400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сценарий "Жас Ұлан" ұйымына қабылдау

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиынына сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі

Өтетін орны: Спорт залы

Жүргізуші:
Қайырлы күн қонақтар, оқушылар, ұстаздар және мектеп әкімшілігі! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!


Елдігіміздің белгісі – Еркіндік.

Ғасырларға куә – Тарих, Ерлік, Елдік.

Рухы биік Ұрпақ!

Ордалы Отан!

Тәуелсіз ел Қазақстан!


«Бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. 
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз Тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Міне содан бері 30 жыл!

Сіздерді 16-желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, «Бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!


Жүргізуші:

ҚР мемлекеттік туына сап түзелсін!

Мектеп! Түзел! Тік тұр!

ҚР мемлекеттік туы кіргізілсін!


жүргізуші:
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

(Әнұран шырқалады)

Жүргізуші

Бүгінгі салтанатты жиынымызға келген қонақтармен таныс болыңыздар.

  1. ______________________________________________________

  2. ______________________________________________________

  3. ______________________________________________________

  4. ______________________________________________________

  5. _____________________________________________________

Жүргізуші: Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына Жаңажол орта мектебі бойынша оқушыларды салтанатты түрде қабылдау жиынына топ ұландары мен топ қырандары мәлімет беруге дайындалсын. (топ басшылары мәлімет береді)

Ұланбасы қабылдайды.

Аға тәлімгер: мәлімдеме қабылданды. Еркін тұр (бәрінен алып болғаннан кейін Мектеп еркін тұр)

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты антына даярланыңыздар.
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Фанфар. Галстук тағу рәсімі.Әуен ойналады.

Біз, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!


Жүргізуші:

Республика деңгейінде «Жас ұлан» «Жас Қыран» балалар ұйымы құрылып, барлық аймақтарда ұйымның қатарына оқушылар қабылдануда.Бүгінгі күні мектебіміздің 2а, 2ә класс оқушылары Жас Қырандықтар қатарына, ал 5а, 5ә класс оқушылары Жас Ұландықтар қатарына мүшелікке өткелі тұр. «Жас Қыран» төсбелгісі және «Жас Ұлан» галстугы мен төсбелгісін тағу рәсімі шақырылған құрметті қонақтарға және мектеп директорына беріледі.

Жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры – Медеуов Нұрлан Бекболатұлына беріледі.

Құттықтау сөз кезегін Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Бокашев Мейрамбек Маратұлына беріледі.

Құттықтау сөз кезегін құрметті қонақтарымызға береміз


Жас ұлан!

Кәне, қарап тұрмайық!

Жас ұланның Әнұранын

Әуелете шырқайық!

(«Жас Ұлан» әнұраны айтылады)



Жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.






«Жас Ұлан» әнұраны «Жас Ұлан» әнұраны

1.Біз ұланы қазақ елінің, 1. Біз ұланы қазақ елінің,

Туған жерін, сүйген Отанын. Туған жерін, сүйген Отанын.

Әке жолын, ана мейірімін, Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін. Бойға жиған қасиетін


Қайырмасы: Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа! Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта. Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге Асқақтатып әлемге

Нық ұстайық байрағын! Нық ұстайық байрағын!


2.Көп білуге ұмтыламыз, 2.Көп білуге ұмтыламыз,

Өнер, білім, ғылымға, Өнер, білім, ғылымға,

Кеудемізде ар мен намыс Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға! Жетелейді бізді алға!


Қайырмасы: Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа! Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта. Қырандай қарышта

Еліміздің абройын Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге Асқақтатып әлемге

Нық ұстайық байрағын! Нық ұстайық байрағын!



«Жас Ұлан» әнұраны «Жас Ұлан» әнұраны

1.Біз ұланы қазақ елінің, 1. Біз ұланы қазақ елінің,

Туған жерін, сүйген Отанын. Туған жерін, сүйген Отанын.

Әке жолын, ана мейірімін, Әке жолын, ана мейірімін,

Бойға жиған қасиетін. Бойға жиған қасиетін


Қайырмасы: Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа! Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта. Қырандай қарышта.

Еліміздің абройын Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге Асқақтатып әлемге

Нық ұстайық байрағын! Нық ұстайық байрағын!


2.Көп білуге ұмтыламыз, 2.Көп білуге ұмтыламыз,

Өнер, білім, ғылымға, Өнер, білім, ғылымға,

Кеудемізде ар мен намыс Кеудемізде ар мен намыс

Жетелейді бізді алға! Жетелейді бізді алға!


Қайырмасы: Қайырмасы:

Жас ұлан, қалыспа! Жас ұлан, қалыспа!

Қырандай қарышта. Қырандай қарышта

Еліміздің абройын Еліміздің абройын

Асқақтатып әлемге Асқақтатып әлемге

Нық ұстайық байрағын! Нық ұстайық байрағын!







СЫНЫП! ТҮЗЕЛ! ТІК ТҰР!


Ұланбасы, Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің

30 жылдығына орай арналған

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер

ұйымына қабылдау салтанатты жиынына

_______сынып оқушылары дайын!Мәлімет берілді!

Мәлімет беруші Топ басшысы _________________


Сынып, еркін тұр!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
22.05.2024
293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі