Материалдар / Сценарий Қош келдің жаңа жыл
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Сценарий Қош келдің жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Сценарий Қош келдің жаңа жыл
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің

«Әл – Фараби атындағы орта мектебі» КММ



















Жаңа жылдық шырша тақырыбы:

«Жаңа жылым, қош келдің»

5 «А», 5 «Ә», 6 «Ә», 7 «Ә» сыныптар







Сынып жетекшілер: Киргизбаева А.А.

Джуманбаева А.К.

Дүйсекеева А.М.

Кашкинбаева Г.К.











2024-2025 оқу жылы



Жаңа жылдық шырша тақырыбы: « Жаңа жылым, қош келдің» 

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл-күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.


1 Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
1 Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысына береміз.
2 Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1 Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.

Ал барлығымыз бірге айтайық:
«Бір, екі, үш, шырша шамы жана түс»

6Ә сынып қыздарының орындауында «Жаңа жыл шамдары» әнін қабыл алыңыздар

2 Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар!
(Аяз ата, ақша қар)




1 Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.


Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл – қыздар балаларыңа сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
2 Жүргізуші:
Сыңғырлашы сырнайым,
Жаңа жылды жырлайын.
Шашбаулы қыз сырғалы,
Ақша қарды тыңдайық.


Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен барыс жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз қоян жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.


2 Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Қоян жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

1 Жүргізуші:
Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын құр қалып,
Шаттанайық қуанып.


5 А сынып оқушыларының «Jingle Bells» биі



1 Жүргізуші:

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.



Ойын: Әртістік қабілетті анықтау

  1. мұңлы

  2. опера

  3. РЭП

  4. көңілді


Флешмоб 5Ә, 6Ә

2 Жүргізуші:

Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.



Ойын тик токтан үзінді

7Ә сынып оқушыларының орындауында «Күлпәш»биі


5 А сынып ұлдарының орындауында «Көңілді аяз аталар» биі






Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.


1 Жүргізуші:
Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
(Аяз ата, ақша қар кетеді. )



2 Жүргізуші:
Қол шапалақ ұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға ылайық!


Флешмоб 7 Ә сынып қыздары

6 «Ә» сынып оқушыларының орындауында «16 қыз» биі

5 «Ә» сынып қыздарының орындауында папури биі


1 Жүргізуші:Құрметті достар!
2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!

5 А сынып қыздарының орындауында «Жаңа жыл» әні.









Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі