«Балбөбек» бөбектер бақшасы
МҚКК
______________ ж. І-ІІ кіші (аралас), ортаңғы тобтарының арасында
өткізілген бағдарламаның "Қош келдің, Әз-Наурыз"атты 22-Наурыз мерекесіне
арналған ертеңгілігінің сценариі.

Музыкалық жетекшісі: Н.С. Караханова
Қаратерек ауылы
2019-2020 жж
Тақырыбы: "Қош келдің, Әз-Наурыз"
Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Ұлттық өнерін паш ету.
Нені игереді: Көктем мезгілінің ерекшелігін, үш тілде тақпақ айту туралы тілдерін дамытады, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды игереді.
Пән аралық дамыту: тіл дамыту, айналамен танысу, шығармашылық өнер, орыс тілі, көркем әдебиет
Т.М: Мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік, арқан.
Армысыздар ата-аналар, қадірлі қонақтар, үлкен кіші ағайын! Наурыз "жаңа күн"деген сөз. Бұл күн біздің ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын. Бейбіт заман! Ағайын-жұрт тегіс аман болсын!
Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Наурыз келсе,құт келгені халайық.
Шашу шашып қол соғып қарсы алайық!
(шашу шашады).
Қадірлі ағайын,біз бүгін мерекелік кешіміз салт дәстүрімізді насихаттау ретінде өтіледі.
Бүлдіршіндерге арнап үш дастархан жайылады. Алдымыздағы «Қызғалдақ», «Жауқазын», «Бәйшешек» осы үш топты қошеметпен қарсы алайық!
Бүгінгі бағдарламызда:
1. Ұлттық киімдер
2. Салт-дәстүр көрсету
3. Өз өнерлерін көрсету (өлең,ән,би)
4. Ұлттық ойындар
5. Дастархан
6. Бата беру
Көңілді әуенмен балалар өз ұттық киімдерін көрсетеді.
Ендеше сөз кезегін "Балбөбек" балабақшасының меңгерушісі Биртай Құндыз Қабдоллақызына сөз кезегін берейік.
Тақпақ айтып, жыл басы,
Құлағынды сал, тыңдашы.
Бар бөбекке өзіңдей
Бейбіт өмір сыйлашы.
Тапақтар
Жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
— Құрметті қонақтар, балалар «тәрбие – отбасынан басталады» демекші тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты сіздерге бірнеше сұрақтар ұсынамыз.
1. «Ерулік» бену дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік-басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады?
2. «Құдайы қонақ» дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз -бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3.Мәйек дегеніміз не?
Мәйек дегеніміз- жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.
4. Қымызмұрындық дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз – бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.
5. Тоқымқағар дегеніміз не?
Тоқымқағар дегеніміз-жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата-анасы тоқымқығар жасап, мал сойылып,үлкен-кіші шақырып қонақ етеді.
6. Ең көп сақталған ұлттық тығам?
Ең көп сақталатын ұлттық тағам-құрт.
7. Бастаңғы дегеніміз не?
Бастаңғы дегеніміз- үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарыңа тамақ береді.
8. Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?
Соғым сойғанда алсытағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде – ол сыбаға.
9. Арнайы қонақ дегеніміз не?
Арнайы қонақ дегеніміз- алыстан әдейі іздеп келген тума –туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.
Жеті жоқты атаңыз?
Аспанда-тіреуіш жоқ
Жерде-өлшеуіш жоқ
Аққуда –сүт жоқ
Жылқыда -өт жоқ
Тасбақада –талақ жоқ
Таста-тамыр жоқ
Балықта –тіл жоқ.
10. Беташар дегеніміз не?
Беташар дегеніміз – жаңа түскен келіннің бетін ашу.
Рахмет сіздергі.қатысқан қонақтарымызға қошеметтеп қояйық.
Жүргізуші:
Бауырласқан тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз-дей отырып келесі кезеңді салт -дәстүрімізді бастайық!
1 үстел –«_______________» тобы- _____________салт –дәстүрің көрсетеді!
2 үсте- –«_______________» тобы- _____________салт –дәстүрің көрсетеді!
3 үстел-–«_______________» тобы- _____________салт –дәстүрің көрсетеді!
Жүргізуші: Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық! (өнер көрсету)
Құрт-бауырсақ шашылсын
Наурыз тойы ашылсын
Бір-бірінен мынау жұрт
Өнерлерін асырсын деп алдарыңызда Жауқазын тобының орындауында "Наурыз сені қарсы аламыз!" әні.
Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегімнің жүрегімнің дүрсілі
Ол алтын саз күмбірлеген домбыра деп алдарыңызда _______________________________ орындауында "________________" биі:
Жүргізуші: О жараңдар, жараңдар
Бәрің бері қараңдар
Наурыз тойы басталды
Жайым жоқ тосып амалдар
Терме жырлар есілсін
Арадағы араздық
Татулықпен шешілсін.
Қызғалдақ тобының орындауында "Наурыз жыл басы" әні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Елін қорғап, кең байдақ жерін қорғап
Ұрпағына аманат еткен, ол біздің қазақтың батырлары.
Қанекей, ұлдарымыздың "___________________" биін тамашалаңыздар.
Ұлттық ойындарға кезек берейік.
Қазақтың ұлттық ойындарына ханталапай, арқан тарту.
Жүргізуші: Барлық бүлдүршіндерімізді ортаға шақырамыз. «Қара жорға» әніне флешоб билейді.
Жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Сол жолы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса
Сонда олжалы жол болар.
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.олай болса, Қызыр атамыздан бата сұрйық.
Қыдыр ата бата береді:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Қуаныштарын көп болсын!
Әумин! (бетін сипап бата береді)
Жүргізуші: Жатыр шалқып көңілім шалқып әнім,
Наурыз силап қуаныш бақыт нәрін,
Ұлыстан соң күтіп тұр ұлыс күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел бәрің бәрің.
Наурыз тойының өзіне тән үлкен асы - Наурыз көже екенін білесіздерме. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Наурыз көже жеті түрлі астан жасалады. Дәруменге бай азықтар. Оның мәні жаңа жылда тоқшылық, молшылық татымды өмір болсын дегенді паш етеді.
Наурыз көжеден дәм татыңыздар, дастарханға жайғасыңыздар.
Осымен «Қош кедің, әз Наурыз» ертеңгілігіміз аяқталды.Сау саламат болыңыздар!!!
"Құтты болсын Әз - Наурыз" атты мерекелік іс-шара
АНЫҚТАМА
Наурыз жаңа жыл мерекесіне байланысты "Атамұра-Орда" блабақшасында барлық қызметкерлердің ұйымдастыруымен "Қош келдің Әз - Наурыз" мерекелік ертеңгілігі ашық аспан аясында өтті.
Мерекелік іс шараға екі елді мекеннің Абай және Қарауылтөбе ауылдарының әкімдері және олардың орынбасарлары қонаққа келді, сонымен қатар барлық тәрбиеленуші балалардың ата-аналары қатысты, басқа да жасы үлкен қариялар қатысты.
Балалар дәстүрлі мерекемізді салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын паш ете отырып, өнерлерін төкті. Қазақстан көп ұлтты халық сондықтан, орыс, өзбек, қазақ т.б ұлттар билерін тамаша билеп шықты, әсіресе ұлт жанды ұлдарымыз Е.Құдайбергеновдің патриоттық әніне жанын салып биледі. Кішкентай бүлдіршіндеріміз Қамажай, Қара жорға, Батырлар биін ерекше орындады, қазақша, орысша, ағылшынша тақпақтар мен өлеңдерін жақсы айтып шықты.
Әкімдер басшыларды құрметтеп, ризшылығын білдіріп алғыс хаттар жолдады, ал балабақша меңгерушісі мен әдіскері белсене араласқан бүлдіршіндерге алғыс хаттармен марапаттады.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарыда құр қарап қалған жоқ, ән шашуларын шашты.
"Атадан мал қалғанша, тал қалсын" дегендей тәрбиеленіп жатқан жүз балаға арнап ағаш отырғызылып, оған әкімдерде үлесін қосты.
Салт-дәстүрімізден тұсау кесу, қыз қуу, бесік салу, алтыбақан тебу, арқан тарту, күрес, асық ату орындалды.
"Ас - адамның арқауы" деген үлкен қазанмен Наурыз көже қайнатылып, дастархан жайылды. Би билеп, ән салынды.
Жасы үлкен тоқсанға келген қариямыз батасын берді.
Іс шараның соңында өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар үлестірілумен аяқталды.
Әдіскер А.Тажимбетова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сценарии наурызга

шағым қалдыра аласыз