сценарий балабақша

Тақырып бойынша 31 материал табылды

сценарий балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларына арналған ұлттық ойын түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Ұрпақ-ұлттық ойынмен шыңдалады»


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан,
Жылқы, Асық,Ағаш

Жүргізуші:

Ей, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Ас ұсынып, бас тартқан

Жайылып тұр дастарқан.


Дастарқан-ау, дастарқан,

Берекелі дастарқан,

Мерекелі дастарқан,

Ей-ей-ей!


Жақсы келсе - құт болар,

Жаман келсе - жұт болар.

Жолаушымыз біз деген

Асыл мұрат іздеген. -------------------осы өлеңді айтып отау алдына жақындайды.

Ей халқым менің ,халқым менің қуанышқа толы елім.Қоныс тойға келіңдер,Ойнап күліп жүріңдер.Жайлауда жүрген балалар келіп асқа ауыз тиіңдер,ойын-сауық өткізіп,жарысып-сайысып қайтыңдар! Қоныс тойы құтты болсын!  Іші тек құтқа толсын!  Келін алып, қыз ұзатып Жаратқанның адамзат баласына сыйлаған барлық бақытын осы үйдің шаңырағында тойлай беріңдер! Отбасы деген Отандарың ортаймай, Кәрі болып қартаймай, ауырдым деп жантаймай, шуылдағана немере мен шөбереге айқайлай қуанышты ғұмыр кешіңдер!-де келе ата-әжелердің батасын алып,тойды тойға ұласып жастарды ата салтымыз болған ұлттық ойындармен сайысқа шақырайық!

Жаңа үй құтты болсын, шашсын шуақ,
Жас балалар жайқалсын бейне құрақ.
Арманың орындалсын Отауыңда
Денсаулық, бақыт, байлық бұрыш құрап--------атаның батасы

Үбірлі бол, шүбірлі бол қанат жай,
Шөбереңе жымиып тұр қарап жай.
АЛЛА сені осы өмірге жеткізсін,
Жаңа үйің болсын бақыт бұлақтай.----------------«әже тілегі» дей келе Ата салтымызда дәстүрге айналған ұлттық ойындарымызды бастайық!Олай болса сайыс түрлерімен таныс болайық.Асық,Арқан тарту,Палуан-Күрес,Бәйге,Қыз қуу.

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
«Ұрпақ-ұлттық ойынмен шыңдалады» - атты жарысымызды бастаймыз.Бүгінгі жарысқа қатысуға «сан жазылады» топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.

Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңіз!
- дей отырып әділқазылар алқасымен таныс болайық

1.Бөбекжай әдіскері: ---------------------------------------

2.Бөбекжай психологі: ------------------------------------------

Жүргізуші: Балаларды ортаға шақырамыз.

1-топ « »тобы-------------------------балалар өлеңі

Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

« » тобы
Қатар өскен құрдасқа,------------------------балалар өлеңі
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа

Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ойын: Ұлттық ойын «Асық ойыны»
Ойын шарты: Әр топтың алдына асықтарды тастаймыз . Бұл ойында асықты кім көп құлатса сол топ жеңеді .

Жүргізуші:

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.-дей келе келесі сайысқа өтеміз.

Ойын : Ұлттық ойын «Қыз қуу»

Ойын шарты: Бұл ойында қыз бен бала шығады Бала қызды қуып жетіп қолын ұстап, «бетін сүйіп» алса, жеңіске жетеді.

Жүргізуші:

Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз.деп келесі сайысымызды бастаймыз!


Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойынның бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы дей келе келесі сайысымызды бастаймыз!

« Бәйге-«мәреге кім бұрын?»

Ойын шарты: Тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша сөре сызығына жүгіріп шығып жалаушадан айналып, шеңберден өтіп, тура жүгіріп келіп екінші ойыншыға таяқшаны береді. Ол таяқшаны алысымен сөреден жүгіріп шығып, ойынды бірінші ойыншы сияқты жалғастырады. Қай команда бұрын бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

Ер екеніңді білейін

Ешкі сойып берейін

Тақия алсаң еңкейіп

Құламасаң теңкейіп

Ерлігіңе сенейін -----ал балалар күшімізді сынайық келесі сайыс түрі

Палуан-Күрес

Күрес – тарихы тереңде жатыр. Жеке адамның білек күші мен айла-амалы бірге сынға салынатын дода түрі. Мұнда жігіттер кіммен қарсылас болса да, қайрат, жігерлеріне қоса шеберліктерімен жеңіп шығуға тиіс. Қазақша күрес күні бүгінге дейін сақталып, халықаралық аренаға шыққан ең танымал ұлттық сайысымыз.Балалар ортада палуан түседі.

Күресем деп шығыпсың,
Еңсеңді сен, тұр, көтер.
Алып ұрсаң, жігітсің,
Жердің шаңы «бұрқ» етер-----деп бүгінгі сайысымызда өз мәресіне жетті. Балаларымыз ұлттық ойындар арқылы сайысып өз өнерлерін көрсетті

Жүргізуші:Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.

Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен « топ аты жазылады» және «топ аты жазылады» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Осымен ұлттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Білектіні бірлікпен жең!-деген атам қазақ!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі