қызмет етушілер болып көрінгенімен, пайда тауып қалу

мақсатын көздеген кейіпкерлер

А. Пойыз бастығы, жолсерік әйел

Ә. Жолсерік әйел, саудагер әйел

Б. Пойыз бастығы, саудагер әйел

14. Қ.Мырзалиевтің поэманы «Қызыл кітап» атауы себебін қай жолдар аңғартады.

А. …Қызыл кітап –
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
… Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.

Ә. Жақсылықтың алдында бас иетін
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса, не болмақ перзенттерін?
Ер жоғалтса, не болмақ қасиетін?!

Б. Орнында ма санамыз?
Күшіміз де?!
Мамонт құсап
Жігіттік,
Азаматтық
Қалған жоқ па көміліп ішімізде?! –

15. «Қызыл кітап» шығармасында автор нені көрсе күдікті ойдан мазасы кетеді?

А. Мылтықты

Ә.Қақпанды

Б. Түлкі жағаны

16. «Қызыл кітап» шығармасында автор қандай құстардан ұялады

А. қарлығаш,қырғауыл, шағала

Ә. сауысқан, қырғауыл, шағала

Б. шағала, қарлығаш, күйкентай

17. Үзіндіде «қызыл күмбез» сөзі қай көркемдегіш құралдың қызметін атқарады?

Қызыл Кітап –

Опат боп кеткен аңның

Бастарына қойылған қызыл күмбез

А. метафора

Ә. теңеу

Б. синекдоха

18. Үзіндідегі «құлағы тосаң» деген сөз нені білдіреді:

Азаматтан,

Ақылды дос ағадан

Не тыңдайды құлағы тосаң адам?.

А. Жауап күтетін адам

Ә. Ақылды адам

Б. Саңырау

19. «Қызыл кітап» шығармасының VI тарауында кездесетін ел және қала атаулары

А. АҚШ, Париж

Ә. АҚШ, Лондон

Б. АҚШ, РИМ

20. «Қызыл кітап» неге қызық кітап?

А. Тысы жұқа

Астары қалыңырақ

Ә. Тірі жан тимесін деп

Хайуанатқа берілген қызыл мандат

Б. Мезгілсіз кеткендердің

Бастарына қойылған қызыл шырақ.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!