400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сценарий, "Қош келдің, Әз-Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош келдің, Әз-Наурыз" атты мерекелік іс-шарасына арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий «Қош-келдің -Әз Наурыз !»

Өтетін орны :

Өтетін мерзімі:

Басталуы :

Жүргізушілер :

1-жүргізуші

Армысыздар ! Қайырлы күн , құрметті қонақтар ! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.Шығыс халықтарының сондай ерекше мирамдарының бірі- Наурыз.

2-жүргізуші

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемде жайнатып, әнші құстарды сайратып ,Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келді. Ендеше, той құтты болсын ! Ақ мол болсын !Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді ,жайраң қақты таң күліп

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып

Жақсылыққа жаршы болған Науырыз !

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік !



1-жүргізуші

Уа ,халайық , халайық !

Ақ сандықты ашайық ,

Бұл мереке ,бұл тойдың

Шашуларын шашайық (шашу шашылады )



2-жүргізуші

Уа халайық ,халайық !

Мұнда назар салайық

Наурыз тойын бастайық

Құтты болсын мереке

Болсын думан береке

Құттықтау сөз мектеп басшысы беріледі .

1-жүргізуші

Тыңдаңыздар ,тыңдаңыздар

Босқа қарап тұрмаңыздар

Наурыз тойы басталды

Көргенде арманда

Көрмегенде арманда

Алқа-жұртым ,той –думан,

Ортамызды ашайық

Ән мен күйді төгіп біз

Іншу маржан шашайық

Ән: «_ _» орындайтын қарсы алыңыздар.


2-жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым

Ортаға даярлық сынып пен «Балауса» шағын орталығының тәрбиеленушілерін шақырайық. « » ауылы.


1-жүргізуші:

Наурыз менің елімнің берекесі ,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі .

Шаңырағы биіктеп күнге жақын ,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі

Ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз « » ауылы.


2-жүргізуші:

Жаңғырар дәстүр салтымның

Көзелсін бұлақ-жылғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз жыл басы!

Ортаға 5-6 сынып оқушыларын шақырамыз « » ауылы.





1-жүргізуші:

Сәулесі бар «Наурызда» таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық , сан ғұрыптың

Ұлыстың Ұлы күнін паш етейік

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

Ортаға 7- сынып оқушыларын шақырамыз « » ауылы.



2-жүргізуші:

Наурыз – бұл гүлдену уақыты,

Жарқын және шуақты күндердің жақындауы.

Бұл - киіз үйлер мен ат бәйгелері.

Бұл - ғажайып гүлдердің оянуы …

Ортаға 9-11 сынып оқушыларын шақырамыз « » ауылы.


1-жүргізуші:

Басы барлық ырыстын

Басы барлық ұлы істің

Құтты болсын Наурыз той

Ұлы күні Ұлыстың!

Ақ қар кетіп қыс өтіп!

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның бұл кеңелген

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Келесі құттықтау сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары беріледі.


2-жүргізуші:

Шат күлкіге шомылып замандары

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары

Әрбір жанның арманы орындарып

Сәтті болсын биылғы қадамдары –деп мерекені аяқтаймыз келесі Наурыз мерекесінде кездескенше хош-сау болыңыздар .




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.03.2025
120
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі