Ана-өмір шуағы
(ертеңгілік)
Тәрбиеші:Қош келдіңіздер,аяулы аналар,асыл әжелер,қызғалдақ қыздар.Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.Өйткені аналарға ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Себебі,ана-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі-Аналар күнімен құттықтаймыз!Сіздерге зор денсаулық,отбастарыңа құт-береке,амандық тілейміз.Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.Біздің «Ана-өмір шуағы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз аналарын,әжелерін құттықтай отырып,өздерінің тақпақтарын,әндерін,билерін сыйға тартады.
Ертеңгілікті ашып беру үшін сөз кезегін балабақша басшысы Қарлығаш Қаржаубайқызына береміз.
Қане балалар келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүректен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
Ана перзент тәрбиелеуші.Осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Айжұлдыз:Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін
Анашымды ардақтап,
Әдеппен бас иемін
Райяна:Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Жүрекке жылы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,-деп ,Абай атамыз жырлағандай ,кезекті әнге берейік.
Хор: «Анажан»
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік жарып,
Гүл-бәйшешек басады.
Бөбектерім,айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:Көктем мезгілінде.
Тәрбиеші:Қане,балалар,көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
Балалар:Күн жылынады,қар ериді,ағаштар бүршік атады,құстар қайтып келеді,гүлдер өсе бастайды.
Тәрбиеші:Балалар,көктем аруын қарсы алайық!
Көктем аруы:Сәлеметсіңдер ме,балалар,қонақтар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем,
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем,
Шуағын төгіп әлемге,
Жылуынкүннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Тәрбиеші:Кел,төрлет,Көктем аруы!Сізді бүгінгі сұлу көктемнің алғашқы әсем мерекесімен құттықтаймыз!
Көктем аруы:Мынау менің құшағым толы қыр гүлінгүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп тұр.Қане,әдемі кішкентай бүлдіршіндерім,ортаға шыға қойыңдар,мен сендермен гүлдер биін билегім келеді.
Би: «Көбелектер» биі
Тәрбиеші:Ал,енді,Көктем аруы,аналарымыз бен әжелерііздің құрметіне арналған кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыз!
Ән: «Бала тілегі»(Гүлару)
Арай:Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған
Тәрбиелі анамды,
Үнемі айтып мақтанам
Нұрай:Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Айдидар:Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді
Гүлару:Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың
Хор: «Алтын анам»
Ойын: «Көктем сыйлығы»
Ойын барысы:Ортаға 4-5 ананы шығарып,билеттегі Көктемнің тапсырмасын орындату.
Ән: «Қошақаным»(Райяна,Айжұлдыз)
Тәрбиеші:Демеңіздер бізді өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар,көріскенше,
Осымен ертеңгілік аяқталды.
Құрметті қонақтар,көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сценарий: "Ана-өмір шуағы"
Сценарий: "Ана-өмір шуағы"
Ана-өмір шуағы
(ертеңгілік)
Тәрбиеші:Қош келдіңіздер,аяулы аналар,асыл әжелер,қызғалдақ қыздар.Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.Өйткені аналарға ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Себебі,ана-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі-Аналар күнімен құттықтаймыз!Сіздерге зор денсаулық,отбастарыңа құт-береке,амандық тілейміз.Сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.Біздің «Ана-өмір шуағы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз аналарын,әжелерін құттықтай отырып,өздерінің тақпақтарын,әндерін,билерін сыйға тартады.
Ертеңгілікті ашып беру үшін сөз кезегін балабақша басшысы Қарлығаш Қаржаубайқызына береміз.
Қане балалар келген қонақтарымызбен амандасайық.
Мейірімділік жүректен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
Ана перзент тәрбиелеуші.Осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Айжұлдыз:Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін
Анашымды ардақтап,
Әдеппен бас иемін
Райяна:Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Жүрекке жылы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,-деп ,Абай атамыз жырлағандай ,кезекті әнге берейік.
Хор: «Анажан»
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік жарып,
Гүл-бәйшешек басады.
Бөбектерім,айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:Көктем мезгілінде.
Тәрбиеші:Қане,балалар,көктем мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме?
Балалар:Күн жылынады,қар ериді,ағаштар бүршік атады,құстар қайтып келеді,гүлдер өсе бастайды.
Тәрбиеші:Балалар,көктем аруын қарсы алайық!
Көктем аруы:Сәлеметсіңдер ме,балалар,қонақтар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем,
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем,
Шуағын төгіп әлемге,
Жылуынкүннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Тәрбиеші:Кел,төрлет,Көктем аруы!Сізді бүгінгі сұлу көктемнің алғашқы әсем мерекесімен құттықтаймыз!
Көктем аруы:Мынау менің құшағым толы қыр гүлінгүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп тұр.Қане,әдемі кішкентай бүлдіршіндерім,ортаға шыға қойыңдар,мен сендермен гүлдер биін билегім келеді.
Би: «Көбелектер» биі
Тәрбиеші:Ал,енді,Көктем аруы,аналарымыз бен әжелерііздің құрметіне арналған кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыз!
Ән: «Бала тілегі»(Гүлару)
Арай:Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған
Тәрбиелі анамды,
Үнемі айтып мақтанам
Нұрай:Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Айдидар:Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді
Гүлару:Айналайын анашым,
Асқар таудай панасың
Күн көзіндей күлімдеп,
Құшағыңа аласың
Хор: «Алтын анам»
Ойын: «Көктем сыйлығы»
Ойын барысы:Ортаға 4-5 ананы шығарып,билеттегі Көктемнің тапсырмасын орындату.
Ән: «Қошақаным»(Райяна,Айжұлдыз)
Тәрбиеші:Демеңіздер бізді өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар,көріскенше,
Осымен ертеңгілік аяқталды.
Құрметті қонақтар,көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз













