Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сценарий "Қош бол балабақша" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге балабақшамен қоштасу кешіне
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Қош бол, балабақшам!»

Залға кіру : «Қоштасу » вальсі

1- жүргізуші Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә баршаңызда.

Қол соғып,қошеметтеп отырайық

Бүлдіршіндей балдырған түлектерді!

2-жүргізуші Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды

Бізден ұшып қанат қағып есейіп

Өздеріңмен қоштасатын күн туды

1-жүргізуші Құрметті ата-аналар,қонақтар бүгінгі «Қош бол, балабақшам» мерекесіне қош келдіңіздер! Бүгін бізбүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына аттандырғалы отырмыз.Мереке құтты болсын.Жолдарың ашық болсын. Дендерің сау,отбастарың аман ,аспанымыз ашық болсын! Бүлдіршіндерге Сәт-сапар тілейміз!

Ашылу салтанатына құттықтау сөз балабақша меңгерушісі А.Сатуевнаға беріледі.


1-бала Қанша бала қанша қыз КАМИЛЛА

Келіп тұрмыз баршамыз

Ойын күлкі ордасы

Біздің балабақшамыз

Біз ертеңгі батырмыз

Біз ертеңгі ақынбыз

Бір анадан туғандай

Біз бәріміз татумыз

2-бала Таудай менің талабым ІҢКӘР

Баулап баптап өсірдіңіз

Балалық етсек кешірдіңіз

Ұмытпаймыз сөзіңізді





Ұмытпаймыз өзіңізді

Білім нәрін алуға

Мен мектепке барамын.



3-бала Алты жасқа толамын АМИР

Әдепті бала боламын

Қуантып ата-анамды

Мен мектепке барамын



4-бала Есіңдеме әке-ана АЛИНҰР

Бірден жаңа асқанда

Кіп-кішкентай мына мені

Әкелгенің бақшаға



5-бала Ойыншықты жинаймын ДАЙАНА

Бөбектерге сыйлаймын

Үлкен болып өссем де

Бақшамды мен қимаймын.

Ән: «Балабақшам менің

1-жүргізуші Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышы бүгінгі

Құтты болсын тойларың





«ЖҰЛДЫЗ» тобының тақпақтары

Би: «Чунга-чанга»

2-жүргізуші Мектеп-ана шақырады бізді алдан

Алдымызда талай сан арман

Қоштасақ та балабақшам сенімен

Санамызда өзің берген өнегең

Бүлдіршіндеріміздің балабақша қызметкерлеріне деген лебіздерін қарсы алайық



6-бала Балаларым, ботам, - деп ТӘҢІРБЕРГЕН

Еркелеткен ұл-қызын

Меңгеруші апайды

Қуантатын күн бүгін!

Білім ал, адам бол,-деп

Біз үшін еңбегіңді аямадың

Тоқтагүл Василийқызы өзіңізге

Алғысымыз шексіз біздің.



7-бала Ерекше біздің әдіскер НИЗАМ

Үйренгенбіз өнерді

Өздеріңді ұмытпай

Есімізге аламыз

Гауһар Асқарқызы өзіңізге

Ризамыз бәріміз















8-бала Әріптерді үйретіп АЙБАР

Жақсы менен жаманның

Айырмасын көрсеткен

Женни Аманжанқызы өзіңізге

Алғысымыз шексіз біздің.

Білімге қарай самғаймыз

Азамат болып шығамын

9-бала Жыласақ бізді жұбаттың СҰЛТАН

Күлсек біздер қуандың

Тентек болсақ ұрыстың

Индира Аманжанқызы өзіңізге

Алғысымыз шексіз біздің

Үлкен бала боламыз

Азамат болып шығамыз

10-бала Бөлмеміз әрқашанда тап-таза АЙДАР

Ойыншықтар орнында

Тамақ берген уақытында

Рахмет, ГҮЛЗИЯ апайға!

Еңбегіңізді ақтаймыз



11-бала Ерекше біздің бір ағай ДАРЫН

Біз қараймыз таңырқай

Ән үйрендік ағайдан

Ешқашанда жалықпай

Музыка ағай мың алғыс





12-бала Денсаулыққа болаттай ЕРКЕНАЗ

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер апай мың алғыс



13-бала Үйренгенбіз өнерді ГАУҺАР

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Биші апайға мың алғыс

Би: « Өзбек »

Ән: «Қош бол, балабақшам »



12-бала Сен үйреттің сөйлеуді АБЫЛАЙХАН

Сенде ойым есейді

Мектепке мен барамын

Балабақшам, қош енді





13-бала Қуанамыз сыйлаймыз ЕРЖАН

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызды қимай біз

Қоштасатын күн бүгін











14-бала Ақылы бар баламын АРСЕН

Айтқан тілді аламын

Әдепті боп өсемін

Мен мектепке барамын.



15-бала Оқимыз білім аламыз АЙЗЕРЕ

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біз мектепке барамыз





Би: «Көңілді күн»

16-бала Ән де айта аламын, ЕРНАР

Би де билей аламын

Есепті де шығарып

100 ге дейін санаймын

Мен мектепке барамын



17-бала Мен бақытты баламын АБДУРАХИМ

Өсіп жігіт боламын

Бақшамызбен қоштасып

Мен мектепке барамын.

18-бала Балабақша есігін ТЕМІРЛАН

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсіруде бақшамыз







19-бала Балабақшам қош енді ЖАНСАЯ

Әркез аман бол деймін

Әкем менен шешемді

Енді ертіп келмеймін

20-бала Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Би:

Ән: «Біз мектепке барамыз»

1-жүргізуші Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңде нұр толды.

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

2-жүргізуші Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып,алтын ұя мектепте,

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сіздерге сәтті сапар тілейік!

Диплом,винеткаларды табыстау

Құттықтау сөздер













МДҰ №42 «Айналайын»









«Қош бол,балабақша»

«Күншуақ» мектепалды даярлық тобы







Тәрбиешілер: Абдуова Ж.А

Жаманова И.А



Ақтөбе-2018

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2021
4391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12