Сценарий "Жаңа Жыл кеші" 8-11 сыныптар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий "Жаңа Жыл кеші" 8-11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сценарий Жаңа Жыл кешіне арналған. Кешке 8-11 сынып оқушылары және мұғалімдер қатысады. Қызықты тапсырмалары көп және қызықты. Сынып жетекшілерге таптырмас көмекші.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылға арналған сценарий
/ Безендірілген шырша,  баяу музыка. Балаларды сынып жетекшілері сахна сыртында дайындап тұрады. Әр сыныпты бөлек бөлек ортаға шақыратын бастауыш сынып 7 «Ә». Олар жаңа жылдық бағдарламаны дайындап, ата-аналарды, мұғалімдерді жаңа жылдық кешті  көруге шақырып қояды.Ата – аналар көрермен ретінде тамашалауға келеді.Кеш соңында ғана тілек айтуға шақырылады/
 Бастау   
1 – жүргізуші: Данагүл
– Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2 – жүргізуші: Лаура
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1 – жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 – жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 – жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 – жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1 – жүргізуші: Байқаймысың, бұл кеште топ мүшелерінің қалғандары жоқ қой.
Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр.
1 – жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
/ Шырша түбіндегі қапшықта ұялы телефон жатады. Телелфон шырылдап қоя береді./
1 – жүргізуші: Алло бұл кім екен?
 /Телефонның ар жағынан дауыс естіледі. /
–          Алло,
Лаура, Данагүл апай мынау есікті аша алмай тұрмыз. Мейрам ағай кілттін де бермей жатыр. Есікті тек ғажайып шырша ғана аша алады.
–          Қалай ?
–          Шырша түбінде ұстаздарға арналған сұрақтар бар.Сол сұрақтарға олар жауап айтқан сайын,есік ашылады екен. Оны бізге
Қазиза апай айтты. Тездетіңдерші біз мерекені бастауға асығып тұрмыз!!!
–          Жарайды, жарайды, біз қазір бастап жібергенбіз.Сіздерді де ішке кіргіземіз!
–         
Лаура, ендеше мында отырған апайлар мен ағайларға тездетіп сұрақ қояйық.

1 сұрақ:  Өзгербек ағай сізге сұрақ «Жеті қазынаның бірі» Ол не?
Жауап : Ит
Ондай болса сіз топ мүшелерін қайтарып алдыңыз.


2 сұрақ: Дина апай Солтүстік Америкада өсетін әрі символы болып табылатын қандай ағаш?

Жауап: Шырша.

Ондай болса сіз топ мүшелерін қайтарып алдыңыз.


3 сұрақ: Күмісгүл апай біздің ауылға биыл алғашқы қар қашан жауды?
Жауап: 3 желтоқсан
Ондай болса сіз топ мүшелерін қайтарып алдыңыз.

1-жүргізуші: Енді барлық топ мүшелері жиналған болса, төрелік ететін әділқазы алқасымен таныстырайық





Осы кезде шыршы түбіндегі үлкен қапшық қозғала бастайды, оқушылар шошып кетеді..қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)
2 жүргізуші: – мынау тағы не болды екен?Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып   тұрмын.
1 – жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Біз бағанағы сияқты былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде  қаптың   аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ, бастайық.
Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Клоун1: Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдік. Қалай қарайсыңдар!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой.
Солай ғой достар!
1 – жүргізуші: – жә, жә  қандай қызықтарыңыз бар!

Клоун1: Біз сіздерге жұмбақ жасырамыз!

Клоун2:            Қатал емес, мейірімді.

Қатты емес, әділетті.

Қыстай қатты суық емес,

Тілегі ыстық, тәп – тәтті.

(Мектеп директоры)

2 – жүргізуші:  Дұрыс айтасыздар!Құрметті жамағат “Жақсы сөз – жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Дүйсенбаев Мерекебай Жаксылыковичка береміз.

 

1 жүргізуші -:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

2- жүргізуші: – Жаңа жыл – Ит  жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

1-Жүргізуші: – Балалар біздің шыршаның Аяз атасы келді!

Данагүл апай: Мәәәә, Татьяна апай хат жолдапты. Не деп тұр екен оқи қойшы.

Лаура: Құрметті сайысқа қатысушылар, Аяз ата мен Ақшақарды мен бөгеп тұрмын. Менің шартым бар. Әр сынып тамаша топтық би көрсетулері керек. Келісесіндер ма?

/ Балалар кезек – кезек билейді/

Ал балалар, сіздер өте талапты, өнерлі екенсіздер.Енді менімен бірге Аяз атаны шақырып алайық!!!

-Аяз ата, Аяз ата……..

/Аяз ата келмей қояды. Сонда Данагүл апай айтады/

–          Балалар Аяз ата өте алыста, сондықтан оған тек сиқыр ғана жетпей тұр. Ендеше сіздер көздеріңізді қатты жұмып іштей тілейсіздер.Содан соң, Аяз ата мен Ақшақар келеді. Жарайма ?

–          Ия, ия, ия….

–          Сіздер 1   2  3  деп көзді жұмып қатты дауыстап айтыңдар.

–          1   2   3

Аяз ата: – Сәлем балалар!!!

Оқушылар – Сәлеметсізбе!!

–          Бізді  күтіп қалдыңдар ғой!

–          Ия,ия

\Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді/

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?

Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы, біз тойға келдік!

Кәне, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер

/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.

Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!

/Аяз Ата оны жұбатып тұрып/

–          Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын немесе балалар өз өнерлеріңмен шаттарандырып жіберіңдерші!

Ән орындалады.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

1 жүргізуші:  Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

2Жүргізуші:Бір жерде жатқан болар, жаңа мыстан ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, балалар әр топтан бір оқушы шығып, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.

Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар!

Лаура: Топтар жиналды, әділқазылар сайланды, Аяз ата мен Ақшақар келді енді кезекті сөзді оқушылар мен мұғалімдерге берейік.

1-асуымыз: Таныстыру және символын көрсету.

  1. Топ: Ит жылы

  2. Топ: Шырша

  3. Топ: Қар

1 жүргізуші:  Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда – жаңа жыр.

шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.



2-жүргізуші:

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

Ойын:



2-асуымыз: Дастархан тағамдары.

Клоундар: Сонымен біз әр топтың тағамдарынан дәм татып шықтық. Барлық топтың тағамдары дәмді екен.

Ойын. Ендеше біз сендердің көңілдеріңді бір көтеріп жіберейік.

3-асуымыз: Өнер.



  • Енді кезекті сөзді әділқазы алқасына берейік.



Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып  қалды.Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

1 жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!!

Балалар:  Сау болыңыз !!!

2жүргізуші:

–          Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…





1 жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Жылқы  жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

 

 

2жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
21494
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі