Материалдар / сценари "Алтын күз" кіші топ балабақша
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

сценари "Алтын күз" кіші топ балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұлттар төніп, жерге шөгіп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала сұры қашады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
653
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің

«№ 61 бөбекжайы» КМҚК











«Көрікті алтын күз»

«Тамшы» кіші тобы







Тәрбиешілер: Г.К.Даулетова



















2021-2022 оқу жылы




Көрікті алтын күз


Жүргізуші: Балалар қараңдаршы залдың іші қандай әсем. Күз қандай тамаша! айналаның бәрі алтын. Сендерге мен бір жұмбақ жасырғым келеді. Ал, сендер жауабын тауып көріңдер жарай ма!

Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Айтыңдаршы бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде болады!

Жүргізуші: Әрине балалар, күзде болады. Сендер дұрыс айтасыңдар. Ендеше балалар «Көрікті алтын күз! атты мерекеге қош келдіңдер. (бәрі шапалақтайды)

Жүргізуші: Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті Алтын күз

Шақырамыз бәріміз!- деп Күз аруын ортаға шақырайық.

Барлығы: Алтын күз,

Алтын күз күтеміз, сені біз!

Төріміз сенікі келіңіз, келіңіз!

Күз аруы: Сәлеметсіздер ме менің кішкентай достарым! Өздеріңмен қауышқаныма сондай ризамын. Сендер сондай әдемісіңдер. Келіңдер бәріміз бүгінгі мерекені жақсы көңіл - күймен қарсы алайық.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы Күз аруы сондай сұлу, көйлегіңде әдемі екен. Балалар Күз Аруына арнап мен тамаша бір жыр шумағын оқып берсем ба деймін. Қане бәріміз мұқият тыңдаймыз.

Жүргізуші: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,              
Жанның бәрі жарқын күз.  

Міне балалар, күз мезгілі міне осындай молшылығы мен берекелі екен, кім бар екен Алтын күзге арнап тақпақ айтатын?!

(ортаға тақпақ айтатын балалар шығады...)

Жүргізуші:

Жемісін мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген. Ал, бүгінгі мерекеге әнімізді шырқап берейік.

ӘН: «Алтын күз» (жасыл бақша сарғайды)

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге бір қона келді, қарсы алайқ!

(Осы кезде залға Саңырауқұлақ келеді)

Саңырауқұлақ:

Сәлеметсіңдер ме балалар ! Мына залдың іші қандай әдемі, сендерде сұлусыңдар! Мен Саңырауқұлақпын! Басымдағы қалпақсыз жүре алмаймын! Басымдағы қалпағым жауыннан да қорғайды, суық желден қорғайды. Осындай қалпақты сендерге мен әкелдім! Қане киіп көріңдер

Ортаға маған келіңдер!

Жүргізуші : Ой, саңырауқұлақ қалпағыңыз әдемі екен.

Саңырауқұлақ:

Ал, балалар тұрмайық денемізді қозғалтып би билейік ойнайық!

Би: «Саңырауқұлақтар»(би соңында жаңбыр дыбысы естіледі, балалар шатырдың астына тығылады.

Саңырауқұлақ: Ал, балалар тығылайық шатырдың астына, жаңбыр жауды.

Жаңбыр - жаңбыр жаумашы

ойнайықшы тоқташы! Қане балалар барлығымыз айтайық!

Жүргізуші: Жаңбыр басылған сияқты , ендеше орнымызға отырайық. Қызық ойын ойнайық.

Саңырауқұлақ: Балалар мына жаққа қараңдаршы жерде жаңбырдың суы жиналған екен. Осы жаңбырдың суымен қызық ойын ойнауға болады.

Ойын: «Жаңбыр суынан секіріп өту»

Саңырауқұлақ: Жарайсыңдар балақайлар! Мен сендерге ризамын!

Аз ғана уақытымды сендерге арнап сыйладым. Енді кешігіп қалмайын, ормандағы достарыма қайтайын! Сау болыңдар балақайлар!

Жүргізуші: Сау болыңыз Саңырауқұлақ!

Алтын күз: Мен сендерге балалар жеңіл жұмбақ жасырайын, сендер ойланып жауабын айтуға тырысыңдар жақсыма

Қызыл ,жасыл кемелер,

Су бетінде қалқиды

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды (Жапырақ)

Әрине балалар ол жапырақ! Ендеше мен сендерге мынадай әсем, алтын, сары жапырақтарымды берейін. (жапырақтар балаларға таратылады)

Жүргізуші: қандай әсем жапырақ иә балалар?! Ендеше бәріміз қосылып тамаша би билеп берейік ортаға шеңбер жасап тұрайық, биімізді бастайық.

Би: «Биші жапырақтар»

Жүргізуші: О, алақай тамаша!

Шашу шаты жапырақ

Аунар ма еді, жатып ап!- деп осы жердегі жапырақтарды себетке салып кім жылдам ойынын ойнайық!

Ойын: «Жапырақты жинау»

Алтын күз: Міне жарайсыңдар балалалар ! атсалысып бүгінгі мерекеде қолымыздан келгенше үйренген, білгендеріңді айтып жатырсыңдар!

Тамаша! Қане қатты – қатты алақандарымызды соғып шапалақтап қойайық.

Жүргізуші: Балалар сонымен күз мезгілі өзінің молшылығымен байлығымен ерекшеленеді екен , осы керемет күз мезгілінің әсемдігіне арнап әнімізді орындап берейік.

Ән: « Келді алтын күз »

Жүргізуші: Күздің берер жемісі,

Алуан – алуан емес пе?

Сол алуан сыйыңды,

Күтеміз біз әр күзде

деп, Алтын күз, өзіңізге үлкен рахмет айтамыз.

Алтын күз: Менің кішкентай достарым, сендерге көп – көп рахмет! Менің де сендермен қоштасатын уақытым келді. Мен сендерге жай келмей өзімнің сыйымды алып келдім.

Күз аруы: Балалар келесі жылы кездескенше, қош сау болыңдар!

Барлық балалар: Сау болыңыз, Алтын күз!


Жүргізуші: Ал, балалар өзіміз естелікке суретке түсейік.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!