Сценарий "Төрлет елге,кел жылым!Бақытымды бер жылым!" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сценарий "Төрлет елге,кел жылым!Бақытымды бер жылым!" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға мерекелік сценарий.Əр бір мектепте Жаңа жылда өтетін шараға көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий«Төрлет елге,кел жылым! Бақытынды бер жылым!» 7 сынып

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі оқушылардың сүйікті мерекесі жаңа жылмен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту.Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені есінде қалатындай етіп өткізу.

Түрі: Мерекелік шара

Жүру барысы:

1 –жүргізуші: -Армысыздар ардақты ағайын,Ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші: -Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

-Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1 –жүргізуші: -Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар,қонақтар.Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2–жүргізуші: - Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтерінкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

Ән «Жаңа жыл шамдары» .Орындайтын З.Серікқалиұлы атындағы мектеп – интернатының тәрбиешісі 7 сынып оқушысы Рамазанова Жанаргүл

1 –жүргізуші: Құрметті жамағат «Жақсы сөз – жарым ырыс!» деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық уялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан Зейнолла Серікқалиұлы мектеп – интернатының білім ұясының білікті басшысы Бисенгалиев Қабдрахим Сулейменұлына береміз.

«Қыздар» тобының орындауында Флешмоб биі

2 –жүргізуші: Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.



Қуанындар, ағайын, тамсанындар.

Сүйінішпен маңайға жар салындар

Аяз ата келеді Ақшақармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алындар!

Қане бар дауысымызбен , қол шапалақтап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Бәрекелді ,алақай,Аяз ата мен Ақшақар келді,қол соғып,қошеметпен, сәлемдесейік баршамыз! 1,2,3 (Барлығы сәлемдеседі)

Ал,қанеки балалар,

Қол үстасып тұрайық,Шыршамызды айналып

Көнілді әнге басайық!

Шырша әні


1 –жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.

Ойын «Кім шапшан» Сізге салфеткадан қар суреттерін қию керек,кім бірінші сол жеңімпаз.Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз.1 минут уақыт беріледі.Тез және әдемі суретін қиған ойыншыға сыйлық беріледі.



2–жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған Ит жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасын? (Осы жерде Ит шығады)

Ит: -Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2019 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!

Келесі жыл бастауын Доңызға беремін.(Сахнаға Доңыз шығады)

Доңыз: - Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшандығым.

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.


1 –жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар балалардың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған өнерлерің тамашалайық.Ал, қане балалар өз өнерлерімізді көрсетейік!


2 –жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған Ит жылын шығарып салайық. 12 жылдан кейін аман –есен кездескенше қош сау болыңыз ,Ескі жыл!

Халық мұрасы өлмейді.Кешегі сайын дала төсінде қырандай самғап, еркіндікте өмір сүрген бабалар мирасы Халық биі «Қара жорға»

«Жігіттер» тобының орындауында

Қарсы алыңыздар!


Жан – жағымыз самалдай жарық нұр,

Бүкіл әлем тұрғандай ән салып бір

Аяз ата, қарша қыз келді міне,

Жаңа жылды тойлауға баршанмен бір.

Ойын «Кім жылдам»

Ортаға 5 оқушы шығады.Ойын шарты алдарыңыздағы жатқан бананды қабығын ашып, жеп тауысу керек. Уақыт 1 минут. Кім бірінші тауысады сол жеңімпаз.


2 –жүргізуші: Кел жылым!

Бастауы боп берекенің

Білмейік біз дағдарыстың не екенін!?

Далам, қалам, қызыр қонған Отаным

Танытсын кең әлемге ел екенін

Бастауы болғайсың бар берекенің

Ән «Жаңа жыл» Орындайтын 8 сынып оқушысы Ким Ринат.

1 –жүргізуші: Сарқылмасын ризық жан азығың,

Бақыт бассын бір басын таразының

Құтты болсын есіктен күлімсіреп,

Еніп тұрған ырысты Жаңа жылың

«Санта Клаус» биі.Орындайтын 8 сынып оқушылары



2–жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастадық жыл дастанын

Қуанышпен өтсін той боп Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Көнілді кешімізді әрі қарай жалғастырайық. Ал енді келесі кезекті ойынға береміз.Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады.4 жігіт шығады.Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр.Сіздер құраған жұп бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегенсіз шарды жаруыңыз керек, және аяқ киіммен де басуға болмайды.Айланы өздеріңіз ойлап табасыз.Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз.Ал,енді ойынды бастайық.

Сұрақтарды оқиық.


  1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.

  2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін тандап, жылы сөздер айту керек.

  3. 2,3,5 санның көбейту кестесін айтыңыз.

  4. Бірнеше сағыз шайнап жаңа жылға тілек айту керек.

1 –жүргізуші: Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.Аяз ата,келесі кездескенше аман болыңыз.Біз сізді асыға күтеміз.


2 –жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салдық,ендігі кезекте Жаңа 2019 жылдың Ханзадасымен Ханшайымын анықтайтын кез келді.Бүгінгі кешке ең әдемі болып киініп келген Жаңа жылдың ханзадасымен Ханшаймын таңдайық. .Сонымен бүгінгі кештің Ханшайымы мен Ханзадасы........Қане қошемет білдірейік.Салют ............

Ән «Новогодние игрушки» Орындайтын 7 сынып оқушысы Серікқалиева Салтанат

1 –жүргізуші: Құрметті оқушылар, әріптестер,Ата –аналар! Жаңа жылға арналған мерекеміз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл баршамызға берекелі мерекелі жыл болсын!

Бірге: Жаңа жыл құтты болсын!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
922
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі